Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Асығыстық жасамаңыз!120

Ошо Раджништанныңоқиғасы

Ауылда тұратын бір кедей қарттың керемет ақ аты болыпты. Ешкім бұрын соңды ондай атты көрмепті; ол сондай сұлу, сымбатты және мықты болғандықтан, патша қартқа қызғанышпен қарапты. Ол қожайынына ат үшін үлкен сыйақы ұсыныпты, бірақ шал былай айтыпты: «Бұл ат мен үшін жәй ғана ат емес, дос. Ал досты қалай сатуға болады?» Оның кедей болғаны сонша атты сатуға қызықтыратын нәрселер көп болды, бірақ ол оны істемеді.

Бір күні азанда мал қорасына кірген монах атының жоқ екенін көрді. Мұны естіген барлық тұрғындар оны сөге бастады.

  • Сен, шал, ақымақсың,—деді олар. — Бір күні бұл атты ұрлап кететіні бәріне белгілі еді. Кедей бола тұрып осындай асылды қолда ұстап. Дұрысы сен оны қалаған бағаға сатуыңа болар еді. Ал енді атың қайда? Қандай бақытсыздық!

  • Біраз уақыт өтпейінше ненің бақыт екенін, ненің бақытсыздық екенін айта алмайсың, - деді қарт монах. – Қазір тек қорада аттың жоқ екенін ғана айтуға болады. Бұл дәлел, қалғанының бәрі тек жорамал. Сіздер қалай шешім шығарасыздар?

  • Өзіңді алдама, - деп жауап берді адамдар. – Біз, әрине философтар емеспіз, бірақ ақиқатты көрмейтіндей ақымақ емеспіз. Сенің атың ұрланған, сондықтан бұл әрине, бақытсыздық!

  • Сіздердің солай ойлауға құқықтарыңыз бар, ал мен болсам қора бос болса, яғни онда ат жоқ, деген дәлелімде қаламын, - деп жауап берді монах. – Бұл бақыт па немесе бақытсыздық па, мен біраз уақыт өтпейінше біле алмаймын, ал бұл бар болғаны шағын ғана оқиға. Кейін не боларын ешкім білмейді. Қария: «Асығыстық жасамаңыз» - деді. Ауылдағылар қарияға күліп, үйлеріне тарады.

Он бес күннен кейін тосыннан ат қайтып келді және жалғыз емес, өзімен бірге бір топ жабайы аттарды ерте келген. Енді адамдар тағы жиналды.

БІРАЗ УАҚЫТ ӨТПЕЙІНШЕ НЕНІҢ БАҚЫТ ЕКЕНІН, НЕНІҢ БАҚЫТСЫЗДЫҚ ЕКЕНІН АЙТА АЛМАЙСЫҢ, – ДЕДІ ҚАРТ КІСІ.

  • Шал, сен дұрыс айтыпсың! – деді олар.

  • Сендер оқиғаны толық білмей тұрып тағы шешім шығарып тұрсыңдар. – деп жауап берді шал. – Сендер кітаптың тек бір бетін ғана оқыдыңдар, сол бір бет арқылы барлық кітапты бағалауға болады ма? Адамдар қарт адамға қарсы шықпаса да бірақ, көңілдерінің түбінде он екідей атты иемдену бақыт болмауы мүмкін емес.

  • Қарттың жалғыз ұлы болды. Ол жабайы аттарды үйрете бастады. Бір апта өтпей жатып ол аттан құлап, аяғын сындырып алады. Тағы да адамдар жиналып, тағы да көзқарастарын білдіре бастады.

  • Иә, шал, сенің айтқандарың тағы да дұрыс болып шықты, – деді олар. – Бұл бақытсыздық. Жалғыз ұлың аяғын сындырып алды! Қартайғаныңда саған сүйеу болар еді, ал енді?...

  • Бұл тағы да пайымдау, – деді қарт. Өмірде пікір білдіріп, шешім шығаруға асықпаңыздар. Мен бұл оқиғаға дәл қазіргі болып жатқан оқиға деп қараймын: менің ұлым аяғын сындырып алды.

Бірнеше күннен кейін елге жау тиіп, соғыс басталды, барлық жас жігіттер әскерге шақыртылды. Тек шалдың ұлы ғана мүгедек болғаны үшін қалдырылды.

Адамдар тағы да жиналып мұңдарын шағып, жылады: әр үйден бір немесе бірнеше баласы кеткен және олардың қайта оралатындықтарына үміт аз еді. Ауылдың бар адамдары шалға келіп бұрынғы жазғырғандары үшін кешірім сұрап, балаларына бата беруін сұрады.

  • АСЫҒЫСТЫҚ ЖАСАМАҢДАР (ТЕРІС ПІКІР БІЛДІРМЕҢДЕР), - ДЕДІ ҚАРТ, - АСЫҒЫСТАН ТУЫНДАҒАН ШЕШІМ (ТЕРІС ПІКІР БІЛДІРУ) – БҰЛ АҚЫЛДЫҢ ҚАТЫП ҚАЛҒАН КҮЙІ.

  • Асығыстық жасамаңдар, - деді қарт, - ғайбаттау (теріс пікір білдіру) – бұл ақылдың қатып қалған күйі.Не болатынын ешкім біле алмайды. Білгеніміз – менің балам қасымда, сіздердікі әскерде… Осылардың қайсысы бақыт, қайсысы бақытсыздық екенін айта алмаймыз. Ненің бақытсыздық екенін жолдың соңына дейін жүріп бармайынша біле алмаймыз. Шешім шығаруға асықпаңдар. Біз ненің жақсы екенін, ненің жаман екенін өмірді толық елестетпей біле алмаймыз.

  • Өсиет: Асығыстық жасамаңыз! Өмірдің кішкентай ғана бөлімін көріп, келер нәрсе жайлы шешім қабылдамаңыз. Шешім ақылдың тоқтап қалуымен пара-пар. Шешім қабылдасаңыз, ақыл әрі қарай ойлауды тоқтатады. Осыған қарамастан ақыл адамды бір шешім қабылдауға үнемі итермелеп тұрады. Өйткені, үнемі бір нәрселерді ойлау адамға қиын. Алайда, бұл жол ешқашан бітпейді. Бір есік жабылса, басқасы ашылады. Бір мақсатқа қол жеткізген болсаңыз, едәуір үстем бір мақсаттың барын көресіз.

  • «Ғайбаттау – бұл ақылдың қатып қалған күйі?» пікірін қалай түсінесіздер?

  • Әлемнің жалпы бейнесін не үшін елестету керек?

  • Қалай ойлайсыздар пікір білдірмеу дұрыс әрекеттің көрінісі бола ма? Жауаптарыңызды өмірден алынған мысалдармен дәлелдеңіздер.

  • Өз тәжірибелеріңізден дұрыс әрекеттің көрінісімен байланысты мысалдар келтіріңіздер.