Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші: Сахыпкереева Ж.Б.

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Оң және сол қолмен лақтыру.

Мақсаты:

Білімділік: Көлденең қойылған нысанаға затты лақтыруды үйрету.

Дамытушылық: Балаларды зерек болуға және бір-біріне қажетіне қарай көмек беруге үйрету.

Тәрбиелілік: Бір орында тұрып, ұзындыққа секіруге үйрету; көзбен мөлшерлей білу дағдысын және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытуға ықпал ету.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: бала санына қарай құм салынған қапшықтар, ұзын жіп, 3-4 үлкен шығыршық.

Билингвальды компонент:

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивация-лық-қозғаушылық

1. Бір қатарлы сапта келе жатып , кезектестіре жүру және жүгіру.

2. Бір орында тұрып биікке секіру, аяқтарды бірге қою, бір аяқты алға, екіншісін артқа қою.

Балалар бірін-бірі итермелемей, қолдарын еркін қозғап, аяқтарын сүйретпей жүреді.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

1.Қаппен орындалатын ЖДЖ;

Б.қ.:тұру, аяқтың арасын аз- кем ашу, екі қолмен қапты баста ұстап тұру. 1-2-қапты бастан жоғары асырып ұстау. 3-4-б.қ .

Б.қ.: етпетімен жатып, қапты екі қолмен алға ұстау.1-2-тік қолмен қапты жоғары көтеріп, 3-4-б.қ. Б.қ.: аяқты сәл алшақ ұстап, қапты төс алдында ұстап тұру. 1-2-жүрелеп отыру, қапты алға ұстау. 3-4-б.қ. Б.қ.: негізгі қалып, қапты екі қолмен төменде ұстау. Екі аяқпен бір орында секіру.

2.Бір қатар тізбекпен жүру.

3. Құм салынған қапты оң, сол қолмен көлденең лақтыру. Педадагогтің ңұсқауы бойынша лақтыру алаңына барып тұру. Жаттығуды бір уақытта 3-4 бала орындайды. Педагог қапты шығыршыққа оң қолмен де, сол қолмен де лақтыру қажет екендігін ескертеді.

4. «Қоңыздар» қозғалысты ойыны. Шарты: «Қоңыздар ұшты!» деген белгі бойынша балалар зал ішіне шашырай қашады.Ал «Қоңыздар құлап қалды» деген белгіде балалар шалқалап жатып алады да, аяқтары мен қолдарын көтереді, яғни бұл « қоңыздар тырбаңдап жатыр» дегенді білдіреді. «Қоңыздар ұшты!» деген белгі берілгенде балалар орнынан тұрады, ойын бірнеше рет қайталанады.

Әрбір бала қапты өзінің шығыршығына лақтырады.

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексиялы түзетушілік

Шеңбер бойымен жүру

Күтілетін нәтиже:

орындайды: оң және сол қолмен көлденелақтыруды; түсінеді; бір орында тұрып ұзындыққа секіру шарттарын;

қолданады: көлбеу қойылған нысанаға лақтыру туралы түсінікті.

Келісілді: