Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Кедергілер.

Мақсаты: 1. Жоғарыға қарай өрмелеуге жаттықтыру.

2.Қол мен аяқтардың қимыл-қозғалысын үйлесімді ету. 3.Түрлі кедергілер арқылы жаттығулар орындау дағдыларын дамыту.

.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: әрқайсысына секіртпелер, текшелер, гимнастикалық орындықтар, бөрене, төсеніштер, текшелер.

Билингвальдық компонент:

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Бір қатар сапқа тұру. Бір орында адымдап бұрылу.

Бір жаққа қарай бір орында тұрып айналу.

Тізелерді жоғары көтеріп жүру.

Бір жаққа жүгіру.

Секіртпелерді таратып, оларды төрт бөлікке бүктеп, төменгі жақта ұстау. Төрт қадам сайын секіртпені үстап, қолымыздың позициясын ауыстыру. Шеңберді құру.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

Қысқа секіртпелермен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс, төрт бөлікке бөлініп, бүктелген секіртпелерді ұстап, қолдарымызды төменге түсіреміз. Қолдарымызды жоғарьг көтереміз,секіртпені

басымыздан асырып, артынан ұстаймыз, бастапқы қалыпқа ораламыз

. Баяу қарқынмен орындалады.

Б.қ.: төрт бөлікке бөлінген секіртпені алға созып, екі аяқтың арасын сәл ашып отыру. Қолдарын шынтақтан бүгіп, секіртпені ұстап тұрып, денені оңға және солға бұру.

Б.қ.: төрт бөлікке бөлінген секіртпелерді ұстап, қолдың негізгі позициясын сақтау. Отырып және артқа қарай иіліп, тізерлеп тұрамыз, қолдарымызды алға қарай созамыз, бастапқы қалыпқа ораламыз.

Б.қ.: аяқты сәл ашып тұру, қолдарымызда төрт бөлікке бөлінген секіртпелер бар, оларды артқа қарай ауыстырып, төменде ұстау. Секіртпені тартып, алға иілу, бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдарымызда төрт бөлікке бөлінген секіртпелер бар, алға қарай созу. Оң аяқты артта ұстау, қолдарымызды жоғары көтереміз, иілу және бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: еркін түрде секіртпе арқылы секіру.

Түрлі кедергілер арқылы жаттығулар орындау.

Бірінші шеңбер:

а) екі қолды екі жаққа созып, кедергілерді аттап жүру;

ә) гимнастикалық орындықтың үстімен қолдарын желкеде ұстап жүру;

Әр жаттығуды дұрыс орындауға тырысады.Денелерін түзу ұстап, жаттығуларды орындайды.

а) қолдарын жоғары созып, шапалақ ұру арқылы жүру;

б)бөрене немесе гимнастикалық орындыққа оң қолды сермеп шығу ;

в)қиғаш қойылған орындық үстімен еңбектеп жүру

;г)гимнастикалық қабырғаға өрмелеп түсу

ғ)маттарда орындау жаттығулары: тізерлеп тұрып, екі жаққа (оңға және солға) қарай домалау;

д)алға қарай 5-6 метрге дейін қысқа секіртпемен секіру, секіртпені орындықтың арқасына іліп қою.

Екінші шеңбер:

а)қолды белге қойып жүру;

ә) орындық үстінде орындалатын жаттығулар: қолды артта ұстап жүру; шапалақ соғып, секіру;

б)бөрене: сол жақпен секіріп түсу;в)қиғаш орындық және қабырға - бірақ әртүрлі тәсілмен түсу;г)маттарда орындалатын жаттығулар: бір тізерлеп түрып, екі жаққа ауысып тізерлеп басу, бірінші матта солға, екінші матта оңға;ғ) еркін тәсілмен қысқа секіртпе арқылы бір орында бес рет секіру;

д) алға қарай секірулер (5-6 рет).шығу және өрмелеп түсу;

5-6 рет жаттығуларды қайталау.

Жаттығулар педагогтің көрсетуімен қайталанып орында лады. Еңбектеу және өрмелеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Жаттығуларды педагогтің көрсетуінен соң орындайды. Оң қол белге қойылады, сол қол иыққа.

Жүріс: өкшемен, аяқтың ұшымен жүру.

Рефлексиялық- түзетушілік

Жүріс: өкшемен, аяқтың ұшымен жүру.

Оң қол белге, сол қол иыққа қойылады.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: допты домалатуды және алысқа лақтыруды; түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын; қолданады: гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 59.

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Жұптасып орындалатын жаттығулар.

Мақсаты: 1. Тепе-теңдікті дамыту.

2.Жұптасып жұмыс істеуге үйрету.

3.Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: гимнастикалық таяқшалар, доптар, беттер, орындықтар, биіктікке секіруге арналған бағаналар.

Билингвальдық компоненттер:

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1.Жұптасып сапқа тұру.

2.Музыканың сүйемелдеуімен сап түзеп жүру.

Таяқшалардың жанынан өтіп, екі адамға бір таяқшаны алу.

Бұрылып тұру.

Кері бағытта қозғалысты жалғастыру.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

Гимнастикалық таяқшамен орындалатын ЖДЖ:

а) «Таяқшаны басқа жерге қою» жаттығуы: жұптасып тұрып, таяқшаның екі шетінен оң қолдарымен төменде ұстап тұру. Екі қолды екі жаққа созып, жоғарыға қарай көтеру, таяқшаға қарау, таяқшаны сол қолға ауыстыру, екі қолды төмен түсіру

. ә) Қолды екі жаққа созып, таяқшаға қарау, таяқшаны сол қолға ауыстыру, қолды төмен түсіру. Дәл солай таяқшаны сол қолдан оң қолға ауыстырып орындау.

б)Жұптасып бір-біріне арқаларын беріп тұрып «таяқшаны беру», аяқтарды иықтың деңгейінде қою. Бір бала оң қолмен таяқшаның жоғарғы ұшынан ұстайды, екінші шетін еденге тигізіп тұру. Педагогтің «БҰРЫЛЫС!» деген белгісі бойынша жұптасып тұрған екі бала оңға бұрылады.

Бала таяқшаны ұстап тұрып оны артқа қояды, келесі бала белгілі бір уақытқа таяқшаны алады. Екеуі бастапқы қалыпқа оралады, бірақ таяқшаны басқа бала ұстап тұрады. Дәл осылай осы жаттығу сол жаққа қарай орындалады, таяқша сол қолға ауыстырылады.

в) «Таяқшаны домалату». Балалар бір-біріне қарама-қарсы (аралары қол созым) тізерлеп тұру. Таяқша бір баланың алдында еденде жатады. Алға қарай иіліп, ол таяқшаны өзінің жолдасына қарай домалатады, ол өз кезегінде оны жерден алып көтереді. Одан кейін екеуі де бастапқы қалыпқа оралады.

Балалар жұптасып, бөлменің ішімен шашырап жүгіреді. г) «Үй жаса». Бір-біріне басын беріп, етпетінен жатып, таяқшаны екі қолмен ұстау. Таяқшаны көтеріп, оған қарау, бастапқы қалыпқа оралу.

  1. Екі таяқшаның араларынан бір бүйірлерімен өту, шапалақ ұрып, допты жоғары лақтырып, қайтадан қағып алу.

  2. Жүгіріп келіп, жоғарыға қарай секіру.

«Жұппен пішін жасау» қимыл-қозғалыс ойыны. Педагогтің ескертуі: бір-біріне кедергі келтірмеу, бір орында тұрмау, бір-біріне жол беру. Оның белгісі бойынша барлығы бірден тоқтайды, ойлаған тұрысты орындайды. Педагог ең қызықты тұрыстарды ерекше атап өтеді.

Жаттығулар өз бетінше орындалады.

4-5 рет жаттығуларды қайталау

Жаттығулар өз бетінше орындалады.

4-5 рет жаттығуларды қайталау

Таяқшаларға денелерін тигізбей қырымен өтеді, доптарға жақындап, оларды қолға алып, жоғарыға лақтырады және қолдарын шапалақтап, оларды қағып алады (6-8 рет). Осыдан кейін өздерінің алғашқы орындарына қайтып оралып тұрады.

1 м қашықтықта залдың қабырғасынан бір сызық сызылады, сол сызықтан бастап балалар жүгіреді. Жаттығуды 4-5 рет қайталау.

Балалар жұп болып, түрлі пішіндерді келтіреді.

Рефлексиялық- түзетушілік

Балалар жұптасып жүреді, олар бір-бірінің қолынан ұстамайды, 4 қадам аяқтың ұшымен, 4 қадам табанды нық| басып жүреді.

Үйге тапсырма: ата-анасымен жаттығуларды қайталау.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: жұппен орындалатын жаттығуларды; түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын; қолданады: жұптасып жұмыс істеу дағдыларын.