Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Өзін-өзі уқалау және бірін-бірі уқалау, сылап-сипау.

Мақсат: 1. Уқалау, сылап-сипауға жаттықтыру.

2.Балаларға уқалау мен сылап-сипаудың жеңіл түрлерін үйрету.

3.Бір-бірін уқалау мен сылап-сипауға жаттықтыру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: массажёрлар.

Билингвальдық компонент:

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Бір қатар сапқа тұру, сәлемдесу.

Бір қатар тізбекпен жүру:

  • бір орында;

  • арқасымен алга қарап жүру;

  • тізені жоғары көтеріп жүру. Баяу жүгіру.

Тыныс алу процесін қалыпқа келтіру үшін жүру.

Педагогтің айтқанын орындайды

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

Уқалау, сылап-сипау туралы

қысқаша түсінік беріледі.

Табанын және аяқтың

саусақтарын өз еріктерімен

уқалау.

Табанды шеңбер тәрізді және

спираль түрінде уқалау.

Балтырды уқалау.

Бір қолмен балтырды сипау

және ысқылау.

Өздігінен саусақтармен тізе

буынын уқалау.

Бөксені саусақтармен қысып

ұстау және жоғарыдан төмен

қарай бұлшық еттерді қысу.

Бөксенің бұлшық еттерін

сілкілеу.

Жоғарыдан төменге қарай

белді сипау.

Белді уқалау.

Белдің бұлшық еттерін сипалау.

Отырып қолдың саусақтарын уқалау.

Шынтақ буынын уқалау. Басты уқалау.

Кеудені сипау, ысқылау, ақырын шапалақтап ұру.

Оң аяқтың табанын

саусақтармен уқалап,

ысқылау, 6-8 рет қайталау.

Педагогтің нүсқауын мұқият

тыңдап, айтқандарын

бұлжытпай орындайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Жұп болып бір-бірінің арқасын

уқалау.

Массажёрлармен орындайды.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: өз еріктерімен балтырды, тізені уқалауды;

түсінеді: уқалаудың пайдасы туралы;

қолданады: уқалау, сылап-сипау дағдыларын.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 67.

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Жұп болып тұрып жаттығулар орындау.

Мақсаты: 1. Жұптасып жаттығулар жасауға үйрету.

2.Бірлікке баулу.

3.Затты игеру, жалаушамен орындалатын жаттығуларды жасап меңгерту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: әрқайсысына жалаушалар, доп, төсеніштер, секіруге арналған бағаналар.

Билингвальдық компоненттер:

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Сапқа тұру, сәлемдесу.

Бір саптан екінші сапқа

ауысып тұру.

Жұпта жүру: әдеттегі,

қосыламыз-ажыраймыз,

қырымен, арқасымен алға

қарай.

Жұпта жүгіру: әдеттегі,

біреуі алда, екіншісі артта

ауысады. Жүру: тыныс алу

жаттығуларын қайталау

Міндеттерді түсіндіру.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

1. Жұп болып тұрып,

жалаушалармен

орындалатын жаттығулар:

Сызық алдында тұрып,

жұптағы екінші бала (партнер)

бірінші баланың екі аяғын

ұстап, оны екі қолымен

жүргізеді.

Бір-бірінің артынан тізіліп

тұрып, біреуі оң аяғынан,

екіншісі сол аяғынан ұстап

жүреді.

Бір-біріне теріс қарап, қолдарымен «құлып» жасап

тұру. Педагогтің түсіндіруі және көрсетуі бойынша орындайды.

Дәл солай қырымен жүру. Топтарға бөліну. Еденге жату. Бір-біріне қарама-қарсы отырып, қолынан ұстап, алға еңкею, артқа шалқаю.Жатып орындалады: аяқты қарсы жатқан баланың аяғына тіреу, «велосипед» жаттығуын орындау.

Бір-біріне арқасымен түйісіп отырады, қолдарымен ұстасып, оңға және солға иіледі. Бір-біріне қарсы отырып, қолдарын түйістіріп, тіреп отыру.

Бір-біріне арқаларын түйістіріп тұру.

Көршінің аяғынан ұстап, жұпта секіру.

  1. Жүгіріп келіп, биіктікке секіру.

«Допты ұстап қал» ойыны (жұпта орындалады).

Рефлексиялық- түзетушілік

Жартылай, отырып жүру.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: жұп болып орындайтын жаттығуларды;

түсінеді: ойын шартын;