Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Технологиялық карта 22

Ортанғы тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Шыбынбике-Шыбынгүл.

Мақсаты: Қ. Мырза Әлидің аудармасы бойынша жазылған «Шыбынбике-Шыбынгүл» ертегі-өлеңінен үзінді жаттау. Адамгершілік қасиеттерін дамыту. Арқан арқылы секіруге жаттықтыру; өзін-өзі уқалауға жаттықтыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әр балаға секіртпелер, ұзын секіртпе, арқан.

Үш тілдік компонент: Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye, Арқан-канат-rope

Секіртпе-скакалка-jump rope

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Бір қатар сапқа тұру.

Сәлемдесу.

Балаларды бойларына қарай сапқа тұрғызу.

Секіртпемен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: қолдар жоғары көтерілген, екі жаққа еңкею.

Б.қ.: қолдар арқаның артында.

1-қолдар жоғары көтер

Б.қ.: негізгі тұрыс, доп оң қолында. 1- жартылай отыру, допты еденге соғу, ыршыған допты қағып алу; 2- бастапқы қалыпқа оралу.

Барық жаттығулар 5-6 рет қайталанады. Жаттығулар нұсқаушының көрсетуімен орындалады.

Қыздарға арналған

Б.қ.: тізерлеп тұру. Допты денені айналдыра домалату.

«Туннель арқылы өт» ойыны.

Бесіктегі қуыршақты кім жылдам әкеледі?» ойыны.

Ұлдарға арналған ойындар:

«Бағанаға шығыршықты дәлдеп кигіз!» ойыны.

«Арқан тартысу» ойыны.

«Пингвиндер» ойын жаттығуы.

Ойындар залдың жартысында орындатылады.

Қыздар доға немесе орындықтардың астынан өтіп жарысады.

Ұлдар бағанаға кішкентай шығыршықты дәлдеп кигізуге тырысады.

Ұлдар екі топқа бөлініп, арқанның екі жағынан ұстап тартысады.

Балалар кезекпен таяқшамен кегельдерді ұрып құлатады. Балалар шеңбер бойына тұрады, допты екі тізесінің арасына қысып ұстауды және нұсқаушының белгісі бойынша қос аяқпен пингвиндер секілді секіреді.

Рефлексиялық түзетушілік

Қимылы аз ойыны: балалар шеңбер бойы тұрады. Жетекші бір баланың атын айтады. Аты аталған бала тізбекпен балаларды бастап жүреді де, жеңіл қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар ойын бастаушының жасаған қимылын орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қапшықты нысанаға дәлдеп лақтыруды .

Түсінеді: ойынның шарттарын.

Қолданады: гимнастикалық қабырға арқылы өрмелеуді.

Есеп:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Технологиялық картасы 24

Ортаңғы топ 8

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Допты домалату.

Мақсаты: 1.Жан-жаққа шашырап жүру және жүгіру түрлерін жаттықтыру. 2.Ептілік және жылдамдық қасиеттерін дамыту.

3. Допты бір-біріне домалату дағдыларын бекіту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары:Балаларды санына қарай доптар, бағдар алу үшін жіптер мен

таяқшалар.

Билингвальдық компонент: Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye

Доп-мяч-boll

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жан-жаққа шашырап жүру және жүгіру.

Балалар бір қатарға тұрады, педагог тапсырманы түсіндіреді. Барлығы сапта бір-бірден жүріп келеді, нұсқаушының белгісімен доптың арасымен бүкіл зал ішімен жүреді (доптар алдын ала қойылған ). Доптар арасымен жан-жаққа шашырап жүру және жүгіру екі рет өткізіледі.ЖДЖ.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

1.ЖДЖ: (доппен орындалады)

Б.қ.: аяқтарды қосып тұру, доп төменде екі қолында. Допты жоғары қарай көтеру, жоғары қарау, төмен түсіру, бастапқы қалыпқа келу.

Б.қ.: аяқтары иық деңгейінде, доп екі қолында - кеуде тұсында. Еңкею, допты еденге тигізу, тік тұру, бастапқы қалыпқа келу.

Б.қ.: аяқтарды қосып тұру, доп төменде екі қолында. Отыру, допты алға созу.

Тұру, бастапқы қалыпқа келу. Б.қ.: отыру, допты алдында ұстау. Допты өз айналасында оңға (солға) қарай домалату.

Жаттығулар нұқаушының көрсетуі бойынша қайталанады.

Б.қ.: аяқтары сәл ғана ашылған, қолдары белінде, доп еденде. Доп айналасында орнында тұрып кезекпен жүріп, секіру.

Педагог балаларды екі шағын топқа бөледі. Бір топ допты орнына қояды, ал екінші топта доп балалардың қолында қалады.

Допты бір-бірінің қақпасына домалату (балалар арасы 1,5 - 2 м қашықтық).

2.Доға астынан еңбектеп өту (биіктігі 50 см).

3.«Торғайлар мен мысық» қимыл-қозғалыс ойыны.

Жаттығуларды 4-6рет қайталау.

Педагог доғаларды қойып шығады, балалар екі қатарға бір-біріне қарама- қарсы өзіне жұп келетіндей етіп орналасады. Педагог кімнің қақпасына кім допты дөңгелететінін естеріне салады. Доғадан қашықтық таяқшамен немесе жіппен белгіленеді. Жаттығуды баламен жұптасып көрсету керек. «Домалатыңдар!» белгісі бойынша балалар допты бір-біріне домалатады. Жаттығу 6-8 рет қайталанады.

Балалар екі сапқа тұра және бірінің артынан бірі доғаның астынан еңбектеп өтеді. Бұл екі рет қайталанады.

Балалар бөлменің қабырғасын жағалай үлкен текшелердің үстіне немесе орындық: шығып тұрады (биіктігі 15-20 см).

Бұлар шатырдың үстіндегі немесе ұялардағы «торғайлар». Сырт жағында мысық рөліндегі бала отыр.

«Торғайлар ұшты!», - дейді педагог. Балалар орындықтардан секіріп түседі, қолдарын екі жаққа созады, «торғайлар» қанаттарын қағады және бөлменің ішінде жан-жаққа шашырап жүгіреді. «Мысық» оянады, «мяу-мяу» деген дыбыспен «торғайларды» қуалайды. Олар өз орындарын тауып, тез ұяларына ұшып кетулері керек. Ұсталған «торғайларды» «мысық» өзінің үйіне ертіп апарады.

Ойын 3-4 рет қайталанады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Бір қатар тізбекпен бір-бірден жүру.

Балалар арақашықтықты сақтайды (1 қадам).

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: алдыңғы технологиялық картадан үйренген баскетбол ойынының элементтерін ойын барысында;

Түсінеді: ойынның шарттарын;

Қолданады: допты бір-біріне домалату дағдыларын.