Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қамқорлық

М. Төрежанов

Назымбек асыға басып, мектебіне бара жатыр. Жер тайғақ. Бірер рет аяғы тайып кетіп, құлап та тұрды.

Өзімен бірге оқитын Нақысбекті жолда кездестірді. Ол бір кішкентай баланы қолтықтап алған. Бала еңіреп жылап келеді.

– Мына бала сенің інің бе? – деп сұрады Назымбек.

– Жоқ.

– Енді кімің?

– Құлап, аяғын ауыртып алған екен.

– Оны қайда апарасың?

– Дәрігерге көрсетіп, жарасын таңғызып берейін. Екеулеп апарып салсақ қайтеді? – деп өтінгендей болды Нақысбек.

– Сабақтан кешігеміз ғой.

– Мен кешіксем, Күлпәш Күлкеноваға айтарсың, мертіккен баланы дәрігерге әкетті деп.

– Айтайын, көп жүріп қалма, – деп, жүгіре жөнелді Назымбек.

Нақысбек арқалап алған бала зар қағуда. Ауырсынып, шырылдауына қарағанда, аяғы сынған болу керек.

– Жылама, қазір дәрігерге жетеміз, таяу қалды. Сенің атың кім? – деп сұрады Нақысбек.

–Төлеген...

–Ал, Төлеген батыр, мойнымнан мықтап ұста, тез жеткізе қояйын.

Нақысбек Төлегенді оташыға алып келді. Олар айнаға түсіріп, сынық бар деп тапты. Емханаға салатын болды. Оташы Нақысбекке:

– Кішіге көрсеткен қамқорлығың үшін саған рахмет! – деп, басынан сипап, арқасынан қақты. Нақысбек енді мектепке қарай жүгірді.

  • Әңгімеде қандай жағдаят туралы айтылған?

  • Оташы неліктен Нақысбекке алғыс айтты?

  • Қамқорлықты тек кішілерге жасау керек пе?Неліктен?

  • Өзгелерден қамқорлық көргенде сендер қандай сезімде боласыңдар?

Ізетті бала

Г. Әзімбаева

Көктем мезгілі. Сабақтан соң Жәнібек тура үйіне бет алды. Өздерінің ауласына жақындап қалғанда, есік алдында тұрған қарияны көрді. Маңайда басқа ешкім жоқ екен. Қария үстіне кішкене қалыңдау шапан, басына бөрік киіп алыпты. Ауылдан келген адамға ұқсайды. Ауыр дорбасын орындықтың үстіне қойып, колындағы бір жапырақ қағазға қайта-қайта үңіледі.

Жәнібек қарияның жанына келді:

– Сәлеметсіз бе, ата? – деді.

Қария сөмке асынып, алдындағы тұрған балаға назарын аударды.

– Амансың ба, қайдан келесің? – деді қария.

– Мектептен келемін... – деді Жәнібек.

– Несінші сыныпта оқисың?

– Бірінші...

– Ой жақсы болды. Әріптерді біліп, таңбаларды танып қойған боларсың? Жаңа үйлердің сырттары өте ұқсас екен. Мына жазылған мекен-жайды оқып көрші... — деді қарт.

Жәнібек қағаздағыны мұқият оқып алды да:

– Ата, сіз іздеп жүрген үй, әне тұр ғой, — деді қызыл балконды үйді нұсқап. — Жүріңіз мен ертіп апарайын.

Қария балаға іштей сүйсінді. Көңілі жайланып, оның соңынан ақырын аяңдады. Жәнібек бірінші қабатқа кіріп, лифтінің тетігін басты. Есік ашылып, екеуі ішіне енді. Тағы бір тетікті басып еді, зуылдап жетінші кабатқа жетіп келді.

Ауылдан келген аталарына немерелері қатты қуанды.

– Адаспай қалай таптыңыз?.. – деді ұлы мен келіні танданып.

– Мына балам жетектеп келді, – деп қария бұрылып артына қарап еді, өзі ертіп келген бала көрінбеді.

Бұл кезде Жәнібек төмен түсіп сыртқа шығып кеткен еді.

– Қап, қоржынымдағы сәлемдемеден әлгі балаға бере алмадым-ау!.. – деп кария қынжылып қалды. Сәл үнсіз тұрды да:

Дегенмен өзі бір ізетті бала екен! – деп шын риза болды.

  • Жәнібек қарияға қандай көмек көрсетті?

  • Жәнібектің әрекетінен нені байқауға болады?

  • Қандай адамды ізетті деп айтады?

  • Өздерің өзгелерге көмектесесіңдер ме? Сол кезде қандай сезімде боласыңдар?