Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Әшекей қыз

О.Әубәкіров

Тақияға күміс қадап он шақты,

Жасырыпты неше түрлі моншақты.

Жинап алып үйдегі бар жүзікті,

Оны-дағы саусағына тізіпті.

Қалайғана көтеріп жүр бір басы,

Құлағында–апасының сырғасы.

Танаменен тұтасыпты омырау,

Үсті-басы толып тұрған қоңырау.

  • Адамның сырт –келбеті жылтырап тұрса оның жан дұниесі де сондай әдемі деп айталамыз ба?

  • Адамның сырт-келбеті мен ішкі дүниесі бірдей үйлесімді түрде дамуы үшін не істеу керек?

  • Адамжан дүниесінрухани байлыққатолтыру үшін не істеу керек?

  • Өздеріңніңүйлесімді дамуыларына байланысты қандай әрекеттер жасап жүрсіндер?

Торғай мен адам

Ертегі

Өткен заманда бір саяхатшы тор құрып қойса торына кішкене бір торғай түсіп қалыпты. Торғайды адам ұстап алып үйінеапара жатса, торғай тілге келіп былай депті:

- Мен кішкене торғаймын, ештенеге жарамаймын, қапасқа салсаң құсастықпен ауырамын. Онанда еркіме қоя бер, еркін кең дүниеге жібер, мен сізге екі ауыз өсиет айтайын,-депті.

- Кәне, әңгімеңді айт,-депті адам.

- Жарайды, бір ауызын қолыңда, бір ауызын жерге түскенсоң айтайын. Өйткені қос қолдап қысып тұрғанда өкпем қысылып ештене айтаалмаймын,-депті торғай. Аңшы босатыпты.

- Бірінші –өткен іске өкінбе; екінші - көзбен көрмей сенбе! –депті.

Торғай анадай жерге қонып отырып:

-Сен ештеңені білмедің, менің бөтегемде жұдырықтай гауһар бар еді, - дейді.

Адам қонып отырған торғайды ұстауға тұра ұмтылыпты. Торғай әр жерге ұшып-қонып ұстатпайды. Адам қуып қоймаған соң адамға былай дейді:

-Менің жаңа айтқан өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме ондай зат қалай сияды? Бұл бір. Екінші - мен саған ұстатпаймын, қанатым бар. Сондықтан өткен іске өкінбе», - деп ұшып кетіпті.

  • Егер адамөткен ісіне өкінсе онда оның көңіл күйі қандайболады?

  • Өз ісіне өкінбей өмір сүру үшін қандай қасиеттерді дамыту керек?

  • Торғайдың айтқан өсиетіне байланысты өмірден алған мысалдар келтіріп айтып беріңіздер.

  • Құстарға қандай қамқорлық жасадыңыздар?

Бақытсыз бай

Ертегі

Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасыеді. Солардыбаладаймәпелепкүтетін. Біркүніолжалшысыныңкөңілді күлкісін естіпоныңүйінайналшықтаптыңдады. Бірақмардымдыештеңеестиалмады.

Олертесінежалшынытүнніңортасынадейінбосатпайәбденжұмысқасалды. Бірақкешегікүлкітағықайталанды. Бай енді “мынауменіңқазынамнанұрлапжүр, солүшінүйінебарыпмәзболыпжатыр,” – дегенжаманойғакетті. Олжалшысыныңесігінбіртеуіпкіріп барды. Сөйтсежалшысыекібаласынарқасынамінгізіпалып, өзіатболыпойнапжүрекен.

- Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен мына мұрынбоқтарыңды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! – деп ақырды.

-Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам, – деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді малайы.

-Нағыз ақымақ екен! – деп үйден атып шыққан бай, енді “Мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы” деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.

Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс жасады. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып қаннен қаперсіз рақаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз білдіртпей үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.

Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрініп кетті. Бай ақыры:

  • Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сенен басқа ешкім алған жоқ. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, — деді.

Сонда жалшысы:

- Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торауылдайсың. Менің байлығым екі балам мен жанжарым және денсаулығым мен қаракүшім. Құлан иектеніп таңатқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, — деп жауап берді.

Не дерінбілмеген бай үн –түнсізқалды. “Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткенбе? Басым ауырып кетті”.

Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызығақарапқалды…

  • Бай өз ойы арқылы өзіне-өзі қиянат жасадыдеп ойлайсыңдарма?

  • Кедейдің байлығы не екен?

  • Сендер үшін нағыз бақыт не екен?

  • Сендер не үшін көңілді болып жүресіңдер? «Бірінші байлық – денсаулық» дегенді қалай түсінесіңдер?