Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Технологиялық картасы № 26.

Тобы: Ортаңғы 8

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Қапшықты нысанаға лақтыру.

Мақсаты: 1. Қапшықты нысанаға дәлдеп лақтыруға жаттықтыру және көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту.

2. Ұжым болып ойнауға тәрбиелеу.3. Гимнастикалық қабырға арқылы өрмелеуге жаттықтыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары:әрбір балаға гимнастикалық таяқшалар, лақтыруға арналған

қапшықтар, гимнастикалық баспалдақ.

Билингвальдық компоненттер:

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивация-лық-қозғаушылық

Бір қатар тізбекпен бір-бірден сол иығына таяқшаны қойып жүру. «Бір» белгісіне қарай жұптасып тұра қалу және жүру, «екі» белгісіне қарай бір қатар сапқа тұру.

Дабыл жай соғылған кезде аяқтың ұшымен таяқшаны жоғары созылған қолдарын көтеру.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

Таяқшамен орындалатын ЖДЖ:

«Штангистер» жаттығуы: аяқтарын сәл ашып тұрады, қолдары төмен түсірілген, таяқшаны көлденең екі шетінен ұстау. Таяқшаны кеуде тұсына көтеру, одан соң жоғары көтеру, бастапқы қалыпқа оралу.

«Отыру» жаттығуы: аяқтың бастарын сәл ашып, өкшелерін қосып тұру, таяқша жауырын үстінде. Ақырын отыру, тізелерін екі жаққа қаратып, денесін тік ұстап, бастапқы қалыпқа оралу.

«Байдаркада» жаттығуы: аяқтарын сәл ашып отыру, таяқшаны көлденең екі қолмен орта тұсқа келтіріп ұстау.

«Ескекпен есушілер» жаттығуы: алдыңғы жаттығудағы қимылды қайталайды.

«Суда қалқып жүзу» жаттығуы: шалқадан жатып, қолдарын бастарына қояды, ақырын шайқалады.

2.Гимнастикалық қабырғада өрмелеу. Педагог балаларды 2-3 топқа бөледі.

Гимнастикалық қабырғада қалай өрмелеу керектігін түсіндіреді, іс жүзінде көрсетеді.

3.Нысанаға қапшықты көздеп лақтыру. Педагог құм толтырылған қапшықшаны (қалташаны) 3 м қашықтықта тұрған нысанаға қалай көздеп лақтыруды көрсетеді.

4.«Мен спортсменмін!» қимыл-қозғалыс ойыны. Шарты: ойын барысында бір бала штангистің тұрысын, бір бала палуанның тұрысын, т.б. көрсетеді.

Жаттығулар нұсқаушының көрсетуі бойынша орындалады.

Жаттығуларды 6-8 рет қайталау.

Байдарка үстінде есуді имитациялау арқылы (әр жаққа 4-5 реттен).

Музыка әуенімен судың бетінде қалқып жүзіп жүргендей кейіп танытады.

Әр топ балалары гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығып, қайтадан түседі.

«Стадионға қарай жүгіріңдер!» белгісіне қарай балалар бөлме ішінде еркін жүгіреді, «Тоқта!» белгісі бойынша тоқтайды. Одан кейін қандайда бір спорт түрімен айналысатын спортсменнің тұрысын көрсетеді.

Рефлексиялық- түзетушілік

Бір қатар тізбекпен жүріп, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Қолдарын жоғары, екі жаққа созып, терең дем алып, дем шығару.

Күтілетін нәтиже:

рындайды: қапшықты нысанаға дәлдеп лақтыруды және көз- бен мөлшерлеуді;

түсінеді: ойынның шарттарын;

қолданады: гимнастикалық қабырға арқылы өрмелеуді.