Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.4.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Өмірден алынған оқиға54: барлығына «рахмет» айтқан Уолтер Грин

Мекен-жайы: Калифорния, АҚШ

Жасы: 72

Мамандығы: кәсіпкер

Бақыттың көзі: ризашылық

Уолтер Грин 70 жасқа толғанда өмірінің ең үлкен, ең маңызды жобасын бастайды. Уолтер барлығын іздестіріп, бір себептермен оларға алғыс айтып, әрбіріне жеке«рахмет» айтуды жөн көреді. Бұл саяхат оның бүкіл өмірін күрт өзгертеді.

Бәрі не неден басталды дейсіз ғой?70 жастағы зейнеткер танымал американдық теледидар жүргізуші Тим Рассеттің күтпеген жағдайда қайтыс болғаны туралы ақпаратты естіген сәттен бастап өзгереді Уолтер оны жеке таныған жоқ, бірақ оның бағдарламаларын үлкен ризашылықпен қарайтын. Тим Рассетті кездестіріп, оған жеке «рахмет» айта алмағаны үшін бұл жаңалық оны өте қыңжылтады. «Одан кейін мен өз әкемді есіме алдым, ол мен 17 жаста болғанымда қайтыс болған, мен оған көп нәрсе айтып үлгірмедім» - дейді Уолтер. – Менің өміріме ықпал еткен адамдарға алғысымды айтпай, мен өмірден осылай кеткім келмейтінімді түсіндім!».

Уолтер Грин «рахмет» айтқысы келген барлық адамдардың есімдерін блокнотқа жазып қояды. Осылай жолға шығады.

Ол 40 жыл бұрын оның бірінші кәсібіне қомақты қара-жатты құюға қорықпағаны үшін бұрынғы инвесторды іздестіріп, оған «рахметін» айтып,алғысын білдіреді. Қайырымдылық іс-әрекетіне бірінші рет қатыстырып, тартқаны, көптеген қуаныш сыйлағаны үшін бір адамды тауып алып, шын жүректен оған алғысын айтады. Бір ескі досын тауып алады, ол 35 жасында оған кеңес беріп, оның бүкіл өмірін өзгертеді екен. Сол үшін оған да алғысын айтады. Ұстаздарына және көптеген шәкірттеріне «рахмет» айтады. Өз дәрігеріне, қаржылық кеңесшісіне, достарына, достарына, кәсіптегі партнерлеріне, әріптестеріне «рахмет» айтады.

Уолтердің тізімінде барлығы 44 адам болды. Олардың арасында ең жасы 28 жаста болды, ал ең үлкені 87 жаста болды. Әр қайсысына ризашылығын жеке білдіру үшін ол бүкіл Американы аралайды, Мексика мен Африкаға барады. Әрбір кездесу Уолтерді өте қуантады. «Осы адамдарға қаншалықты риза болғанымды елестете алмадым және ризашылық білдіру ісі адам айтқысыз шаттық пен жан тыныштығын орнататынын білмедім. Қазіргі сәт өмірімнің ең бақытты сәті», - дейді Грин.

Жалпы айтқанда, «Ризашылық саяхаты» Уолтердің біржылдық уақытын алады. Үйіне оралған соң, оның ең маңызды әңгімелесуі болды. «50 жыл бойына әйеліме барлығын айтып болған шығармын деп ойладым, бірақ бұл қатынастар мен ойлағаннан да жоғары және маңыздырақ болып шықты».

Нәтижесінде Уолтер Грин70 жасында жаңа өмірі мен маңсабына жету жолын бастайды. Уолтер өзінің саяхаты туралы кітап жазып, алғыс білдірту, «рахмет айту» адамның өмірін бақытты ететіні туралы дәрістер оқиды. Уолтер Грин адамдарға «рахмет» айтуға үлгеру керек деп есептейді.

Уолтер Гриннің бақытты болудың ережелері:

  1. Өз-өзімен шыншыл болу қажет. Сізді не нәрсе бақытты ететінін түсінбей, бақытты болу мүмкін емес.

  2. Жақын адамдарыңызға олардың сіз үшін қаншалықты маңызды екенін және оларға «рахмет» айту керек. Бұл қаншылықты сізді бақытты қылатынын сезінесіз.

  3. Әр адамның үйінен 10 шақырым қашықтықта тұратын жақын адамы болады. Оның үйіне кіріп, оған алғыс айту да маңызды.

  4. Кейде ойлайсыз: сіз ешбір маңызды іспен айналыспаймын деп, бірақ бұл біреудің өмірін өзгертуі мүмкін.

  5. Шынайы ризашылық білдіру үшін ренжісіп қалған адамдармен де кездесуге болады.

  • «Рахмет» айту неге өте маңызды?

  • Неліктен біздің кейіпкер жан тыныштығын тапты?

  • «Рахмет» айтқың келген адамдарды естеріңе түсіріп, оларға алғыстарыңды айта аласыңдар ма? Не үшін айтасыңдар?

  • Жан тыныштығын сақтау үшін қандай әрекеттер жасау қажет?