Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ортаңғы топтың технологиялық карталары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆
  1. Секіру. Балалар бір қатар сапқа тізіліп тұрады, белгі бойынша бірінші жұп жасанды өртке жақындайды, оны аттап өтеді және тізіліп тұрады. Бірінші сайыстың қорытындысы шығарылады.

  2. «Таяқ лақтыру» ұлттық ойыны.

Ойыншы бір таяқшаны алады және оны алысқа лақтырады. Қорытындысы шығарылады.

  1. «Тақия тастамақ » ұлттық ойыны.

Алаңның бір жағында белгіленген жердің жанында 3 метр арақашықтықта бір-біріне қарама-қарсы ойыншылар екі тізбекте тізіліп тұрады. Оларға қарама-қарсы тақия ілінген екі бағана қойылады. Екі команданың бірінші ойыншылары белгі бойынша бағанаға қарай жүгіріп, тақияны алады. Ойынды бұрын аяқтаған команда жеңіске жетеді. Үшінші байқаудың қорытындылары шығарылады.

  1. «Қара жорға» биі. Балалар екі үлкен шеңберге тұрып, музы­ка әуенімен билейді.

Жүргізуші: Ал қазір әділқазы алқасы біздің сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайды. Олар жеңімпаздарға сыйлықтар ұсынады. Командалар әуеннің ырғағымен залдан шығады.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Бунамамен (жгутпен) орындалатын жаттығулар.

Мақсаты:

1. Бунамамен орындалатын жаттығуларды үйрету.

2.Допты домалату барысында бағытты сақтауға үйрету.

3.Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығуға үйрету.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: бала санына қарай түрлі түсті орамал-

дар және орташа доптар, 2-3 доғалар (қақпалар), гимнастикалық қабырға, бала санына қарай бунама.

Билингвальдық компонент:

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивация-лық-қозғаушылық

Өз бетінше сапқа тізіліп тұру.

Жүріс пен жүгіруді ауыстырып отыру. Бір қолда орамал ұстау.

30 сек. кейін ауысу.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Орамалмен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: аяқтардың арасын ашып отыру, орамалды екі қолмен ұшынан ұстап тұру.

Б.қ.: орамалды екі қолмен ұшынан ұстап тұру, қолдарын түсіріп тұру. Орамалмен бетті жауып отыру. Тік тұру, қолдарын түсіру.

Б.қ.: етпетінен жату, екі қолды алға қарай созу, орамал бір қолында. Орамалды жоғарыға қарай сермеу, оған қарау, қолдарын еденге түсіру. Дәл осыны басқа қолмен орындау. Орамалмен билеу (20-30 сек.).

Бір қатар тізбекпен жүру. Орамалдарды орнына қою.

  1. Тақшалар, жіптер арасынан допты «қақпаларға итеру».

  2. Бунамамен жаттығуларды орындау:

1 - қолды жоғары көтереді, одан кейін қолды төмен түсіреді; 2 - б.қ.

Екі қолды жоғары көтеру,

1 - екі жаққа бунаманы тарту; 2-б.қ.

Қолдары төстің тұсында. Бірінші - екі жаққа бунаманы тартып байлау, екінші - б.қ. Қолдары төмен түсірілген,

- қолдарын жоғары көтеру;

- қолдарын артқа қарай жіберу; - қолдарын жоғары көтеру.

Қолдары төстің тұсында, боксты имитациялау.

Бунаманы иыққа қою және екі жаққа дененің бұрылуы.

Б.қ.: негізгі тұрыс. 1 - алға қарай иілу; 2 - б.қ.

Жаттығуларды педагогтің нұсқауы бойынша орындайды. 6-8 рет жаттығуларды қайталау 80-100 см қашықтықта 2-3 доғаларды қою, допты домалату үшін орынды белгілеу. 2-3 бала тапсырманы бір уақытта орындайды. Барлығы допты 3-4 рет домалатады. Отырып: 1 - бунаманы аяқтарына қою, алға қарай иілу; 2 - б.қ.Аяқтарына бунаманы қою. Бунаманы екі қолмен тартып байлау.

Бунаманы аяққа байлау. Жатып орындау: аяқтарына жіп байлау. 1 - созу;

- аяқтарын бүгу;

- екі қолды жоғары көтеру;

- шалқадан жату.

Артқа қарай оң қолды жоғары көтеру, сол қолды төмен түсіру, бунаманы жоғары-төмен тарту. Қолдарын жоғары көтеру, оңға және солға иілу.

Еденге бунаманы қою. Оң және сол қолмен сермеу.

5. Гимнастикалық қабырғада өрмелеу.

Балалар шеңбер құрып тұрады, кезекшілер бунамаларды таратады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Әуеннің ырғағымен отырып-тұруды орындау.

Үйге тапсырма: әуеннің ырғағымен бірнеше тапсырмаларды үйде жаттап алу.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: бунамамен орындалатын жаттығуларды; түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын; қолданады: гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу–іс-әрекетінің технологиялық картасы № 55.

Тобы: Ортаңғы

Білім беру саласы: Денсаулық.Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Тігінен тұрған нысанаға лақтыру.

Мақсаты: 1. Тігінен тұрған нысанаға оң және сол қолмен лақтыруды жетілдіру.

  1. Ептілік қасиетін дамыту.

  2. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеуді үйрету.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құралдары: сылдырмақтар, құм салынған қапшықтар, бала санына қарай доптар, 1-2 гимнастикалық орындықтар, 3-4 үлкен шығыршық

Билингвальдық компоненттер:

Іс-әрекет кезеңдері

Дене шынықтыру нұсқаушының іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Кең, еркін қадаммен педагогтің соңынан жүру және жүгіру.

Педагог әр кезде дұрыс жүрістің және жүгірудің үлгісін көрсетеді.

Педагогтің көрсетуі бойынша сылдырмақты көтеру және шашырап тұру немесе бір сапқа тізіліп тұру (бағдар ретінде кілемше болады) және педагогке қарау.

Ұйымдастыру-

шылық ізденістік

1. Сылдырмақпен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.: отырып, аяқтардың арасын сәл ашу, бір қолында сылдырмақты ұстау. Дәл солай екінші қолмен орындау. Жаттығуды тез қарқынмен орындау.Б.қ.: сылдырмақ алға қарай созылған екі қолда. Алға иілу. Б.қ.: шалқадан жату, сылдырмақтар екі қолда, қолдарын екі жанында ұстау. Отырып, сылдырмақтарды екі аяқтың ұшына тигізу. .

Бір аяқпен бір орында секіріп тұру. Бір-бірінің артынан жүру. Сылдырмақты қою. Гимнастикалық қабырғада өрмелеу. 3.Тігінен қойылған нысанаға құм салынған қапшықтарды лақтыру (арақашықтық 80-100 см), әр қолмен 3 реттен орындалады. Жаттығулар өз бетінше орындалады.

6-8 рет жаттығуларды қайталау.

Жұптасып «паровоз» секілді жүріп-тұру.

Бір-бірінен қалыспай, жаттығуды орындауға үйрету.3-4 нысаналар бойынша 4 бала лақтыруды орындайды. Педагогтің белгісі бойынша әр бала шығыршық ішіне қапшықты лақтырады. 2-3 рет қайталау.

Рефлексиялық- түзетушілік

4. «Мені қуып жет!» қимыл-

қозғалыс ойыны.

1. Бір тізбекпен жүру.

2. «Өзіңе жұп табу» тыныш

ойыны.

Педагог өз бетінше

тапсырманы орындай

алмайтын балаларға көмектеседі.

Бала өзіне жұп таңдайды, оны қолынан ұстап, онымен бірге

жұптасып жүреді.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: тігінен тұрған нысанаға оң және сол қолмен лақтыруды;

түсінеді: негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

қолданады: гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын.