- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •Дефектология ғылымына жалпы түсінік, сипаттамасы, даму тарихы.
- •2. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •3. Дефектология салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
- •4. Дефектологияның зерттеу әдістері
- •5. Дефектологияның педагогикалық категориялары.
- •2. Адам психикасының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.
- •3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар».
- •4. Кемістіктердің себептері.
- •1. Олигофренопедагогика пәні мен міндеттері.
- •Олигофрения, жалпы мінездеме.
- •3. Олигофренияның топтастырылуы.
- •4. Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері.
- •1. Психикалық дамуы тежелген (пдт) балаларға жалпы мінездеме.
- •2. Психикалық дамудың тежелуінің (пдт) этиологиясы (пайда болу себептері).
- •3. Пдт топтастыру. Пдт-і бар балалардың білім алу іскерлігі.
- •Талдағыштар (анализаторлар) туралы жалпы түсінік.
- •Есту анализаторы және оның сезімталдығы.
- •Есту қызметі бүзылған балалар.
- •4. Көру талдағышы (анализаторы).
- •5. Көру қызметі бұзылған балалар.
- •1.Тілдің дамуы.
- •2. Р.Е.Левина бойынша тілдің жалпы дамымау деңгейлері
- •3. Тіл мүкістіктің клиникалық-педагогикалық жіктеуі.
- •4. Тіл мүкістіктің психологиялық-педагогикалық жіктеуі.
- •5.Логопедтік - коррекциялық (түзету) жұмыстарын жоспарлаудағы аналитикалық мәліметтердің рөлі.
- •1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының түрлері.
- •2. Балалардың церебральдық сал болуы (паралич, сал ауру, бцп), жалпы сипаттама.
- •1. Жас өспірімдерде жиі кездесетін тәртіп бұзылыстары.
- •2. Невротикалық типті психикалық декомпенсация
- •Психоұқсастық типті психикалық декомпенсация.
- •1. Генетика пәні, оның міндеттері.
- •2. Генетиканың даму тарихы.
- •3. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік.
- •4. Гибридологиялық әдістің маңызы.
- •5. Мендель заңдары.
- •6. Тұқым қуалау типтері.
- •1. Жасуша құрылысы.
- •2. Хромосомалардың құрылысы мен функциялары.
- •3. Жасуша бөлінуінің түрлері: митоз, мейоз.
- •4. Ағзалардың кобеюінің негізгі формалары.
- •5. Ядродан тыс тұқым қуалаушылық.
- •1. Нуклеин қышқылдары, олардың құрылысы, түрлері, функциялары. Ген құрылысы және функциялары.
- •2. Ген және орта.
- •3. Мутациялар, оның түрлері, мезанизмдері, биологиялық маңызы.
- •1. Адам генетикасы пәні, оның тараулары мен міндеттері
- •2. Адам генетикасын зерттеу әдістері.
- •3. Шежірелерді құрастыру мен талдау принциптері.
- •2. Адамның хромосомалық аурулары.
- •Даун синдромы
- •«Мысық дауысы (айқайы) (кошачьего крика)» синдромы (5 хромосоманың қысқа иығының делециясы)
- •Шерешевский-Тернер синдромы (х0-синдромы гонадалар дисгенезиясы)
- •Клайнфельтер синдромы (47, ххy)
- •3. Туа біткен ауытқұлар.
- •1. Гендік аурулары туралы түсінік беру.
- •2. Гендік аурулар ерекшеліктері.
- •3. Гендік аурулардың даму түрлері.
- •4. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу және алдын алу жолдары.
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •1. Схеманы жалғастырыңыздар:
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •5 Бөліміндегі әдебиеттерден басқа әдебиеттер тізімі:
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •Студенттердің білімін бағалау критерийі
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі:
- •Мазмұны
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)………………..............3
- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
3. Пдт топтастыру. Пдт-і бар балалардың білім алу іскерлігі.
ПДТ-сы бар баланың жеке басын қалыптастыруда эмоционалды (сезімдік) даму дәрежесіне, сонымен қатар нейродинамикалық бұзылуларға (астениялық және церебрастениялық жағдайлар) байланысты М.С. Певзнер мен Т.А. Власова келесі ПДТ түрлерін ерекшеледі:
А) Психикалық және психофизикалық инфантилизм негізінде ПДТ, жүкті кезеңдегі ОНЖ-не зиянды әсер етумен байланысты.
Б) Баланың өмірінің ерте кезеңінде түрліше патогенді (ауру тұғызатын) факторлардың нәтижесінде пайда болған, организмді астениялық және церебрастениялық күйге әкелген ПДТ.
Болжау жоспарында патогенетикалық механизм кезінде бірінші жағдай көбіне жағымды және осындай ПДТ формасы бар балалардың көптеген бөлігі арнайы оқытуды қажет етпейді. Нейродинамикалық басым болу кезінде, бірінші кезекте церебрастениялық бұзылуларды, ПДТ тым тұрақты болып келеді және тек психологті-педагогикалық түзетуді ғана емес, емдеу шараларын да қажет етеді.
Кешірек, К.С. Лебединская, онан арғы ғылыми-зерттеу жұмысының қортындысында, ПДТ-ң этио-патогенетикалық топтастыруын ұсынған болатын (яғни, негізгі клиникалық типтері этио-патогенетикалық принципі бойынша дифференцияланады):
А) ПДТ-ң конституциялық шығу тегі былайша айтқанда сәйкестік (гармонялық) инфантилизм;
Б) ПДТ-ң соматогенді шығу тегі;
В) ПДТ-ң психогенді шығу тегі;
Г) ПДТ-ң церебралды –органикалық шығу тегі.
Осы типтердің әр қайсысы соматикалық, энцефалопатикалық және неврологиялық аурушаң белгілердің көршілес асқынуы болуы мүмкін және өзінің клиникалық, психологиялық, эмоционалды жетілмеген ерекшеліктері және білім алу іскерлігінің бұзылуы, өзінің этиологиясы бар. Барлық осы типтер инфантилизмнің құрылысымен және нейродинамикалық бұзылудың сипатымен ерекшеленеді. Білім алу іскерлігінің инфантилизімінің баяу қарқында қалыптасуы интеллектуалды дәлдіктің жеткіліксіздігіне байланысты, ал нейродинамикалық бұзылулармен бірге – тонус (жиырылу күші) және психикалық процесстердің жылдамдығы.
А) ПДТ-ң конституциялық шығу тегі, былайша айтқанда гармониялық, сәйкестік инфантилизм (психикалық қиын емес және психофизикалық инфантилизм), М.С. Певзнер мен Т.А. Власованың топтастыруымен (лат.тіл. “infantilis” – бала шақтың). Осыған сәйкес сезімтік-жігерлі сфера ең алғашқы даму сатысында тұрғандай, және тым кішкентай жастағы баланың әдеттегі структурасымен эмоционалды құрылысы ұқсас. Сипаттары: мінездің эмоционалды мотивациясының басым болуы, көңіл-күй түрінің жоғарлығы, сезімнің ашықтығы кезінде олардың үстірт және беріксіз, жеңіл иланушылық ойынға деген қызығушылығының басым болуы. Көбінесе эмоционалды жалынды-жігерлі ержетпеудің ерекшелігі дене бітімінің инфантильді типімен үйлеседі. ПДТ-ң мұндай типінде не туа біткен конституциялық этиология, не өмірінің бірінші жылында құрсақ іші ауыспалы-трофикалық бұзылулар түріндегі себептер болады.
Б) ПДТ-ң соматогенді шығу тегі. Аномалды дамудың бұл типі түрліше шығу тегінің ұзақ соматикалық жеткіліксіздігінің әсері болып келеді: созылмалы жұқпалы аурулар, аллергиялық жайы, соматикалық сфераның туа біткен және жүре пайда болған ауруының дамуы, бірінші кезекте жүректе. Баланың психикалық даму қарқынының баяулауында тек жалпы ғана емес, психикалық тонусты да төмендетуші маңызды рольді астения алады. Осындай ПДТ формалы балаға тән ерекшеліктер: эмоционалды дамуының тежелуі - соматогенді инфантилизм, невротикалық білінулер - сенімсіздік, қорқақтық, өзінің дене бітімінің жетілмегенін сезінуге байланысты, ал кейде шектеулер және рұқсат етпеу тәртібімен шақырылған соматикалық әлсізденген немесе ауру бала болады.
В) ПДТ-ң психогенді шығу тегі баланың жеке басының дұрыс қалыптасуына кедергі болатын тәрбиенің қолайсыз жағдайларымен байланысты. Баланың психикасына жарақатты әсер тудырушы, ерте пайда болған, ұзақ әсер етуші ортаның қолайсыз жағдайлары, оның нервті-психикалық сферасының тұрақты қозғалуына, алғашқыда вегетативті қызметтің бұзылуына, содан кейін психикалық, бірінші кезекте эмоционалды дамуының бұзылуына әкелуі мүмкін.
ПДТ-ң психогендік шығу тегінің келесі патологиялық дамуын ажыратады:
психикалық тұрақсыздығы типінен, гипоопеканың («гипо» - кем немесе аз деген мағынаны береді) құбылысының ескертілуінен – қараусыздың жағдайынан. Осылай бола тұра баланың жауапкершілік және сезім міндеті қалыптаспайды, тәртіп формалары, белсенді дефектінің тежелуіне байланысты. Білім алу іскерлігінің дамуы, интеллектуалды қызығушылығы ынталандырылмайды: аффекті тұрақсыздық, ырықсыздық, мектеп пәндерін ұғып алуға қажетті, білім деңгейінің жеткіліксіздігінен жиі үйлесетін жоғары иланушылық.
“Жанұялық табыну”, типі бойынша аномалды даму варианты, гиперопеканың («гипер» – артық, көп деген мағынаны көрсетеді) құбылуының ескертілуі - еркелетіп тәрбиелеу. Осы кезде балаларға дербестік, белсенділік, жауапкершілік белгілерін ұластырмайды. Бұл психогенді инфантилизмге тән ерекшеліктер: шағын қайраттылыққа талпынушылық, өзімшіл және дарашылдың белгілері, еңбекті сүймеуі, үздіксіз көмек пен қамқорлықты тұрақты қажет етуі.
Невроз типі боынша патологиялық даму варианты, ата-аналарынан дөрекілік, қатыгездік, қаталдық көрген балалардан және басқа отбасы мүшелерінен ашушаңдық байқалады. Осыдан барып ПДТ типі бар балада дербестік, батылсыздық, шамалы белсенділік және бастау, жүрексіздік, қорқақтық біліне бастайды.
Г) ПДТ-ң церебралды-органикалық шығу тегі көбіне түрліше бейнелерде кездеседі, эмоционалды, жалынды-жігерлі сферада да және білім алу іскерлігінде де үлкен тұрақтылық пен бұзылудың ерекшеленуіне ие. ОНЖ-нің органикалық жеткіліксіздігінің себебі патологиялық жүктілік болып келеді (ауыр жеріктік, инфекциялар, уланулар, жарақаттар, резус-фактор бойынша анамен құрсақтың қанының үйлесімсіздігі), шалалық, асфиксия (ауа жетіспеушіліктен түн шығып қалу) және туу кезіндегі жарақаттар, постнаталды нейроинфекциялар, өмірінің бірінші жылындағы токсикодистрофиялық аурулар.
Берілген ПДТ типі бар балаларға тән ерекшеліктер; статикалық қызметтің қалыптасуының, жүргізудің, сөздің, тазалық әдетінің, ойын әрекеті кезеңінің, дене құрылысының даму тежеулігінің кешігіңкіреуі (бұлшық еттерінің дамымауы, бұлшық ет және тамырлы тонустың жеткіліксіздігі, бойының тежелуі түрінде) жалпы гипотрофия, вегетативті реттелу; вегетативті-тамырлы дистонияның, гидроцефалды және гипертензивті стигма тәрізді белгілердің құбылысы (бас сүйек ішінің жоғарғы қысымы бар жергілікті жерлері). Эмоционалды – жігерлі жетілмеушілік органикалық инфантилизммен көрсетілген, соған тән ерекшеліктер: сезінудің ашықтығы мен өткірліктің жоқтығы, жақындаудың төмен деңгейі, сынның жоқтығы, ойын әрекетінің біріңғайлығы және бірсарандылығы, қиял мен творчествоның, шығармашылықтың аздығы. Көбінесе тура бағытталған интеллектуалды дайындықты қажет ететін іскерлік ойынға айналып кетеді, мысалы, сабаққа дайындық. Ұйқының және тәбеттің вегетативті бұзылулары бар - қатты терлеу мен тоңғақтық, тамырлы реакцияның тұрақсыздығы. Осыдан барып, органикалық инфантилизмнің 2 негізгі түрін ерекшелейді:
Тұрақсыз - психомоторлы тежелуімен, эйфорикалық түрінің көңіл-күйімен ырықсыздығы;
Тежелетін - көңіл-күй түрінің төмендеуінің басым болуы, батылсыздығымен, қорқақтығымен.
Берілген ПДТ формалы балаларға білім алу іскерлігінің бұзылуы тән, есте сақтау, көңіл аудару, психикалық процесстердің екпінімен, олардың жайбасарлығымен және қайтадан қосылуының төмендеуімен, сонымен қатар жекеленген бас ми қабықты функциялардың жеткіліксіздігімен ескертілетіндер.
Сенсорлық бұзылудың жоқтығына қарамастан (яғни өткірліктің төмендеуі мен көз алдынан түсіп қалуы), көптеген перцептивті көру операцияларын қалыпты дамыған балаға қарағанда, ПДТ-сы бар балалар баяу орындайды. Шынайлық жағдайдағы ПДТ-сы бар бала, көптеген қоршаған заттарды қабылдамайды, егер олар негізгі белгілеулі нүктеден шығарылған болса, ідеттенбеген ракурста көрінеді, нашар жарықталған немесе оның көзқарасы оны өте қысқа мерзімде белгілегенде болады. ПДТ-сы бар балалар белгіленген және ірі бөлшектерді жақын қабылдайды, бірақ қабылдау жылдамдығы баяу және қабылдаудың хабарландыру структурасы жеткіліксіз дифференцияланған.
ПДТ-ң зиянкесті факторларының шығу тегі мен мерзімінің бала организміне әсер етуіне байланысты білім алу іскерлігі мен сезімдік-жігерлі сферада және асқынудың түрліше варианттарын береді.
Түрліше этиологиялық ПДТ-ң жалпы белгілері:
- қатты жүдеудің әсерінен іскерліктің төмендеуі:
- сезім мен еріктің жетілмеуі:
- жалпы мәлімет пен елестету қорының шектелуі:
- сөздік қорының жеткіліксіздігі;
- интеллектуалды іскерлік әдетінің қалыптасуы;
- ойын іскерлігінің толық қалыптаспағандығы;
- қабылдаудың баяулауы;
- сөзді логикалық операцияның ойланудағы қиыншылығы;
- естің барлық түрлерінің бұзылуы;
- сенсорлық хабарды қабылдау мен өндіру мерзімінің ұзақтығының үзаруы;
- өзін-өзі бақылау деңгейінің төмендігі;
- жаңа оқу жолына негізгі ойлау операцияларының қалыптасуы – талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту.
ПДТ-ны кемақылдылықтан ажырататын белгілері (ПДТ мен кемақылдылықты дифференциялау сұрағын, тек компетентті, білімді, хабарлар дәрігерлі-педагогикалық комиссия шеше алады):
А) ең жоғары оқыту, мұғалімнің көмегін өте жақсы қолданады және көрсетілген әрекет-амалын тапсырмаға ұқсас көшіруге қабылетті;
Б) ПДТ-сы бар балалар жәй оқу техникасы кезінде, мұғалімнің тапсыруынсыз қайталап оқуға жүгіне отырып, оқығандарын түсінуге тырысады. Кемақылды балалар оқығандарын түсінбейді және қайталап айту кезінде тиянақсыз және қисынсыз болып келеді;
В) фонетикалық және фонетика-фонематикалық талдаудың айрықша бұзылуы, моторикалық дамымауы және кеңістікті қабылдауы, жазуының салақтығынан білінеді;
Г) математиканы оқу кезінде сандардың құрамын, есептің ондықтан ауысуын және т.б. меңгеру қиындыққа түседі. Осыған байланысты кемақыл балаларды оқытуға қарағанда мұғалімдер тарапынан көмек өте нәтижелі;
Д) айтуының жеткіліксіздігі артикуляторлық аппараттың аз қимылдауына байланысты ПДТ-і бар балаларға арналған мамандандырылған мектептерде логопедиялық сабақтардың көмегімен түзетіледі.
Е) есте сақтаудың барлық түрлерінің жеткіліксіздігі: еркіндік, еріксіздік, уақытша, ұзақ уақытты. ПДТ-і бар балалар мұғалімнің көмегімен кейін берілген тапсырманы ережеге жақын деңгейде орындауға қабылетті, осыдан барып кемақыл балалардан сапалы айырмашылығы барын айтуға мүмкіндік береді;
Ж) мектепке барғаннан кейін тәртібі мектепке дейінгі баланыкіндей болып қалады, яғни бірінші орында іскерлігі. Баяу білінген немесе оқу дәлдігі жоқ.
4. ПДТ-сы бар балалармен түзету-тәрбиелеу жұмысының ерекшеліктері.
ПДТ-і бар балалармен оқу-түзету жұмыстары кең және әртүрлі болып табылады.
Оқыту-түзету және түзету-тәрбиелеу жұмыстарының принциптері:
- жалпы білім беру циклы сабақтарында, сондай-ақ арнайы оқыту кезінде де әр баламен жеке жұмыс жүргізу;
- түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни профилактикасы, мысалы, ақыл-ой мен тәжірибелік іскерлікті алмастыру, қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды қолдану, көрнекіліктің түрліше тәсілдерін т.б;
- баланың білім алу іскерлігін барыншы белсендететін, олардың сөзін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;
дайындық (оқу бағдарламаның сол немесе басқа бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған өмір жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;
оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігі түрі кезінде үздіксіз түзетуіне көңіл аудару;
баламен жұмыс кезінде ерекше педагогикалық ырғақ көрсету;
Арнайы мектептерде оқуға және жазуға үйрену арнайы түзету жұмысымен өткізіледі, былайша айтқанда сауаттылыққа үйрену дайындығы әр кезеңмен орындалады. Бірінші кезеңде естудің қадағалауымен сөзден жекеше дыбыстарды, бөлшектеу тәсілімен шығарады, бірақ та бұл сауаттылықты жақсы меңгеріп кету үшін керекті талдау мен жинақтау дыбыстарының дағдысын қамтамасыз етпейді; екінші кезеңде - сөздегі дыбыстың оның орнын белгілей білуді өндіреді, дыбыстардың бір ізділігн және сөздегі орналасу тәртібін анықтау.
ПДТ-і бар балаларды жазуға үйрету көпшілік жалпы білім беретін мектептерге арналған бағдарламаның тарауы бойынша берілген әдістемелік ұсыныс негізінде құрастырылады.
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 9, 10, 12.
Қосымша әдебиеттер: 15-17, 19, 20.
Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 23-32.
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 33-38, 40, 41.
Интернет көздері: 42-48.
Лекция тақырыбы: Сенсорлы бұзылулары (есту қабілетінің, көру қабілетінің) бар балалар.
Лекция тезистері
