Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Байлық пен ақыл

Ертегі

Бір қарияның төрт ұлы болыпты.Бір күні қария ұлдарын жинап былай депті:

  • Мен қартайдым.Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті.Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады.Әрқайсыларың маған байлықтарың мен ақылдарынды көрсетіңдер, – депті.

Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:

–Міне, менің байлығым.Ал кім бай болса, сол ақылды, – депті.

Екінші ұлыасыл киімдерін киіп,әдеміленіп келеді де:

– Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,- дейді.

Үшінші ұлы күмістен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:

– Мұндай белдікті, – дейді, – ешкім ешқашан буынып көрген жоқ.

Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайдыда, ең кіші ұлына қарап:

– Сен неге үндемейсің?Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?-дейді.Сонда кенжесі былай депті:

– Менде асыл тастыжүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдікте жоқ.Тек еңбексүйгіштік қолым, қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар.

Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды.Ол өзінің мұрагері болады деп кіші ұлын айтыпты.Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауларын өсиет етіпті.

  • Рухани байлықты қалай түсінесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

  • Әңгімедегі «еңбексүйгіштік қолым, қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өз бойыңдағы рухани байлықты сақтап қалу үшін не істеу керек?

Ақымақ өгіз

Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Жалғыз сиырдың сүті – олардың қорегі болыпты. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай өле беріпті.

– Кемпір, ашықсақ ашығайық, бір жылға бірнәрсе етіп шыдармыз. Енді сиырды саумай-ақ қойшы, сүтін бұзауы емсін, – деді шал.

–Жарайды, саумасам саумайын, бұзауы уызға жарысын.

Үш күннен соң сиыр еркек бұзау туады. Бұған қуанған олар қанша тарықса да, ашықса да сиырды саумай, барлық сүтін бұзауға береді. Енесінің бар сүтін бір өзі еміп өскен бұзау үлкен өгіз болып шығады.

Күндердің бір күнінде ол өзінің семіздігіне масаттанады.

Осындай зор, сұлу денеммен мына бір жаман сиырлардың ішінде жайылып жүргенім лайықсыз екен, түйелерге барып қосылғаным дұрыс шығар деп ойланды.

Өзін ерекше зор сезініп жүрген ол барынша – ақ түйе болуға тырысып бағады.

Олардың жеген шөбін жейді, алыс шөлге кетіп, сортаң жалайды. Ақырында шөлден қатып, іші ауырып, шыдай алмайды.

– Әбден өлетін болдым, жылқыларға барайын. Олар түйеден кішірек қой, азабы да жеңілірек болар деп, өгіз аттанды.Жылқылар ішінде жүрген де оған жайсыз болады. Соларға ілесіп, қатарларынан қалмай шауып жүремін деп әбден шаршайды.

Бір күні қасқыр тиіп, жылқылар дүркірей қашады.Бұл ілесе алмай айдалада қалады. (Жылқылар қашып кетеді де, өгіз қора қасқырдың қоршауында қалады).

– Мө-ө-ө-өөө! Құтқарыңдар мені. Құтқарыңдар! Мө-ө-ө! Мө-ө-ө-өөө! Кім бар маңайда? Мө-ө-ө! Деп мөңіреді өгіз.

– Бұл не айқай? Құлақ түріңдерші!

– Таныс дауыс қой өзі.

– Қайдан шыққан дауыс?

– Жүріңдер, жота асып қарайық, – деді сиырлар. 

Табын сиыр жотаға шықса, сол баяғы өздерін менсінбей жылқыларға барып қосылған өгіз қасқырлар қоршауында қалған екен.Олар өгіздің жаман қылығына ешбір кек сақтамастан, өгізді қасқырлардан құтқарып алады.

– Мен сендерді ренжіттім. Өз туыстарымнан бөлініп кеттім. Ақылсыздығымнан осындай жағдайға тап болдым. Тату болған, туыстармен бір жүрген қандай жақсы! «Бөлінгенді бөрі жейді!», –деген осы екен.

– Кешіріңдер мені, мө-ө-ө-өөө! – деп кешірім сұрады өгіз.

  • Жаман қылықтарға кек сақтамай кешірім беру және кешірім сұрау сендердің қолдарыңнан келе ме?Өз өмірлеріңнен мысалдар айтып беріңдер.

  • Осыған ұқсас жағдаяттар туралы әңгімелеп бере аласыздар ма?

Ақ тиіннің ақылы

Қалың орман ішінде бір аю өмір сүреді.Оның кішкентай ғана сүйкімді қонжығы болады.Қонжыққа айналасындағызаттардың бәрі қызық болып көрінетін.Бір күні ол араның ұясын көреді.Қонжық араның балын жегісі келіп,жанталасып ұяны бұза бастайды.Мұны ағаштың басында отырған ақ тиін көріп қалады да:

  • Ей қонжық! Сен не істеп жатырсың? Обал емес пе? Олар күндіз-түні дамыл таппайеңбек етеді.Ал сен болсаң,олардың ұясын бұзып жатырсың? – дейді.

Қонжық ойланып қалады да, сәлден кейін:

- Мен балды өте жақсы көремін, - деп жауап береді.

- Жақсы көргеннен бәріне де жақсы болуы керек: саған да,оғанда.Ал сенің жақсы көруің оларға тек жамандық әкеліп жатыр,- деді ақ тиін.

- Енді не істейін? – деді ұялып қалған қонжық.

- Әрине бал өте тәтті.Бірақ араныңұясынбұзбай-ақ тәтті табуға болады ғой.

-Қалайша? – деп сұрады қонжық таң қалып.

- Байқапқарасаң, орманда тәтті зат көп.Әне түйежапырақтардың астында құлпынай өсіп тұр.Мына теректің түбі таңқурайға тұнып тұр.Жеп көрсең, дәмі аузыңнан кетпейді.

Қонжық содан бері араның ұясын бұзбай жеміс-жидектермен қоректенетін болды.

  • Қонжықтың бойынан қандай қасиеттер көрдіңдер?

  • Ақ тиынның «Жақсы көргеннен бәріне де жақсы болуы керек: саған да,оғанда» айтқан сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Сендердің бойларыңда қандай жақсы қасиеттер бар?

  • Өз қателіктеріңді түсініп, дұрыс емес әрекеттеріңді түзеген кездерің болды ма?

Бір мүйізсіз лақ

Ертеде бір мүйізсіз лақ болыпты. Оның барлық отбасы мүшелері мүйіздермен болған. Бұл айырмашылығын көріп, кішкентай лақ соған өте қапаланған. Сол жағдайды түзету үшін, лақ өзіне жаңа мүйізді іздеуге шығып, орманға қарай қашады. Орманға келгенде кішкентай лақ көп ағаштардың бұтақтарын көріп, «қалай олар үлкен мүйіздерге ұқсайды, мен жинап, олардан өзіме мүйіз жасайын» деп ойлайды.

Екі күн бойы лақ мүйіз жасап, үйіне оралады. Ол ата-анасына мақтанып:

- Менде ең үлкен және әдемі мүйіз бар! – деп мақтанады.

Ата-анасы оған үндемейді. Бір ай өтеді. Өкінішке қарай, бұтақтар құрғап қалып, түсе бастайды. Оны көріп, лақтың көңілі қайтадан бұзылады. Сонда Ешкі-ана:

- Лағым-ау, сен неге өз-өзіңді алдап жүрсің? - деп сұрайды.

- Өйткені сіздердің барлықтарыңызда мүйіз бар, ал менде жоқ. Мен де мүйізді болғым келеді! Неге менде мүйіз жоқ?- деп өксіп жылап, анасынан сұрайды. Анасы:

Себебі сен әлі кішкентайсың! Үлкейгенде сенің мүйіздерің өседі, - деп жауап береді Ешкі-ана.

Бес-алты ай өтеді. Көктем келгенде лақтың мүйізі өседі. Сонда лақ текеге оралып:

-Анашым, анашым, менде мүйіз өсті!-деп қуанып, айқайлайды.

Сонда лақ ешқашан мақтанбау және өтірік айтпау керек екенін түсінеді.

  • Өз-өзін алдау, мақтану, өтірік айтусияқты қасиеттерді болдырмау үшін не істеу керек?

  • Қандай жақсы қасиеттерді өз бойларыңда тәрбилеуге әрекет жасап жүрсіңдер және қалай?