Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Орындықта орындалатын жаттығулар.

Мақсаты: 1. Тепе-теңдікті сақтау қабілетін дамыту.

2. Қозғалыс белсенділігінің уақытын кеңейту.

3. Қимыл-қозғалысты үйлесімді ету қабілетін дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: жіп, текше, гимнастикалық орындық, құм салынған қапшықшалар.

Билингвальдық компонент: тепе-теңдік - равновесие

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Бір қатар сапқа түру. Бір

қатар тізбекпен жүру және

жүгіру, бір-бірінен 40 см

қашықтықтағы жіптерден

аттап өту.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

1. Текшемен орындалатын

ЖДЖ:

Б.қ.: өкшенің деңгейінде

аяқтың тұрысы, текше оң қолда. 1-2 - қолдарымызды

екі жаққа жоғары көтереміз,

текшені сол қолымызға ауыстырамыз; 3-4 - б.қ.

Б.қ.: аяқтарын сәл ашып тұру,текше оң қолда.

1 - қолдарын екі жаққа созу;

2 - алға қарай еңкею,

текшені сол аяқтың ұшынажақындатып қою;

3 – тік түзеліп тұру, қолдарын екі жаққа созу.

4- еңкейіп текшені сол қолға алу. Дәл осылай сол қолмен орындау

Б.қ.: негізгі тұрыс, текше оң қолда. 1 - отыру, текшені алға созып, сол қолға ауыстыру;

2 - тұру, текше сол қолда.

:Б.қ. тізерлеп тұру, текше оң қолда. 1 - оңға бұрылу, текшені аяқтардың ұшына жақындатып қою; 2 - тік түзеліп тұру, қол белде; 3 - оңға бұрылу, текшені алу;

4 - бастапқы қалыпқа оралу, текшені сол қолға ауыстыру. Тура осылай сол жақпен орындау.

Б.қ.: негізгі тұрыс, текше еденде. Оң және сол аяқпен текше айналасында үзіліс жасап секіру.

Санау «1-8» деген санмен орындалады.

2. Орындықтағы жаттығулар:

1 - қолдарын жоғары көтеру, дем аламыз - аяқтың ұшымен тұрамыз; 2 - қолдарын төмен түсіріп, дем шығару.

Еденде тұру, алға қарай еңкейіп, алақанды орындыққа тигізу.

Оң аяқ орындықта, аяқты ауыстырып секіру.

Орындыққа қарама-қарсы отыру, аяқтарымыз бүгілген,

1-аяқтарын созып, орындықтың шетіне тигізу;бастапқы қалыпқа бүгеміз. Орындыққа жақын жатып, аяқты орындықтың үстіне қою. 1 - аяқты көтеріп, велосипед тепкендей имитациялау.

Орындық үстінде тұру.

1 - секіру; 2 - секіріп түсу. Тізерлеп отырып, еденге қолмен

таяну. Орындық үстінде (шалқадан және етпетінен жату) жату, қолмен еденге таяну (арқамызбен және ішімізбен). Аяқтарын орындыққа тигізіп отыру. 1 - алға еңкейіп, қолдарын орындыққа тигізу; -2б.қ.

Орындықта етпетінен жату. Аяқты кезекпен көтеру. Орындық үстімен текшелерден аттай отырып жүру.

«Кім жылдам?» ойыны.

«Нысанаға дәл тигізу» ойыны.

Жаттығуды 5-6 рет қайталау

Рефлексиялық- түзетушілік

1. «Қоян бақшада» ойыны.

Бір қатар сапқа тұру. Қорытындылау.

Орындықтар арасынан жіптер байланысады. Қояндар- балалар қақпадан бақшаға өтеді (Жіптердің астынан өтеді).

Күтілетін нәтиже:

орындайды: жетекшінің белгісі бойынша бағытты ауыстырып жүру және жүгіруді;

түсінеді: ойын шарттарын; қолданады: еңбектеуге және еденде қырымен тұрған баспалдақ таяқшаларының арасынан еңбектеп өту дағдыларын.

Келісілді: