Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

Мақсаты: 1. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрету.

  1. Балаларды достық қарым-қатынаста болуға үйрету.

  2. Еңбектеп жүру және білте тақтайшаның астынан өту дағдыларын қалыптастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: бала санына қарай текшелер, 2 бағана (немесе жіп), кішкентай шығыршық.

Билингвальдық компонент: секіру - прыгать

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

  1. Жүріс барысында тоқтап, бұрылыстар жасау.

Жіпті ұстап, шеңбердің бо- йымен жүгіру

Қозғалыстардың ауысуына қарап, балалардың жауаптарын бақылау. Педагогке бұрылып, шашырап тоқтау.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

1. Текшемен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: негізгі тұрыс, текше оң қолында. 1-2 - қолдарын екі жаққа созып жоғары көтеру, текшені сол қолына ауыстыру. 3-4 - бастапқы қалып. Жаттығулар педагогтің көрсетуімен қайталанып орындалады.

4-5 рет жаттығуларды қайталау Бқ.: аяқтың арасын ашып тұру, текше оң қолда 1 - екі қолды екі жаққа созу;

2 - алға иілу, сол аяқтың ұшына жақындатып текшені қою; 3 - тік тұру, екі қолды созу; 4 - иіліп, текшені сол қолға алу. Дәл солай сол қолмен жасау.

Б.қ.: негізгі тұрыс, текше оң қолда. 1 - отыру, текшені алға созып, сол қолға ауыстыру;

  1. – тұру, текше сол қолда.

Б.қ.: тізерлеп тұру, текше оң қолда. 1 - оңға бұрылу, текшені аяқтың ұшына жақындатып қою; 2 - түзу тұру, қолдарын белге қою;

  1. - оңға бұрылып, текшені алу; 4 - бастапқы қалыпқа оралу, текшені сол қолға ауыстыру. Дәл солай сол жаққа қарай жасау.

Б.қ.: негізгі тұрыс, қолдарын еркін ұстау, текше еденнің үстінде. Текшенің айналасында кідірістермен оң және сол аяқпен секірулер.

1-ден 8-ге дейінгі санау арқылы орындалады.

  1. Қиғаш қойылған гимнастикалық қабырғада өрмелеу. Одан түсіп, жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру.

3.«Ұшақтар» қимыл-қозғалыс ойыны. Шарты: қолдарын шынтақтан бүгіп, кеуде тұсында ұстап тұрады. Педагогтің «Моторды оталдырыңдар!» деген бұйрығынан соң, «р-р-р» деген дыбыспен ұшақтың моторын бейнелеп көрсетеді.

Жаттығулар педагогтің көрсетуімен қайталанып орындалады.

4-5 рет жаттығуларды қайталау.

Балалар бірінен соң бірі жаттығуды 2-3 рет орындайды (немесе топтасып). Бір-бірімен соқтығысып қалмау үшін өрмелеуге тырысады. Жаттығуды 5-6 реттен орындайды.

Балалар ұшақты бейнелеп, қолдарын екі жаққа созып, «қалқып ұшады».

Рефлексиялық- түзетушілік

Журу. Табанды толық басып жүруді аяқтың ұшымен жүрумен ауыстырып отыру.

Күтілетін нәтиже; орындайды: жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

қолданады: гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 57.

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Еңбектеу.

Мақсаты: 1. Гимнастикалық орындықтың үстінде еңбектей алу дағдыларын үйрету.

2.Негізгі қасиеттерді - шапшаңдық, ептілікті дамыту.

3.Тепе-теңдікті сақтауды жетілдіру және допты домалату дағдысын бекіту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: бала санына қарай кішкентай шығыршықтар, орташа көлемдегі доп (екеуіне біреу), гимнастикалық орындық, волейбол торы, текшелер.

Билингвальдық компоненттер:

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

  1. Жүрудің қарқынын өзгертіп, шығыршықпен жүгіру және жүру.

  2. Түзу жүгіру

Еденнің үстінде шашырап орналастырылған текшелер арасында жүру

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

  1. Шығыршықпен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ: қолдарын түсіріп тұру, еденнің үстінде шығыршық жатыр. Отырып шығыршықты алу, оны басынан асырып көтеру, жоғарыға қарай созылу. Педагогтің белгісі бойынша еденнің үстіне шығыршықты қою.

Б.қ: шалқадан жату, шығыршықты алға қарай созылған екі қолда ұстау. Бір аяқты көтеріп, шығыршыққа тигізу, оны түсіру, басқа аяғын көтеру, дәл солай шығыршыққа тигізу.Б.қ: отырып, аяқтарды кеңінен ашу, шығыршық екі қолда. Алға қарай иілу, аяқтар арасында шығыршықты еденге тигізу, түзеліп тұру.Б.қ: шығыршықты ұстап, шашырап жүгіру, «машиналар жүріп келеді» (20-30 с). Бір сапқа тізіліп жүру. Шығыршықтарды қою.

  1. Гимнастикалық орындықтың үстінде еңбектеп жүру, шетіне жеткенде түзу тұрып, еденге жеңіл секіріп түсу.

  2. Допты бір-біріне және сызықтар арасымен домалатуды көрсету.

  3. Қиғаш қойылған гимнастикалық қабырғада өрмелеу.

  4. Тордың үстінен асыра допты алысқа лақтыру, одан кейін допты торға лақтыру. Тапсырманы барлығына бір деңгейде орындату.

Балалар кешенді жаттығуды өз бетінше орындайды, өйткені ол оларға таныс.

6-8 рет жаттығуларды қайталау.

Тапсырмалар бір-бірлеп бірінен соң бірі орындалады. Балалар екіден бір-біріне қарама-қарсы отырады, арақашықтығы - 1,5-2 м.

Балалар допты қалай домалату керектігін қадағалауы керек. Көзбен мөлшерлеп лақтыруға дағдыланады.

Допты лақтыру барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Рефлексиялық- түзетушілік

Жүріс.

Қолдарын еркін ұстау.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: допты домалатуды және алысқа лақтыруды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын; қолданады: гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын.