Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Ханшайым мен Күлше қыз

ертегі

Ерте, ерте, ертеде құлпырған гүлдері, биік ағаштары, сайраған құстары бар әдемі орманның ішінде сарқыраған судың жанында үлкен шаһар болыпты. Сол шаһардың ішінде ай десе аузы, күн десе көзі бар ханшайым өмір сүріпті. Қаншалықты сұлу шаһарда тұрсада, ханшайым шаһардан шығып сырттағы қарапайым өмірді көргісі келеді екен. Орманға шығып құстардың ұшқанын, биік ағаштарды, құлпырған гүлдерді және сұлу табиғатты, жан-жануарды көріп,өзіне қарапайым дос кезіктірсем деп армандайды екен. Бірақ оның әкесі шаһардың ханы ханшайымға рұқсат бермейді.

Бірақ біркүні шыдамы таусылған ханшайым шаһардан шығуға бекінеді. Орманға келіп жұпар аңқыған гүлдерді иіскеп, құстардың әсем дауысын тыңдап, табиғаттың сұлуығына таңданып тұрғанда жанына бір күшік келеді. Ханшайым қатты қуанып кетеді. Күшікті қолына алып иіскеп:

- Бүгін қандай тамаша күн, менің арманым орындалды! -деп тұрғанда,«Ақтөс»деген дауыс естіледі.

Бір кезде қарапайым киінген сұлу Күлше қыз:

-Ақтөс, мен сені іздеп жүрмін ғой, - деп, Ханшайымның қолынан күшікті алады.

Сонда ханшайым:

-Өтінем, мен біраз ұстай тұрайыншы, мен осы уақытқа дейін шаһардан шықпай осы әдемі орманды, жұпар иісі аңқыған гүлдерді, биік ағаштарды, сарқыраған суды, Ақтөстей күшікті көруді және мені түсінетінжан досым болғанын армандадым, -дейді.

Сол кезде Күлшеқыз:

- Менсенбеймін, осындай үлкен шаһарда сенің өмірің жаман дегенге, мен сен сияқты ерігіп жүрген жоқпын,- деп Ақтөсті алып кетіп қалады.

Ханшайым өзінің бұл ормандағы көргендерінің барлығы сонда арман болғаныма:

- Мен енді ешқашан Ақтөс пен Күлше қызды кездестіре алмаймын ба? – деп мұңайып қалады.

Қарапайым киінген Күлше қыз жолда келе жатып:

- Ақтөс,мен бағана Ханшайымға қатты сөйлеп қойдым ғойдейім,- дегенде Ақтөс үріп жібереді. -Ақтөс, сенде солай ойлайсың ба? Ендеше Хайшайымнан барып кешірім сұрайын,- деп

Күлше қызартқа қайтады. Ханшайымның жанына келіп:

- Мені кешір, мен шаһарда тұрғанның бәрі бақытты деп ойлайтынмын,- деп кешірім сұрап, Ақтөсті өзінің күшігіңдей көріп,өзімен де досболуға шақырады.

Ханшайым қатты қуанып келіседі. Осыдан кейін Ханшайым мен Күлше қыз мәңгілік жан дос болып қалған екен.

  • Күлше қыздың Ақтөске: «Мен бағана Ханшайымға қатты сөйлеп қойдым ғой дейім» дегені нені білдіреді?

  • Оның кешірім сұрағаны қандай қасиетке жатады?

  • Сіздер біреуден кешірім сұраған кездеріңіз болды ма?

  • Сабырлы, шыдамды, кешірімді болу үшін өз-өздеріңді қалай тәрбиелейсіңдер?

  • Үй жануарларына қандай күтім жасайсыңдар?

Ынтымақ

Ертеде Нығмет, Үсен деген ағайынды екі бала болады. Нығмет он жасқа, Үсен бес жасқа келгенде әке-шешелері қайтыс болып, екеуі жетім қалады.

Осы кезде бұрын әкелерінің қожайыны болған Шаһимардан деген бай:

-Екі жетімді қолыма алып, ержеткенше үй жұмысына салайын. Ержеткен соң екеуіәкесінің орнын басып, бір керекке жарап қалар, - деп ойлайды.

Сөйтіп, Шаһимардан бұғанасы қатпаған Нығмет пен Үсенге су тасытып, отын жақтырады. Ержеткен соң Нығметке жылқысын, Үсенге қойын бақтырады. Содан Нығмет пен Үсен кисе — киімге, ішсе — тамаққа жарымай, Шаһимарданның малын бағып, табаны күректей жиырма бес жылды өткізеді.

Байдың қойы мыңға, жылқысы үш мыңға, сиыры екі мыңға жетіп, барған сайын дәулеті таси береді. Соншама еңбек істеп, тер төксе де бай екі жетімнің басына үй тігіп, бауырына қазан асып, басын құрасын деп ойламапты.

Нығмет отыз беске,Үсен отызға шыққан жылы бай жеті жастағы ұлына келіншек айттырып, сән-салтанат құрады. Мұны көрген Нығмет пен Үсен ақылдасып, бұл бай әкемізге де жақсылық қылмаған еді, малын осынша өсірген бізге де жақсылық қылмайды. Бүйтіп, қорлық көріп жүргенше ақымызды алайық та, өз бетімізбен күнелтейік деген байламға келіседі. Шаһимарданнан ақы талап етеді. Зорласа да малын бақпай кететініне көзі жеткен бай амалсыз қалып, жиырма бес жылдық еңбек ақыларына бір ат, бір бұзаулы сиыр беріп, екеуін жолға салады. Екеуі берген ақысына разы болмаса да қолдан келер қайраны жоқ еді. Олар жапан далаға қаңғып кете барады.

Нығмет пен Үсен жүре-жүре бір күні көкорай шалғынды көк өзеннің жағасына келіп, шөптен күрке жасап демалады. Кеш батып ымырт үйірілген кезде Нығмет пен Үсен жалғыз сиырды сауып алған бір баспақ сүтті қорек кып отырғанда, аттың дүбірі шығып, күркенің сырт жағынан біреу:

  • Құдайы қонақпын!— деп дауыстайды. Үйде отырғандар:

  • Атыңызкімболады!— дейді.

  • Атым — Қызыр.

  • Қызыр болсаңыз, қонатын жерге қоныңыз, біз қондыра алмаймыз,— дейді үйдегілер. Мұны естіген қызыр кетіп қалады.

Нығмет мен Үсен бұл түнді осылай өткізеді. Ертеңіне біреуі сиырды, біреуі ат пен бұзауды бағып, бір күнді тағы өткізеді. Кеш батып, ымыр түйіріледі. Кешкі ас үстінде отырғанда, тағы да ат дүбірі естіледі. Келген кісі сырттан:

  • Құдайы қонақпын!— деп дауыстайды. Екі жігіт:

  • Атыңыз кім?— деп сұрайды. Сырттағы кісі:

  • Атым Бақ,— дейді.

  • Бақ болсаңыз, орныңызды тауып қоныңыз,— дейді жігіттер. Сонымен бақ та кетіп калады.

Үшінші күні кешкі тамаққа отырғанда тағы біреу келіп:

  • Құдайы қонақпын,— дейді.

  • Аты-жөніңіз кім?

  • Атым — Дәулет,— дейді сырттағы кісі.

  • Ендеше дәулетті жерге барып қоныңыз,— дейді екі жігіт — Бізде ішетін тамақ жоқ, жатарға орын жоқ.

Сонымен Дәулет те кетіп қалады.

Нығмет пен Үсен ылғи да: О, Жаратқан, ынтымақтан айырма, бас аман болсын!— деп тілеу тілеп, қалт-кұлт күн өткізе береді. Бір күні кешкі асқа отыра бергенде үйдің сыртынан ат дүбірі естіледі де, біркісі:

  • Құдайы қонақпын!— деп дауыстайды. Екі жігіт:

  • Атыңыз кім болады?— деп сұрайды.

  • Атым — Ынтымақ,— дейді жолаушы. Нығмет пен Үсен сыртқа жүгіріп шығады:

  • Ынтымақ сіз болсаңыз, қонақ болыңыз,— деп, атын ұстайды.

Ынтымақ — ақ көңіл, ашық-жарқын қарапайым кісі екен. Екеуінің пейіліне разы болады. Қонақ үйге кіріп, төрге отырғаннан кейін Нығмет пен Үсен:

-– Ынтымақтың қонақ болуы — үлкен бақыт. Сондықтан қонақты разы қылып аттандырайық деп ақылдасады. Қонақ асыға аттарын көлденең тартып, «Аумин!» деп бата сұрайды. Ынтымақ отырып:

– Жан баққан жалғыз аттарыңды маған арнасаңдар, қалай күнелтесіңдер?— дейді жігіттерге.

– Қане, қонақсіз болсаңыз, бәрі де орнын табады, ықыласыңызды беріңіз,— дейді екі жігіт өтініп. Шын пейілдеріне көзі жеткен Ынтымақ дастарқанға бар пейілін төгіп:

  • Құдай оңдасын, Қызырқолдасын! Баққосылып, Дәулет дарысын!— деп бата береді. Нығмет мен Үсен дереу атты сойып, етті қазанға салады.

Үсен ет пісіріп, Нығмет Ынтымақпен әңгімелесіп отырғанда, сәлем беріп үйге Қызыр кіреді. Оның артынан іле-шала Бақ пен Дәулет кіреді. Ынтымақтың үстіне Қызырдың, Бақтың, Дәулеттің келуі үлкен қуанышқа айналады. Екі жігіт жігі-жапарболып күтеді. Еттүсіріліп, тамақжелініп болған соң, Нығмет пен Үсен алғашқы үш қонақтықондырмағандарыүшінкешірімсұрайды. Сонда Қызырқартайтады:

  • Балаларым, оған қысылмаңдар, Ынтымақ болмаса Қызыр қонбайды, Бақ қарамайды,

Дәулет дарымайды. Біз Ынтымақтың бастауымен келдік. Көсегелерің көгеріп, өркендерің өссін!—деп ықыласбілдіреді.

Тамақішіпболғансоң, төртқонақекіжігітке алғыстарын айтып, аттаныпкетеді. ОсыданкейінНығмет пен Үсенніңістеріөнебастайды. ОлардыҚызырқолдайды, Баққонып, Дәулетдариды да, бақыттыжандарғаайналады.

Әйелалып, бала сүйіп, мұраттарынажеткенағайындыекі жігіт:

  • Ынтымақтан биік, ынтымақтанкүштіештеңе жоқ, - деп, үрім-бұтағынаөсиетайтқанекен.

  • Ынтымақ дастарқанға бар пейілін төгіп қандай бата береді?

  • «Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ» деген өсиетті қалай түсінесіңдер?

  • Ынтымақты қандай құндылықпен байланыстырар едіңдер?

  • Өз отбасыларыңдағы ынтымақ, татулық туралы айтып беріңдер?

  • Отбасыларыңдағы құндылықтар туралы әңгімелеп беріңіздер?