Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.5.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Терек пен алма ағашы

К. Д. Ушинский

Қарт бағбан ерте көктемде бақтың ортасынаныңғайлы жер сайлап, терек пен алма ағашының талдырмаш шыбықтарын отырғызыпты. Құнарлы жерге түскен әрі күтімі жақсы жас ағаштар демде-ақ көгеріп, бүршік атып, жапырақ жая бастапты. Бірнеше жылдардан соң, олар жайқалған ағаштар болып шығады. Терек ағашы болса, өзінің бұтақтарын кең жайып, ақ гүл жарады.

Есейе келе, бұлардың арасындағы бұрынғы достық суыса түседі. Терек өзінің биіктігін мақтаныш тұтып, алма ағашына менмендікпен кекірейе қарайтын болады. Тіпті ол болса жастан бірге өскен досына өктем сөйлейтінді шығарды.

Алма ағашы өте әдепті екен. Ақылсыз досының бұл мінезін кешіріп, әрдайым терекке күн шапағымен бірге амандасады екен.

Алма ағашы күні бойы жас гүлдерін мәпелеп, тіпті уақыттың қалай өткенін білмей қалады. Ал терек жіп-жіңішке мойнын көкке созып, айналасына мақтанумен болды. Бірақ терекке ешкім көңіл бөліп таңырқамайды. Бақтың маңынанөткен жұрт қайта момақан алма ағашының жемісіне ынтыға қарап, мақтасумен болды. Бұған долданғантерек бір күні:

-Айналада не қызық оқиғалар, сұлу көріністердің бәрін көріп-біліп тұрамын. Табиғаттың өзімді осындай бойшаң етіп жаратқанына дән ризамын. Ал сенің күнің қандай аянышты,алма досым! Мықырайған бойың мынау, мен көрген тамашалардың бәрінен әр кез құр қаласың ғой. Тіпті жаным ашиды, - деп, алма ағашын аяғансып ширатыла сөйлейді.

Алма ағашы әдептілікпен жай ғана:

-Жаның ашып, достық көңіл білдіргеніңе рақмет. Бірақ мен үшін босқа күйінесің, бауырым. Менің өмірім де қызықсыз өтіп жатқан жоқ. Бақ ішінде бізден де аласа қанша достарымыз бар. Әрқайсысының сен білмейтін сырлары қанша! Ертелі кеш ескен ерке самалдың дүниенің төрт бұрышына жеткізіп, құлағыма сыбырлайтын әңгімесі қандай қызық! Міне, солармен сырласудан тіпті қолым да тимейді, - деп, сыпайы жауап береді.

Терек алма ағашының бұл сөзінен тосылып, өзінше іштей қысылып қалады. Оны мұқату үшін айтқан сөзінің ойынан шықпағанына күйінеді. Алма ағашын бұрынғыдан да жаман күңдей түседі.

Бағбанның апалы-сіңілі өрімдей сұлу екі қызы бар екен. Алма гүл жарғаннан бастап, олар күнде келіп, мәпелеп күтумен болады – нәрлі, нәзік гүлдеріне көбелек қондырмай, мақпалдай қою жапырақтарына кұрт жолатпай, нәресте сияқты аялайды. Ал сидиған терекке олар тіпті көз қиығын да салмайды. Терек тағы да алма ағашына:

-Сені қанша әлпештегенмен, маған жету қайда. Ақымақ қыздар кімнің қадірін білмек еді, - деп, ызалана кекірейеді.

- Әр нәрсе өз қасиетіне лайықты адам еңбегін сыйға алады. Мен олардың төккен терін жыл сайын өтеп отырмын. Ең болмаса осыған түсінсеңші, досым, - депті мұңайып.

Күншіл терек алма ағашына безере бір қарап, теріс айналыпты. Арадағы осы сөзден кейін, терек алма ағашымен сөйлесуден қалады. Тентек самал көтерілсе-ақ бұтақтарын сумаңдатып, алма ағашының нәзік гүлдеріне үрей төндіреді. Сусылдап, айналаға алманы жамандай бастайды. Алма досының әділетсіздігінен ауырып, ауыр мұңға батады.

Бұлжағдайды көптен сезіп жүрген бағбан бір күні қолына балтасын алып келіп, терекке былай депті:

-Өмірде адам еңбегі босқа кетпеуі тиіс. Оны немен болса да өтеу керек. Әр заттың қажетті орны бар. Міне, сен де сол орныңа жұмсалуға тиіссің.

Бағбан теректің діңгегін шаба бастайды. Тамырынан қиылып, әлсіреген терек шайқалып барып, бақ шетіне құлап түседі. Терек сол орнында үнсіз қалпымен сұлық жатады.

Күншіл де болса, жанындағы досынан айрылған алма ағашы қатты қайғырады. Ол күн сайын таң шапағымен өзінің досын еске алып, қамығады екен. Шынында солай, ерте тұрып, алма ағашының жапырағына қарасаң, моншақтай мөлдір тамшыларды көресің.

Осыдан соң ешбір бағбан алма ағашы мен теректі бірге екпейтін болыпты.

  • Алма ағашының бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

  • Алма ағаштың «әр нәрсе өз қасиетіне лайықты адам еңбегін сыйға алады» деген сөзін қалай түсіндіңіздер?

  • Сіздердің араларыңызда түсінбеушілік орын алған жағдай болды ма?

  • Оны қалай шештіңіздер?Бақша ағаштарына қандай күтім жасадыңыздар?