Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Мейірімді және иғтибарлыбол!133

Ұстазға жас жігіт келіп шәкірттікке қабылдауын сұрайды.

— Ол саған не үшін керек? — деп сұрайды ұстаз.

— Қайратты да қайсарлы болғым келеді.

— Енді болмайсың ба! Айналаңа мейірімді, кішіпейіл және иғтибарлы бол. Мейірім мен иғтибар арқасында елдің құрметін аласың. Ішкі дүниең тазарып мейірімге толады, яғни, жігерлі боласың. Иғтибарлылық арқасында кішкентай да болса өзгерістерді байқайтын боласың да, көптеген соқтығыстарды алдын ала көре аласың, яғни, ұрыс-қақтығыстарға кірмей тұрып оларды жеңіп шығасың. Талас-тартыстардың алдын көре алатын болсаң, ешкім жеңе алмайтындай қайратты бола аласың.

— Қалай сонда?

— Иә, ешкім жеңе алмайтын болады сені, өйткені ешкіммен егеспейсің.

Жігіт кетіп қалады. Бірақ бірнеше жыл өтіп, Ұстазға қайтып келеді.

— Не іздедің? — сұрайды қария.

— Сіздің аман-саулығыңызды және қандай да бір көмегім керек па деп сұрайын деп келдім…

Сол кезде Ұстаз жігітті шәкірттікке алады.

  • Қақтығыстарды женгенәлде оған кірмей тұрып алдын көре алатын адам рухани кемелденген болады ма? Неге?

  • Әрекеттің дұрыстығын немесе бұрыстығын білу үшін неге жүгіну керек?

  • Адам ойын және тұла бойын тазарту үшін не істейді?

  • Қандай адамдар рухани ұстаздың құрметіне ие болып, оның шәкіртіне айналады? Мысалдарды тәжірибелеріңізден келтіріңізд

Өсиет134

Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:

– Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп өсиет айтыпты.

Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып, басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да, жігітке:

– Неғып отырсың? – дейді.

Жігіт:

– Жәй отырмын, – деп жауап береді.

Шал:

– Шыныңды айт! – деп қыса бастайды.

Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:

– Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін,- дейді.

Жігіт:

– Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, – дейді.

Шал:

– Қандай өсиет айтып еді? – дейді.

Жігіт:

– Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», – деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», – деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», – деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, – дейді.

Шал тұрып жігітке:

– Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал», – дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» – дегені. «Қала сайын үй сал» – дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» дегені еді. «Ас ішсең, бал же» – дегені: «Еңбек істеп, ас ішсең, балдан тәтті болады» – дегені еді, – деп, қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті.

  • Осы өсиетке сәйкес пікірлеріңіз қандай?

  • Айтылған өсиеттің мәнін дұрыс әрекет құндылығымен қалай байланыстыруға болады?

  • Сіздер өмірлеріңізде қандай дұрыс әрекеттер жасадыңыздар? Неге?

  • Адам өміріндегі дұрыс әрекеттің маңыздылығын дәлелдейтін өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріңіздер.