Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қайыңның көз жасы

Т. Әбдірайым

Тамыз айы. Тал түс. Күн күйіп тұр. Бес жасар Қапан есік алдына шығып, аз-кем ойланып тұрды. Сонау ауыл шетіндегі көл маңы үпір - шүпір балаларға толы. Асыр салып, салқын суға шомылып жүр. Қапан шолақ шалбарының ышқырын бір көтеріп, үй айналды. Көлге жаяу барғысы келмей, көкке өрлеп, жасыл жапырақтары жайқала өсіп тұрған бала қайыңның жалқы бұтағын сындырып алды. Дереу «атына» мінді де, ауыл шетіне қарай «шаба» жөнелді. Бұл оқиғаны көрші қарт көріп отырған.

Қапан кешке бұтағы сындырылған бала қайыңнан су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта-қайта қарап таң-тамаша. Осы сәтте Күркебай қарт таяп келді.

Қапан оған:

– Ата, айтыңызшы. Бұдан неге су ағып тұр, – деді қайыңның дінін нұсқап.

– Су емес. Қайыңның көз жасы ол. Біреу бұтағын сындырған. Жаны жараланып жылап тұр соған. Тілі жоқ айтатын. Қайтсін, байғұс! Табиғат перзенті– тал, терек ағаштыңда жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны осы...

Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесіне жеткендей, басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата!» деген сөзді іштей қайталай берді.

  • Әңгіме неліктен «Қайыңның көз жасы» деп аталады?

  • Неліктен қайың жылады деп ойлайсыңдар?

  • Көрші қарт Қапанға оның теріс әрекетін қалай түсіндірді?

  • Өздерің табиғатқа қандай қамқорлық жасайсыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

Сараңдық пен жинақылық

Ы. Алтынсарин

Бірнеше кісілер бір жетім-жесір қалған үй ішін жылу жиямыз деп әр үйге қыдырып барып жүріп, бір байдың үйіне келсе, бай жұмыскеріне бір кішкентай жіпті жаңбырда ұмытып, далада қалдырыпсың деп, қатты ұрысып тұр екен. Ұрысып тұрып айтады:

– Сен білмейсің, ол кішкентай ғана жіп те болса, малға сатып алынған нәрсе, малдың табылуы оңай емес, – деп.

Мұны естіп, көріп, әлгі жолаушылар өзді-өзі сөйлесті.

– Бір жаман жіпті далада ұмытып қалдырдың деп сонша кейіп тұрған адам бізге еш нәрсе бере қоймас, аузымызды ауыртпай келген ізімізбен қайталық.

– Ішінде біреуі айтты:

– Неміз кетіп барады, келген соң бұған да айтып кетелік.

Бұл сөзбен байға келіп, сәлем берді. Бай бұларды әдеппен үйіне кіргізді. Сонан соң келгендердің жұмысын есітіп, сол жердің өзінде бөтендерге қарағанда екі есе ақша шығарып берді және мұнан басқа төрт-бес қап астық беремін деп уәде етті. Мұнысын көріп жолаулышар таңданып отырды да өздерінің далада байды сараңға санағандарын айтысты.

Сонда бай айтты:

  • Аз нәрсені азсынбай, қадірін біліп жинағаннан осындайкем-кетікке жәрдем беруге қолым жетісті, жинақтылық сараңдыққа қосылмайды.

  • Келген адамдар қандай жағдайға тап болды?

  • Адамдардың қанағат етуді түсінуіне қандай жағдай себеп болды?

  • Сараңдық пен жинақтылықтың айырмашылығы мен ұқсастықтығы неде?

  • Өз бойларыңда ұқыптылықты қалай дамытасыңдар?Мысалмен айтып беріңдер.

Жарлы мен бай

С. Көбеев

Бір жарлы кісі бай кісіге келіп, одан қайыр сұрады. Бай оған еш нәрсе бермей, кет десе де жарлы шығып кете қоймады. Сонда бай кісі жерден тас алып, онымен жарлыны ұрып қуды. Бейшара жарлы байдың атқан тасын жерден көтеріп алып, қойнына тықты да «Осы тасты байға атқандай болғанша сақтармын деп» ,– шығып кетті.

Бірнеше уақыттар өткен соң айтылмыш бай кісінің дәулеті кеміп, басы сотқа байланып, ақырында қараңғы үйде кіріптар болды. Ертеде айтылмыш жарлы сақтап жүрген тасын алып, байға атайын деп келді-дағытұра қалып айтты: «Бекер-ақ бұл тасты сақтап жүрген екем, бұл кісі бұрын бай кезінде одан қорқушы едім, енді бұл қалпында аяймын,– деді-дағы, тасты жерге тастай берді.

  • Бай жарлы адамға қандай әрекет жасады?

  • Адам өзінің жасаған істеріне қалай жауап беруі керек,– деп ойлайсыңдар?

  • Сендер жарлы адамның бойындағы қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңдар?

  • Өкпе реніштеріңді қалай жеңесіңдер?

Байлық

М. Дулатов

Бір жарлы жігіт жас күнінде оқыған ұстазымен жолығып, өзінің бұл күнде кедей болғандығын шақты. Онымен бірге оқыған серіктерінің көбі бай болып, кейбіреулері жұртқа қадірлі кісі болып кеткен. Өзінің әрқашан көрген күні жоқшылық екенін сөйледі. «Қалайша сен өзің айтқандай кедейсің? – деді ұстазы. Сенің денің сау, қол-аяғың аман, жұмысқа жарарлықсың». Және шәкіртінің оң қолын көрсетіп сұрады: «Сен мына қолыңды мың сомға кестіруге рұқсат етер ме едің?». «Құдай сақтасын! Он мың сомға да кестірмеспін», – деді жігіт. «Қаншаға берер едің жарық дүниені көретұғын қырағы көздеріңді, сақ құлақтарыңды, мықты аяқтарыңды?» – деді ұстаз. «Мен бұларды дүниенің малына да айырбастамас едім», –деді шәкірт. Сонда ұстаз шәкіртке: «Қалайша енді осынша байлыққа ие бола тұрып, жарлымын дейсің?» – деді.

  • Жарлы жігіт ұстазына не туралы айтты?

  • Ұстазының жауабынан нені байқадыңдар?

  • Адамның саулығы басты байлығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ішкі жан дүниенің тазалығы адамның денінің сау болуына қалай көмектесетінін айтып беріңдер.