Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Арыстан мен тышқан

Ертегі

Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Бейшара тышқан жалына бастайды:

– Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын, – дейді ол.

Арыстан тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді.

Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып, ағашқа таңып тастайды. Тышқан арыстанның ақырғанын естіп, жүгіріп келіп, арқанды тісімен қырқып:

– Есіңде ме, сен менен жақсылық күтпеген едің ғой. Енді, міне, тышқаннан да қайырымдылық келетінін көрдің , – депті.

Көрдің бе, кішкентай тышқан да үлкен арыстанға көмектесе алады екен.

  • Әңгімедегі ойды қалай түсіндіңдер?

  • Кішкентай тышқан қандай әрекет жасады?

  • Өздерің қандай қайырымдылық пен жақсылықтар жасап жүрсіңдер?

  • Сендер өзгелерге қайырымдылық жасағанда өздеріңді қалай сезінесіңдер?

Маса мен бал арасы

Ж. Әлмашұлы

Кәдімгі ызылдауық Сары Маса бұл дүниеде ешкімді өзіне тең көрмейді екен. Адамның тәтті қанын сорып үйренген ол – басқалардың тіршілігіне тұмсық шүйіре қарапты. «Рақат өмір тек менікі!» – деп ойлапты.

Бір жолы шаң-тозаң басқан гүлдердің бірінен соң біріне қонып жүрген бал Арасын көріп аяушылық білдіреді.

  • Әй, Ара, сен не істеп жүрсің?

  • Мен бе? – дейді бал Ара.

– Мен мына әр түрлі гүлдерден тәтті шырын іздеп жүрмін.

– Оны қайтесің?...

– Тәтті шырыннан бал жасаймын. Менің тіл үйірер балымды басқалар сүйсініп жейді.

– Тфу! Балыңды қайдам, бірақ мына түріңе күлкім келіп тұр.Үсті-басың не болып кеткен.

– Шаң шығар кейін тазалап аламын ғой. Мен осы киіміммен гүлдердің барлығын тозаңдандырамын.

– Оның қажеті не? Әп-әдемі гүлдерді де ластамақшысың ба?

– Жо-жоқ, сен түсінбей тұрсың. Гүл тозаңданса, оның пайдасы көп. Келер жылы одан да әдемісі өсіп шығады.

Маса сәл ойланып қалды. Алайда бал Араның сөзіне мән бере қоймады.

– Мен саған бір ақыл айтсам, тыңдайсың ба? – деді Маса енді оған.

– Айта ғой, әуелі тыңдап көрейін.

  • Айтсам, сен мына азапты тірлігіңді қой. Кел, онан да дос болып, тәтті қан сорайық. Бұл өмірде онан өткен рақат нәрсе жоқ шығар!

Бал арасы қорқып кетті.

– Өйтіп біреуге қиянат жасағым келмейді. Өзің сора бер қанды.

– Әй, сен не? Жақсылықты түсінбейсің бе? Мен саған ішкі сырымды айтып тұрсам, тыңдағың келмейді ғой. Сонда Бал арасы:

– Саған азап құсап көрінгенімен, өзіме осы ісім ұнайды,–деді. Маса енді ашуға булығып:

– Онда өмір бойы осылай үсті-басың кір-кір, елге күлкі болып жүре бер, – деді де, ұша жөнелді.

– Кімнің елге күлкі болатынын көрерміз, – деп, бал Арасы қала берді.

Әйтсе де, ызыңдауық Масаның осы жолғы сапары шексіз аяқталды. Бір кісінің шекесіне жабысып алып, енді қанын сора бергенде, шапалақ шарт етті. Маса өліп қалатын ба еді, абырой болғанда, шапалақ жанамалай тиіпті. Алайда, инедей үшкір тұмсығы іске жарамай қалды. Енді қан соруға шамасы жоқ. Ұялғаны болар, Сары масаның Ара досына көрінгісі келмейді.

  • Сары маса мен Араның арасында қандай әңгіме болды?

  • Өзімшілдік неліктен жеңіліс табады деп ойлайсыңдар ?

  • Дұрыс әрекеттің әрқашан жеңіске жететінін немен түсіндіруге болады

  • «Біреуге жасаған қиянат өзіңе қайтып оралады» дегенді мысалмен түсіндіріп көріңдер.