- •Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашатын әңгімелер, ертегілер, оқиғалар мен ұлы адамдардың өмірбаяны
- •1.1.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Бір баланың оқиғасы4
- •1.1.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Елтаңба
- •Шәкәрім Құдайбердиев
- •Қажымұқан палуан
- •Абай мен Әбіш
- •Қадыр Мырзалиев
- •Екі батыр
- •Тұманбай Молдағалиев
- •Абай Құнанбайұлы
- •Адал достық
- •Адалдық
- •Алтын шеттеуік
- •Жалқаулық пен Қиыншылық
- •Парасат
- •Бір минут
- •1.1.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық
- •Жамандық неден болады?
- •Б ақыт, Байлық, Ақыл
- •Жақсылық пен Жамандық
- •Өсімдіктер мен кемпірқосақ
- •Білім мен байлық
- •Ең үлкен байлық
- •1.1.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Жүсіпбек аймауытов
- •Сұлтанмахмұт торайғыров
- •Ыбырай жақаев
- •Кезек сенікі, келер ұрпақ20
- •Бауыржан Момышұлы естеліктерінде Қонаевтың әкесі Меңліахметтің баласына айтқан өсиеттерінен үзінділер21
- •Бауыржан момышұлы
- •Адам не үшін өмір сүреді22
- •Қизатов жәлел
- •Сталинградтағы жеңіс
- •Бақыт туралы тұжырымдар25
- •Риясыз сүйіспеншілік
- •1.2.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •2.1. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Риясыз сүйіспеншілік» құндылығы бойынша ертегілер, оқиғалар және әңгімелер
- •Өмір сүрудің ең жақсы жолы
- •Емен жаңғағы
- •Күн мен түннің жермен достығы
- •Ата насихаты
- •Адал дос
- •Бақша ағаштары
- •Ананың асыл арманы
- •Әкеден қалған мұра
- •Құмырсқа мен көгершін
- •Шынайы сүйіспеншілік
- •1.2.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны
- •Жақсы көретініңізді айтыңыз
- •Д остық
- •Асанның есебі
- •Сары тауық пен балапандары
- •Кімнің жұмысы?
- •Ана қиялы
- •Отбасы татулығы
- •1.2.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Риясыз сүйіңдер
- •Лев Николаевич Толстой34
- •Жамандық бар ма?35
- •А льберт швейцер36
- •Дұрыс әрекет
- •1.3.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.3.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар иван крылов
- •Шегіртке мен құмырсқа
- •Дөңгелек
- •Сиқырлы жүзік
- •Әмір Кейқауыстың«Қабуснамасынан»
- •Мен қандай боламын?
- •Әділеттілік
- •Құлпынай мен шие
- •Үзілген гүл
- •Байлық пен ақыл
- •Ойыншықтар достығы
- •Кішкентай тас пен құмырсқа
- •Жақсылықмәнгі ұмытылмайды
- •Не жақсы? Не жаман?
- •Нежаман?
- •Достық алмасы
- •Әке мен бала
- •Нағыз адам
- •Екі балапан
- •Ұлу мен құмырсқалар
- •Күн құшағында
- •Төгілген қаймақ
- •Жақсылық
- •Үш жолдас
- •Бақтағы бақылау
- •Әдептілік
- •Ақ бидай
- •Түскі тамақ пен кешкі тамақ
- •Сәулет пен Дәулет
- •Атасының ақылы
- •Жұлдыздар
- •Құмырсқа
- •Бір жұлдызды құтқару
- •Табылған ақыл
- •Қамқорлық
- •Ізетті бала
- •Жердің шаңы
- •Қайырымдылық
- •Сиқырлы сөз
- •Жақсылық
- •Адалдық
- •1.3.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Елеместің адамгершілігі
- •Түлкі мен отыншы
- •Ұстаз бен шәкірт
- •1.3.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Конфуций42
- •Адамдарға қызмет ету43
- •Дінмұхамед ахметұлы қонаев
- •Бәрімізге үлгі болды44
- •Қырымдағы оқиғалар45
- •Ішкі тыныштық
- •1.4.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.4.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Қазақстан халықтары ассамблеясы
- •Ақылды қоян
- •Бала Бұлбұл
- •Ақ раушан мен қызыл раушан
- •Ханшайым мен Күлше қыз
- •Ынтымақ
- •Сүйкімді Ботагөз
- •Жамандық неден болады?
- •Әнет баба мен Қазыбек би
- •Талшыбық пен алып ағаш
- •Жақсы менжаман
- •Жалқаудың ісі бітпес
- •1.4.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Бетін күнге бұрған, көлеңкені көрмейді
- •Нан созған қолды қайтарған әке
- •Кедейшілік
- •1.4.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Өмірден алынған оқиға54: барлығына «рахмет» айтқан Уолтер Грин
- •Қиянат жасамау
- •1.5.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.5.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Терек пен алма ағашы
- •Әшекей қыз
- •Торғай мен адам
- •Бақытсыз бай
- •Әдепті бала
- •Ғажайып үй
- •Қоңыр қаз бен Қарауыз
- •Франклин бенджамин
- •Қарттың ақылы
- •Сөз салмағы
- •Таскене мен түлкі
- •Арыстан мен тышқан
- •Маса мен бал арасы
- •Айлакер өтірікші
- •Үзілген гүл
- •Талшыбық
- •Қайыңның көз жасы
- •Сараңдық пен жинақылық
- •Жарлы мен бай
- •Жанашыр
- •Патша және жер қазушы
- •Түймедағы
- •Қарлығаш пен шөже торғай
- •1.5.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны
- •Аманат аман сақтайды
- •Балықшы
- •Хан мен құмырсқалар
- •Арыстан, қасқыр және түлкі
- •Сені бағалағанды сен де бағала
- •Қызғаныштың кесірі
- •1.5.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Панчатантра62
- •Лев Николаевич Толстой қиянат жасамау ілімі туралы63
- •Махатма ганди
- •Махатма Гандидің естелігінен«Менің Толстойым» 64
- •Қиянат жасамаудың күші65
- •Альберт эйнштейн66
- •Альберт Энштейн қиянат жасамау туралы, біз туралы, әлем туралы67
- •Іі том. Өсиет әңгімелер
- •2.1 Өзін-өзі тану сабақтарындағы өсиет әңгімелер (мұғалімге арналған жадынама)
- •2.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Қанатты барыс туралы аңыз
- •Жақсылардың жақсысы
- •Ар, Ұят, Намыс
- •Кім бақыттырақ
- •Төле баланың төрелігі
- •Шыншыл бала
- •Риясыз сүйіспеншілік
- •Үш ағайынды жігіт
- •Отбасы татулығы
- •Күн мен Желдің дауы
- •Бала тілегі
- •Дұрыс әрекет
- •Алтын балта
- •Піл мен маймыл
- •Ақылды егінші
- •Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын.
- •Қараторғай
- •Жақсылық пен Жамандық
- •Ішкі тыныштық
- •Бақ, Дәулет және Аман
- •Жақсылық пен жамандық
- •Қиянат жасамау
- •Сабыр суы
- •2.3 Орта буын оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Қайықшы туралы өсиет әңгіме
- •Қабылдау туралы өсиет әңгіме
- •Еңбек пен рухани білім туралы
- •Күректің сабы
- •Патша мен жейде
- •Патша мен тырна
- •Даналық дәндері
- •Бәрі алдыда
- •Қараңғы мен жарық69
- •Шіркін,келтедүние-ай!..70
- •Өмір сабағынан қашып құтыла алмайсың71
- •Алма ағашы73
- •Cүйіспеншілік Достар мен дұшпандар
- •Ағайындылар
- •Бірден-бір Сұлулық76
- •Дұрыс әрекет Саздан жасалған қыш құмыралар
- •Князьдің қылықтары
- •Кімді көбірек бағалайды?
- •Шығыс ұлына хат80
- •Атасының баласы81
- •Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл83
- •Жолаушы84
- •Ішкі тыныштық Кім бақыттырақ
- •Саудагер мен ғалым
- •Болар болмас нәрсе
- •Адамгершілік86
- •Ізгілік,Махаббат,Мейірім88
- •Жылы сөзді ұмытпа89
- •Қардан жасалған гүл90
- •Күй ғұмыры... Мәңгілік91
- •Құстар неге сөйлей алмайды?92
- •Қиянат жасамау Қиындықты жеңу туралы өсиет әңгіме
- •Әділ бала
- •Шеге туралы нақыл сөз
- •Табиғатты аялайық!93
- •Жүрегіңнің отын сөндірме94
- •Түлкі, тасбақа және кене95
- •Отыз жұмыртқа96
- •Әр нәрсе тегіне тартады97
- •Ханның ісі қараға түседі ме?98
- •Жер ана туралы мысал99
- •Қаншайым мен жеті өнерпаз100
- •Даңқжайлытолған сақ101
- •Ауылдыбілесіңбе?102
- •2.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Ақиқат туралы өсиет әңгіме103
- •Біртұтастықты тани біл104
- •Ақиқатқа құмарту105
- •Абсолюттіұғыну106
- •Ақылды әке туралы өсиет әңгіме107
- •Бақытты жігіт туралы өсиет әңгіме108
- •Ең бақыттыда бай адам туралы өсиет әңгіме109
- •Сүйіспеншілік Сүйіспеншілік110
- •Сүйіспеншілікке тола жүрек туралы тәмсіл111
- •Отбасы менсүйіспеншілік туралы өсиет әңгіме112
- •Сүйіспеншіліктің күші туралы113
- •Өмірде Сүйіспеншілік маңызды 114
- •Бақыттың құны туралы тәмсіл115
- •Уақытыңды сатып алсам боладыма?117
- •Дұрыс әрекет
- •Риясыздық туралы өсиет әңгіме 119
- •Асығыстық жасамаңыз!120
- •Екі әке туралы өсиет әңгіме121
- •Мәртебеліеркек (Изюньизы) конфуцийлік дәстүрдің нышаны ретінде122
- •Әке туралы өсиет әңгіме123
- •Сабақ алу124
- •Жүректің раушангүлі туралы өсиет әңгіме125
- •Сұлтан және данышпан126
- •Жауапкершілік жүгі128
- •Алғысты дәмету129
- •Өміріміздегі 1 мен 0-дер130
- •Талшын ағашы132
- •Мейірімді және иғтибарлыбол!133
- •Өсиет134
- •Өмір сүрудің ең жақсы жолы135
- •Ішкі тыныштық
- •Ішкітыныштық136
- •Ішкітыныштық137
- •Тыныштық туралы өсиет әңгіме138
- •Ұят туралы өсиет әңгіме139
- •Маймыл мен шахматтар140
- •Сезімдер мен қызығушылықтарды басқару141
- •Кемелденгенадам143
- •Қиянатжасамау Көбелектен алған сабақ145
- •Жарылқаушылық туралы тәмсіл146
- •Адам мен құс туралы өсиет әңгіме147
- •Үнді өсиет әңгімесі: Әулие және жылан 148
- •Әділет өлмейді150
- •Әдебиеттер тізімі
- •Өзін-өзі тану мұғаліміне арналған хрестоматия
Аманат аман сақтайды
Ертеде бір патшалықтың елінде жол жүргелі тұрған керуенбасының алдына бір титімдей бала келіп:
–
Ата,
мына қойдың терісін сатып, пұлына бір
нәрсе әкеліп беріңіз, – депті.
– Балам, бір теріге не келердейсің? – депті керуенбасы.
– Мен соның ақшасы жеткен затқа-ақ разымын, – депті бала.
Сөйтіп, керуен жолға аттанып, өздерінің діттеген жеріне жетіп, жүктерін түсіріп болғанда, баяғы баланың беріп жіберген аманаты есіне түседі. Тері алушыға бір тиынға сатыпты. Ал базардан бір тиынға келетін ештеңе табылмайды. Бір уақытта алдынан мысық көтерген бір бала шығыпты. Керуенбасы:
– Балам, бұл мысығыңды бір тиынға сатасың ба? – депті.
– Сатамын, – депті бала.
Керуенбасы мысықты алыпты да, саудаларын бітіргеннен кейін, түйелерін тіркеп жолға шығыпты. Бір күндері керуен беймәлім патшалықтың жеріне келіп түнепті. Азанда тұрып қараса, мысық тышқандарды керуен жатқан жерді айналдыра үйіп-үйіп тастаған екен. Керуен тартқан саудагерлер мұны көріп қайран қалысып-ты. Кейін білсе, бүл елде тышқан өте көбейіп кетіп, елдің үй-жайын тесіп құлатып, астығын жеп, тіпті ұйықтап жатқан балалардың құлақтарын кеміруге дейін барыпты. Сол арада мысықтың хабары патшаға жетіпті. Патша саудагерлерге кісі жіберіп: «Сол хайуанды бізге беріп, орнына қалаған нәрсесін алсын!» – депті.
Сөйтсе бұл елдегілер мысық дегенді білмейді екен. Патшаның шабарманы келіп, керуеншілерге патшаның әлгі сәлемін жеткізіпті. Сонда керуенбасы:
– Бұл хайуанның аты Жауқырған деп аталады, өзі пайғамбардан бата алған мақұлық – оны саудаласуға болмайды. Патшаңызға айтып барыңыз: берерін өзі біліп берсін, – дейді. Патша бұларға қырық нар түйе береді.
Керуенқона-түстене сапарын жалғастырады. Күндердің күнінде бұлардың ізіне жол торушы ұрылар түседі. Бір апта бойы аңдиды, бірақ күндіз де, түнде де ала алмайды. Керуенге жақындағандарында қоршау пайда болып, содан өте алмай жүреді.
Бір күні керуенбасыға кеңесші келіп:
– Осы бір теріге қырық нарды апарып бермекшімісіз? – деп сұрайды.
– Иә, – дейді керуенбасы.
– Бір теріге қырық нар түйе келеді деп ешкім де ойламайды. Одан да балаға бір жейделік без апарып берейік те, қырық түйені жиырма-жиырмадан екеу ара бөліп алайық, – дейді кеңесші оңай олжаға құмартып.
Шайтан азғырып, керуенбасы кеңесшісінің тіліне ереді. Сол күні түнде оларды ұрылар тонап кетеді.
Ұрылар кейін керуенбасына келіп:
– Бір аптадан бері сендерді торып, тонай алмай келдік. Қалай жақындасақ, солай керуеннің айналасына қорған пайда болып, дымымыз құрып жүр едік. Мүның сыры не? – деп сұрайды. Сонда керуенбасы:
– Жолға шығарда бізге бір сәби бала аманат тапсырған еді. Сол аманатқа осы кеште қиянат жасамақ болғанбыз. Сөйтсек, кісінің аманаты иесіне жеткенше қорған болып тұрады екен. Көңілімізге қара ниет кірген соң, әлгі қорғанның жоқ болғаны ғой! – депті керуенбасы.
Бұл әңгіменің естіген ұрылар:
- Қой,аманат бізді де аман қоймас! – деп, ұрлағандарының бәрін қайтарып беріп, керуенді жолға шығарып салыпты. Керуен елге аман-есен жетіпті.
«Аманат аман сақтайды» деген сөз содан қалған екен.
Осы оқиғадан өздеріңе қандай ой түйдіңдер?
Неліктен ұрылар баланың аманатын қайтарып берді?
Қиянат жасамаудың мәні неде?
Өздеріңе берілген аманатқа қаншалықты қиянат жасамайтындарыңды әңгімелеп беріңдер.
Тау
Ертеде 60 жасқа жеткен қарттарды алыс тауға өлу үшін апарып тастайтын саясат болыпты. Артық ауызды асырауды қиын санап, ел билеуші князь шығарған екен мұны. Ақсақалдар кездескенде осы жайды бір-біріне айтып, еске алып жүріседі екен.
Бір күні таң алдында екі жас жігіт қарт әкелерін биік таудағы соқпақпен арқалап әкеле жатты. Биік жол ауыр, қиын болды. Үлкен ұл жүкті арқалап келе жатып, артынан тырс-тырс сынған дыбысты естіп, отырды. Ол артына бұрылып қарап, әкесінен не істеп келе жатқанын сұрады.
Әншейін жай іспен айналысып келеді,-дейді інісі. – Бұтақты үзіп алып, жолға лақтырып отыр.
Әке, бұтақты неге лақтырып келесің?
Рас, белгілеу үшін бе? Біз үйге қайтқан соң таудан қашып келейін дедің бе?-деді үлкені. Сонда қарт былай депті:
Алыс таудың ішінде бұтақтарды лақтырып, жолды белгілеп келемін. Мені тастап кеткен сүйікті балаларым үшін.
Ары қарай үнсіз қалды. Бірақ бұтақтарды лақтыруды жалғастырды. Обасутэ тауы ең қиын түкпірде тұратын еді. Балалар ауыр жүкті арқалап, кеш бата жетті. Әкелерін биік ағаштың түбіне отырғызды да қайтар жолды өзара сөйлесіп, жүретін жолды таңдай бастады. Бұрыңғы жолмен жүру көңілсіз болатын жаңа нәрсе көре алмайтынын айтысып, төмендесе әйтеуір ауылға жолсызбен де жететінін сөз етісті. Таныс емес жол төменге қарай келіп-келіп, енді таудың басына қарай өрлей бастады. Бұл кезде түн де болды. Қасқырдың ұлығаны, байғыздың сұңқылы естіліп, көңілге қорқыныш кіре бастады. Ақылдаса келе әкелері қалған тауға қайтпақшы болды. Ағайындылар әкелерінің өздерін шындап жақсы көретінін енді ғана ұқты. Олардың қамын жеген әке қамқорлығын енді сезінді. «Әке, әке!» деп, бар даусымен айғайлап кейін қарай жүгірісті. Ай туып, қараңғылық сейілді. Әкелері сол биік ағаштың түбінде қозғалмай отырыпты. Ағайындылар әкесінің қасына жата кетісті. Әкесі:
- Балаларым, сендерге не болды?-деді.
- Үйге таңдаған жолмен қайтпақ болып едік, адасып кеттік. Сенен өтінеміз, бізбен бірге қайт. Бізге тура жолды көрсет,-деді балалар.
Әкесі саусағыменен соқпақты көрсетті:
- Мен жол бойына лақтырған бұтақты бетке алып жүріңдер. Өзім осында қаламын,-деді.
- Жо-жоқ, олай демеңіз, үйге алып қайтуға рұқсат етіңіз. Енді сізді біз ешқашан тастамаймыз,-деп балалар жалынды.
- Бұларың ақылды сөз емес. Мен осы тауда қалуға тиістімін. Бұл князьдің қатал бұйрығы. Егер орындамасаңдар ауыр жазаға тартыласыңдар.
Ағайындылар әкесінің өздеріне деген махаббатын көріп, айтқандарында берік тұрды. Әкесінің қарсылығына қарамастан олар оны үйіне алып келді. Өз үйінің астынан терең қылып қазып, әкесін сонда жасырды. Әр күн сайын әкесіне тамақ әкеліп, онымен әңгімелесіп жүрді. Осылай жылдан артық уақыт өтті. Князьдіңберген талай қиынтапсырмасын ұлдарының дұрыс шешуіне қарт көмектесіпті. Қиын сұрақтың шешілуі қарттың көмегі екенін естіген билеуші бұрынғы бұйрығынан бас тартқан екен.
Балалары неліктен әкелерін тау басына апарып тастауға бекінді?
Үлкен кісі қандай дұрыс әрекет жасады?
Балалары неліктен әкесінің қадірін түсініп, райларынан қайтты?
Өздерің үлкендерге қалай құрмет көрсетесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.
