Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сүйкімді Ботагөз

Әңгіме

Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келетін. Ол үнемі терең ой құшағында жүреді. Ұстазының әр сөзін байыппен, ерекше ынтамен тыңдап, іштей қайталап отырады.

Бүгін мұғалім ерекше тапсырма берді... Оқушыларға “Алтын Балық” ертегісін оқып беріп: “Егер сендер алтын балықты ұстап алсаңдар, қандай армандарыңды қағазға жазар едіңдер?”- деді.

Оқушылар өз армандарын қуана күбірлеп жазып жатты.Аздаған үзілістен соң олар өз жазғандарын оқып берді.

Ержан:

  • Маған машина керек! -деді.

Жансұлу:

  • Маған әдемі қуыршақ керек!- деді.

Тек Ботагөз ғана үндемей отыра берді. Мұны байқаған мұғалім:

  • Ботагөз, сен алтын балықтан қандай тілек тіледің?-деп сұрады.

Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагөз өз жазғанын оқып берді:

– Егер де мен, алтын балықты ұстап алсам, ең бірінші анама денсаулық сұрар едім. Анам ауырып қалса, қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме, сүйікті тәтеме де, егер ата-анам қасымда аман-сау болса, қалғанының бәрі болады! - деді.

Мұғалім Ботагөзгеүлкен сүйіспеншілікпен қарады, оқушыларда үлкен ойға батып кетті.

  • Адамдардың бақытты болуы неге байланысты?

  • Ішкі тыныштығың мол болу үшін не істеу керек?

  • Бақытты адам қандай қасиеттерімен сипатталады?

  • Егерде сіздерге алтын балық кездессе,сіздер оған қандай өтініш айтар едіңдер?

  • Бірінші байлық – денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Жамандық неден болады?

Ертегі

Ертеде орман арасында бір жалғыз кісі тұрыпты,бұл кісіден аң, құстар қорықпай,адамша сөйлесіп жүреді екен.Бір күні әлгі кісі талдың түбінде жатқанда,барлық құстар жиылып,сол жерге түнемек болыпты. Аң,құстар өзара әңгімелесіп:

- Осы дүниедежамандық не себептен болады? -деп бірінен-бірі сұрайды.

Сонда қарға айтыпты:

  • Дүниедегі жамандық аштықтан болады.Сондықтан аш болмаудың қамынойлау керек,-деді.

Көгершін айтты:

  • Менің ойлауымша,жаманшылық аштықтан емес, сүйіспеншіліктен болады.Егер де біз жалғыз болсақ,біздің жұмысымыз аз болар еді.Біз екеу-екеуден тұрамыз.Өзіңнің жан жолдасыңды жақсы көрген соң,саған тыныштық жоқ.Оның тамағын тоқ,көйлегін көк етуді ойлайсың.Сондықтан жаманшылықтың бәрі осы сүйіспеншіліктен болады,-дейді.

Жылан айтты:

  • Меніңше,жамандық ызақорлықтан болады.Егерде біз тату тұрсақ ызаланбас едік.Сонда бізге бәрі де жақсы көрінер еді.Егерде бір нәрсең көңілдегідей болмаса,бек қатты ашуланасың.Ашу кезінде ешкімді аямайсың.Міне жамандық ызақорлықтан болады,-деді.

Бұғы айтты:

- Меніңше,дүниедегі жамандық қорқақтықтан болады.Егерде біз еш нәрседен қорықпайтын болсақ,бәрі де жақсы болар еді.Мен жүйрікпін,күшім көп,кішкентай аңдарды мүйізіммен сүзіп құлатамын,үлкен аңнан қашып құтылам.Сондықтан қорықпау керек,батыр болу керек,-деді.

Сонда баяғы тыңдап отырған кісі айтты:

  • Сендер бәрің де жамандықты не себептен болатынын дұрыс айттыңдар.Біз адам баласы оны жақсы білеміз,неге десеңдер біз жамандықты да,жақсылықты да көп істейміз.

Аштық,сүйіспеншілік,ызақорлық,қорқақтық-бәрі де біздің тәнімізді сақтау үшін керек.Бірақ біз тәнімізбен тіршілік етпейміз,көбінесе жанымызбен тіршілік етеміз.Егерде біз бәрінен бұрын тәнімізге қызмет қылмай,жан күйінеқызмет етуді тілесек,онда біз аман болар едік,-деді.

  • Мәтіндегі «біз тәнімізбен тіршілік етпейміз,көбінесе жанымызбен тіршілік етеміз» деген сөйлемнің мағынасы неде?

  • Жанымызды сақтау үшін қажет қасиеттер ?.

  • Сол қасиеттерді дамыту үшін не істеу керек ?

  • Балалар біз осы жаман қасиеттерден арылатын болсақ жақсы қасиеттердібойымызға қалайсіңіре аламыз?

  • «Жаман қасиеттерден арылу жолдары» атты жоспар жаса.

Кешірімділік

Өмірде бірАйсұлу есімді қыз болыпты.Ол үш жылдан астам уақыт ішінде ақша жинап,өзінің армандаған қымбат алматылық тұсқағаздарын сатып алады.

Күндердің бір күніндеқыз компьютермен жұмыс істеп отырғанда,есікті біреу қағады.Ашса, бірбала ескірген,керек емес киімдерді сұрайды.Қыз оны аяп үйіне кіргізіп,арғы бір бөлмеге жібереді.Ол бала кімдерді алып келе жатқанда,байқамай бояуға толы шелекті төңкеріп алады.

Мұны естіп,қыз жүгіріп келеді.Қараса,жақында ғана жабыстырған алматылық тұсқағаздарыбүлінген.Ол қатты ызаланып,балаға ашулы қарады.Бірақ оның жалтылдаған,жасқа толы көздерін көргенде,ызасы басылады.Сол сәтте ол :

  • Балақай, ештеңе етпейді!-деп,бөлмеден тағы киімдерін қолына ұстатап,мейірімділікке толы жүрегімен үйінен шығарып салады.

  • Қатты ызаланып тұрған адамды сабырлыққа шақырудың жолдары қандай?

  • Мейірімділікке толы жүректі адамның әрекеті немен сипатталады?

  • Өзіңнің ашуланып тұрған кездерің болды ма?

  • Сол кезде, сабырлыққа өзіңді қалай шақырдың?

Тиін

Н. Жанаев

Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім,

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.

  • Үйдің іші жылы болу үшін не істеу керек?

  • Адамдардың көңіл-күйі үйдің жылы болуына әсер ете ме?

  • Сіздер өздеріңіздің үйіңізде жылылық болу үшін не істейсіздер?

  • Үйде тыныштық болу үшін өзіңді қалай ұстайсың?