Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Арыстан, қасқыр және түлкі

Мысал

Арыстан қартайғандықтан, ауырып үңгірге жатып қалады. Аң патшасының көңілін сұрауға түлкіден басқаның бәрі келеді. Осы жағдайды пайдаланбақ болған қасқыр арыстанға түлкіні жамандайды.

– Ол аңдардың патшасын көзіне ілмегендіктен, бірде бір рет келіп көрінбеді,- дейді.

Осы сәтте келген түлкі қасқырдың соңғы сөзін естіп қалады. Арыстанды өзіне қаратып өзінің келмеу себебін ақтауға көшеді.

– Осы жиналғандардың ішінде мен көмектескендей көмек жасадым деп кім айта алады? Мен неше күннен бері барлық жерді шарлап ауруыңа ем іздеп таптым,- деді түлкі.

Арыстан емді табан астында айтуды талап етті. Сонда түлкі:

- Қасқырдың тірідей терісін сыпырып, оған орануыңыз керек,-деді.

Арыстан оны бірден орындады. Жалаңаш қалған қасқырға қарап:

- Билеушіні зұлымдыққа емес, жақсылыққа қарай бағыттау керек,- деді.

Біреуге ор қазба, өзің түсесің.

  • Қасқырдың жасаған теріс әрекетін немен түсіндіруге болады?

  • Адам жүрегінің тазалығы қандай әрекеттерден көрінеді?

  • Өмірде ешкімге және ешнәрсеге қиянат жасамау адамға не береді?

  • Осы оқиғадан өздеріңе қандай өмірлік сабақ алдыңдар?

Сені бағалағанды сен де бағала

Оқиға

Әйгілі пианист Артур Рубинштейн өзінің концерттік кешін бітіріп, сахнадан шықкан сәтте, кішкентай бір қыз қолына қойын дәптерін алып, қолтаңба алмақшы болады. Артур қолым қатты талып тұр деп бас тартқандай ыңғай білдіреді. Сонда әлгі қыз ренжіген сыңай танытып:

- Қолыңыздың талып кеткенін білемін. Бірақ менің де қолым мәз емес.

- Не үшін?

- Сіздің өнеріңізге тәнті болып, концерттің басынан соңына дейін үнемі тоқтамастан қол соғып отырдым, - депті.

  • Артурдың әрекетінен өздеріңе қандай сабақ алдыңдар?

  • Жақсылыққа жақсылық жасау барлық адамның қолынан келе ме? Неліктен?

  • Қандай әрекеттер адамдарға қуаныш сыйлайды?

  • Сендер өзгелерден жақсылық жасағанын көргенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

Қызғаныштың кесірі

Г. Әзімбаева

Назымға анасы секіретін жіп алып берген еді. Ол күні бойы аулада жіпті айналдырады. Біресе бір аяқпен, біресе екі аяқпен секірген ол өзін цирктің әртісіндей сезінді.

Жанына көрші тұратын досы Шынар келіп, біраз қызықтап қарап тұрдыда:

  • Екеуміз кезек-кезек секірейік. Жібіңді маған де бере тұр, - деді.

  • Бұл менің жібім, өзіңдікін әкел де, секіре бер, - деді Назым тыржиып.

Досына ренжіген Шынар әрірек барып, орындықта біраз отырды.

Назым жалғыз өзі секіре-секіре әбден шаршады. Біраз уақыттан кейін жібін жинап алды да, қабағын түйіп үйіне келді.

Бағанадан бері ашық терезеден апасы қызының қимылын бағып тұрған болатын:

  • Қызым, саған не болды? – деді апасы.

  • Білмеймін ... Көңілсізбін, - деді Назым.

  • Шынар екеуің бірігіп ойнағанда көңілсіз болмайтын еді, - деді апасы жай ғана.

Бұл сөзден кейін Назым есік алдына жүгіріп шықты. Бірақ маңайда досы Шынар көрінбеді.

  • Назымның әрекеттерін немен түсіндіруге болады?

  • Апасының сөздері Назымға нені ұқтырды?

  • Қызғаныштың кесірі адамдарды неге апарып соқтырады? Қалайша?

  • Қандай құндылықтар мен әрекеттер арқылы қызғаныштан құтылуға болады?

  • Оқиғадан өздеріңе қандай ой түйдіңдер?

Қазыбек бидің жауабы55

Қаз дауысты Қазыбектің тапқырлығы мен шешендігін өз құлағымен естіп, көз жеткізгісі келген бір білгір адам оған:

– Кім жақын? Не қымбат? Не қиын? – деген үш сұрақты қатарынан қойса керек. Сонда Қазыбек би оған былай деп жауап қайырған екен деседі:

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын– қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын,

Адал болса, досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын,

Өз ұрпағың – шөберең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен,

Бәрінен де әйелің жақын.

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат,

Асқар тауың – әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат,

Үят пенен ар қымбат.

Өзің сүйген жар қымбат...

  • Қазыбек биге қойылған сұрақтың мән-мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Дәл осы сұрақ саған қойылса не деп жауап берер едің?

  • Өмірде не қымбат? Кім жақын? Не қиын? Ойларыңды ортаға салыңдар.

  • Өмірлеріңдегі ең қымбат жандарды атаңдар.

«Құлағыңызға сыбырлайыншы...»56

(Үзінді)

Анда-санда ауылдан келіп, әңгіменің майын тамызып айтып отыратын әкей лашығымызда көсіліп жатып, көп уақыт бөгеле бермейді. Ары кетсе үш-төрт күн қонады да, қайтуға асығады. Қаланың тірлігі сондай, алыстан сыйласатын әдетке көшкелі қашан. «Өзіміз пәтер жалдап тұрып жатқанда, бөгелмегені де дұрыс болды ма», – деп ойлап үлгеретін бізден не үміт, не қайыр?.. Бізге сабақ болсын дей ме, әулетіміздің аяулы аналары, аталары туралы көбірек тоқталатын. Сондай әңгімелердің бірі қаламыңды алып қашып, қағаз бетіне төгіле жөнеледі...

Алтайдың арғы бетінде Бағышай анамызға құдалық айттырған Арықбай шалдың (төртінші атамыз) құдасы Семей өңіріне қоныс аударады. Ол кез қазақтың даласы талан-таражға түспеген, шет-шекара жоқ, ары-бері көшіп-қонып жүре беретін. Уағдаласқан сөзі бар, баласын ашамайға мінгізіп көшіп кеткен құдасын іздеп келген Арықбай ақсақалға Бағышайдың әкесі: «Балаң тым жас. Біздің қыз болса ержетіп қалды. Бақытын басқадан іздесем бе деп отырмын. Берген қалың малыңды алдыңа салып берейін, ыразы-қош боп қайт», – дейді. Атамыз оған көнбейді. Ақыры бұл дау-дамай елдің игі жақсылары бас қосатын үлкен жиында талқыланатын болып шешіледі. Бір айдай күткен ол жиынның да уақыты келеді. Елдің сорпа бетіне шығарлары бас қосып, кеңес құрған алты қанат ақ орданың сыртына келген Бағышай анамыз: «Мені іздеп келген кісілер қандай адамдар екен, көрейінші», – деп үйдің жабығынан сығалайды. Төрде қас-кірпігі көзін жапқан, аппақ сақалы кеудесіне түскен абыз тұлғалы ақсақалды көріп: «Мына кісінің кәріне ұшырасам, менің де жолым болмас», – деп іштей байламын да жасайды. Кеңес қыза-қыза келіп, қыздың өзіне жүгінуді жөн санап, ортаға шақырылады. Есіктен иіліп сәлем беріп кірген қызға сөз тізгіні беріледі. Қыз да бөгелместен байламын айтады. «Ақсақалдар, абыздар! Төлеген қалың малын алдына салып мына кісіні «итке қос артқандай» етіп ауылына қайтару жөн білетін адамның шаруасы емес. Әлпештеп, аялап өсірген ата-анамның алдында қарыздармын. Бірақ кез келген аттың басына сала беретін ноқта-жүген емеспін ғой. Кімге атастырса, соған барайын. Баталарыңызды беріңіздер», – дейді. Шарт жүгініп отыра кеткен Арықбай ақсақал алдымен қолын жайып, көзінен аққан жас сақалын жуып, дауысы дірілдеп ұзақ бата береді. Жүйелі сөзге жығылатын халық жасау жабдығымен, салтанатымен Бағышай анамызды аттандырып салыпты...

  • Қыз әкесі неліктен олай істемек болды?оның бұл қылығы дұрыс па?

  • Қыздың сөзі жиналған жұртқа қалай әсер етті?

  • Уәдені бұзу дұрыс па? Әлде бұрыс па?

  • Кез келген адамның өз-ойымен санаспай, сырттан шешім шығару қиянатқа жата ма? Қалай?

Жарты шелек алма57

Мал емшегін еміп, ата кәсібінен қол үзбегенімен шаңырағымызда әжептеуір егістік жер болды. Қардың шеті сөгілісімен егіс атызын тыңайту үшін қора-қопсының көң-қоқырын арбаға тиеп, ауыл адамдары қарбалас тіршілігіне кірісіп те кететін. Ала жаздай суармалы егіс алқабының шаруасы өз алдына, күзгі жиым-терім кезінде біреуді біреу білмей, нақ мұрынға су жетпейтін жағдай туатын. Сондай күздің бірі еді. Ұлғаусар шаруаға жарай қоймаған, «алып кел, көріп келге» енді-енді ебіміз келе бастаған шақ-тұғын. Үйдегі ересектердің барлығы егіс басына кетіп, жалғыз өзім қалқиып қырман күзетіп қалдым. Ұрыдан емес, ауыл үйдің жемқор сиыры мен ешкісінен. Әредік топаны қалың бидайға топырлай қонатын торғайларды да үркітіп отыруың керек. Байқұстардың бөтегесінде кеткен бірнеше тал дәнді қызғанбайсың ғой, шашып кетеді.

Тау боп үйілген бидайды ары-бері айналып жүгіріп жүргенде кенет үнемі өгіз арбасын жетектеп, көкөніс, алма-қауын сатып жүретін дұңған шалдың таныс дауысы естілді. «Қауын алыңыздар, алма алыңыздар!». Бидайды тастап, солай қарай тұра жүгірдім. Қазақшаға судай шалың күніне ауылды бір айналып, саудасын жасап кететін. Арбасына тиелген жеміс-жидегі сілекейді шұбыртып, саудаласуға тура келді. «Алмаңыз қанша тұрады?», – деп сұрап үлгіргенімше, менде ақша жоғын бірден білген әккі шал: «Екі шелек бидай әкеліп бер, жарты шелек алма берейін», – деді. Қуанып кеттім, жүгіріп барып жаман шелектің екеуін лықа толтырып, саудагердің қабына төктім. Жарты шелек алманы мүжілген тамның қалқасына апарып алып, күйседім-ай келіп. Шелектің түбі көрінгенде барып қырмандағы бидайға қаптаған қой-ешкілер мен торғайларды байқап, солай ұштым. Кеш бата көршілерге көмекке кеткен үлкендер оралды. Бәрі қара күйе (бидайға түсетін құрттың бір түрі) басып, өнім ала алмаған Шоңбайдың отбасын айта бастады. «Бала-шаға жас, оның үстіне анау қалада оқитын қыздың оқуына да аз ақша кетпейді. Жиған өнімнің жартысынан көбі өкіметтен алған қарыз-құрызға кетеді. Әйтпесе Шоңбай байқұсқа бірер қап бидай берсек, артық болмас еді. Десе де шамаша көмектесе жатармыз», – деп әкем иегін ұстады. «Менің алма жегенімді мыналар білсе, оңдыртпайды-ау. Қап, сол алманы жемей-ақ, екі шелек бидайды Шоңбайдікіне апарып бергенде, әлдеқайда жақсы болар еді», – деген ой мазалай бастады. Ертесі қалғып-мүлгіп отырғанда кешегі шалым тағы келді. Мұқыл тамнан басын қылтитып: «Ей, бала, алма алмайсың ба», – деп қарап тұр. Басын көздеп, кесекті атып кеп жібердім. Шал баж-бұж етіп, тұра қашты...

Пендеміз ғой, талай қиянатымыз болған шығар. Бірақ осы оқиға есімнен көтеріліп көрген емес. Күнде таңертең жұмысқа келе жатып Жазушылар одағының жанындағы аялдамада алма сатып отырған әйелді көрген сайын «әй, сол алманы жемей-ақ қою керек еді» деген баяғыдағы ойдың бір соғып, мазалап кететіні бар.

  • Бидайды торғайлардан қорғау дұрыс па?

  • Жарты шелек алмаға екі шелек бидайды айырбастағаны әділдік пе?

  • Алма сатушы кішкентай балаға қиянат жасады ма?

  • Алма сатушы не үшін қашып кетті?

Сиқырлы жүзік58

Бiр кедей күнi бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да,лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады.

Бүркiт қанатын қағып-қағып қалады да, кедейге:

– Ей, адам ұлы! Сен менi құтқардың. Мен саған мынау алтын жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. Бiрақ жүзiктен өмiрiңде бiр-ақ тiлек тiлейсiң. Тiлегiң орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып,жәй жүзiкке айналады.Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейiн өкiнiп жүресiң, – дейдi. Осыны айтып, бүркiт ұшып кетедi. Егiншi қуаныштан жүрегi жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң қанша тұратынын сұрайды. Зергер: – Екi алтындай болатын шығар, – дейдi. Кедей қарқылдап күлiп жiберiп, бұл жүзiктiң сиқырлы екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергер қара жүректi, арам адам едi. Ол кедейдi қоярда-қоймай қонаққа шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып қояды. Келесi күнi кедей байғүс жөнiне кетедi, зергер есiк-терезесiн мықтап бекiтiп алып:

– Жүз мың алтыным болса, – деуi мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы-берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүниеқоңыз зергер алтынға көмiлiп өледi, алтындарын көршiлерi бөлiсiп алады. Ал қайырымды егiншi болса, әйелiне жүзiктi көрсетiп:

– Аллаһ бiзге рақым еттi, ендi қалаған тiлегiмiз орындалады, – дейдi. Әйелi:

– Бiз жер тiлейiк. Егiстiкке жер жетпей жүр ғой, – дейдi. – Жоқ! Бiр жыл тырмысып еңбек етсек, жердi өзiмiз-ақ сатып аламыз, – дейдi күйеуi.

Сол жылы өнiмдерi мол болып, жер сатып алады. Егiншiнiң әйелi:

–Ендi жүзiктен ат пен сиыр тiлейiк, – дейдi. – Соны да жүзiктен сұраймыз ба?

Тағы бiр жыл ерiнбей еңбектенсек, оған да қол жеткiземiз, – дейдi кедей. Келесi жылы ат пен сиыр сатып алады. Әйелi тағы да:

– Бұрын сен Аллаһ Тағалаға жалбарынып, тiлек етушi едiң. Аллаһ тiлегiндi бердi.Қазiр патша боламын, зәулiм сарайда тұрамын десең де, бәрi қолыңда. Шаршап-шалдығып жүргенше, рахатқа батып, тыныш отырмайсың ба? – дейдi. Сонда егiншi тұрып:

– Бiз әлi жаспыз, өмiрiмiз алда. Аллаһқа шүкiр, бiзде қазiр бәрi бар. Жүзiктен бiр тiлек сұрасақ, сиқырын жоғалтады. Алдымызда қиын жағдайлар тап болмайтынына кiм куә? Бiздi қандай сынақтар күтiп тұрғанын қайдан бiлемiз? – дейдi. Ерлi-зайыптылардың арасындағы келiспеушiлiк осымен бiтедi. Кедейдiң қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да бақуатты отбасының бiрiне айналады. Жылдар зуылдап өтiп жатады, адал еңбекпен өмiр сүрген егiншi де өмiрден өтедi. Жерлейтiн кезде немерелерiнiң бiрi қолындағы жүзiктi шешiп алмақшы болады, екiншiсi оған қарсы болып:

– Атамыз өмiр бойы бұл жүзiктi қатты қадiрледi, өзi үшiн аса қымбат ескерткiш болса керек. Өзiмен бiрге кеткенi дұрыс болар, – дейдi. Осылай үйге бақыт пен байлық әкелген жай жүзiк егiншiмен бiрге көмiледi.

  • Егіншінің ағашты құлатқаны дұрыс па?

  • Ал, зергер егіншіге не үшін қиянат жасады?

  • Егіншінің бойындағы ізгі қасиеттерді айтып берсеңіз?

  • Екі немеренің іс-әрекетінен не байқадыңдар?

Ақбас тырна – бақыт құсы59

Ерте, ерте, ертеде Ешкітау деген таудың қойнауын сансыз ғажап аң мен құстар мекен етіпті. Ешкітаудың таза бұлағыныңкәусар суын ішіп, аң мен құстар алаңсыз өмір сүре беріпті.

Таудың құлпырған таза табиғатын, кеудеңді кернеген жұпар ауасын, сылдырлай аққан мөп-мөлдір бұлақтарын көрген адам ешқашан ұмыта алмайды екен. Шаршап келген жолаушылар тау басынан сылдырлай аққан салқын бұлақтарынан су ішіп, жан рахатын табады.

Ешкітаудың таза су қоймасын сол аймақта тұратын халық қорғауға алып, тау етегінде тұратын елдің тұрғындарыЕшкітауды мақтаныш тұтыпты.Тау ішіндегі орман –тоғайда өсетін өсімдіктердің емдік қасиеті бар еді әрі онда әлемде кездеспейтін немесе сирек кездесетін емдік шөптер өсіпті. Ешкітауғаалыс елдерден сырқаттарына шипа іздеп келген адамдар керуені толассыз ағылып келіп жатады, керуенмен келген сырқат адамдар Ешкітаудың емдік қасиеті бар шөптерімен емделіп , ауруларынан жазылып, елдеріне қуанып қайтыпты.Сөйтіп, алыс елдерден келген керуендер арқылыЕшкітаудың атағы бөтен елдерге аңыз болып тарайды. Ешкітаудың емдік шөп дәрі-дәрмегінің қасиеті уақыт өткен сайын арта түседі.

Күндердің күніндеауыл адамдарыЕшкітаудың ішіненежелгі адамдар тұрағын табады.Табылған тұрақтан көптеген адамзат тарихы үшін құнды нәрселержәне адамзат баласының бақыты туралы үлкен, тысы асыл тастармен безендірілгенкітап табылады.

Ешкітауда бақыт туралы кітаптың, ежелгі адамдардың бағалы тұрмыстық бұйымдарының табылуын жергілікті тұрғындар оның ерекше жер екендігінің бір сыры деп бағалаған. Адамзат баласының бақытытуралы ілімніңасылсырын ашатын құпиясын қазба кітаптан оқып білген тау адамдары көрші елдің адамдарына қарағанда өте білімді, өте қайырымды, өте мейірімді, өте еңбекқор, өте әділетті жандар болыпты. Сол себепті Ешкітау халқы әр ұлттың өкілдерінен құралса да, өзара тату-тәтті өмір сүріпті. Бақыт іздеген көрші елдердің адамдары осы елге келіп, өз бақыттарын тауып, күйзелген жан сарайлары шуақ шашып, жарық әлемнің сансыз қуанышына бөленіп, өз отбасыларына «Бұл әлем қандай тамаша!» деп, қуаныштары қойындарына сыймай қайтады екен.

Осылай атағы алыс елдерге жайылған осытаудыңетегіндебіркемпірменоныңжалғызұлытұрыпты. Ұлыныңаты – Еркөбекекен. Еркөбек бала күнінен еңбекқор, анасының қолғанаты болып өсіпті. Еркөбектауішінаралап,аңменқұстың қамқоры болыпты.Еркөбектуғанжерініңтабиғатыменел –жұртынжақсыкөріпті. Еркөбектің кедей адамдарға, мүгедектерге, ата-анасынан айырылған балаларға жасаған қайырымды істерін ауылдың бәрі біледі екен. Жас аналар сәбилерінің ержеткенде Еркөбекке ұқсауын армандапты.

Күндердіңкүнінде осы маңайдақатыгезбіраңшы пайдаболыпты,таудымекендегенбағалыаңмен құстардыжөнсізатыпалаберіпті.Қатыгезаңшыныңбұндайжауыздығынанқаттыжапашеккен аң менқұсқайғыжепті.Еркөбек тау тыныштығын бұзған қатыгез аңшының жауыздығынан аң мен құсты құтқаруды ойлап жүріпті.

Бір күні Еркөбек садағын бекем ұстап, тау ішін аралап жүрсе, құрулы тұзаққа түсіп қалған ғажайып ақбас тырнаны көреді.

Тұзаққа түскен тырнаның маңдайы, төбесі, қыл тамағынан бастап, төс етегіне дейін қап-қара, көз аңғалығының үстінен желкесіне қарай жалбырай өскен ақ тұлымшағы бар екен. Еркөбек құстыңсұлулығына таң-тамаша қалды. Еркөбектің есіне өзіне анасының кішкентай күнінде айтқан:

Ұзын, ұзын жол келер,

Ұзын жолдың бойында

Ұзын шұбап қол келер.

Қол бастаған кім десем,

Ұзын сирақ, қысқа тон

Ұзақбай деген зор келер, –деген жұмбағы түсті.Еркөбек тұзаққа түскен ақбас тырнаны босатып алып, оны ұшырып жібереді.

Ақбас тырна Еркөбекті төбесінен үш рет айналып ұшады да, «тырау-тырау» деп тілге келеді:

Еркөбек батыр, сен мені құтқардың! Еркөбек, сен өтеадал, ақ жүрек жігіт екенсің. Енді маған қалаған тілегіңді айт! – дейді.

Еркөбек ойланбастан:

Ешкітаудың табиғи қалпы бұзылмай, оны мекендеген елмен аң,құстың жайлы қонысы болса екен, тау етегін мекендеген адамдар бақытты болса екен деймін,– дейді.

Еркөбектің бұл тілегін естіген ақбас тырна:

Тілегің орындалады. Қайыр, қош, – деп өзінің тамаша тілімен тыраулап ұшып кетеді.

Сөйтіп, ақбас тырна уәдесінде тұрып, Ешкітау киелі жерге айналды, қатыгез аңшылар бұдан былай таудың тынышын алмапты.

Ал анасы мен Еркөбек ұзақ жылдар бойы бақытты өмір сүріпті, ойлаған арман-мұраттарына жетіпті.

Халқы үшін туған жерінің табиғатын сақтап қалған Еркөбектің игі ісін, ақбас тырнаның киелі қасиетін ұрпақтары ғасырлар өтсе де ұмытпай, жырға қосып айтады.

Осыдан бастап халық арасында «Ақбас тырна–бақыт құсы» деген ұғым қалыптасқан екен.

  • Бақыт туралы кітаптың қандай әсері болды?

  • Ергөбектің ақбас тырнаны ұшырып жібергені дұрыс болды ма қалай ойлайсыңдар?

  • Оның тілегі қалай орындалды? Егер ақбас тырнаға қиянат жасағанда не болар еді?

  • Халық Ергөбектің туған жері үшін істеген жақсылығын қалай үлгі етті?

Толыбай сыншы60

Күн көтеріліп келе жатты. Тау бауырындағы аз ғана ауыл кенет дүрліге бастады. Қошақандар маңырап, бұзаулар мөңіреп, құлындар кісінеді. Ауыл адамдары дабырлап сөйлеп жатыр.

Бір әйел бүкіл ауылды басына көтеріп ойбай салды:

– Өткен түнде үйімнен баламды ұрлап әкетті! Бұл - өзінің құрым лашығынан зарлап шыға келген Күнше дейтін жесір әйел еді. Күншенің мұндай күйге ұшырағанын көрген ел-жұрты қатты налыды. Бишараға қалай жәрдемдесеміз деп өзара кеңес құрды.

Арада төрт жыл өтті. Қанша іздегенімен бала табылмады. Толыбай деген сыншы бар, соған барып арыз айт деп, ауыл адамдары Күншеге ақыл айтты. Толыбай мың түрлі аңдар мен құстардың тілін біледі. Адамның не ойлап отырғанын айтпай табады. Жаңа туған еркек құлынның өскенде қандай ат боларын айна қатесіз айырады. Әйтеуір, білмейтіні жоқ деседі. Күнше ерінен қалған торы қасқа атқа салт мініп, Толыбайды іздеп кетті. Елсіз, жолсыз жапан даланы кезіп, жолшыбай талай танды атырды, талай күнді батырды. Өзі жүдеп, аты әбден болдырды. Өлдім-талдым дегенде Күнше Толыбай данышпанның үйіне жетті. Ақ сақалы омырауын жапқан қара шал өзінің жұлым-жұлым қара күркесінің алдында астына ескі текемет төсеп отыр екен. Өзі сіңірі шыққан кедей еді. Сонда да данышпан, айтқан адамдарынан бір тиын ақы алмайтын. Толыбай Күншені жылы шыраймен қарсы алды. Оның келетінін күні бұрын біліп отыр екен.

Сізден ақыл сұрауға алыс жолдан Күнше деген әйел келе жатыр деп, Толыбайға бұрнағы күні қарлығаштары айтып қойған екен.

–Хош келіпсің, арызынды айта отыр, – деді Толыбай.

Күнше еңіреп жылап жіберді:

–Жалғыз баламнан айрылып, канаты кесілген құстай сорлап қалдым, ата! Мұңымды шағайын деп әдейі сізге келдім...Толыбай Күншенің арызын ықыласпен тындады. Құс болып ысқырып қалып еді, бір топ қарлығаш ұшып келді.

Қарлығаштар Күншеніқанаттарымен желпіп, ауыздарынан су себелеп жүр. Толыбай қолын сілтеп, ымдапқалып еді, бір топ қарлығаш тізілген бойларымен Күншенің еліне қарай ұшажөнелді.

Қарлығаштар кешке таман қайтаоралды. Бармақ басындай бір сұр тышқанды алып келді.Тышқан өзінің көрген-білгенін Толыбайға айтып берді.

– Күншенің баласын іркілдеген ала көз әйелдің ұрлап әкеткенін көріп едім, – деді тышқан.

Тышқанның айтқанын Толыбай адам тілімен жеткізіп еді, Күнше еңіреп жылай бастады:

–Ойбай-ай, баламды ұрлаған Айжарық сұм екен ғой. Өмір бойы бала көрмей жүріп, алпысқа жеткенде балалы бола қалғанынан күдіктеніп едім... Толыбай құс тілінде ысқырып қалып еді, дәу екі қара бүркіт жетіп келді де, екі иығына қона қалды. Толыбайбүркіттерге әмір етті:

–Мына Күншенің еліне тез барындар да, Айжарық деген кемпірді баласымен алып келіңдер. Екі бүркіт биікке самғап ұша жөнелді. Ертеңіне күн шығып келе жатқан мезгілде бүркіттің біреуі бет-аузы қожыр-қожыр, екі иығына екі кісі мінгендей, басы қазандай, шүңірек көз қара кемпірді Толыбайдың алдына әкеліп тастады. Екінші бүркіт өзінің қанатына мінгізіп әкелген баланы еппен түсірді. Үріп ауызға салғандай, аппақ, көзіботаның көзіндей жаудыраған әдемі бала аң-таң болып, үнсіз тұр.

Жүрегі бірдеңені сезген болса керек, бала көрген жерден-ақ Күншеге қолын созды. Айжарық баланың қолын қағып жіберді де, өзіне қарай тартып алды.

– Мына Күншенің баласын өзіне бер, сұм қақпас, – деп, Толыбай ақырып қалды.

–Өзің бір алжыған шал екенсің! – деді Айжарық саспай. – Өз баламды неге берейінбіреуге. Бала Күншеден көзін алмай жаутаңдап қарай берді.

– Тілімді алмасаң ерік өзіңде, – деді ашуланып терісіне сыймай кеткен Толыбай, – ендеше,мен бұл баланы екеуіңе тең бөліп беремін! Айбалтасын алып балаға тұра ұмтылды.

Айжарық елпең қағып, бірден көніпқалды:

–Төрелігіңізге құлдық, данышпаным... Баланы Толыбайға қарай итеріп жіберді.

Күнше жалынып, Толыбайдың аяғына жығылды:

– Баланы шаппаңызшы, қайда жүрсе де тірі болсын! Беріңізші соның өзіне... Толыбай сонда

сөйледі:

– Әй, Айжарық, жүрегің тастан жаралған зұлым екенсің. Қәнеки, Күнше, сен баланды қайтып алып, игілігін көр, мұратыңа жет! – деп батасын берді.

Айжарық қара бет болып, отырған орнынан тұра алмай қала берді.

  • Айжарық не үшін Күншенің баласын ұрлап алды деп ойлайсыңдар?

  • Толыбай баланы екіге бөлемін дегенде Айжарық неге қарсы болмады?Оның бұл әрекеті дұрыс па?

  • Күншенің қарсы болуының себебі не?

  • Толыбай қандай адам?Ол қалай әділ шешім шығарды?

Достық – мәңгіліккөктем61

Айналайын,ақниетті адамдар! Мынау дархан дүниеде сендерге шаттық сыйлайтын, мейірім шапағатына бөлейтін, адамгершілік қасиетіңді арттыратын бір нәрсе бар. Ол - мерейіңді тасытып, жүрегіңді алау боп маздайтын – Достық деген құдіретті күш. Осы құдіретті күштің, сенімді сыйластықтың арқасында арман қанаты қатайып, көңіл көкжиегі кеңейіп, ізгілік нұры жарқырай түседі.

Көктем – мәңгілік емес. Жауқазын шақ – жастық шақтың да кәрілікке ауысатын кезі болады. Асыл достық қана мәңгілік, жаңғырып тұрары сөзсіз. Достық суымайтын жүрек жылуы мен қуанышқа, көңіл көктеміне бөлейді.

Тарихшежіресінде өмірінің соңына дейін осы бір киелі сезімді қадірлеп, ту етіп өткен жандар қаншама?! Қимас дос үшін басын қатерге тігіп, жанын құрбан еткендер де кездескен. Осының сырын ұққанда, оттан да ыстық өмірдің мәні де, мағынасы да адамдардың бір-біріне деген махаббаты мен ұлы достығынан тұратынын еріксіз мойындайсың. Дегенмен, кейбіреулердіңжалған сыйластығын, уақытша достығын көріп, қынжыласың да... «Есепті дос айрылмас» деп халқымыз бекер айтпаса керек.

- “Достық деген таусылмайтын қазына,

Көктемде солып қалар гүл емес...” -

деген ақын Т.Айбергеновтің өлеңі ойға оралады.

«Дос – ажарың, жолдас – базарың», «Ағаш тамырымен, адам досымен мықты», «Доссыз өмір – тұссыз аспен тең»... Тағы сол сияқты аталы сөздерді оқыған сайын шабыттана түсесің. Ал, «жаныңа жақын, өмірлік досың кім?» деген сұраққа кейбіріміздің иығымызды қиқаң еткізіп, енді біріміздің «ондай адам жоқ шығар» деп күмілжи жауап беретініміз анық.

Бірде мен (сөзден сөз туып кетіп), осы асыл сезім туралы ой-пікірін білгім кеп: «Достық деген не?» - деп сұрақ қойдым, қасымдағы Т. деген танысыма. Ол езуіндегі темекісін сора түсіп, жымия күлді. Күлкісінен «сенің айтып отырғаның қандайдостық?» - деген ұғымды аңғару қиын емес еді. Менің ойнап отырмағанымды ұқты ма, артынша салмақты қалыпқа түсіп, ойланғандай боп жауап берді:

- Достық деген... біреуге бірдеңе берсең – сол достық. Біреуді мақтасаң – соның досысың, ал, «оңбағансың» десең – соның қасысың. Жалпы, достық дегенбіреуге бірдеңе берумен бірге, оның көңілінен шығу, міне осыдан кейін достық шығады. Өйткені берсең – аласың ғой..., - деп сөзін жұтып аяқтады. Оның өзіндік пікірі осындай, сезімі де солайқалыптасқандығы осы сөзінен көрінгендей еді.

Жоқ, Т., қателесесің, олай емес. Достық тек «беру-алумен» ғана өлшенбейді. Достық бір-біріңе деген іңкәрлігімен, сағыныш сезімімен, сыйластығымен, қимастығымен қымбат. Иә, ол жан дүниеңмен астасып кеткен басқа да толып жатқан асыл қасиеттерімен дараланады. Иә, қиналғанда мұңыңды, сағынғанда қуанышыңды, көңілдегі барлық сырларыңды, жүректегі ыстық сезіміңді бөлісетін жан қашанда сен үшін қадірлі емес пе?!

«Адал дос алтыннан да қымбат», - дейді. Достық – көңілдің жыры, кәусар бұлағы, өмірдің мәні. Достық – адамдарға шынайы сезім шуағын, көңіл қуатын жеткізетін, бақытқа бөлейтін нәрсе. Достық - бұл мәңгілік қартаймайтын, үнемі гүл болып, нұр болып тұратын жастық шақ! Осы құдіретті күштің әсерінен жасына қарамай көңілі көктемге бөленіп, жаны жарқын жаздың шұғыласындай болса, мұны жастық демей не дейміз? Ал жастық - өзінің жалындаған жігерімен, достыққа деген адалдығымен, азаматтық атқа беріктігімен танылатынын өз табиғатында адамдықтың туын биік ұстағандар жақсы біледі.

Әлгі Т. танысымның жоғарыдағыдай сөзіне көңілім түсіп қалғаны соншалық, оған бір түрлі жаным ашыды. Достық туралы түсінігі мынадай болса, оның шын ниеттес, мейірімді досы болмағаны да? «Доссыз адам – қанатсыз құспен тең», - демей ме халық. Құстың қанаты болмаса, ол ұшудан, биікке көтерілуден қалады. Шын досы жоқ адамның көзі ояу болғанымен, көңілі соқыр дер едім. Ал, есеппен дос болу – алдамшылықтың белгісі, тек көзбояушылық қана. Жалған достық жарға жығады. Халық қашанда дана ғой. Атамыз қазақ ежелден-ақ достықты, азаматтықты дәріптеп, қадірлеген. «Жасық жолдастан жыңғыл таяқ артық», «Жолға шықсаң жолдасыңның жүгі болма, жұбы бол», «Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі», - дейді.

Сырым шешен бірде (жасырақ кезінде болса керек) Бала би деген қарт шешенге жолығады. Бала би сынамақ мақсатпен мынадай сұрақтар қойыпты:

- Үгітті, ақылды қандай адамдар айту керек?

- Үгітті ұққанға, ақылды жұққанға айту керек.

- Ат пен ер қандай жерде, не үшін шабады?

- Шабысыңа қарай, ер намысына қарай шабады.

- Дүниеде не тәтті?

- Аста тұз тәтті, адамда дос тәтті, - деп сонда алғырлықпен, тапқырлықпен жауап берген екен Сырым батыр.

Иә, мынау жарық дүние болғалы осы киелі атты қадірлеп, асыл сезімді ардақтай білгендер қаншама десеңізші! Қол жинап, көтеріліс бастаған Исатай Тайманұлы мен халықтың қаһарман да айбынды ақыны Махамбет Өтемісұлының қажет кезінде басын қатерге тігіп, бір-біріне сенімді серік, айрылмас дос болғаны тарих шежіресінен белгілі. Ақындар Төлеген Айбергенов пен Мұхтар Шаханов ізгі көңілдерін жүректен шыққан жырларымен жеткізген.

... Жазушы Мұқан Иманжанов пен қазақ әдебиеті публицистикалық жанрына өзіндік үлес қосқан Баубек Бұлқышевтардың адамдық махаббаты, айнымас достықтары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай. Сонау қанқұйлы соғыста жүріп, алыстағы досына жазған бір хатында Баубек:

«... Досым, есіңде бар ма, Корчагин соғыста жараланып, ауруханаға түскенде партбилетінің арасынан «егер өле қалсам ағама білдір» деген адрес жазылған бір кішкене қағаз шығады ғой. Міне, сондай қағазды жазуға бізге де кезек келді. Аты-жөнімізді жазып, өз бойымызды сақтау үшін әрқайсымызға кішкентай медальон берілді. Бұл минут өмірі естен шықпас-ау! Осы кезде «өлім», «өмір» деп жарыса ұшқан екі сөзді айтсаңшы! Бәрі де үнсіз тына қалған, бәрінің де жүзінен байсалды пішін, терең ой аңғарылады. Иә, достарым ойға кеткен. «Кімді жазу керек?». Біреудің әкесі ауылда, ағасы қалада деген сияқты ең алдымен жаманат хабарды кімге естірту керек? Бұл шынында, ойланатын минут.

Жігіттер жазуға кірісті. Біреулері туған жерінің, ата-анасының адресін, екіншілері ағасының немесе сүйген жарының адресін жазып жатыр. Қысқасы, әркім ең сүйікті, ең жақын адамын жазуда. Әлден уақыттан кейін мен де жазуға кірістім. «Сол қағазды әлі сақтап жүрмін, жоғалтпай саған көрсетермін-ау». Мен кімді жазды дейсің ғой? Ең жақын, ең досым деп жазған кісім сен білмейтін біреу болды. Егер өліп кетсем сол жазған адамыма өте ауыр тиеді-ау деп те ойладым. Дегенмен, менің өлімімді біреу естігенше, әуелі сол ең жақын адамым естісін дедім. Ол адам – адал досым еді, сен едің...» - деген еді.

Міне, өлмес достық, мәңгілік махаббат!

«Біз – доспыз!» Сен осылай деп жаһанға жар салғың келеді. Дүрсілі қатты кішкентай жүрек осылай деп үн қатады. Бәлкім, болашаққа сенгендіктен болар. Бұл кейбіреулерге (әсіресе Т. сияқтыларға) күлкі боп көрінуі де мүмкін. Мейлі!

Жаса, жасай бер! Бал қаймағы ажырамайтын, іргесі сөгілмейтін Достық! Жаса, жасай бер! Шынайы сезім сыйластығынан туған, кеуделерде от боп алаулайтын Достық!

Жаса, жасай бер! Бірлік пен тірлікті ұғындырған, бір-біріңе деген риясыз тілеулестікті сездірген Достық! Бұл парасаттылықпен, үлкен жүрекпен адамдар арасындағы ұлы Достыққа бас иіп өткендердің жолын жалғастыру, қастерлеу – біздің азаматтық парызымыз да, борышымыз...

«Дос құшағы – жаз» дегендей, көріскен кезде құшақтасып, шұрқырасып жатқанға не жетсін шіркін?! Көріспей қалса тағатсыздана, бір-бірін іздеп, сағына білудің өзі – бақыт емес пе?! Мұндай керемет сезімді кез-келген жан бастан өткерсе керек.Үлкен Жүрегі бар жанда Үлкен Достық болмақ. Біреуді сүйе білу үшін де, жақсы көре білу үшін де ізгілікті дархан жүрек керек. Ондай жүрек жоқ жерде достық та жоқ. Екі адамның көңілден ақтарылған достық сезімдері арнасын тауып, көңіл көктеміне бөленіп жатқанының өзі қандай ғанибет!

Айналайын,ақниетті адамдар!Сонау бала кезден, балғын кезден басталған немесе жастық жігермен шыңдалған, сондай-ақ қиын-қыстау кезеңдерде сыналған достықтарың жоғалмасыншы. Достық көңілді бұлт шалмай, ізгі ниетті сатқындық жайламасыншы. Бір-біріне деген үздіккен көңілдердің жетімсіремеуін қалар едім. Адал достардың араларына қызғаншақтық, көреалмаушылық, өзге де пендешіліктер кіріп кетпесе екен.

Өзгелердіңсұқ көзі, өсек сөзі тимесе екен дейсің. Шын жүрегіңмен осынау достықтың жібі үзілмегенін қалайсың. Сарғайып сақталған альбомның бір шетіндегі:

... Өзің барда гүлденді көңілім де,

Көрсем деймін, досым-ау, сені күнде.

Атың мәңгі жүрекке жазылды ғой,

Ту болып желбірейді сенімімде! –

деген жолдар соныңайғағындай.

* * *

Айналайын, аұ ниетті адамдар!Мынау дархан дүниеде сендерге шаттық сыйлайтын, мейірім шапағатына бөлейтін, адамгершілік қасиетіңді арттыратын, мерейіңді тасытып, жүрегіңде алау боп маздайтын – Достық деген құдіретті күштің туы мәңгілік желбірей берсінші!!!

  • Тек риясыз сүйіспеншілік қана адамдар арасындағы достыққа дәнекер бола ала ма?Неліктен?

  • Адал, қиянат жасамайтын дос болу үшін адамға ең алдымен не керек деп білесіңдер?

  • Қайткенде адамның ішкі жан-дүниесі тыныштық табады?

  • Достықтың биік өлшемі деп қандай тұлғаларды айта аласың?