Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Технологиялық карта 4

Ортаңғы топ тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Кішкентай доппен орындалатын жаттығулар.

Мақсаты: Кішірейтілген тірек алаңы бойынша тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру. Алға жылжу арқылы екі аяқпен секіруге үйрету. Ойындарға және жаттығуларға оң көзқарасты және оларды қажетсіну дағдысын қалыптастыру. Кішкентай допты еденге ұрып және жоғары лақтыруға, оны қағып алуға жаттықтыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бала санына қарай доп, тақтай(ені 20 см, биіктігі 30 см), орындықтар, төсеніштер, текшелер.

Үш тілдік компонент: Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye, Жалауша-флажок-small flagДоп-Мяч-boll

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Амандасу рәсімі. Бір-бірден сапқа тұру. Екі сапқа тізіліп тұру.

Нұсқаушы балаға әңгімелеуі:

-доптардың түрлі өлшемі туралы;

-доп қолданылатын спорт түрлері туралы.

Топтардағы жүгіру жаттығулары.(Ысқыру бойынша қарқынды өзгерту).

Ысқыру бойынша қайта құрылып тұру.

Балалар баскетбол, волейбол, футбол ойындарын ойнауға арналған доптармен танысады.

Жылдам қарқынмен жүгіру

Баяу қарқынмен жүгіру.

Доппен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: негізгі тұрыс, доп оң қолда. 1-қолдарымызды екі жаққа созамыз; 2- қолдарымызды жоғары көтереміз, допты екінші қолға ауыстырып қоямыз; 3- қолдарымызды екі жаққа созамыз; 4- бастапқы қалыпқа.

Б.қ.: аяқты екі иықтың деңгейіне қойып, допты оң қолға аламыз. 1- оң қолға қарай иілу; 2-3- допты оң аяқтан сол аяққа қарай домалату және керісінше

Балалар тапсырманы педагогке қарап қайталайды.

Жаттығуларды 6-8 рет қайталау.

Ұйымдастыру кезеңі

орындау; 4- алғашқы қалыпқа келу, оң аяқтан сол аяққа қарай домалату.

Б.қ.: тізерлеп тұру, екі қолмен допты ұстау. 1-2- отырып, кеудені оңға бұрып, Допты еденге тигізу; 3-4- алғашқы қалыпқа келу. Осыны оң жаққа қайталау.

Б.қ: еденде отырып, допты табанмен қысып, қолды артқа қарай тіреу. 1-2- аяқты түзу ұстап көтеру,допты түсірмеуге тырысу; 3-4- алғашқы қалыпқа келу.

Б.қ.: етпетінен жатып, басынан асыра қолдарын созып,допты ұстау. 1-2- қолдарын және оң аяғын алға қарай түзу созу, допты аяққа тигізу; 3-4- алғашқы қалыпқа келу. Осыны сол жаққа қарай қайталау.

Б.қ.: аяқтардың арасы сәл ғана ашылған, доп оң қолда. Допты оң қолмен еденге созу, ыршыған допты қағып алу.

Б.қ.: допты жоғары қарай оң қолмен лақтырып, екі қолмен қағып алу.

Секіру.

Ені 20 см, биіктігі 30 см болатын тақтай бойымен тепе-теңдікті ұстап жүру, секіріп, қос аяқпен тұру.

Қос аяқпен текшенің үстінен аттап, алға секіру.

«Аюлар және аралар» ойыны:

Жүру кезінде қолды екі жаққа созу, алға қарау. Қолдарын беліне қою, аяқтарын біріктіру. Ұзынырақ секіруге тырысу. Ал ол үшін еденнен күш салып секіруге тырысу, секірер алдынан жартылай отырып барып секіру. Тізені бүгіп, аяқтың ұшымен еденге жаймен отыру. Бір топ гимнастикалық сатыға шығады. Ысқыру белгісімен «аралар» алаң ішінде ұшады. Нұсқаушының белгі беруіне қарай «аюлар» «аралар» орындықтарда қуалайды. Ал аралар тездетіп, гимнастикалық баспалдаққа шығулары керек.

Рефлексиялық түзетушілік

«Үлкен және кішкентай дөңгелек» ойыны.

Балалар екі шеңбер құрып тұрады: сыртқы және ішкі. Музыкалық сүйемелдеумен балалар біршеңбер бойымен оңға жүреді, екіншісі солға жүреді, ысқырық бойынша бағыттарын өзгертіп отырады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтай отырып жүруді.

Түсінеді: жаттығуларды дұрыс орындау керектігін.

Қолданады: кішкентай допты еденге ұрып және жоғары лақтыру, оны қағып алу дағдыларын.