Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

«Бауырсақ» атты спорттық мереке.

Мақсаты: 1. Түрлі дене жаттығулармен балаларды таныстыру.

2..Жылдамдық сияқты қасиетін дамыту.

3. Балалардың секіру мүмкіншіліктерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: жануарлардың бетпердесі, түрлі түсті шығыршықтар

Өткізілу орны: спортзал. Мерекенің барысы: Балалар музыканың сүйемелдеуімен спортзалға кіреді және өз орындарына отырады. Осы кезде «Бауырсақ» ертегісінің декорациясы қойылады.

Жүргізуші: Ертеде ауылда атай мен әжей өмір сүріпті. Олардың балалары болмапты. Бір тамаша күнде ата жалғыздықта өмір сүргісі келмейтінін айтады. Ол үстелдің үстін жұдырығымен соғып қалып, былай дейді:

-Әй, кемпір, өзімізге бір көңілді немерені пісіріп алайық та.

-Жарайды, пісірсек пісіріп алайық.

Жүргізуші: Әже сол күні қамыр илеп, бауырсақ пісіреді. Оны терезенің алдына суытып қояды. Бірақ бір сәтте бауырсақ тіріліп, сөйлей бастайды.

Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме, атай мен әжей! Бұл - мен, сіздердің немерелеріңіз боламын. Атым - Бауырсақ. Мен бір соқпақпен жүгіріп, орманда не болып жатқанын біліп келейін.

Жүргізуші: Бауырсақ жолдың бойымен домалап келеді (әуенмен). Ол домалай келе, Қоянды кездестіреді.

Қоян: Қоян үшін 100 метр деген не? Жаттығу дегеніміз- сол. Бауырсақ, бізбен жарысып көр.

(100 м қашықтыққа жүгіру).

Бауырсақ: Мен әжемнен кетіп қалдым, мен атамнан кетіп қалдым, сенен де қашып кетемін.

Жүргізуші: Сонымен Бауырсақ әрі қарай Аюмен кездесуге до­малап кетеді.

Аю: Мен - маймаң Аюмын. Бөренелер маған түк емес. Кәне, Бауырсақ, бөренелерден аттап жүруге дайынсың ба?

(Бірнеше кедергілерден (бөрене) аттап жүру).

Бауырсақ: Мен әжемнен қаштым, мен атамнан қаштым, мен қояннан қаштым, сенен де қашып кетемін.

Жүргізуші: Осылайша Бауырсақ әрі қарай жолдың бойымен домалап кетеді. Оның алдынан Қасқыр шығады.

Қасқыр: Мен тісім өткір сұр Қасқырмын. Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: Мен әжемнен қаштым, мен атамнан қаштым, мен Қояннан қаштым, Аюдан да қаштым, сұр Қасқыр, сенен де қашып кетемін!

Жүргізуші: Сонымен Бауырсақ әрі қарай домалап кете барады. Жолда оған Түлкі кездеседі. Түлкі былай әндетеді:

-Көңілді қоңырау оятады таңертең

Қояндар мен аюларды.

Тоқылдақ пен Түлкілерді !

Бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ: Түлкі, сен мені жеме, біздің балаларымыздың тақпақтарын тыңдап көр!

Түлкі: Жарайды, мен тыңдап көрейін. (Балалар шығып, Е. Өтетілеуұлының өлеңдерін оқиды).

1.Бала:

Акробаттар - маймылдар:

Кәрісі де, жасы да ойнайды.

Емен, қайыңдар- Турникте

ағаш басында.

2.бала

Пілге біткен зор дене - Алып күштің айғағы.

Штангасы – бөрене, Жай көтеріп алғаны.

  1. бала:

Бадминтоншы қос мысық,

Мың бұралған қос пысық.

Допты қағып ойнайды,

Түсірмеуді ойлайды..

4-бала:

Қалтасы бар кенгуру

Велосипед тебеді.

Рөлді қиын меңгеру -

Алыс жолдан келеді.

5-бала:

Дойбы ойнайды көк есек

Екінші бір есекпен.

Қажет мұнда көп есеп,

Жүрер кезде кезекпен

6-бала:

Жүйрік пе екен, сақ па екен,

Жүгіргенде ақбөкен –

Делебесі қозады,

Бәрін басып озады.

Жүргізуші: Сен де, Түлкі, көбірек шынықсаң, мықты боласың, біздің Бауырсақты жеме.

Түлкі: Жарайды, ал бүгін біз ойнаймыз ба?

Жүргізуші: Әрине, ойнаймыз.

  1. сайыс: «Гүлдерді жина».

Командалар бір-біріне қарсы сап түзеп тұрады. Ал ортаға гүлдерді шашады. Белгі бойынша екі команда гүлдерді жинайды.Гүлді көп жинаған топ ұтысқа ие болады.

2. сайыс: «Төбешіктер» ойыны.

Балалар екі топқа бөлінеді. Екі текшені және кегельдерді белгілі бір қашықтыққа қойып қояды. Кегельдерге жетіп, текшелерді алып, сонан соң кері қарай жүгіреді.

3.сайыс: «Шарды қасықпен жеткіз!».

Қасыққа шар қойылады. Кім бірінші шарды жеткізсе, сол ұтысқа ие болады.

4.сайыс: «Қапшықпен жүгіру».

Екі команда қатысады. Қаптың ішіне кіріп, секіріп жүреді. Жарыстың қорытындысы шығарылады. Жеңімпаз топ және жарысқа жақсы қатысқан балалар марапатталады.