Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.УМКдн. 2013г.Дефектология негіздері және ге...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1. Олигофренопедагогика пәні мен міндеттері.

Олигофренопедагогика (грек тілінен olygos - кем, аз және phren-ақыл, ми) - бұл зияты зақымдалған (ақыл-есі кем) балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы педагогикалық ілім. XIXғ. аяғында және XXғ. бірінші жартысында шет ел және отандық әдебиеттерде (әсіресе психиатриялық) “кем ақылдық” термині қабылданып кеңінен таралған. Бұл анықтама мамандардың интеллектісі бұзылған баланы өзінің дамуында қозғалмайтын және қатып қалған бір нәрсе деген көзқарастарын жеткілікті айқын бейнеледі. Басқаша айтқанда, бұл термин аномалды баланың интеллектісінің сандық күйін қалыпты жетілген құрбы-құрдасымен салыстырғанда анықтады. Л.С. Выготскийдің ой-пікірін және оның психологиялық мектебінің әсерінен осы ұғымға кезекпен «ақыл-есі кем бала” немесе “кемақыл” деген термин келеді. Осы термин отандық дефектологтардың аномалды баланың интелектуалды дамуының табиғаты мен мәніне деген көзқарасына мейлінше толық жауап береді. Ақыл-ой көлемділігі - бұл аномалды баланың интеллектісіне мінездеме, тек ол ғана емес, мұндай баланың интеллектісінің даму қарқынының қаншалықты сапалық, соншалықты сандық төмендеуін көрсетеді.

Демек, осы заманғы позицияда олигофренопедагогика - бұл баланың түрліше интеллектуалды дамуының бұзылуын, оның тәртібін, білім алуын, және оқуын, сонымен қатар кезекті реабилитациясы мен әлеуметтік бейімделуіне сынай қарайтын дефектологияның бір саласы (арнайы педагогика, түзету педагогикасы).

  1. Олигофрения, жалпы мінездеме.

Олигофрения, немесе ақыл-ой кемістігі – бұл туа біткен және туғаннан кейінгі бірінші жылдарда пайда болған кем ақылдық, жалпы алғанда психикалық дамымаған әлеуметтік бейімделудің қиындауынан интеллектуалды кемшіліктің басым болып көрінуі.

Интеллектуалды дамудың бұзылуы біліне бастағанын педагогикалық оқу орындарының студенттеріне білу шарт, өйткені қазіргі кезде жеңіл түрдегі дебил балалар саны жалпы білім беретін мектептерде көп және болашақ педагог немесе тәрбиеші жәрдем беруші мектепке жұмысы ауысуы мүмкін және сөзсіз, олигофрения жайында, барлық ата-аналар білуі керек, егер бала кішкентай жастан бастап дамудан кешіксе, дер кезінде көңіл аудару керек.

“Олигофрения” терминінен басқа тұрақты жағдайлар тобын белгілеу үшін, тежелудің жалғасуымен немесе толық емес ақыл-ой дамуын және басқаша атауларды қолданады: психикалық ретардация, ақыл-ой мешеулігі, ақыл-ойдың кемшілігі, психикалық жалпы дамымаушылық, ақыл-ой дамымауы.

Американдық Ақыл-ой Кемістігі Ассоциациясының ережесіне сәйкес, ақыл-ойдың кемтарлығы былай сипатталады:

  1. Жалпы интеллектуалды даму деңгейінің айқын төмендеуі.

  2. Ерекше тапшылық немесе бейімделуге қабілетінің жоқтығы.

  3. Белгіленген өзгерістердің 18 жасқа дейін көрініс беруі.

Олигофренияның ең бедерлі көрінуі – интеллектінің дамымауы. Олигофрениямен ауыратындардың интеллектуалды коэффициенті (IQ) 70-тен төмен. Туа біткен кем ақылдықты психикалық әрекеттің ыдырау белгісі бар жүре пайда болған кем ақылдықтан (деменция) ажырату керек.

Кемақылдықтың этиологиясы (себептері). Кемақылдықтың себептері болып келетін тұқымқуалаудың ескерілген аурулары мен бұзылуларының 300-ден астам түрі бар.

Олигофренияның пайда болуына себеп болған барлық қызметші факторларды тұқымқуалағыш (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) деп бөлу қалыптасқан. Соған сәйкес олигрофенияның түрлерін, көбінесе тұқымқуалаушылық факторларының және сыртқы ортаның әсер етуіне байланысты бөледі (құрсақ ішіндегі, туу барысында және ерте балалық шақта әсер ету). Бірақ, тұқымқуалаушылықтың (генетикалық) және сыртқы факторлардың әсерінен, үйлесуінен шақырылған кемақылдықтың формалары бар. Олигофренияның барлық жағдайларының арасындағы тұқымқуалаудың ескерілген формасының үлесі 69,5-тан 90% құрайды. Егер кемақылдықпен ата-ананың екеуі де ауырса, онда олардың балаларының олигофрения проценті 45,9-100% құрайды. Егер олигофрениямен ата-ананың біреуі ауырса, онда оларда кемақылды балалар 33,3-тен 58,1%. 36,1% олигофрениямен ауыратындарға біреуі немесе екеуі де кемақылды балалар болады. Екі олигофрендердің неке кезінде туған кемақылды балалар қаупі 42,2% -ті құрайды, ал екі ата-ананың біреуінде кемақылды жағдайда, қауіп 19,9% -ті құрайды. Екі дені сау адамның некесі кезінде баланың кемақылдылығымен туу қаупі небары 1,3% .

Көптеген кемақылдылығы бар тұқымқуалағыш аурулар хромосомдық патологиямен байланысты, олар Даун дерті, микроцефалия, галактоземия, Шерешевский-Тернер синдромы және т.б. байқалады.

Сондай-ақ, кемақылдылықтың эндогенді себептері бола алатындар: плацентарлы қан айналудың бұзылуы; жүктіліктің екінші жартысындағы қатты уланулар; нефропатия, жүкті кезде артериялық қан қысымының көтерілуі; жүкті әйелдердің аурулары, жүрек-қан тамырының жетіспеушілігі, бауыр және бүйрек аурулары, қантты диабет, қалқанша безі қызметінің бұзылуы және басқа да эндокринді бұзылулар; дәрі-дәрмектерді, тыныштататын дәрілерді бақылаусыз ойсыз қабылдау; жүкті әйелдің жұқпалы аурулары, әсіресе вирусты (қызылша қызамығы, тұмау, ауыр тыныс алу аурулары, жұқпалы гепатит), сондай-ақ өкпенің қабынуы; қарапайым микроорганизмдердің шақыруымен қалыптасатын токсоплазмоз және листериоз аурулары; мерез, СПИД; ана мен құрсақ ішіндегі бала қаны құрамының резус-фактор бойынша үйлесімсіздігі; ата-ананың біреуінің немесе екеуінің де маскүнемдігі және нашақорлығы; түрліше туу жарақаттары (асфиксия).

Туа біткен кем ақылдылықтың ең ауыр түрі көбінесе құрсақ ішінде дамудың алғашқы кезеңінде пайда болады, әсіресе зиянды фактордың қарқынды әсер етуі және бірнешеуінің байланысуы кезінде.

Баланың алғашқы бірінші жылында ауруы да кемақылдылықтың себебі болуы мүмкін. Көптеген ауыр, қалжыратқыш аурулар жаңа туған және 2-3 жасқа дейінгі баланың миының дамуына кері әсер етеді. Біріншіден бұл жұқпалы процестер, әсіресе жұқпалы ОНЖ-нің аурулуры- минингит, энцефалит, менингоэнцефалит.

Кемақылдық үлкен әлеуметтік мәселе болып келетін еңбек етудің маңызды төмендеуіне әкеледі.

Олигофрения - бұл аурушаң процесс емес, патологиялық қалып-жайы, ақыл-ой дамуының және жалпы психиканың тежелуін тудырған, бұрынғы аурушаң процестің біркездері ісер ету себептерінің қорытындысы. Арнайы клиникалық зерттеулердің шешімі бойынша, олигофрения кезінде бас миындағы үлкен жарты шар қабығының диффузды, немесе тұтас зақымдануы басталуы белгі болып келеді. Осыған байланысты, тек барлық үлкен жарты шар қабығының сандық зақымдануы ғана емес, сондай-ақ бас миы қабығындағы нейродинамикалық процестердің сапалық бұзылуы да орын алады. Олигофренияға прогресті даму тән емес, кем ақылдық деменция кезіндегідей (жүре пайда болған кем ақылдық) өрбіп өспейді, керісінше, көптеген дер кезінде емдеу және түзету жағдайларында интеллектуалды дамудың жақсаруы мүмкін (ауыр дәрежедегілерді есептемегенде).