Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Технологиялық картасы № 30.

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Аттап жүру.

Мақсаты: 1. Шашырап жұптасып жүру мен жүгіруге жаттықтыру. 2.Жылдамдық және ептіліктерін дамыту.

3.Көлбеу қойылған баспалдаққа міну арқылы білте таяқшаны дұрыс ұстауға үйрету; кесек ағаштан аттап жүруге үйрету (ауыспалы қадам).

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: әр балаға екі жалаушадан, 6-8 кесек ағаш.

Үш тілдік компонент Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye,Жалауша-флажки-small flags

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивация-лық-қозғаушылық

Жұптасып жүру, жан-жаққа шашырап жүгіру.

Бір қатар сапқа түрғызып, тапсырманы түсіндіру.

Балалар нұсқаушының көмегімен жұптасып тұруға ыңғайланады және шамамен бір шеңбер жұптасып жүреді, одан кейін педагог жан-жаққа шашырап жүруге және жүгіруге белгі береді.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

1. ЖДЖ (жалаушалармен орындау):

Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. Жалаушаларды жоғары көтеру, оларды айқастырып, бір-біріне соғып тықылдату, төмен түсіру.

Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды иыққа қойып ұстап тұру. Отыру, жалаушаларды алға созу, тұру, бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: тізерлеп отыру, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. Жалаушаларды жоғары көтеру, оларды оңға және солға бұлғау, бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойып, жалаушаларды төмен түсіріп тұру. Жүрумен алмас- тыра отырып, бір орында қос аяқпен секіру (2 рет). Балалар өз орындарына отырады. Көлбеу қойылған баспалдақпен жүру.

Педагог тапсырманы түсіндіреді.

2.Кесек ағаштан аттап жүру.

3.«Реттілік және ретсіздік» қимыл-қозғалыс ойыны. Педагог әртүрлі қимылдарды көрсетіп, оны қайталауын және соңғы қимылды есте сақтауын сұрайды, мысалы: «Жалаушаларды екі жаққа соз!», «Жалаушаларды жоғары көтер!», топты ерекше атап өтеді.

«Бірінші жалаушаны жоғары көтер, екіншісін төмен түсір!». Кенеттен ол «Ретсіздік!» дегенде барлығы жан-жаққа шашырап қашады да, жалау- шаларын жоғары көтеріп бұлғайды.

«Реттілік!» деген белгі бойынша барлығы өз орындарына тұрады, соңғы көрсетілген қимылды көрсетеді. Педагог жаттығуды жақсы көрсеткен балаларды мадақтайды.

Балалар жаттығуды кезекпен екі реттен орындайды.

Кесек ағаштарды екі қатарға қояды, олардың арақашықтығы 20-25 см. Екі баладан бір уақытта орындайды.

Балалар екі қатар тізбекте тұрады, әрқайсысының қолында жалауша болады.

Осы жаттығуда балалардың зейіні, есте сақтауы және шапшаңдық сияқты қасиеттері дамиды, балалар ұжым болып әрекет етуге үйренеді.

Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог жүру кезінде дене- тұлғаларын дұрыс ұстап жүрулерін қадағалайды.

Қолдарын белге қойып жүру түрлерін орындайды.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: шашырап жұптасып жүру мен жүгіруді;

түсінеді: ойынның шарттарын;

қолданады: көлбеу қойылған баспалдаққа міну арқылы бірге таяқшаны дұрыс ұстауды; кесек ағаштан аттап жүруді.