Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Технологиялық картасы 28

Күні:

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы:белгі бойынша тоқтап, жүру және жүгіру.

Мақсаты:: 1. Нұсқаушының белгісі бойынша топтап жүруге және жүгіруге жаттықтыру.

2. Лақтыру күшін және көзбен мөлшерлей білуді дамыту.

3. Көлденең тұрған нысанаға қапшықтарды лақтыруға жаттықтыру; заттар арасымен еңбектеп жүруге жаттықтыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: шығыршықтар (диаметрі 50 см). Шағын бала санына қарай әр балаға екі қаптан және 10 кегель.

Үш тілдік компонент Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye,Кегель-кегли-bowling pins

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Бір қатар тізбекпен жүру және жүгіру.

«Тоқта!» белгісі берілсе, сол жерде тоқтап қалу. Жалпы дамытатын жаттығулар жасау үшін балалар нұсқаушының көмегімен екі қатарға тұрады.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

1.ЖДЖ (затсыз орындау):

Б.қ.: аяқты сәл алшақ қойып, қолды төмен түсіріп тұру. Қолдарын екі жаққа созып, алға-артқа 4 реттен айналдыру, төмен түсіру. Б.қ. келу.

Б.қ.: сол сияқты, қолы артында. Отыру, қолдарын алға созу. Тұру, қолдарын артқа жіберу. Б.қ.: келу.

Б.қ.: тізерлеп тұру, қолы белде. Солға, оңға иілу. Б.қ.: шынтағымен еденді тіреп, етпетінен жату. Аяқты кезекпен бүгу.

Б.қ.: қолды белге қойып, аяқтарды біріктіріп тұру.

2.Жүруді секірумен алмастыру.

Көлденең нысанаға оң және сол қолмен қапшықтарды лақтыру (1-1,5 м қашықтық). Педагог шығыршықтарды бір-біріне қарама-қарсы тұрған балалардың арасына қояды және әрқайсысына екі қапшықтан таратады.

Әуелі ол қапшықты қалай лақтыратынын көрсетеді.

3.Кегельдер арасымен еңбектеп жүру. Педагог балаларға іс-әрекеттерді қалай орындау керектігін түсіндіреді және оны іс жүзінде өзі көрсетеді.

4.«Секіріп айналу!» қимыл- қозғалыс ойыны.

Ойынды музыканың сүйемелдеуімен орындауға болады.

Ойынға кілем немесе алаша қажет.

Кілемнің үстіне 8 жұп текшелер қойылған, текшелердің үстінде- жіңішке таяқшалар. Таяқшалар арасы - 30-35 см. Төртінші таяқшаның арғы жағында кішкентай жұмсақ кілем төселген.

Жаттығулар педагогпен бірге орындалады.

Жаттығуларды 4—6 рет қайталап орындайды.

Белгі бойынша балалар қапшықтарды лақтырады.

Балалар бірінің артынан бірі кегельдер арасымен еңбектеп жүреді, одан соң тұрады, түзеледі, қолдарын жоғары көтеріп, шапалақ ұрады.

Белгі бойынша тізбекті бастаушы бала бірінші таяқшаның алдына барып тұрады және қос аяқпен секіре бастайды. Одан кейін тоқтаусыз соңғы таяқшаның жанынан өтіп ырғақпенен секіреді, кілемге жақын отырып, жылдам, жеңіл баспен алға аунайды, одан кейін аяқтарын жинап тұрады да, денесін түзу ұстап, өз қатарына барып қосылады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Шеңбер бойымен жүру.

Ысқырық бойынша бағытты өзгерту.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: көлденең қойылған нысанаға қапшықтарды лақ- тыруды;

түсінеді: ойынның шарттарын;

қолданады: заттардың арасымен еңбектей білу дағдыларын.