Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Технологиялық картасы

Күні:

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Доппен жұмыс

Мақсаты: 1. Бір-біріне кеуде тұсынан допты лақтыруды үйрету.2.Шапшаңдық және ептілік тәрізді қасиеттерді дамыту.

3.Басына қапшықты қойып, жерде созылып жатқан жіптің үстімен қолды әртүрлі қалыпта ұстап жүруге жаттықтыру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: барлық балаларға қапшықтар мен доптар.Алаңның сыртына жіпті қою. Билингвальдық компонент: Доптар, мячи, ball.

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивация-лық-қозғаушылық

Жетекшілерді ауыстырып отырып жүру. Алаң ішінде баяу жүгіру 2 мин. 25 сек.

{200 м), мұнда да жетекшілерді ауыстырып отырып жүгіреді. Жүру, 3-4 рет терең тыныс алу.

Жүру барысында балалар допты алады және екі қатарға тұрады.

Ұйымдастыру-

шылық -ізденістік

1. ЖДЖ (доптармен орындау):

Б.қ.: аяқтары иық деңгейінде, доп төменде. 1 - допты жоғары көтеру, иілу; 2 - б.қ.

Б.қ.: аяқтары иық деңгейінде, доп кеуде түсында. 1 - допты алға созу, иілу; 2 - б.қ.

Б.қ.: аяқтары иың деңгейінде, доп жоғарыда. 1 - иілу, допты жерге тигізу; 2 - б.қ.

Б. қ.: сол сияқты 1 - оңға иілу; 2 - б.қ.; 3-4 - сол сияқты солға иілу.

Б.қ.: аяқтарын қосу, доп төменде. 1-2 - екі рет жерге допты ұру; 3-4 - екі рет екі аяқпен секіру.

Алаң ішінде баяу жүгіру 2 мин. 25 сек. (200 м).

Допты бір-біріне лақтыру. Орташа жылдамдықпен жүгіру 50 сек. (100 м). Жүру. Жүру барысында балалар қапшықтарды көтеріп алады.

Қапшықтармен сапқа тізіліп жүру.

Орташа жылдамдықпен жүгіру 50 сек. (100 м). Жүру.

2. «Құстар мен жаңбыр» ойыны.

Педагог ойын барысында балалардың бүкіл алаң бойымен жүгіргендерін, отырмауларын қадағалайды.

Жаттығулар нұсқаушының көрсетуімен орындалады. Барлық жаттығулар 4-6 рет қайталанады.

Балалар допты орындарында қалдырады. Балалар жұптасып 2 м қашықтықта тұрады және допты кеуде тұсынан бір-бірлеріне лақтырады (10-15 рет). Сапқа бір-бірден тізіліп тұру. Жүру барысында балалар доптарын орындарына қоядыПедагог: «Жаңбыр жауды», «Боран соқты» және т.б. айтады. «Құстар» тоғайларға тығылуға тырысады, яғни гимнастикалық қабырғаға шығады. Аз ғана уақыттан кейін педагог: «Күн шықты!», «Жаңбыр тоқтады» және т.б. дейді. Балалар төмен түсіп, тағы әрі қарай жүгіреді. Ойын 3-рет қайталанады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Баяу жүгіру. Жүру (100 м).

Күтілетін нәтиже:

орындайды: бір-біріне кеуде тұсынан допты лақтыруды;

түсінеді: ойынның шарттарын;

қолданады: басына қапшықты қойып, жіп үстімен қолды әр- түрлі қалыпта жүру дағдыларын.