Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Алға қарай баспен домалау.

Мақсаты:

1. Алға домалауды үйрету.

2. Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3.Допты лақтыруды және қағып алуды бірнеше рет қайталау; бір орында тұрып биіктікке секіруге жаттықтыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары.

арқан, 4 гимнастикалық төсеніш, үлкен доптар, секіруге арналған 2 сырық ағаш.

Іс-әрекет кезеңдері

іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1.Жүру.

2.Еденде жатқан арқан үстімен жүру.

3.Бірде жүгіріп, бірде жүру.

Төртке дейін санап, төрт қатар сапқа тұру.

Қолдарын екі жаққа созып жүру.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

1. Заттарсыз орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс. Оң қолды желкеге қою, сол қолды сол жаққа созу, ақырындап шалқаю, б.қ. оралу.

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдарын артқа ұстап тұру. Тізеден бүгілген оң аяқты жоғары көтеріп, денені түзу ұстап тұру. Б.қ. келу, тура осы лай сол аяқпен де орындалады Б.қ.: тізерлеп тұрып, басты төмен түсіріп тұру. Сол аяқты артқа қарай бүгу, басты артқа шалқайту. Б.қ. келу, тура осылай сол аяқпен жасалады. Б.қ.: негізгі тұрыс. Аяқ ұшымен отырып тұру, саусақтарын өкшеге тигізу, б.қ. келу. Қарқын баяу.

Б.қ.: шалқадан жатып, екі қолды жоғары көтеру. Аяқтарын бүгіп, екі қолымен құшақтап, сонан соң иіліп, басын тізеге тигізу. Б. қ. келу.

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдарын белге қою. Оң жаққа бұрылып, төрт рет секіру, сол жаққа бұрылып, төрт рет секіру.

Б.қ.: негізгі тұрыс. Бір орында тұрып жүру.

Б.қ.: негізгі тұрыс. Оң қолды белге қою, сол қолды белге қою, оң қолды басқа қою, сол қолды басқа қою, оң қолды белге қою, сол қолды белге қою, оң қолды төмен түсіру, сол қолды төмен түсіру.

Акробатикалық жаттығулар: еденде отырып, бастапқы қалпынан алға қарай домалауды түсіндіру және іс жүзінде көрсету. Педагог балаларға домалауға көмектеседі.

1.Үлкен допты лақтырып ойнау.

Балаларды арақашықтықтары 3 адымнан шеңбер бойына тұрғызады. Бір-біріне допты қалай лақтырып, қалай қағып алуды түсіндіреді, көрсетеді.

2.Бір орында тұрып биіктікке секіру.

.3. «Жапалақ» қимыл- қозғалыс ойыны. Шарты: алаңның бір шетіне «жапалақтың ұясы» белгіленеді. Балалардың бірі сол кезде «жапалақ» ұясынан ұшып шығып, қозғалып қойған «шегірткені» немесе «көбелекті» ұясына алып кетеді. Балалардың бірі шегіртке, бірі кішкентай қүс болып залда еркін жүгіріп, секіріп жүреді. «Түн» деген белгі бойынша ойыншылар бір орындарында қатып қалады

Алдымен 2-3 бала алға домалауды педагогтің көмегімен орындап көрсетеді. Сонан соң қалған балалар алға домалауды қезектесіп, бір- бірден орындайды.

Балалар оң аяқты алға, сол аяқты артқа қойып, кезек- кезек бір-біріне доп лақтырады, допты қағып алады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Дабылдың соғылуына қарай 4 адым аяқтың ұшымен,

4 адым өкшемен, 4 адым табанның сырты және 4 адым табанның ішімен жүру.

К

.

үтілетін нәтиже:

орындайды: алға домалауды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінше орындай білу шарттарын;

қолданады: допты лақтыруды, оны қағып алу және бір орында тұрып биіктікке секіруді.

Келісілді: