Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

А льберт швейцер36

(1875 - 1965)

А.И. Ахметова

Альберт Швейцер– неміс-француз ойшылы, философ, дінтанушы, дәрігер, өнертанушы және органист, Нобель премиясының лауреаты (1952), гуманист. Ол Жоғарғы Эльзастың Кайзерберг қаласында дін қызметкерінің отбасында туылған.Бастауыш білімді ауыл мектебінде игеріп, ол одан кейін оқуын Мюнстер қаласында жалғастырған. Орта білімді Мюльхаузен гимназиясында аяқтайды. 18 жасында Страсбург университетіне түседі, онда ол философияны, теологияны және музыканың теориясын игереді. Одан кейін ол өзінің білімдерін Париждегі Сорбоннажәне Берлин университетінде толықтырады. 1899 жылы 24 жасында философия докторы дәрежесін алады.

А. Швейцербүкіл әлемге соғысқа қарсы көзқарастарымен танымал болды. Ол атом қару-жарақтарын жоюға ұсыныс тастайды. 1957 жылы Швейцер «Адамзатқа үндеу» жазады. Онда ядролық қару-жарақтарды сынақтан өткізу тәжірибелерін тоқтатуды үкімет басындағылардан талап етеді: «Осындай қоғамдық пікірді айту үшін дауыс берудің және комиссия құрудың қажеті жоқ.Ақиқат өзінің өміршендігімен жеңіске жетеді. Егер атом бомбаларының сынағы тоқталса, онда бұл күннің шығуын дәлелдейтін таңсәрі болады. Бұл бүкіл бақытсыз адамзат күтіп отырған, оның сенімін ұялататын күннің шығысы болады». Осы істің нәтижесінде Швейцер жаппай қоғамдық қозғалысыныңбастамашысы болады. Қоғамдық қозғалыс Швейцердің басқаруымен атом қару-жарағын сынақтан өткізу тәжірибесін тоқтату туралы келісім-шарттың қабылдануына өз ықпалын тигізеді. Адамзатқа арналған Швейцердің үндеуі бүкіл әлем азаматтарының жүректерінен орын алып, бүгінгі күнге дейін қолдау табады.

Cонымен, Альберт Швейцер адамзатқа үндеу тастап, бейбітшілікті қолдайтын Бүкіләлемдік қозғалыстың қатарында болды.Әр кезде Швейцер адамзатқа қызмет ету қағидасын орындауға тырысқан. Студенттік кезде қараусыз қалған балаларға көмек беріп, қаңғыбастықпен өмір сүретін балалар мен ересек адамдарға тұрмысын ұйымдастыруға қол үшін берген. Швейцердің ең басты өсиеті – «Өзгелерді ғайбаттамаңыздар!». Оның пікірінше, әр адам өзінің адами борышын орындай алады – көмекті қажет ететін жандарға қол үшін беру. Осы ой үлкен өмірлік маңызға ие болды. Дамыған Еуропада өмір сүріп жүрген жағдайда материалдық жақсылықтардан, өзінің ғалым, педагог, музыкант ретіндегі мансабынан бастартып, қара нәсілді адамдарды емдеуге өз өмірін арнайды.

Осылайша 1913 жылы өз отанын тастап, Элен Бреслау деген әйелімен бірге Африкаға кетеді. Онда ол өзінің қаражатына емхана ашады. Ламбарена(Габон) Швейцер үшін өмірінің ең үлкен ісіне айналады. Оның нәтижесінде 1928 жылы Швейцер Франкфургттік Гете премиясына ие болады. Ал 1952 жылы Нобель премиясының қаражатына Ламбаренада үлкен емхана салады. Міне осылай ол адамдарға риясыз қызмет ету борышын атқарады.

Альберт Швейцердің негізгі өмірлікқағидасы – өмір шындығы. Оның пікірінше, адам өз өмірінің бірінші жартысын өзіне арнау керек, өзінің бақытына, ал екінші жартысын – адамдарға қызмет етуге. «Мен ойлаймын, яғни тірімін» деген Декарттың пікіріне ол келесі қарсы пікірді айтады: «Мен– басқаөмірлер арасында өмір сүргісі келетін өмірмін».Осыдан ол негізгі қағиданы шығарады: «Өмірді сақтап, жетілдіруді қажет ететін адамзат алдындағы парыз». Сондықтан, Швейцер үшін адамгершілік – бұл тек заң ғана емес, сонымен бірге өмірді сапалы дамытудыңбасты шарты.

Альберт Швейцер өз дәуірінің ең ұлы тұлғаларының бірі болды. Ол ғылым және бүкіл әлем үшін үлкен жетістіктер алып келді. Швейцердің замандастары оны абзал адам және ұлы гуманист ретінде таниды. Еуропадағы мансабынан бас тартса да, мейірімділіктің серісі ретінде ол бүкіл әлемге танымал ғалым, педагог, музыкант, дәрігер, мәдениет және қоғам қайраткерібола білді.Оның адамгершілік дамуының ең басты шешімі – бұл риясыз сүйіспеншіліктің қызметінде болу!

  • «Адамгершілік дамуының ең басты шешімі – бұл риясыз сүйіспеншіліктің қызметінде болу!»- деген Швейцердің пікірін қалай түсінесіңдер?

  • Альберт Швейцер әр адамның парызын қалай түсіндірді?

  • Бүкіл әлемге риясыз сүйіспеншілігімен қызмет еткен тұлғалардың өмірлерінен қандай мысалдар келтіре аласыңдар? Олар неге рисыз қызмет етті?

  • Өз тәжірибелеріңнен риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету мысалдарын сипаттап беріңдер.