Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Риясыздық туралы өсиет әңгіме 119

Бұрынғы өткен заманда екі ағайынды өмір сүріпті. Олар шағын ауылдағы ауқатты шаруа отбасында өмірге келіпті, ата-аналары қайтыс болғаннан кейін оларға кез-келген адам қызғана қарайтындай шаруашылық қалады. Енді олар мұраға қалған шаруашылықты теңдей екіге бөліп, шаруаларын ақырындап жүргізе бастайды. Олар орталарынан қыл өтпейтіндей және жақын туыстар болғанмен де, олардың бір-бірінен айырмашылығы байқалды. Екеуі де қайырымды, көршілері көмек сұрағанда үнемі көмектесуге дайын тұратын болады.

Алайда олардың біреуі үнемді адам болды, ол өзіне ризашылықтарын білдіретіндерге ғана көмегін көрсетті. Мысалы, алдағы астық жинау немесе егу кезінде көмектесер: қожалығымда жерлер көп, жалғыз істеу қиынға соғады; немесе басқа да көмегін берер, шаруаның әртүрлі жұмыстары үнемі табылады. «Қалай дыбыстасаң, солай жауап береді», ал жауап бермесе – көп ұзамай дыбыстауын тоқтатады, - деген ұстаныммен өмір сүрді.

Ал екінші бауыры керісінше, мүлдем риясыз адам болады. Ертегілерде кездесетін сияқты. Оған қандай да бір жарлы келіп тамаққа ақша сұраса, ол ойланбастан бере салады. Бірақ ертегілерде ол ақшаның тамаққа емес, ішімдікке кететіні, сол жарлылардың өздері күндердің бір күнінде қарақшылық топ құрып, әр кез сұрай бермеу үшін бай шаруаны тонап кететіні туралы айтылмайды.

Көп ұзамай бірінші бауыры ауыл арасында құрметті адам атанады. Әр адам оған көмек сұрап барғанда оның бас тартпайтынын білетін және оған да көршілері керек кезде көмектерін аямайтын, дегенмен ол мүлдем үлгермей жатқанда көмек сұрамаса, көбіне жұмыстарын өзі істейтін.

Ал екінші бауыры ше – адамдар өз араларында оны «ерекше қайырымды адам» деп атайтын, бірақ ашық сөйлескенде оны «бір түрлі» дейтін және «оның жомарттығы жақсылыққа апармайды ...» деп елеңдейтін. Адамдардың көпшілігі одан аулақтау жүруге тырысатын, ал қиын жағдайда қалғандар немесе арсыздар оның жомарттығын пайдаланатын – бауырының ақылын тыңдамастан, ол үнемі қарыздарын кешіретін.

Кей кездерде оның жомарттығында шек болмайтын. Ол базарға келіп, жүйектерден күшпен отаған арамшөптерін бәріне тегін тарата бастайтын. Адамдар кейде әдептіліктен ғана бұл сыйлықтарды қабылдайтын. Ал шыдамдары таусылғанда адамдар оған мұндай көлемде бұл шөптердің ешкімге қажетінің жоқ екенін түсіндіруге тырысатын, ол тек ренжіп, неге барлығы біржақты ойлайды екен деп, шынайы түсінбейтін. Ол адамдарды оның сыйлығын қабылдауға мәжбүрлейтін – ол дәл сондай сүйіспеншілік алуға тырысатын немесе жоқ дегенде бауыры сияқты ауылдастарының құрметіне бөленгісі келетін. Адамдар ашуланып, оны қуып та жататын.«Жақсылық жамандықты туғызады. Бірақмен қандай жағдай болмасын жақсылық жасауым керек.» - ол осылай ойлап, дұрыс мағынасын «бәрінен» таңдап алуды ескермейтін.

Осы оқиғаның аяғы бақытты аяқталмағанын мойындауымыз керек. Әрине ертегілерде ғана абсолютті қайырымдылық абсолютті дұрыс болады. Ал өмірде бәрі басқаша. Риясыздықтан үнемділікті таңдаған бауыры көп ұзамай сұлу, еңбекқор бойжеткенді кездестіреді және онымен өмірінің соңына дейін бақытты өмір сүреді. Ал екінші бауырының жолы болмады, ол да көңіліне ұнайтын қызды кездестіруге тырысты: бірақ, біресе қайырымды және түсінігі мол болып көрінгісі келген, күйеуінің қайырымдылығы мен шыдамдылығын ұзақ уақыт бойы пайдаланған, кейіннен нағыз арамға айналған қу әйел кездессе; енді бірде оны шынымен жақсы көрген, бірақ өзіне міндеттеген шексіз, жомарттықтан және бәріне жағуға тырысуынан онымен тұруға шыдамы жетпеген.

Бір күні екінші бауыры ел кезіп жүріп, кездейсоқ ауылдарына келген данышпаннан сұрайды: «Мен адамдардың сүйіспеншілігін алу үшін өте тырысамын және көп күш жұмсаймын, неге олар меннен қашады, неге мені жақсы көрмейді?». Ал данышпан болса түсініксіз жауап береді: «Сенің бауырың егін еккенде – суының жеткіліктілігіне қарайды; сенің бауырың базарға барғанда – қазір ненің көбірек бағаланатындығына қарайды; сенің бауырың қонақ күткенде – оның қою шәй әлде сұйық шәй ішетіндігін сұрайды. Міне жақсылық осында жатыр. Бауырыңды бақыла, сонда өзің-ақ бәрін түсінесің».

Адам данышпанды түсінбеді, олтек осындай дана адам қалайша өзімшілдікті жақсылыққа жатқызады, деп ойлады. Оның бауыры тек өзін ғана ойлады ғой, ал ол болса керісінше, бәрін өзгелер үшін істеді. «Ол ақиқатты көрмей тұрғандықтан, өтірік данышпан болып жүруі ықтимал», - деп ойлады ол.

Ол өзінің бақытсыз өмірін адамдар мен табиғаттан үнемі әділетсіздік көріпсол күйінде сүріп өтті: ауылдастары онымен араласуды біржолата қойды, соншама күш салғанына қарамастан, егістігі де қурап қалды. Жиі суғаруды түсінбеді. Ол еркін өмір сүретін өз бауырына арамдықпен қызғана қарай бастады. Данышпан болса оның өзі туралы айтқанын естігеннен кейін тек күлді де, сапарын жалғастырып кете барды.

  • Неге мейірімді дұрыс әрекеттерді жасауда жүрекке жүгіну керек?

  • Бірінші ағасы секілді дұрыс әрекет жасау үшін екінші ағасы тәжірибеде неге жүгіну керек?

  • Неге риясыз қызмет етунегізінде дұрыс әрекет болады? Жауаптарыңызды өмірден алынған мысалдармен дәлелдеңіздер.

  • Дұрыс әрекеттің көрінісімен байланысты тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріңіздер.