Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бір баланың оқиғасы4

Мұғалім:Мен қазір сіздерге бір оқиғаны әңгімелеп беремін. Бір қалада ерекше үй болады. Сол үйде бір бала өмір сүреді. Күндердің бірінде ол оянып, әжесіне дөрекі сөйлейді, мысықтың құйрығынан тартады, анасына қоқысты шығаруға көмектеспейді, атасын туған күнімен құттықтамайды; көшеде өз досымен төбелесіп қалады,Арман деген ағасының велосипедін рұқсатсыз мініп кетеді. Осы кезде балабарлық жақын адамдарының оған ренжіп қалғанын байқайды.

Әжесі оған оның жақсы көретін бәлішін пісірмейді, мысығы қолын тырнап алады, анасы қоқысты асхананың еденіне жинап қояды, атасы оған ертегі оқып бермейді; досы көшеге шықпай қояды, ал Арман деген ағасы велосипедті сарайға құлыптап қояды.

Баланың көңіл күйі түседі...

Ол көшенің бойында көңілсіз келе жатты. Оған кең шапан киген ұзын бойлы адам қарсы беттенжолықты. Ол балаға былай дейді: "Балам, сенің көңілсіз күйіңді байқап тұрмын. Саған не болды? Мен саған көмектескім келеді. Міне саған сиқырлы зат, - деп, балаға ұсынады.- ол сенің ішкі дауысың, ар-ұжданың болады. Ол саған не істеу керектігін және нені істеуге болмайтынын алдын ала білдіріп отырады.Ар-ұждан сені келеңсіздіктерден сақтайды және жақын адамдармен татуластырады!»

Бала түсінбей қарайды: "Ар-ұждан дегеніміз не?"

- Ар-ұждан - біздің ішіміздегі үн, - деді сиқыршы. - Ар-ұждан ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін білдіріп отырады. Бұл өте маңызды нәрсе. Дұрыс емес әрекет жасағанда ол сені мазалап, былай дейді: "Барып кешірім сұра". "Сен ұяласың, бұрынғыдай жақсы емес екенінді сезесің" Ар-ұждан мен ұят жақын ұғымдар.Ар-ұждан дауысын ести білу керек.

Мұғалімге балалармен бірге әңгімелесудің нәтижесін былай қорытындылауға болады: «Әрбір адамның ар-ұжданы болады. Ол әрбір әрекеттері үшін жауапты. Жақсы адамның ар-ұжданы белсенді болады. Адамның ішкі дауысы үнемі оған көмектеседі: егер сен ар-ұжданына сәйкес әрекет жасасан, онда дұрыс әрекет жасап, жақсы адам боласын, ал егер тыңдамасан, онда дұрыс емес әрекет жасайсың.»

Сонымен, рухани кемелдену жолында адамдар қателесуі мүмкін, егер олар өз қателіктерінен сабақ алса, онда бұл рухани өзгерудіңбір мүмкіндігі болып табылады.

Өсиет әңгімелердің мазмұны арқылы дүние жаратылысының, адами қатынастардыңмәнін іздестіру бастауыш сынып оқушыларының табиғиізденгіштік қабілетін бағыттап, дамытады.Өйткені олар қиялда пайда болатын мыңдаған сауалдарға жауап іздейді. Бұл бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту үшін қолайлы болуымен түсіндіріледі. Әңгімені, ертегі мен оқиғаны әңгімелеу барысында ең басты көркем тәсіл ретінде мазмұнның бейнелі сүреттелуі, метафоралық тәсілдердің қолданылуы қарастырылады. Өйткені, балалар ойлауының табиғатында бейнелі ойлау орын алады. Сондықтанда, өзін-өзі тану мұғалімі бір оқиғаның куәгері болғандай бейнелі түрде оны сипаттайды. Осындайда балалар әңгіме кейіпкерлерінің өмірлік жағдайларын шынайы түрде сезінеді. Мысалы, «жануарлар, ағаштар, түрлі заттар адамдардың тілінде сөйлеседі, ал ғажайып заттар олар үшін үйреншікті болып көрінеді»5.

Мұғалім балаларға әңгімені бір адамның қатысуымен болатын мини-театр секілді сүреттеп беруі тиіс. Біз әңгімені мәнерлі түрде, табиғи сөйлеу жанрмен, жарқын дауыспен және эмоциямен әңгімелеп беруді ұсынамыз.

Сонымен, әңгімелердің мазмұны арқылы бастауыш сынып оқушыларының бойынан «Ақиқат» жалпыадамзаттық құндылығын жарыққа шығарумаңызды адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпалын тигізеді: шындықты айту; басқалардан жақсылықты көру; бәрін білуге құмарлық; ізденгіштік қабілет; жауапкершілік; қарапайымдылық; оптимизм және т.б.

Жеткіншек кезеңі(11-15 жас аралығы) – ересек адамдарға толық тәуелді балалық шақ пен өзбетінше өмір сүруге дайын болатын ересектіктің арасындағы өтпелі кезең. Егер бастауыш сынып жасындағы балалардың қиялы өте жақсы дамыған болса, осы қиял оларға адамаралық қатынастарды рухани-адамгершілік тұрғысынан түсініп, әлемде өз орнын табуға көмектеседі. Ал жеткіншектік кезеңде балаөз тәжірибесіне сүйеніп, бұрын бастауыш сыныпта айтылғандарды пысықтайды. Осы жастағы балалар үшін «тарихи және тұрмыстық әңгімелер өте қызықты болады»6.

Жеткіншектің рухани-адамгершілік дамуында айналасындағы адамдармен өзарақатынастардыңсипаты ең маңызды орынға ие болады. Сондықтанда, жеткіншектерге арналған өсиет әңгімелер мен тарихи оқиғалар негізінен адами қатынастардың ерекшеліктерін ашады және олардың рухани-адамгершілік дамуының маңызды шарты болып табылады.

Шынайы адамгершілік әрекеттердіжасағанда ғана жеткіншек адамгершілік үлгіні игереді. Осыған орай, Ж.Пиаженің айтуы бойынша, 12- және 13 жас аралығындағы тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы жаңа мән-мағынаға ие болады. Осы кезеңдебалада оныңнақты жеке өмірінің шеңберінен шығатын идеалдар пайда болады (әділеттілік, еркіндік, достық, шынайылылық, патриотизм – барлық осы ұғымдар жеткіншек үшін эмоциялық тұрғысынан рең беріп, тұлғалық деңгейде өте маңызды).Сонымен қатар, жеткіншекте өмір сүру салтын өзгерту қажеттілігі пайда болып, оны шынайы достық қатынастар, риясыз сүйіспеншілік, әділетті қатынастарды орнату, өмірдің мәнін түсіну, Отанға қатынас, қиянат жасамаудың мәселелері және т.б. қызықтырады.

Өсиет әңгімелерді, тарихи оқиғаларды әңгімелеп беру жеткіншектердің қызығушылықтарын оятады және олардың өмірлік тәжірибесін байытып, сүйіспеншілік ахуалын орнатуға ықпал етеді.

Рухани-адамгершілік тәжірибесін кеңейту арқылы жеткіншектердің дүниетанымы қалыптасады, олардың ұмтылыстарында өзін-өзі кемелдендіруге ынтасы пайда болады. Үнемі рухани кемелденуге ұмтылыстары тұлғаның адами қасиеттерін тұрақтандырады.

Сонымен, өсиет әңгімелер мен тарихи оқиғалардың мазмұны арқылы жеткіншектер бүкіл адамзаттың рухани тәжірибесін игеріп, "Ақиқат" құндылығының мәнін түсініп, "жақсылық" пен "жамандық", "әділеттілік" пен "әділетсіздік" және с.с. т.б. ұғымдардың айырмашылығын талдап, ажырата білуге үйренеді.

Әңгімелердің мазмұны арқылы орта буын оқушыларының бойынан «Ақиқат» жалпыадамзаттық құндылығыншығарумаңызды адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпалын тигізеді: білімге құштарлық; ой, сөз бен істің бірлігі; қарапайымдылық;шыншылдық;барлық дүниелерден жәнебасқа адамдардан жақсылықты көру; жақсы әрекеттерді жаман әрекеттерден ажырата білу; отансүйгіштік және т.б.

Жасөспірімдік кезең(15 – 17 аралығындағы жас) – өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру, идеалды іздестіру, шығармашылық қажеттіліктерін қамтамасыз ету, әлемге саналы қатынасты орнату мәселелерінің кезеңі. Жасөспірімдік кезең дүниетанымдық пен рухани-адамгершілік дамудың мақсаттарын жүзеге асыру үшін қолайлы кезең болып табылады. Осы жаста балалар өмірдің мәнін білуге талпынады.

Тарихи оқиғалар мен өсиет әңгімелердің рухани-адамгершілік тереңдігін айқындау үшін әңгімелесуді үлкен шеберлікпен ұйымдастыру қажет. Өйткені бұл ақиқатты танудың қуанышын сезінуге, өз бойындағы қасиеттерін байқауға көмектеседі. Шәкәрім Құдайбердыұлы айтқандай, рухани-адамгершілік әңгімелесу барысында мұғалім мен оқушылар тең жағдайда бірге ақиқатты іздеуге талпынады.

Өсиет әңгіменің мәтініндегі отбасылық бақыт туралымазмұнынды талдай отырып, оқушылардың отбасындағы жағдайларды ескеру керек. Мысалы, бақытты және бақытсыз отбасыларды салыстыру арқылы кейбір балалардың теріс қатынасын оятып аламыз, өйткені отбасында оқшауланып, ата-анасының сүйіспеншілігін сезіне алмаған балалардың жүрегі жаралы болады.

Жоғары сынып оқушыларына арналған өсиет әңгімелер мен тарихи оқиғалар төмендегідей мәселелерді талдауға мүмкіндік береді:

- адамның өзіне өзі жол таба білу;

- рухани ізденіс пен кемелдену;

- тұтастылық пен мәңгіліктің, бірліктің мәнін түсіну;

- абсолютті ұғыну.

Жоғары сыныптың оқушылары өсиет әңгімелердің, тарихи оқиғалар мен ұлы тұлғалардың өмір жолыныңмазмұны арқылы ақиқаттың абсолютті болатынын ұғынып, ол тұтастылықты және бірлікті білдіретінін біледі.Мысалы, «Ақиқат туралы өсиет әңгіменің»7мазмұны арқылыжоғары сынып оқушылары «Ақиқат» әр адамның бойында табылып, алуан түрлі әлемнің өзгермейтін мәңгі құндылығы болатынын түсінеді.

«Біртұтастықты тани біл»8өсиетәңгіменің сюжеті бойынша әкесі баласына: «Ең негізгіге, іргелікке үйрен. Сенің үйренгеніңнің бәрі – бұл есте сақтау, ақыл, білім. Біртұтастылықты сезінуге, ұғынуға үйрен. Осы – сенің оқу әрекетінің мақсаты» деп,адамның рухани "Менінің" мәнін ашуға ықпалын тигізеді.

«Ақиқатқа құмарту»9өсиет әңгіменің мазмұнында былай делінген: «Шынайы құндылықтардың уақытқа бағынбайтындығын, үнемі сенімен бірге, сенің бойыңда және сенің айналаңда болатындығын білетіндер аз. Немен дем аласың, неде тұрсың, аштығың мен шөліңді немен басасың, денеңді не жылытады, осының бәрі – бұл сен. Ал қалған нәрселердің еш мәні жоқ және олармен салыстыруға да келмейді».«Ақиқат» жалпыадамзаттық құндылықтың мәнін ашу барысында туындаған осындай іргелі түсінікті адамның рухани «Менін» дамытудың маңызды шарты болып табылады.

«Абсолюттіұғыну» 10өсиет әңгіменің мазмұнын талдау барысында, ажырата білу білігі арқылы интуициялық сезіну дамитынын көрсетеміз. Сонымен жүректі тыңдай білсек, біз дұрыс әрекет жасай аламыз. Осы жерде балаларға қиын өмірлік мәселені шешу барысында қателеспеу үшін, 1-ден 8-ге дейін санап, тыныштық сақтап, өз ар-ұжданын тыңдауға дайындалу маңыздылығын түсіндіреміз. Осы уақыт аралығында адамның ақылы тынышталып, интуициясы (ымбалы) ашылады да, жүректің түпкірінен адамға рухани-адамгершілік тұрғысынан жауап келеді.

Ақиқатты түсіну жоғары сынып оқушыларына көптің бірлігін ұғынуға, өзін бөлінбейтін тұтастылықтың бір бөлшегі ретінде қабылдауға, барлық дүниеге қатыстылығын және жауапкершілігін сезінуге көмектеседі.

Мысалы, Абай Құнанбаевтың өмір жолымен және шығармашылығымен танысу арқылы "Ақиқат" жалпыадамзаттық құндылықты тәжірибеде қолдану жолдарын ашуға мүмкіндіктер береді.Абайдың өмірі мен шығармашылығы риясыз қызмет етудің жәнеақиқаттың даңқын асырудыңозық үлгісі және рухани тазалықтың бірден-бір белесі. Ол 14-ші қара сөзінде "Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз баурым деп, сезіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та - жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды." "Ақиқатты" айқындау үшін қара сөздердің мазмұны арқылы келесі сұрақтарды тұжырымдауға болады: "Абайдың "толық адам" деген сөздерін қалай түсінуге болады?", "Адам өз жүрегін қалай тыңдай біледі?", "Өз жүрегімізді тыңдағанда біз ақиқатқа жете аламыз ба? Неге? Өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріңіздер". Жоғары сынып оқушылары осы сұрақтарға жауап бере отырып, ортақ ойға келуі тиіс: "Шындық - көп,ақиқат - жалқы".

Ұлы тұлғалардың өмірлерінен оқиғаларды әңгімелеу жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін толық ашуға мүмкіндік беріп, жоғары сынып оқушыларын Рухтың батырлары болуға шабыттандырады.

Әңгімелердің мазмұны арқылы жоғары сынып оқушыларының бойынан «Ақиқат» жалпыадамзаттық құндылығыншығарумаңызды адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпалын тигізеді: өз бойынан ақиқатты іздеу білігі; мәңгілік дүниені уақытша дүниеден ажырату білігі; өзін-өзі талдау білігі; шыншыл болу; ақиқатты сүйіспеншілікпен айта білу қабілеті; барлық діндер мен ұлттарға құрмет көрсету, өзіне сенімді болу, жауапкершілік және т.б.

"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізгі міндеті - үйлесімді дамыған, белсенді өмірлік және рухани-адамгершілік ұстанымға ие шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу. Осыған байланысты, әңгімелер мен ертегілердің, тұлғалардың өмірінен алынған тарихи оқиғалардың мазмұны арқылы әртүрлі адамгершілік мәселелерді шешу өзін-өзі тану мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне және пән мұғалімдеріне оқушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ұғынудың бай тіжірибесін қалыптастыруға ықпал етеді.