Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Бір орында тұрып үзындыққа секіру.

Мақсаты: 1. Бір орында тұрып, ұзындыққа секіруге үйрету.

2.Тепе-теңдікті сақтау қабілетін дамыту және қимылдарын реттеу.

3.Бастан асырып лақтыруды бекіту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары : әр балаға екі қарағай бүршіктен (немесе кішкентай доптар), балалар санына қарай доптар, ұзын жіп. Билингвальдық компонент: секіру – прыгать, доп – мяч, жіп - веревка

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагогтің соңынан қайталап,

жүріс пен жүгіруді ауыстырып

жүру (40-60 м):

«Орманға серуен» ойыны.

Жүру барысында балалар

аяқтарын сүйретпей жүрулері

керек. «Қараңдар, мен қалай

жүремін», - деп, педагог өзі

көрсетеді.

Балалар аяқтарын жоғары көтеруге міндетті емес. Педагог жаңғақтарды шашып жібереді, әр

қатысушыға екі жаңғақтан ұсынады.

Балалар жүру барысында педагогтің іс-қимылдарын қайталап орындайды.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

Жаңғақтармен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: жаңгақтарымызды ұстап

тұрамыз. Қолдарымызды

жоғары көтереміз,

жаңғақтарды көрсетеміз

және оларды артымызда

жасырамыз.

Б.қ.: шалқадан жатып,

қолдарымызды дененің бойымен ұстаймыз. Қолдарымызды және аяқтарымызды жоғары көтереміз. Жаңғақтарды аяқтың табанына тигіземіз, еденге түсіреміз.

Б.қ.: отыру, қолдарымыз тізелерімізде. Қолдарымызды екі жаққа созамыз, жоғары көтереміз, қолдарымызды түсіреміз.

Б.қ.: қолдарымызды түсіріп тұрамыз. Отырамыз, жаңғақтарды еденге қоямыз, тік тұрамыз, одан кейін отырамыз, жаңғаңтарды қолымызға аламыз.

Бір орында секіру (20-25 сек.).

  1. Педагогтің соңынан жүру. Қарағай бүршіктерін себеттерге салу (жәшік).

  2. Бастан асырып, екі қолмен допты лақтыру. Екі қолмен допты игеру сәтіне балалардың көңілін аудару.

  3. Кілемшенің үстінде жатқан жіптің үстімен бір орында тұрып ұзындыққа секіру. Секірер алдында шағын отырып-тұру жаттығулары орындалады. Сонда секірген кезде жерге жеңіл түседі.

«Бөренеден өтіп көр» қимыл-қозғалыс ойыны (Гимнастикалық орындықтан аттау)

6-7 рет жаттығуларды

қайталау.

Жаттығуларды өз беттерінше

орындайды.

Жаттығулар жылдам қарқынмен орындалады.

6-7 рет жаттығуларды қайталау.

Барлық жаттығуларды педагогтің нұсқауымен және көмегімен орындайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Қорытындылау.

Белгі бойынша кідірістермен баяу жүру.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: бір орында тұрып, ұзындыққа секіруді;

түсінеді: гимнастикалық орындықтан қалай аттау керектігін;

қолданады: бастан асырып лақтыру дағдыларын.