Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

«Шапағат» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу –іс әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші: Иманғалиева Г.Н.

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: «Сылдырмақтар» ойыны.

Мақсаты:

Білімділік: Нұсқаушының белгісі бойынша бағытты ауыстырып жүру және жүгіруге жаттықтыру; «Сылдырмақтар» ойынының шартын түсіндіру.

Дамытушылық: Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.

Тәрбиелілік: Еңбектеуге және еденде қырымен тұрған баспалдақ таяқшаларының арасынан еңбектеп өтуге жаттықтыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары:

әр балаға сылдырмақтар, ит (аю) ойыншығы, саты.

Билингвальды компонент: сылдырмақ-погремушка

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивация-лық-қозғаушылық

Сабақ басталғанға дейін балаларга сылдырмақ тарату. Жаттығулар сылдырмақпен өткізіледі.

Жан-жаққа шашырап жүру мен жүгіруді ауыстырып отыру (педагогпен).

Залдың барлық көлемінде жүруге және жүгіруге тырысу.

Балалар педагогке қарап тоқтайды.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

1.Ойыншықпен орындалатын

ЖДЖ:

Б.қ.: аяқтарын еденге бос қойып отыру. Сылдырмақты жоғары көтеру, сылдырлату және төмен түсіру. 2-3 рет жаттығуды бір қолмен, одан соң екінші қолмен қайталау. Б.қ.: тұру. Отыру, сылдырмақты еденге қою, тік түзеліп тұру, педагогке қолдарын көрсету, отыру, сылдырмақты алу, тік түзелу және педагогке көрсету.

Б.қ.: етпетінен жатып, сылдырмақтарын қолына алып, иегіне тақау. Қолдарын алға созу, сылдырмақты көрсету және оны кеудесіне тығу. Сылдырмақпен еркін билеу.

«Сылдырмақ» ойыны. Балалар сылдырмақ салынған себет немесе қорап ұстап тұрган нұсқаушының алдына тұрады.

Педагог балалардың алдында 20-30 сек. бұрын жүреді және былай дейді:

«Сылдырмақты сылдырлатып жүгіріңдер».

20-30 секундтан кейін педагог былай деп жалғастырады: «Енді бәріміз шеңбер құрып тұрайық,

Сылдырмақтарымызды көрсетейік!». Барлығы педагогтің соңынан сылдырмақтарын сылдырлатып жүгіреді. Баяу жүру. Барлығы жолға қойылған қораптың жанынан өтіп, оған өз сылдырмақтарын салады. 3.Нұсқаушының соңынан жүру. 4.Төрт аяқтап жүру (4-6 м).

Жаттығулар өз бетінше орындалады.

4-6 рет қайталанады.

Педагогтің «Сылдырмақтарды алыңдар!» деген сөзінен кейін жүгіріп келіп, балалар сылдырмақтарды алады.Онымен жылдам жүгіреді.

Балалар сылдырмақтарын сылдырлатып жүгіреді. Балалар шеңберге тұрады. Балалар отыра бастады, сылдырмақтарымен сылдырлатады. Және барлығы орындарынан тұрады. Балалар отырады, сылдырмақтарын сылдырлатады, тұрады, қимылдарды екі рет қайталайды, «тарс, тарс, тарс» деген еөздерге сылдырмақтармен еденді үш рет ұрып соғады, одан соң орындарынан тұрады. 2-3 рет қайталау. Тапсырма бір уақытта 2-3 баламен орындалады, педагог оларды сергітеді, тапсырманы аяғына дейін орындауға көмектеседі, қалған балалар орындықтарда отырады

Рефлексиялық- түзетушілік

Нұсқаушының соңынан жүру: «Тышқан секілді ақырын жүреміз».

Балалар нұсқаушының соңынан жүреді.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: нұсқаушының белгісі бойынша бағытты ауысты рып жүру және жүгіруді;

түсінеді: «Сылдырмақ» ойынының шартын;

қолданады: еңбектеуді және еденде қырымен тұрған саты таяқшаларының арасынан еңбектеп өту дағдыларын.