Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы: Иманғалиева Г.Н.

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Бастаушыны (жүргізушіні) ауыстырып жүру және секіру.

Мақсаты:

Білімділік: Бір орында тұрып секіруге жаттықтыру.

Дамытушылық: Нұсқаушының берген белгісіне қарай жылдам әрекет етуге үйрету.

Тәрбиелілік:Гимнастикалық орындық үстінде еңбектеуді қайталау.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: : бала санына қарай түсті орамалды (20х20 см), 1-2 гимнастикалық орындық, 2 ұзын (8-10 м) жіп, қолшатыр.

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

  1. Ысқырық бойынша

бастаушыны өзгертіп жүру.

2. Бір орамалдан ұстап алып,

бір қатар саппен жүру.

3. Жан-жаққа, алға, артқа

жалғамалы қадаммен жүру

Ысқырық бойынша қолдың

қалпын өзгерту.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

. Орамалмен орындалатын

ЖДЖ:

Б.қ.: отыру, жерде жатқан

орамалдың бір бұрышынан

ұстау, оны тізеге дейін көтеру.

Дәл солай екінші қолмен

орындау.

Б.қ.: тұру, жерде жатқан

орамалдың бір ұшынан екі

қолмен ұстау. Отыру, орамалды

беттің алдына дейін көтеру:

«Балалар жасырынып қалды.

Ешкім жоқ». Орамал түсіріледі:

«Міне, балалар табылды!».

Б.қ.: отыру, аяқтарды аздап алшақтау қою, орамалмен бір аяқтың басын жауып, қолмен артқа таяну.

Жаттығуларды балалар өз

бетінше орындайды.

Жаттығуларды 4-5 рет

қайталау.

Аяқты орамалмен бірге

көтеру және түсіру. Осылайша

3-4 рет қозғалыс жасағаннан

кейін орамалды екінші аяққа

қою және жаттығуды 3-4 рет

қайталау.

Рефлексиялық- түзетушілік

Педагогтің белгі беруі бойынша тоқтап-тоқтап, топпен жүру.

Үй тапсырмасы: орында тұрып, ұзындыққа секіруді бірнеше рет қайталау.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: бастаушыны ауыстырып жүру және секіруді;

түсінеді: нұсқаушының берген белгісіне жылдам әрекет ету керектігін;

қолданады: гимнастикалық орындық үстінде еңбектеуді.

Келісілді:

«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші: Иманғалиева Г.Н.

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Еңбектеу мен доға немесе білте таяқтың (рейка) астынан өту. Мақсаты: Білімділік: Еңбектеу мен доғаның астынан өтуді кезектестіріп оръндауды үйрету; бір орында тұрып, ұзындыққа секіруді жетілдіру. Дамытушылық: Нұсқаушының берген белгісіне қарай жылдам жауап беруге үйрету. Тәрбиелілік: Көлденең тұрған нысанаға затты лақтырып жаттықтыру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: бала санына қарай түсті орамалдар мен құм салынған қаптар, 2-3 доға (2 баған мен білте таяқша), 3-4 үлкен шығыршық немесе жәшіктер (50x50 см), 1-2 гимнастикалық орындық, 2 ұзын (8-10 м) жіп, қолшатыр. Билингвальды компонент: шығыршық-обруч

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивация-лық-қозғаушылық

1.Бір орамалдан ұстап алып, бір қатарлы саппен жүру.

2.Бір орында тұрып 20 рет секіру (үзіліспен 2-3 рет қайталау)

Музыканы тоқтатқанда жүргізушіні ауыстыру.

Ұйымдастыру-шылық ізденістік

1. Орамалмен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: отыру, аяқтарды аздап алшақтау қою, жерде жатқан орамалдың бір ұшынан екі қолмен ұстау. Қолдарды жоғары көтеру және оларды еденге түсіру.

Б.қ.: тұру, аяқтар иық деңгейінде қойылған, жерде жатқан орамалдың бір ұшынан екі қолмен ұстау. Алға иілу, орамалды еденге тигізу, түзу тұру.

Б.қ.: отыру, аяқтар бірге қойылады, жерде жатқан орамалдың бір ұшынан екі қолмен ұстау. Бір аяқты тізеден бүкпей жоғары көтеріп, орамалға тигізу, аяқты түсіру. Жаттығуды 3-4 рет қайталау.

2.Орамалды бір қолға ұстап алып, бөлме айналасында бірінің артынан бірі жүгіреді (15-20 сек.).

3.Бір қатарлы сапта жай жүру. Орамалдарды орнына қою.

4.Еңбектеу (5-6 м) және доға астынан өту. Доғаға дейінгі қашықтық 5-6 м-ден кем болмауы тиіс. Шығыршық немесе жәшік еденде не бала көзінің деңгейінде тұруы мүмкін. Балалар сызықтан немесе арнайы қойылған жіптен өтіп кетпеуі қадағалануы тиіс.

5.Оң және сол қолмен құм салынған қапшықты көлбеу лақтыру.

6.Бір орында тұрып екі аяқпен ұзындыққа секіру.

7.«Көпіршік» қозғалысты ойыны.

Балалар педагогпен қол ұстасып, шеңбер бойында тұрады. Педагог «көпіршік жарылды» деп белгі бермейінше, балалар бірінің қолынан бірі ұстап тұрады. Одан кейін балалар қолдарын жіберіп, жүрелеп отырады да, «тарс» деп айтады. Балалар қайтадан көпіршік үрлейді де, артқа қарай жылжып, дөңгеленіп тұрады.

ЖДЖ-ны өз беттерімен орындайды.

Жаттығуларды 6-8 рет қайталау.

Балалар топталып және бір-бірден «қақпашаларға» еңбектеп кіреді. Олар жаттығуды аздаған топпен немесе барлығы бірге әр қолмен 2-3 реттен орындайды. Балалар тапсырманы бір уақытта 4-6 рет орындайды. Жаттығуды педагогтің нұсқауымен орындайды.

Шар жарылғанда балалар қолдарын шапалақтап отырады. Осылайша 2-4 рет қайталанады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Педагогтің берген белгісімен тоқтап, бір қатар тізбекпен жүру.

Педагогтің нұсқауы бойынша жүру түрлерін қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: бір орында тұрып ұзындыққа секіруді;

түсінеді: нұсқаушының берген белгісіне жылдам әрекет ету керектігін;

қолданады: көлденең тұрған нысанаға затты лақтыру дағды ларын.