Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші: Иманғалиева Г.Н.

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Бөрене үстінде еңбектеу.

Мақсаты:

Білімділік: Гимнастикалық орындық немесе бөрене үстінде еңбектеп жүруге және шеңбер бойымен жүруге үйрету.

Дамытушылық:Негізгі қасиеттерді- шапшандық, ептілікті дамыту.

Тәрбиелілік: Оң және сол қолмен құм толтырылған қалташаны алысқа дұрыс лақтыру дағдыларын дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: екі гимнастикалық орындық, әр балаға екі қапшықтан және текшеден, ойынға арналған жіп.

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

лық

1.Шеңбер бойымен жүру және жүгіру.

2.Бір қатар сапқа тұру, тапсырманы түсіндіру.

Балалар шеңбер бойымен бір жаққа қарай жүреді, белгі бойынша жүреді, одан кейін тоқтайды келесі жаққа бұрылады қайтадан жүреді және шеңбер бойымен жүгіреді.

Ұйымдасты

рушылық ізденістік

1. Текшелермен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: аяқтары өкше деңгейінде, текше оң қолында. Қолдарын екі жақтан жоғары көтеріп, текшені сол қолына алып, төмен түсіру, қайтадан бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: аяқтары иық деңгейінде, текшені артта ұстап тұру. Еңкейіп текшені еденге қою, тік түзеліп тұру, еңкею, текшені алу, оны сол қолына ауыстыру, қолын артқа тығу. Б.қ.: аяқтарды айқастыра отырып, текшені оң қолына алу. Оңға бұрылып, текшені өзінің артына қою (өкше тұсына), қолдары белінде, бұрылу, текшені алу, сол қолына ауыстыру, сол жаққа қарай қайталау.

Б.қ.: аяқтарын біріктіру, қолдары белінде, текше еденде. Қос аяқпен бір орында жүруді алмастыра отырып секіру.

Қозғалыстың негізгі түрлері.

  1. Қапшықты сол және оң қолымен алысқа лақтыру.

2.Гимнастикалық орындық үстінде еңбектеп жүру.

3. «Түрлі таспаларды әкелеміз» қимыл-қозғалыс ойыны. Шарты: педагог балаларды екі топқа бөліп, оларды екі қатар сапқа тұрғызады. Бірінші топтағылар қолдарына әртүрлі таспаларды ұстайды, екінші топ балалары оларға теріс қарап тұрады.

Жаттығулар педагогпен бірге орындалады.

6-8 рет қайталанады.

Педагог әр балаға екі қапшықтан тастайды. Әрі қарай аз ғана қашықтықта екі гимнастикалық орындық қойылады. «Лақтырыңдар!» деген белгі бойынша балалар оң қолмен қапшықтарды лақтырады, содан соң сол қолмен лақтырады. Жаттығулар 4-6 рет қайталанады.

Таспасы бар балалар басқа балалардың иықтарына таспаларды қойып, екі қадам аттап, былай дейді: «Таспаны жоғары көтеріңдер, бізді тез қуып жетіңдер!».

Осы сөздерді айтқаннан кейін балалар жүгіре жөнеледі, таспаны қолдарына алып, қашып жүргендерді қуып жетеді, одан соң өз орындарына таспалармен оралады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Жұптасып жүру.

Балалар түзу қадаммен таспалардың ұшынан ұстап жүреді.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: гимнастикалық орындық немесе бөрене үстінде еңбектеп жүру және шеңбер бойымен жүгіруді;

түсінеді: ойынның шарттарын;

қолданады: оң және сол қолмен құм толтырылған қалташаны алысқа дұрыс лақтыру дағдыларын.

Келісілді:______