Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Технологиялық карта 18

Ортанғы тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Қапшықты нысанаға лақтыру.

Мақсаты: қапшықты нысанаға дәлдеп лақтыруға үйрету және көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту. Ұжым болып ойнауға тәрбиелеу. Гимнастикалық қабырға арқылы өрмелеуге жаттықтыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әр балаға гимнастикалық таяқшалар, лақтыруға арналған қапшықтар, гимнастикалық баспалдақ..

Үш тілдік компонент: Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye ,Таяқша-палки-sticks

Қапшық-мешочек-sac

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Бір қатар тізбекпен бір-бірден сол иығына таяқшаны қойып жүру. «Бір» белгісіне қарай жұптасып тұра қалу және жүру, «екі» белгісіне қарай бір қатар сапқа тұру.

Дабыл жай соғылған кезде аяқтың ұшымен таяқшаны жоғары созылған қолдарымен көтеру.

Таяқшамен орындалатын ЖДЖ:

«Штангистер» жаттығуы: аяқтарын сәл ашып тұрады, қолдары төмен түсірілген, таяқшаны көлденең екі шетінен ұстау. Таяқшаны кеуде тұсына көтеру, одан соң жоғары көтеру, бастапқы қалыпқа оралу.

«Отыру» жаттығуы: аяқтың бастарын сәл ашып, өкшелерін қосып тұру, таяқша жауырын үстінде. Ақырын отыру, тізелерін екі жаққа қаратып, денесін тік ұстап, бастапқы қалыпқа оралу.

«Байдаркада» жаттығуы: аяқтарын сәл ашып отыру, таяқшаны көлденең екі қолмен орта тұсқа келтіріп ұстау.

«Ескекпен есушілер» жаттығуы: алдығы жаттығудағы қимылды қайталайды.

«Суда қалқып жүру» жаттығуы: шалқадан жатып, қолдарын бастарына қояды,

Жаттығулар нұсқаушының көрсетуі бойынша қайталанады.

Жаттығуларды 4-6 рет қайталау.

Байдалка үстінде есуді имитациялау арқылы орындау.

Ақырын шайқалады.

Гимнастикалық қабырғада өрмелеу. Педагог балаларды 2-3 топқа бөледі. Гимнастикалық қабырғада қалай өрмелеу керектігін түсіндіреді, іс жүзінде көрсетеді.

Нысанаға қапшықты көздеп лақтыру. Педагог құм толтырылған қапшықшаны 3 м қашықтықта тұрған нысанаға қалай көздеп лақтыруды көрсетеді.

«Мен спортсменмін!» қимыл –қозғалыс ойыны.

Музыка әуенімен судың бетінде қалқып жүзіп жүргендей кейіп танытады.

Әр топ балаларды гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығып, қайтадан түсуді.

Әр балаға қапшықтарды нысанаға дәлдеп лақтыруға тырысады.

Рефлексиялық түзетушілік

Бір қатар тізбекпен жүріп, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Қолдарын жоғары, екі жаққа созып, терең дем алып, дем шығару.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: қапшықты нысанаға дәлдеп лақтыруды және көзбен мөлшерлеуді;.

Түсінеді: ойынның шарттарын.

Қолданады: гимнастикалық қабырға арқылы өрмелеуді.