Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Допты волейбол торына лақтыру.

Мақсаты:

1. Омыртқа бұлшық еттерін қатайту.

2.Балалардың икемділігін дамыту.

3.Балаларды еденде жатып созылуға үйрету; допты тордан асырып беруге жаттықтыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: волейбол торы, әр балаға доптан.

Билингвальдық компонент: доп – мяч, тор - сетка

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

1. Сапқа тұру. Сәлемдесу.

2. Жүгіру: әдеттегі.

3. Жүріс: әр қадам сайын алға

қарай иілу, өкшеден аяқтың

ұшына, аяқтың ұшынан өкшеге.

Міндеттерді түсіндіру.

Балалар өздерінің жүріс-тұрыстарын қадағалайды.

Түзу тұру.

Екі қолды түсіріп тұру.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

1. Иілгіштікке арналған ЖДЖ:

Б.қ: негізгі тұрыс. «1» дегенде

екі қолды көтереді, дем алады, жоғарыға созылады; «2»

дегенде екі қолды түсіреді,

демді шығарады, денені бос ұстайды.

Б.қ.: негізгі тұрыс. Оңға, солға дененің бұрылыстары.

Б. қ.: негізгі тұрыс. 1 - алға

қарай иілу; 2 - бастапқы

қалыпқа оралу.«Қайық» жаттығуы.Шалқадан жатып, сол бүйірден оң бүйірге домалау.

Б.қ.: шалқадан жату. Аяқты көтеру және түсіру.

Б.қ.: шалқадан жату. Аяқты

бастан асырып, еденге тигізу.

Б.қ.: аяқты сәл ашып отыру,

алға иілу.

«Мысық» жаттығуы.

Б.қ.: тізерлеп отырып, арқаны доға түрінде ию, керу.

Б.қ.: еденде отырып орындау. Аяқты көтеру және түсіру.

2. Волейбол торынан асыра допты лақтыру:- бастан асырып беру;иықтан;-екі қолмен;

бастың тұсынан лақтыру

  1. Секіру арқылы допты лақтыру.

  2. «Алаңды жинау» ойыны.

«Допты бер» ойыны (волейбол добымен).

Жаттығулар өз бетінше

орындалады.

Жаттығуларды 4-5 рет

орындау.

Қауіпсіздік ережелерін

сақтайды

Доптарды жинайды.

Бір-біріне допты береді, қағып алады.

Рефлексиялық- түзетушілік

«Демді ұстап тұру» ойыны.

Балалар демді 20 секундқа дейін ұстап отырады. Одан кейін демді шығарады.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: иілгіштікке арналған жаттығуларды; түсінеді: ойын шартын; қолданады: волейбол торына допты лақтыра білу дағдыларын.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 69.

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Тыныс алу жаттығулары.

Мақсаты: 1. Имитациялық жаттығуларды орындауға жаттықтыру.

  1. Дұрыс тыныс алуга үйрету.

  2. Бір орында секіруге үйрету.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары:бардюрлер, әр балаға секіртпеден.

Билингвальдық компоненттер:

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Бір қатар сапқа тұру. Амандасу. Бір қатар тізбекпен жүру.

Санап жүру:

1-2 - дем алу, 3-4-5 - дем шығару;

1-2-3 - дем алу, 4-5-6 - дем шығару;

1-2-3 - дем алу, 4-5-6 7 - дем шығару.Жүру бойынша жаттығу:«Атжалмандар».10-15 қадам жасап, ауыздыауамен толтыру, мұрынмендем алу.«Паровоз» жаттығуы. Екі қолдың ауыспалы қимылдары, паровоздың дыбысын салу: «Чух-чух...»Жаттығу: «Шаңғы тебуші».

Жаттығу: «Қаздар ұшады».

Жүгіру - дем алу үрдісін қадағалау.

Аяқтың ұшына көтеріліп,

дем алу, табанмен тұрып, дем

шығару.

Дем алу (10-15 сек.). Демді ұстап тұру, дем шығару.

Тік тұру.

Аяқтың ұшымен тұру.

Ауызды ауаға толтыру,

10-15 қадам жасап, мұрынмен дем алу, 5 қадам жасап, ауызды ашып жүріп дем алу.

Шаңғы тебуді имитациялау.

Баяу жүру.

Тыныс алу жаттығуларын

орындайды.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

1. Секіртпемен орындалатын

ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс, екі

бүктелген секіртпені төменде

ұстау. 1-2 - аяқтың ұымен

тұрып, секіртпені жоғары

көтеру; 3-4 – бастапқы қалыпқа оралу.

Б.қ.: екі аяқтың арасын ашып

тұру, секіртпені төменде ұстау.

1 - секіртпені жоғарыда ұстау,

оңға қадам жасап, оңға иілу;

2 - тік тұру, секіртпені жоғары

көтеру; 3 - бастапқы қалып.

Б.қ.: негізгі тұрыс, секіртпе

төменде. 1-2 - отыру, секіртпе

төменде; 3-4 - бастапқы

қалып.

Б.қ.: аяқтар иықтың деңгейінде, секіртпе иықтың үстінде. 1 - денені оңға бұру; 2 - бастапқы қалыпқа оралу. Б.қ.: аяқтар сәл ашылған, секіртпе артында, төменгі жағында. Бір орында екі аяқпен алға қарай секіртпе арқылы секіру

2.Дем алу жаттығулары:

(8-10 жаттығуларды таңдау) «Құлыншақ» жаттығуы: тілмен таңдай қағу.

«Қарға» жаттығуы: басты жоғары көтеру, екі жаққа бұру, қарға секілді қарқылдау: «қар-қар-қар».

«Жыланның тілі» жаттығуы: тілді мүмкіндігінше ұзынырақ шығару.

«Көңілді жылауықтар» жаттығуы: өтірік жылау (имитациясы).

«Күлегеш» жаттығуы: күлкінің имитациясы.

8-10 рет дем алу және мұрынның оң тесігі және сол тесігі арқылы демді шығару. Дем алу- ішке қарай ішті тарту және мұрын арқылы демді шығару.

«Кімнің дауысы?» ойыны. «Трактор»: мотордың дыбысын шығару: «д-т-д-т».

«Атыс»: тілді шығарып, дыбыс шығару: «к-г-к-г-к-г». «Отшашу»: шырша шартылдағының имитациясы, дыбыс шығару: «паб-паб». «Маубас»: бірнеше рет есінеу. «Қырсық есек»: и-а и-а и-а. «Отын жарушы»: тік тұру, екі қолды көтеру, саусақтарды айқастыра қосып, бастан асырып, алға қарай иілу. «Сыбызғышы» сыбызғыда ойнау әрекетін имитациялау.

  1. Бір орында тұрып және кедергілер арқылы биіктікке секіру.

  2. «Ат» қимыл-қозғалыс ойыны. Шарты: ат секілді жүреді, шабады.

Педагогтің нұсқауын орындайды.

Жаттығуларды 6-8 рет

қайталау.

Жаттығулар өз бетінше

орындалады.

Педагогтің нұсқауын орындайды.

Жаттығулар бойынша әрбір дыбысты дұрыс салуға тырысады.

Рефлексиялық- түзетушілік

10-15 сек. демді ұстап тұру, демді шығару.

Мұрынмен дем алып, ауызбен демді шығарады.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: тыныс алуға арналған жаттығуларды;

түсінеді: ойын шартын;

қолданады: имитация жасау дағдыларын.