- •1. Отындар мен жағар майларды өндіру жөніндегі негізгі мәліметтер
- •1.1. Мұнайдың химиялық құрамының алынатын отындар мен майлардың қасиеттеріне тигізетін әсері
- •1.2. Отындар мен майларды алудың қазіргі кездегі тәсілдері
- •1.2.1. Тура айдау тәсілімен отынды алу жөнінде
- •1.2.2. Мұнайды бастапқы өңдеу
- •1.2.3. Мұнай өнімдерін екінші қайтара өңдеу
- •2.1. Қойылатын негізгі талаптар
- •2.2. Булану және қоспа жасау қасиеттері
- •2.4. Отынның қозғалтқышта жануы
- •2.3. Отынның қоректену аспаптарына жетуіне ықпал ететін қасиеттері
- •2.5. Детонацияға шыдамдылық қасиеттері
- •2.6. Отынның тұрақтылығы
- •2.7. Шөгінділер жасауға бейімділігі
- •2.8. Мүжілдіру агрессивтілігі
- •2.9. Бензиннің түрлері
- •3. Дизельді қозғалтқыштарда қолданатын отындар
- •3.1. Дизельді отындардың сапаларына қойылатын пайдалану талаптары
- •3.2. Отынның қоспа жасау қасиеті
- •3.3. Жану қасиеттері
- •3.4. Шөгінділер жасау бейімділігі
- •3.5. Мүжілдіру қасиеті
- •3.6. Төменгі температуралық қасиеттері
- •3.7. Отынның булануы
- •3.8. Дизельді отындардың түрлері
- •4. Газ тәрізді отындар
- •4.1 Сұйылтылған газдар
- •4.2. Сығылған газдар
- •5. Қозғалтқыштарға арналған майлар
- •5.1. Жағар майларды өндіру
- •5.2. Майлардың сапасына қойылатын талаптар
- •5.3. Тұтқырлық қасиеті
- •5.4. Төменгі температуралық қасиеті
- •5.5. Тотықтырушылық қасиеттері
- •5.6. Қорғау қасиеттері
- •5.7. Көбіктенбеу қасиеті
- •5.8. Майлардың тұрақтылығы
- •5.9. Майдың азғындауы
- •5.10. Қолданылған майларды жаңғырту
- •5.11. Қозғалтқыш майларының түрлері
- •5.12. Қозғалтқыш жағар майларының негізгі көрсеткіштері
- •5.13. Қозғалтқыш майларының қазіргі кездегі жіктемесі
- •5.13.1. Sae бойынша
- •5.13.2. Api бойынша
- •5.13.3. Ресейлік гост 17479.1-85 бойынша
- •5.14. Синтетикалық майлар
- •5.15. Минералды майлар
- •6. Трансмиссиялық майлар
- •6.1. Қолдану жағдайы және техника-экономикалық талаптар
- •6.2. Тұтқырлық-температуралық және төменгі температуралық қасиеттері
- •6.3. Майлағыштық, сыдыруға және тозуға қарсы қасиеттері
- •6.5. Қоспалар және олардың әсерінің механизмі
- •6.6. Трансмиссиялық майларды таңбалау және олардың түрлері
- •7. Созымды жағар майлар
- •7.1. Созымды жағар майларды өндіру
- •7.2. Негізгі пайдалану қасиеттері
- •7.3. Созымды жағар майларды таңбалау және олардың түрлері
- •8. Техникалық сұйықтар
- •8.1. Суытқыш сұйықтар
- •8.2. Төменгі температуралық сұйықтар
- •8.3. Гидравликалық беріліс сұйықтары
- •8.4. Қозғалтқышты қыздырмай от алдыру сұйықтары
- •9. Отын мен жағар майдың қоршаған ортаға әсері
- •10. Пайдалану материалдарының сапасын реттеу және үнемдеу жолдары
- •11. Синтетикалық желімдер
- •11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
- •11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
- •11.3.Эпоксид желімнің композициялары
- •11.4. Қанықпаған полиэфир шайырлары негізіндегі композициялар
- •12. Автомобильде қолданатын қосымша материалдар
- •12.1. Қаптағыш материалдар
- •12.2. Тығыздаушы материалдар
- •12.3. Оқшаулағыш материалдар
- •12.4. Ағаш материалдар
- •13. Пластмасса
- •13.1. Пластмассалардың қасиеттері мен құрамы
- •13.2. Пластмассалардың жіктемесі
- •13.3. Пластмассалардың қасиеттері
- •13.4. Термопластикалық пластмассалар
- •13.5. Термореактивті пластмассалар
- •14. Лакбояғыш материалдары
- •14.1. Лакбояғыш материалдары және олардың жабындарына қойылатын талаптар
- •14.2 Лакбояғыш жабындарының құрылысы
- •14.3. Лакбояғыш материалдарының жіктемесі
- •14.4. Лакбояғыш материалдарының компоненттері
- •14.5. Лактар мен бояулардың қасиеттері
- •14.6. Лакбояғыш жабындарын күтуге арналған материалдар
- •15. Резеңке материалдар
- •15.1. Резеңкенің қасиеттері
- •15.1. Резеңкенің негізгі құрамдас бөліктері
- •15.3. Резеңкенің физика-химиялық қасиеттері
- •15.4. Резеңке қасиеттерінің температураға қатысты өзгеруі
- •15.5. Ескіру процесі кезіндегі резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •15.6. Сұйықтың әсерінен резеңке қасиеттерінің өзгеруі
- •Әдебиеттер
11. Синтетикалық желімдер
11.1. Синтетикалық желімдерді пайдаланудың техника-экономикалық тиімділігі
Полимер негізінде жасалған синтетикалық желімдер металл емес бөлшектерді бір-бірімен және пластмасса, мата, резеңке, ағаш, шыны, металл т.б. бөлшектермен біріктіреді.
Фенолформальдегидті шайыр, кремнийорганикалық және бейорганикалық полимерлер негізіндегі желімдер жоғары жылуға төзімділіктерімен ерекшеленеді. Полиэпоксид, полиамид, полиуретан негізінде жасалған желімдер жоғары созымдылығымен, агрессивті ортаға төзімділігімен, механикалық беріктілігімен сипатталады.
Сондай-ақ қазіргі кезде ерітінділер қосылмаған қабыршақты желімдер де бар. Желімдеу үшін қабыршақты желімдейтін беттердің арасына салады да қыздырып, нығыздайды.
Резеңке кесінділерінің орнына сұйық желімді тығыздағыштарды автомобиль әйнектерін, капотын, багажник қақпақтарын нығыздау үшін қолданады.
Желімдеуді дәнекерлеу мен тойтарып шегелеу орнына да қолданады. Ол қосылыс беріктілігін арттырады, еңбек және материал шығындарын азайтады.
Дәнекерлеудің орнына желімдеуді қолданғанда бір-біріне жапсыратын бөлшектерді қатты қызудан, металл құрамының бұзылуынан, оның механикалық қасиеттерінің өзгеруінен, ішкі кедергі және деформацияның пайда болуынан сақтайды.
Желімдеудің кемшіліктері: ескіруге бейімділігі, температураға төзімсіздігі, механикалық беріктілігінің жетіспеушілігі. Бірақ желімнің кейбір сорттары желім қосылыстарының жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз етеді.
Берік желімделу үшін желімді пайдалану, желімдеудің технологиялық процесін сақтау, желімделетін беттерді дайындау (тазарту, кедір-бұдырлықты жою), желімді біркелкі жағу (қалыңдығы шамамен 0,1 мм), қажет деңгейде нығыздау (2-5 кгс/см2) керек.
11.2. Желімдерге қойылатын талаптар және олардың құрамы
Сапалы желімдеу үшін желімдер төмендегі талаптарға сай келуі керек:
желімдейтін беттердің бір-бірімен жақсы жабысуын қамтамасыз ететін желім қабыршағын түзу;
желім қабыршағы жұмыс жағдайында пайда болатын факторларға, атмосфераға төзімді болуы керек;
желім металл коррозиясына және басқа да желімделетін материалдардың бүлінуіне жол бермеуі керек.
Желіммен жапсыру беріктілігі желімнің желімделген бетке жабысу күшінің (адгезия) және желімді қабыршақ беріктілігінің (когезия) шамаларына тәуелді.
Адгезия химиялық (ковалентті, электрвалентті, координациялық, сутегі байланыстары) және вандер-вальстық (молекула аралық) желім мен желімделетін материалдардың бөлшектерінің арасындағы тартылыс күшінің шамасымен анықталады.
Желім қабыршағының когезиясы желімнің сапасына, қабыршақтың түзілуіне қатысты шарттарды (температура, қысым, уақыт) орындауға және қабыршақтың қалыңдығына тәуелді. Желімдеу барысында қалыпты температура мен ұстау уақытының дұрыс сақталуы желім қабыршағының түзілуі барысында физика-химиялық процестің толық жүруі үшін қажет. Желімделген бөлшектерді нығыздау арқылы артық желім мен ауаны шығарады.
Синтетикалық желім құрамына байланыстырғыштар, еріткіш, толықтырғыш, қаттылануды жеделдеткіштер кіреді.
Байланыстырғыштар ретінде термопластикалық және термореактивті полимерлер (шайырлар) қолданылады. Кеңінен қолданылатын термопластикалық байланыстырғыштарға акрилді және метакрилді қышқылдар, поливинилацетат, полиизобутилен, көксағыз және резеңке, ал термореактивтілерге фенолформальдегидті, эпоксидті, кремнийорганикалық қосылыстар жатады. Термопластикалық полимер негізінде жасалған желімдер қайтымды қабыршақ түзеді, ал олар қыздырған кезде жұмсарады.
Желім аздап тұтқыр болу үшін желім маркасына байланысты ацетон, бензиннің этилацетатпен, бутилацетаттың ацетонмен немесе бензинмен қоспасын, сондай-ақ басқа да еріткіштерді қосады.
Қатаю барысында желімнің шөгуін азайту үшін және сызаттардың пайда болуы мен желім қабыршағының бүлінуінен сақтау үшін желімдерге ұнтақ толықтырғыштар (металдар, шынылар, фарфор, цемент, тас және т.б.) қосады.
Қатайтқыш және қатаюды жылдамдатқыштарды термореактивті полимерлері бар желімдерге желім қабыршағының түзілуі үшін қосады.
