- •Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашатын әңгімелер, ертегілер, оқиғалар мен ұлы адамдардың өмірбаяны
- •1.1.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Бір баланың оқиғасы4
- •1.1.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Елтаңба
- •Шәкәрім Құдайбердиев
- •Қажымұқан палуан
- •Абай мен Әбіш
- •Қадыр Мырзалиев
- •Екі батыр
- •Тұманбай Молдағалиев
- •Абай Құнанбайұлы
- •Адал достық
- •Адалдық
- •Алтын шеттеуік
- •Жалқаулық пен Қиыншылық
- •Парасат
- •Бір минут
- •1.1.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық
- •Жамандық неден болады?
- •Б ақыт, Байлық, Ақыл
- •Жақсылық пен Жамандық
- •Өсімдіктер мен кемпірқосақ
- •Білім мен байлық
- •Ең үлкен байлық
- •1.1.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Жүсіпбек аймауытов
- •Сұлтанмахмұт торайғыров
- •Ыбырай жақаев
- •Кезек сенікі, келер ұрпақ20
- •Бауыржан Момышұлы естеліктерінде Қонаевтың әкесі Меңліахметтің баласына айтқан өсиеттерінен үзінділер21
- •Бауыржан момышұлы
- •Адам не үшін өмір сүреді22
- •Қизатов жәлел
- •Сталинградтағы жеңіс
- •Бақыт туралы тұжырымдар25
- •Риясыз сүйіспеншілік
- •1.2.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •2.1. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Риясыз сүйіспеншілік» құндылығы бойынша ертегілер, оқиғалар және әңгімелер
- •Өмір сүрудің ең жақсы жолы
- •Емен жаңғағы
- •Күн мен түннің жермен достығы
- •Ата насихаты
- •Адал дос
- •Бақша ағаштары
- •Ананың асыл арманы
- •Әкеден қалған мұра
- •Құмырсқа мен көгершін
- •Шынайы сүйіспеншілік
- •1.2.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны
- •Жақсы көретініңізді айтыңыз
- •Д остық
- •Асанның есебі
- •Сары тауық пен балапандары
- •Кімнің жұмысы?
- •Ана қиялы
- •Отбасы татулығы
- •1.2.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Риясыз сүйіңдер
- •Лев Николаевич Толстой34
- •Жамандық бар ма?35
- •А льберт швейцер36
- •Дұрыс әрекет
- •1.3.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.3.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар иван крылов
- •Шегіртке мен құмырсқа
- •Дөңгелек
- •Сиқырлы жүзік
- •Әмір Кейқауыстың«Қабуснамасынан»
- •Мен қандай боламын?
- •Әділеттілік
- •Құлпынай мен шие
- •Үзілген гүл
- •Байлық пен ақыл
- •Ойыншықтар достығы
- •Кішкентай тас пен құмырсқа
- •Жақсылықмәнгі ұмытылмайды
- •Не жақсы? Не жаман?
- •Нежаман?
- •Достық алмасы
- •Әке мен бала
- •Нағыз адам
- •Екі балапан
- •Ұлу мен құмырсқалар
- •Күн құшағында
- •Төгілген қаймақ
- •Жақсылық
- •Үш жолдас
- •Бақтағы бақылау
- •Әдептілік
- •Ақ бидай
- •Түскі тамақ пен кешкі тамақ
- •Сәулет пен Дәулет
- •Атасының ақылы
- •Жұлдыздар
- •Құмырсқа
- •Бір жұлдызды құтқару
- •Табылған ақыл
- •Қамқорлық
- •Ізетті бала
- •Жердің шаңы
- •Қайырымдылық
- •Сиқырлы сөз
- •Жақсылық
- •Адалдық
- •1.3.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Елеместің адамгершілігі
- •Түлкі мен отыншы
- •Ұстаз бен шәкірт
- •1.3.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Конфуций42
- •Адамдарға қызмет ету43
- •Дінмұхамед ахметұлы қонаев
- •Бәрімізге үлгі болды44
- •Қырымдағы оқиғалар45
- •Ішкі тыныштық
- •1.4.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.4.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Қазақстан халықтары ассамблеясы
- •Ақылды қоян
- •Бала Бұлбұл
- •Ақ раушан мен қызыл раушан
- •Ханшайым мен Күлше қыз
- •Ынтымақ
- •Сүйкімді Ботагөз
- •Жамандық неден болады?
- •Әнет баба мен Қазыбек би
- •Талшыбық пен алып ағаш
- •Жақсы менжаман
- •Жалқаудың ісі бітпес
- •1.4.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Бетін күнге бұрған, көлеңкені көрмейді
- •Нан созған қолды қайтарған әке
- •Кедейшілік
- •1.4.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Өмірден алынған оқиға54: барлығына «рахмет» айтқан Уолтер Грин
- •Қиянат жасамау
- •1.5.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.5.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Терек пен алма ағашы
- •Әшекей қыз
- •Торғай мен адам
- •Бақытсыз бай
- •Әдепті бала
- •Ғажайып үй
- •Қоңыр қаз бен Қарауыз
- •Франклин бенджамин
- •Қарттың ақылы
- •Сөз салмағы
- •Таскене мен түлкі
- •Арыстан мен тышқан
- •Маса мен бал арасы
- •Айлакер өтірікші
- •Үзілген гүл
- •Талшыбық
- •Қайыңның көз жасы
- •Сараңдық пен жинақылық
- •Жарлы мен бай
- •Жанашыр
- •Патша және жер қазушы
- •Түймедағы
- •Қарлығаш пен шөже торғай
- •1.5.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны
- •Аманат аман сақтайды
- •Балықшы
- •Хан мен құмырсқалар
- •Арыстан, қасқыр және түлкі
- •Сені бағалағанды сен де бағала
- •Қызғаныштың кесірі
- •1.5.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Панчатантра62
- •Лев Николаевич Толстой қиянат жасамау ілімі туралы63
- •Махатма ганди
- •Махатма Гандидің естелігінен«Менің Толстойым» 64
- •Қиянат жасамаудың күші65
- •Альберт эйнштейн66
- •Альберт Энштейн қиянат жасамау туралы, біз туралы, әлем туралы67
- •Іі том. Өсиет әңгімелер
- •2.1 Өзін-өзі тану сабақтарындағы өсиет әңгімелер (мұғалімге арналған жадынама)
- •2.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Қанатты барыс туралы аңыз
- •Жақсылардың жақсысы
- •Ар, Ұят, Намыс
- •Кім бақыттырақ
- •Төле баланың төрелігі
- •Шыншыл бала
- •Риясыз сүйіспеншілік
- •Үш ағайынды жігіт
- •Отбасы татулығы
- •Күн мен Желдің дауы
- •Бала тілегі
- •Дұрыс әрекет
- •Алтын балта
- •Піл мен маймыл
- •Ақылды егінші
- •Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын.
- •Қараторғай
- •Жақсылық пен Жамандық
- •Ішкі тыныштық
- •Бақ, Дәулет және Аман
- •Жақсылық пен жамандық
- •Қиянат жасамау
- •Сабыр суы
- •2.3 Орта буын оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Қайықшы туралы өсиет әңгіме
- •Қабылдау туралы өсиет әңгіме
- •Еңбек пен рухани білім туралы
- •Күректің сабы
- •Патша мен жейде
- •Патша мен тырна
- •Даналық дәндері
- •Бәрі алдыда
- •Қараңғы мен жарық69
- •Шіркін,келтедүние-ай!..70
- •Өмір сабағынан қашып құтыла алмайсың71
- •Алма ағашы73
- •Cүйіспеншілік Достар мен дұшпандар
- •Ағайындылар
- •Бірден-бір Сұлулық76
- •Дұрыс әрекет Саздан жасалған қыш құмыралар
- •Князьдің қылықтары
- •Кімді көбірек бағалайды?
- •Шығыс ұлына хат80
- •Атасының баласы81
- •Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл83
- •Жолаушы84
- •Ішкі тыныштық Кім бақыттырақ
- •Саудагер мен ғалым
- •Болар болмас нәрсе
- •Адамгершілік86
- •Ізгілік,Махаббат,Мейірім88
- •Жылы сөзді ұмытпа89
- •Қардан жасалған гүл90
- •Күй ғұмыры... Мәңгілік91
- •Құстар неге сөйлей алмайды?92
- •Қиянат жасамау Қиындықты жеңу туралы өсиет әңгіме
- •Әділ бала
- •Шеге туралы нақыл сөз
- •Табиғатты аялайық!93
- •Жүрегіңнің отын сөндірме94
- •Түлкі, тасбақа және кене95
- •Отыз жұмыртқа96
- •Әр нәрсе тегіне тартады97
- •Ханның ісі қараға түседі ме?98
- •Жер ана туралы мысал99
- •Қаншайым мен жеті өнерпаз100
- •Даңқжайлытолған сақ101
- •Ауылдыбілесіңбе?102
- •2.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Ақиқат туралы өсиет әңгіме103
- •Біртұтастықты тани біл104
- •Ақиқатқа құмарту105
- •Абсолюттіұғыну106
- •Ақылды әке туралы өсиет әңгіме107
- •Бақытты жігіт туралы өсиет әңгіме108
- •Ең бақыттыда бай адам туралы өсиет әңгіме109
- •Сүйіспеншілік Сүйіспеншілік110
- •Сүйіспеншілікке тола жүрек туралы тәмсіл111
- •Отбасы менсүйіспеншілік туралы өсиет әңгіме112
- •Сүйіспеншіліктің күші туралы113
- •Өмірде Сүйіспеншілік маңызды 114
- •Бақыттың құны туралы тәмсіл115
- •Уақытыңды сатып алсам боладыма?117
- •Дұрыс әрекет
- •Риясыздық туралы өсиет әңгіме 119
- •Асығыстық жасамаңыз!120
- •Екі әке туралы өсиет әңгіме121
- •Мәртебеліеркек (Изюньизы) конфуцийлік дәстүрдің нышаны ретінде122
- •Әке туралы өсиет әңгіме123
- •Сабақ алу124
- •Жүректің раушангүлі туралы өсиет әңгіме125
- •Сұлтан және данышпан126
- •Жауапкершілік жүгі128
- •Алғысты дәмету129
- •Өміріміздегі 1 мен 0-дер130
- •Талшын ағашы132
- •Мейірімді және иғтибарлыбол!133
- •Өсиет134
- •Өмір сүрудің ең жақсы жолы135
- •Ішкі тыныштық
- •Ішкітыныштық136
- •Ішкітыныштық137
- •Тыныштық туралы өсиет әңгіме138
- •Ұят туралы өсиет әңгіме139
- •Маймыл мен шахматтар140
- •Сезімдер мен қызығушылықтарды басқару141
- •Кемелденгенадам143
- •Қиянатжасамау Көбелектен алған сабақ145
- •Жарылқаушылық туралы тәмсіл146
- •Адам мен құс туралы өсиет әңгіме147
- •Үнді өсиет әңгімесі: Әулие және жылан 148
- •Әділет өлмейді150
- •Әдебиеттер тізімі
- •Өзін-өзі тану мұғаліміне арналған хрестоматия
Әнет баба мен Қазыбек би
Ә. Мамашәріптегі
Тобықты Әнет баба қартайып, жасы тоқсанға келгенде ел дауы, жер дауы, жесір дауына көп араласпай, Қожа Ахмет Йассауи, Сопы Алдияр секілді даналардың кітаптарын оқып, оңаша жатады екен. Қоржын-қоржын кітаптарды ақтарып,кейде көзінің жасы сақалын жуып жылап та алады екен, кейде балаша мәз болып күледі екен.
– Әнет баба, не іздеп жүрсіз, кімді іздеп жүрсіз? – деп сұрапты бірде ауыл сыртында кездесіп қалған Қазыбек би.
– Өзімді іздеп жүрмін, шырағым, – деп жауап беріпті Әнет баба.
Жас Қазыбек ештеңені ұға алмай аңтарылып тұрып қалыпты.
–Түсінбегеніңді біліп тұрмын. Өзімді іздеп жүрмін дегенімнің мәнісі мынау, шырағым. Адам баласы жарық дүниеге келгенде пәк, адал, таза күйінде келеді. Өсе келе әрнені көреді, әрнені естиді, жақсыға да, жаманға да бой ұрады. Баяғы пәктігін жоғалтады. Жасы ұлғайып, қызыл-жасыл дүниенің қызығы басылған соң, баяғы адал күйіне қайта оралады. Енді маған ештеңенің керегі жоқ. Баяғы күнәдан адал жүрегім керек. Өзімді іздеп жүрмін дегенім – осы.
Кейін Қаз дауысты Қазыбек би Әнет бабадан сөз үйреніп, кеңес сұрап, ақыл алу үшін көшіп келіп, қатар қонып, екі-үш жыл іргелес отырыпты. Қазыбек биден:
– Би, сен бұл дүниеде кімге қарыздарсың?– деп сұрапты Әнет баба бірде одан.
– Жаратқанға қарыздармын, – деп жауап беріпті Қазыбек би.
– Сосын кімге қарыздарсың?
– Сосын анама. Ол мені жарық дүниеге әкелді.
– Сосын кімге қарыздарсың?
– Атама. Ол мені тәрбиеледі, өсірді, оқытты.
– Тағы кімге қарыздарсың?
– Халқыма. Ол мені қадіріме жетіп көтере білді.
– Тағы кімге қарыздарсың?
– Әнет баба, Сізге қарыздармын. Сіз менің көп нәрсеге көзімді аштыңыз,– деп жауап беріпті Қазыбек би.
Әңгімеде адамдардың арасындағы қандай қарым-қатынас туралы айтылады?
Әнет бабаның «өзімді іздеп жүрмін»,– деген сөзі нені білдіреді?
Адамның жүрегінің тазалығы қандай әрекеттерден көрінеді?
Қазыбек бидің жауабынан қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңдар?
Талшыбық пен алып ағаш
Н. Қадырбаев
Жол бойында талшыбық пен алып ағаш өсіп тұрды. Бір кезде қатты жел ұйтқи соғып, демде алай-түлей дауыл көтерілді. Алып ағаш міз бақпай, аласапыран дауылға: «сабыр ет, сабыр ет» дегендей, жапырақтарымен сусылдай үн қатты. Жанындағы жас талшыбық солқылдата соққан дауылға иіле берді.
– Мына дауыл көкке ұшырып жіберер ме екен, қайтер екен? – деп, алып ағашқа үрейлене тіл қатты.
– Иіліп тұру – жас талшыбық, сенің еншіңе тиген асыл қасиет-ау, біле білсең. Бәлкім, өзіңдей балауса шағымда иілуді білмей өссем, алып ағаш болуым, әй қайдам, екіталай шығар, – дейді алып ағаш сабырлы мінезбен ой құшағынан серпіле.
Жас шыбықтың қорқынышының себебі неде?
Алып ағаш жас шыбыққа қандай ақыл айтты?
Төзімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
Адамға өмірде төзімділік, табандылық не береді?
Қандай құндылықтар арқылы төзімділікке жетуге болады?
Жақсы менжаман
Б. Әділов
Адам атызға бір Гүл әкеп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен күнге тамыр жайып, гүлдеп өсе берді. Гүл бәрін де сүйетін: мөп – мөлдір суды да, тап –таза ауаны да, күннің нұрын да. Айналаға еркелей, құмарлана қарайтын. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеп отырғызған адамға да өте риза еді. Бір күні:
– Әй, сен көп асқақтама! Мен тірі тұрсам, әлі өмірге келгеніңе өкінетін боласың, – деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз шөп басын қылтитып тұр екен.
Гүлдің көңілі ортайып, бір түрлі жабырқап қалды. Ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті. Бірте – бірте солып, сарғайып бара жатты. Амалсызжанындағы өзіненбіршама үлкендігі бар Гүлге басын сүйеді.
– Жабырқама, сабыр ет! – деп жұбатты ол.
– Адамдар оны«арам шөп» депатайды. Өз құлқынан басқаны ойламайтын шөп.Әлі – аққұтыламыз.
«Жақсы сөз –жарымырыс» дегенғой. Оның көңілі біразкөтеріліпқалды.
Әлгі Гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады.
Гүлқайтадан құлпырып өсе бастады. Алайда, көп нәрсені ұқты. Өмірде жақсылар да, жамандар да бар екен-ау.
Гүлдің көңілі неге жабырқады?
Басқа гүл оны қалай жұбатты?
Гүлде қандай сезім пайда болды?
Неліктен арам шөп өзін ғана ойлайды?Себебін түсіндіріңдер.
Өзімшілдік адамдарда қай кезде көрініс береді?
Кім кінәлі?
Г.Әзімбаева
Алмас пен Думан тату достар еді. Екеуі сыныптас, бір партада қатар отыратын.
Үзіліс кезі. Мектеп ауласында доп қуып жүрген Алмас,байқамай ағаштың бұтағын сындырып алды. Бұл уақытта күзетші атай осы маңда болатын. Сынған бұтақты көріп, Алмастың жанына келді:
– Бұтақты сен сындырдың ба? – дейді.
– Мен емеспін... – дейді Алмас бірден.
Неге екенін оның жанында тұрған Думан өз-өзінен қызарып кетті.
Күзетші енді Думаннан:
– Әлде, сындырған сенсің бе? – деп сұрады. Ол үндемеді.
– Онда, кінәлі сен болдың ғой, мойныңа алуға батылың жетпей тұрған, – дейді күзетші Думанға тесіліп.
Думан кінәлі досына бір қарады да, бұрылып жүре берді.
Досын ренжітіп алған Алмас қатты қапаланды. Оның соңынан:
– Тоқтай тұршы!.. – дейді дауыстап.
Күзетші кімнің кінәлі екенін іштей сезді. Бірақ, үндемеді.
Алмас неліктен өз әрекетіне жауап беруден бас тартты?
Неліктен Думан жауап беруге қиналды?Осы әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Алмас неліктен өзін ыңғайсыз сезінді?
Осы оқиғадан қандай сабақ алуға болады?
