- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •Дефектология ғылымына жалпы түсінік, сипаттамасы, даму тарихы.
- •2. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •3. Дефектология салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
- •4. Дефектологияның зерттеу әдістері
- •5. Дефектологияның педагогикалық категориялары.
- •2. Адам психикасының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.
- •3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар».
- •4. Кемістіктердің себептері.
- •1. Олигофренопедагогика пәні мен міндеттері.
- •Олигофрения, жалпы мінездеме.
- •3. Олигофренияның топтастырылуы.
- •4. Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері.
- •1. Психикалық дамуы тежелген (пдт) балаларға жалпы мінездеме.
- •2. Психикалық дамудың тежелуінің (пдт) этиологиясы (пайда болу себептері).
- •3. Пдт топтастыру. Пдт-і бар балалардың білім алу іскерлігі.
- •Талдағыштар (анализаторлар) туралы жалпы түсінік.
- •Есту анализаторы және оның сезімталдығы.
- •Есту қызметі бүзылған балалар.
- •4. Көру талдағышы (анализаторы).
- •5. Көру қызметі бұзылған балалар.
- •1.Тілдің дамуы.
- •2. Р.Е.Левина бойынша тілдің жалпы дамымау деңгейлері
- •3. Тіл мүкістіктің клиникалық-педагогикалық жіктеуі.
- •4. Тіл мүкістіктің психологиялық-педагогикалық жіктеуі.
- •5.Логопедтік - коррекциялық (түзету) жұмыстарын жоспарлаудағы аналитикалық мәліметтердің рөлі.
- •1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының түрлері.
- •2. Балалардың церебральдық сал болуы (паралич, сал ауру, бцп), жалпы сипаттама.
- •1. Жас өспірімдерде жиі кездесетін тәртіп бұзылыстары.
- •2. Невротикалық типті психикалық декомпенсация
- •Психоұқсастық типті психикалық декомпенсация.
- •1. Генетика пәні, оның міндеттері.
- •2. Генетиканың даму тарихы.
- •3. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік.
- •4. Гибридологиялық әдістің маңызы.
- •5. Мендель заңдары.
- •6. Тұқым қуалау типтері.
- •1. Жасуша құрылысы.
- •2. Хромосомалардың құрылысы мен функциялары.
- •3. Жасуша бөлінуінің түрлері: митоз, мейоз.
- •4. Ағзалардың кобеюінің негізгі формалары.
- •5. Ядродан тыс тұқым қуалаушылық.
- •1. Нуклеин қышқылдары, олардың құрылысы, түрлері, функциялары. Ген құрылысы және функциялары.
- •2. Ген және орта.
- •3. Мутациялар, оның түрлері, мезанизмдері, биологиялық маңызы.
- •1. Адам генетикасы пәні, оның тараулары мен міндеттері
- •2. Адам генетикасын зерттеу әдістері.
- •3. Шежірелерді құрастыру мен талдау принциптері.
- •2. Адамның хромосомалық аурулары.
- •Даун синдромы
- •«Мысық дауысы (айқайы) (кошачьего крика)» синдромы (5 хромосоманың қысқа иығының делециясы)
- •Шерешевский-Тернер синдромы (х0-синдромы гонадалар дисгенезиясы)
- •Клайнфельтер синдромы (47, ххy)
- •3. Туа біткен ауытқұлар.
- •1. Гендік аурулары туралы түсінік беру.
- •2. Гендік аурулар ерекшеліктері.
- •3. Гендік аурулардың даму түрлері.
- •4. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу және алдын алу жолдары.
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •1. Схеманы жалғастырыңыздар:
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •5 Бөліміндегі әдебиеттерден басқа әдебиеттер тізімі:
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •Студенттердің білімін бағалау критерийі
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі:
- •Мазмұны
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)………………..............3
- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
5. Дефектологияның педагогикалық категориялары.
Дефектология – педагогикалық ғылым ретінде, бірқатар негізгі педагогикалық категорияларды ілгерілетеді:
Кеміс (жарымжан) балаларды тәрбиелеу – дефектологияның негізгі бір ұғымы болып табылады және баланың жалпы жетілуінде (құрбылармен, үлкендермен қарым-қатынаста араласуында, адам, жеке тұлға болуында) зор маңызы бар.
Кеміс балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері педагогиканың жалпы принциптерімен анықталады – белсеңді, қоғамға пайдалы адам тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, осының барлығы жеткілікті әдістердің мөлшерімен, құралдармен, дефектология құрылымына сәйкес дәрежелермен іске асырылады.
Кеміс балаларды тәрбиелеу, жанұя және мектеппен тығыз байланыста жүреді, өз-ара түсіністік, бір-біріне көмек көрсету, тәртіпті талап етуді орынды үйлестіре отырып, іске асырылады.
Кеміс балаларды оқыту және жетілдіру (дамыту) - бұл білім берудегі және меңгерудегі іс-әрекет дағдыларын, еңбекке және өмірге тәрбиелеудегі негізгі құрал, мақсаттық процесс болып табылады.
Оқыту барысында, білім беру және тәрбиелеу мақсаттары көзделеді. Дефектология арнайы дидактикалық сұрақтармен (білім беру қағидалары мен кеміс балаларды оқыту) айналысады.
Оқу процесін ұйымдастыру принциптері, мазмұны, міндеттері, балалардың кемістік сипатымен тереңдігін ескере отырып, әрбір нақты арнайы оқу орындары үшін жетілдіріледі. Осыған байланысты оқыту әдістері, техникалық құралдар таңдалып алынады.
Л.С.Выготскийдің қағидасына сүйене отырып, жақын арадағы даму зонасы (аймағы) мен актуалды даму зонасын білу, кеміс баланың өзінде болған мүмкіншілігін ғана емес, оның психикалық даму беталысын анықтайды.
Оқыту процесі, жақын арадағы даму зонасының актуалды даму зонасына ауысуына жағдай жасауы қажет, уақыт озған сайын бала педагогтың басшалығын қажет етпей, алдында тұрған тапсырмаларды өз бетімен шешуі қажет.
Бұл – оқыту мен дамытудың ішкі өз-ара байланысын құрастырады, сонымен қатар, дұрыс ұйымдастырылған оқыту, психикалық қызметінің қалыптасуына сүйене отырып, дамуына әкеледі. Еңбекке үйрету және тәрбиелеу арнайы дидактиканаң негізгі мәселері болып табылады. Арнайы мектептерде еңбек ерекше маңыз алады, өмір сүрүге ғана үйретіп қоймайды, сонымен қатар, мамандық игеруге үйретеді.
Коррекция (латын тілінен – correctio - дұрыстау, түзету, жөндеу) - дефектологияда балалардың психикалық, физикалық дамуындағы жетіспеушіліктерді әлсірету немесе дұрыстауға, түзетуге бағытталған педагогикалық шаралардың жүйесі. Коррекция екіге бөлінеді - жекелеген кемістікті түзету (мысалы, көру немесе дыбысты айту коррекциясы), кеміс баланың жеке басына толық түрде әсер ету.
Компенсация – (латын тілінен compensatio – қалпына келтіру, өтеу, байсалдылық) - организмдегі жетілмеген немесе бұзылған функционалдық қызметтерді қалпына келтіру. Бұл өте күрделі, жан-жақты процесс. Туа біткен немесе жүре пайда болған кемістіктердің салдарынан туындайды. Сонымен, соқыр болып туған баланың көру анализатор қызметінің компенсациясы, сезімталдығын дамыту арқылы, терінің сенсорлық жүйесінің көмегімен орындалады.
Кеміс балалардың дамуында алғашқы кемістік маңызды роль атқармайды, керісінше, кемшіліктің екінші әлеуметтік салдары, оның әлеуметтік-психологиялық орындалуы маңызды роль атқарады.
Компенсация процесі, мүкістікті толық жөндей алмайды, бірақ, кемістіктен пайда болатын қиыншылықтарды жеңуге төзуге көмегін тигізеді. Егер, арнайы педагогикалық әсер ету неғұрлым ерте басталса, компенсация процессі соғұрлым жақсы дамиды. Дамудың алғашқы сатысында коррекциялық тәрбиелеу жұмыстары басталса, организм мүшелерінің бұзылуынан пайда болған екінші зардаптарды алдын-ала ескертеді және баланың сәтті бағытта жетілуіне себебін тигізеді.
Коррекциялық-тәрбиелеу жұмыстары дамудың барлық сатысында жүйелі түрде қолданылады, себебі ауытқыған қызметтердің компенсациясы бірден қалыптаспайды, біртіндеп белгілі бер заңдылықтарға сүйене отырып қалыптасады.
Компенсацияның жоғары дәрежесі баланың жан-жақты жетілгенін білдіреді. Бірақ, даму кемістігінің кейбір формалары үшін компенсация шектелген. Сонымен, ақыл-есінің дамуындағы тұрпайы кемістіктерде жартылай компенсация қолданылуы мүмкін (сана-сезімінің дамуы), себебі, интеллектідегі терең ауытқулар жоғары психикалық дамуға кедергі жасайды. Осының салдарынан кемтар балалар қолайсыз әсерлермен жағдайларына (ауру процестеріне, психикалық жүктермен стресстерге) тез шалдығады да, сомпенсаторлық механизмдер бұзылуы мүмкін. Соның салдарынан жұмысқа қабілеттілігі қүрт төмендеп, дамуы баяулайды.
Бұл құбылыс – декомпенсация деп аталады. Осындай функционалдық ауытқулар төзімсіздікке және психикалық процесстердің әсіреуне әкеледі.
Бұл жағдайда бала – қорғаныс режимін құрауды, оқу жүктемесін шектеуді талап етеді. Кемтар балаларда компенсаторлық процестердің пайда болуы бірқатар жағдайларға байланыстаы болады.
Олардың дамуына жататын қолайлы жағдайлар:
оқыту және тәрбиелеу жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы, арнайы әдістер мен ережелерді қолдана отырып, тәрбиелік жұмыстар жүргізу;
оқыту мен еңбекті байланыстара отырып, балалардың ақыл-есінің және денесінің өсуіне жан-жақты үйлесу гармоникалық қалыптасуы принциптерін қолдану;
балалар ұжымында, мұғалімдер, оқушылар арасында дұрыс қарым-қатынас жасай білу;
балалардың оқу тәртібі мен еңбек процесін дұрыс ұйымдатыру, оқу тапсырмаларының шамадан артық болмауын ескерту;
оқытушыларды оқыту әдістері түрлі формада алмасып отыруы, олардың белсенділігімен өз бетіндік қабілеттерін жоғарылатуға бағыттау;
әртүрлі техникалық құралдарды, арнайы жвабдықтар жүйесін кеңінен қолдану, балалардың мүмкіншілігіне қарай оқу-құралдарын оптималды қолдану.
Әлеуметтік реабилитация (латын тілінен rehabilitas – жарамдылығын ақтау, ақтап шығару, қабілетін қалпына келтіру) медициналық-педагогикалық мағынасы - кеміс балаларды әлеуметтік ортаға қалыптастыру, олардың психикалық-физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қоғамдық өмірге, еңбекке араластыру.
Реабилитация – медициналық қүралдардың көмегімен іске асырылады, жетілудегі кемістектерін жою, сонымен қатар, арнайы оқыту, тәрбиелеу, мамандыққа даярлау. Реабилитация процесінде аурудың салдарынан болған ауытқулардың орны толтырылады. Реабилитация міндеттері әртүрлі категориялардағы кеміс балалар үшін арнайы оқу орындарында шешіледі.
Әлеуметтік адаптация (латын тілінен adapto – үйрену, бейімделу) - жалпы қоғамдық нормалар жүйесіне сәйкес кемтар балаларды топ ішіндегі және жеке тәртіптерге бейімдеп үйрету.
Кемтар балаларда жетілуіндегі кемістіктің салдарынан әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуі қиынға соғады, болып жатқан өзгерістер мен талаптарға көңіл бөлу қабілеті төмендейді.
Олар өз мақсаттарына жетуде ерекше қиындаықтарды сезінеді де, тепе-теңсіздік реакциялары пайда болып тәртіптерінше ауытқулар байқалады. Әлеуметтік бейімделу кемтар балалардың қоғамдық ортамен белсеңді араласуына мүмкіндік туғызады.
Отбасында, жанұяда тәрбиелеу – реабилитацияның белсеңді факторы. Отбасы мен мектеп біріге отырып күш салса, кемтар балалардың қоғамдық белсеңді әрекеттерімен араласуына, оның мамандық таңдау, еңбекке араласу мүмкіндігін анықтайды. Жыл сайын реабилитация әдістері мен ережелерін жетілдіріп отыр.
Есту органдары кем, саңырауларға арналған мектептерде жаңа жабдықтау қолданылып отыр.
Инклюзивті білім беру – бұл балалардың арасын бөлетін тосқауылдарды жоюға, барлық балаларды жалпы білім беру үдерісіне толық қосуға, жасына, жынысына, ұлтына және дініне, дамуда артта қалуына немесе экономикалық жағдайына қарамастан, жанұясының белсенді қатысуымен оларды әлеуметтік бейімдеу, баланың жеке қажеттіліктерін түзете-педагогикалық және әлеуметтік атаулы қолдау және баланы емес, ал ортаны балалардың жеке ерекшеліктері мен білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне бейімдеуге, б.а. қолайлы білім беру жағдайларын туғызуға бағытталған мемлекет саясаты.
Арнайы бiлiм беру бағдарламалары - кемтар балаларды оқытуға арналған бағдарламалар.
Арнайы бiлiм беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып бiлiм беру.
Арнайы бiлiм беру жағдайлары - техникалық және өзге де көмекшi құралдарды, сондай-ақ медициналық, әлеуметтiк және кемтар балалардың бiлiм беру бағдарламаларын игеруi онсыз мүмкiн болмайтын өзге де қызметтердi қоса алғанда, арнаулы бiлiм алу үшiн жасалатын жағдайлар.
Арнайы бiлiм беру ұйымдары - кемтар балалардың диагностикасы және консультациялар алуы, оларды оқыту мен тәрбиелеу үшiн құрылған ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi, балалар бақшалары, мектептер жанындағы логопедтiк пункттер және басқа да ұйымдар.
Білім алуда ерекше қажеттіліктер – ЮНЕСКО концепциясына сәйкес аталмыш ұғым түрлі себептерге байланысты, білім алуы қиындатылған бүкіл балаларды қамтиды және физикалық (дене), ақыл-ой жетілмеушілігі бар балалардан басқа әлеуметтік-экономикалық, мәдени, діни, ұлттық, тіл, географиялық немесе басқа факторлармен байланысты тұрақты немесе уақытша қиындықтарға ұшырайтын балаларды да кіргізеді.
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 5, 9, 10, 12.
Қосымша әдебиеттер: 17, 19.
Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 23-32.
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 34, 37, 40, 41.
Интернет көздері: 42-48.
Лекция тақырыбы: «Кеміс (кемтар) балалар» ұғымы. Кеміс (кемтар) балалар (жалпы сипаттама).
Лекция тезистері
1. «Кеміс балалар» туралы ұғым. Кеміс балалардың даму ерекшеліктері.
Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқылары бар және жалпы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз – ол anomalos грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны береді.
Бір қызметтің кемістігі немесі дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе – бұл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көрү, естү мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулықтардағы тақырыптарды оқуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткені оның психикалық даму процессі қалыпты жағдайда өтті.
Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады. Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар - 1. есту қызметі бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); 2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін); 3. сөйлеу қабілеті бұзылған – логопаттар; 4. интеллект немесе ақыл-ой сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелген); 5. психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.); 6. тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған; 7. психопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-құлығы бұзылған балалар жатады.
Кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру – күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр.
Кеміс балалар - күрделі және әртүрлі мінезді топқа жатады. Егерде кейбір кемістіктер толығымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреуі тек компенсациялынады, яғни жартылай өтеледі.
Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына және еңбекті тануына әсерін тигізеді. Кеміс балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білім берүді тез меңгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмкіншіліктері шексіз болады. Мінезінің өзгерүі де оқушылардың арнайы мектептерде оқуына, еңбекке араласуына кері әсерін тигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты меңгерсе, біреулерінің меңгеру қабілеті төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше арнайы ұйымдастыруды талап етеді.
Медициналық және психологиялық ғылымдардың дамуы кеміс балалардың даму ерекшеліктерін түсінүге себебін тигізеді. Кемістіктерді және олардың себептерін жіктеуге әрекеттер жасалады.
