Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Әдепті бала

Ертеде бір әдепті бала болыпты. Жанындағы адамдарға қолынан келгенше көмек береді екен. Бірде табиғат аясында достарымен серуендеп жүріп, бір баланың ағашқа сурет салып тұрғанын көреді. Қасына жақындап барып:

  • Сен не істеп тұрсың? Ағашты олай жаралауға болмайды! Оныңда біз секілді жаны

баремес пе? Бұлай жасасаң, ағаш саған ренжиді. Егер біз ағаштарға, табиғатқа қамқорболмасақ, кімнің оларға жаны ашиды? Табиғат пен адам баласы бір-бірімен байланысты. Біз табиғатсыз өмір сүре алмаймыз, – деді.

Сонда досы балаға:

  • Иә, сенің айтқаның дұрыс. Мен үлкен білместік жасаған екенмін. Енді олайжасамауғасөз беремін дейді.

  • Сенің түсінгеніңе ризамын, - деді бала. Енді бірге барып, достарды шақырайық. Барлығымыз табиғатты аялайық деді.

  • Қалай ойлайсыздар, ағаштың жаны бар ма?

  • Табиғат пен адам арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?

  • Табиғатты қорғау үшін қандай әрекет жасадыңдар ?

  • «Табиғат менің өз үйім» тақырыбында эссе жазыңдар.

Ғажайып үй

Ертеде бір «ғажайып» есімді үй болыпты. Оның ғажайып атану себебі, ол үйде бақа, күшік, үйрек, көбелек, құс, мысық, ара, ұлу барлығы бірге тату-тәтті, бір үйдің балаларындай өмір сүріпті. Олар өте бір-біріне қамқор екен.

Бір күні барлығы өз тіршіліктерін жасап жүр еді, кенеттен жаңбыр құйып жауып кетеді, барлығы үйге жүгіріп жаңбырдан тығыла бастайды. Ал күшік болса орман ішінде отын алып келе жатқан еді, үсті-басы су, дірілдеп, қалшылдап ағаштар арасына тығылады.

Орман патшасы арыстан оны ұстап алып, жаурағанына қарамастан қамап қояды. Оның келмегеніне алаңдап достары іздей бастайды. Арыстанның ұстап алғанын естіп, барлығы жиылып келеді де арыстаннан сұрайды:

  • Біздің досымызды жіберші, біз сенің қалаған тілегіңді орындаймыз, – дейді.

Арыстан осы ғажайып үйінде тұратындардың достығын сынамақшы болып:

  • Жоқ жібермеймін!- дейді. Ол үшін маған достықтарыңның сыры неде екенінайтсандар жіберемін!- дейді.

Олар достығының сыры бір-бірінің басына қиындық түскенде көмектесетін, мұңайғанда көңілін көтеретін, әрдайым қастарынан табылатын, қолдарындағы барын бөлісіп жейтін, қайғы мен қуанышта бірге боламыз деген біздің уәдеміз бар! – дейді.

Арыстан олардан мұндай жауап күтпеген еді.

  • Жарайды жіберейін,сендердей достары бар күшік өте бақытты жан екен, – деп

тамсанып.

  • Бірақ менің бір шартым бар,меніде өздеріңнің қатарларыңа қосыңдаршы!- дейді.

Олар келісіп күшікті босатып алады да, арыстанды өздерінің ғажайып мекеніне шақырады. Осы күннен бастап олар бірге ынтымақта тату- тәтті өмір сүріпті.

  • Ғажайып үйдегілердің достығын қай істерінен көруге болады?

  • Арыстан не үшін олармен дос болғысы келді?

  • Егер достарың қиындықта қалса сіздер қалай көмектесесіңдер?

  • Достарыңмен өткізген уақыт туралы айтып берсеңдер.

Күн мен жылқы

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:

– О, барлық жан – жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануардың арасындағы ең сұлулардың бірі деседі жұрт.Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді – ау деп ойлаймын.

– Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды күн күлімсіреп.

– Егер, - дейді жылқы, - сирақтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім.Мойыным аққудың мойынындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік бітірер еді.Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден деалымдырақ болар еді.Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді…

–Жақсы, қалағаның болсын, - дейді күн жайраңдап, - сәл күте тұр.

Соны айтады да, күн жерге түйені түсіреді.Денесі алпамыстай, жануарды көрген жылқықорыққанынан қалшылдап қоя береді.

– Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойынындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын.Қалай, ұнай ма? – деп сұрайды күн.

– Жо жоқ… - дейді жылқы.

- Ендеше жөніңе жүр, - дейді күн жылқыға , - саған өз бойыңдағыда жетеді.Әркім өз қасиетін бағалауға тиіс.

  • Жылқы түйеге қарап өзіндегі қандай жақсы қасиеттерді білді?

  • «Әркім өзқасиеттерін біліп бағалап жүру керек» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өз бойыңдағы қасиеттерді қаншалықты білесіңдер?

  • Жақсы қасиеттерді дамыту үшін не істейсіздер?