- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •Дефектология ғылымына жалпы түсінік, сипаттамасы, даму тарихы.
- •2. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •3. Дефектология салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
- •4. Дефектологияның зерттеу әдістері
- •5. Дефектологияның педагогикалық категориялары.
- •2. Адам психикасының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.
- •3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар».
- •4. Кемістіктердің себептері.
- •1. Олигофренопедагогика пәні мен міндеттері.
- •Олигофрения, жалпы мінездеме.
- •3. Олигофренияның топтастырылуы.
- •4. Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері.
- •1. Психикалық дамуы тежелген (пдт) балаларға жалпы мінездеме.
- •2. Психикалық дамудың тежелуінің (пдт) этиологиясы (пайда болу себептері).
- •3. Пдт топтастыру. Пдт-і бар балалардың білім алу іскерлігі.
- •Талдағыштар (анализаторлар) туралы жалпы түсінік.
- •Есту анализаторы және оның сезімталдығы.
- •Есту қызметі бүзылған балалар.
- •4. Көру талдағышы (анализаторы).
- •5. Көру қызметі бұзылған балалар.
- •1.Тілдің дамуы.
- •2. Р.Е.Левина бойынша тілдің жалпы дамымау деңгейлері
- •3. Тіл мүкістіктің клиникалық-педагогикалық жіктеуі.
- •4. Тіл мүкістіктің психологиялық-педагогикалық жіктеуі.
- •5.Логопедтік - коррекциялық (түзету) жұмыстарын жоспарлаудағы аналитикалық мәліметтердің рөлі.
- •1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының түрлері.
- •2. Балалардың церебральдық сал болуы (паралич, сал ауру, бцп), жалпы сипаттама.
- •1. Жас өспірімдерде жиі кездесетін тәртіп бұзылыстары.
- •2. Невротикалық типті психикалық декомпенсация
- •Психоұқсастық типті психикалық декомпенсация.
- •1. Генетика пәні, оның міндеттері.
- •2. Генетиканың даму тарихы.
- •3. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік.
- •4. Гибридологиялық әдістің маңызы.
- •5. Мендель заңдары.
- •6. Тұқым қуалау типтері.
- •1. Жасуша құрылысы.
- •2. Хромосомалардың құрылысы мен функциялары.
- •3. Жасуша бөлінуінің түрлері: митоз, мейоз.
- •4. Ағзалардың кобеюінің негізгі формалары.
- •5. Ядродан тыс тұқым қуалаушылық.
- •1. Нуклеин қышқылдары, олардың құрылысы, түрлері, функциялары. Ген құрылысы және функциялары.
- •2. Ген және орта.
- •3. Мутациялар, оның түрлері, мезанизмдері, биологиялық маңызы.
- •1. Адам генетикасы пәні, оның тараулары мен міндеттері
- •2. Адам генетикасын зерттеу әдістері.
- •3. Шежірелерді құрастыру мен талдау принциптері.
- •2. Адамның хромосомалық аурулары.
- •Даун синдромы
- •«Мысық дауысы (айқайы) (кошачьего крика)» синдромы (5 хромосоманың қысқа иығының делециясы)
- •Шерешевский-Тернер синдромы (х0-синдромы гонадалар дисгенезиясы)
- •Клайнфельтер синдромы (47, ххy)
- •3. Туа біткен ауытқұлар.
- •1. Гендік аурулары туралы түсінік беру.
- •2. Гендік аурулар ерекшеліктері.
- •3. Гендік аурулардың даму түрлері.
- •4. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу және алдын алу жолдары.
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •1. Схеманы жалғастырыңыздар:
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •5 Бөліміндегі әдебиеттерден басқа әдебиеттер тізімі:
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •Студенттердің білімін бағалау критерийі
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі:
- •Мазмұны
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)………………..............3
- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
3. Гендік аурулардың даму түрлері.
Гендік аурулар гендік мутациялармен тұғызылады, басқаша айтқанда белгілі бір генге сәйкес участкідегі ДНК құрылысының өзгеруімен тұғызылады. Бұндай микроскоппен көрінбейтін нуклеотидтердегі молекулярлық өзгерістер (түсіп қалу, екі еселену, орнын ауыстыру, алмасу) иРНК-ның синтезі кезінде тұқым қуалайтын ақпаратты «көшірудің» бұзылуына әкеледі. Нәтижесінде ағзада ақуыздың синтезі (түзілуі) өзгереді.
Сонымен, гендік аурулар, бұзылған геннің жасушада белгілі бір ақуыздың синтезін (түзілуін) бағыттай алмайтындығынан пайда болады. Сонда белгілі бір ақуыз түрі тіптен синтезделмейді (түзілмейді), немесе басқа түрлі ақуыз молекулары пайда болады. Кейде бұндай бұзылған немесе түзілмеген ақуыз болып структуралық (құрылыстық) ақуыз саналады, ол жасушалардың цитоплазмасының немесе ағза сұйықтарының (қан плазмасы және б.) қалыпты құрамына кіреді. Басқа жағдайларда ақуыз биохимиялық процесстердің белгілі бір бөлігін реттейтін фермент қасиетіне ие болады. Оның синтезінің (түзілуінің) бұзылуы бұл процесстің бұзылуына әкеліп, ағзада түрлі метаболиттердің (басқаша айтқанда зат алмасу өнімдерінің) көбеюіне әкеледі. Гендік мутация салдарынан түрлі гормондардың синтезін (түзілуін) реттейтін ақуыз-ферментінің синтезі (түзілуі) азап шегуі мүмкін. Бұндай жағдайда тұқым қуалайтын эндокриндық ауруларының бір түрі дамиды. Жоғары айтылып өткенмен сәйкес гендік патологияны 3 түрге бөледі, оларды келесі схема бойынша белгілеуге болады:
ген-ақуыз-белгі;
ген- ақуыз (фермент)-биохимиялық реакциялар-белгілер;
ген- ақуыз (фермент) гормон-белгі.
Ген- ақуыз-белгі түрі бойынша бір структуралық (құрылымдық) ақуыз синтезінің (түзілуінің) бұзылуынан пайда болатын гендік аурулар дамиды. Мысалы, оларға агаммаглобулинемияны жатқызуға болады. Белгілі бір геннің Х-хромосомасындағы өзгеріс қан плазмасындағы гамма-глобулиндердің-қарсы денелердің негізгі тасымалдаушыларының синтезінің (түзілуінің) бұзылуына әкеледі. Бұл патологиядан азап шегетін ұл балаларда барлық инфекциялық ауруларға иммунитеттің толық жоқтығы байқалынады. Әр инфекцияда оларға гамма-глобулинды құйып отыру қажет.
Ген-ақуыз(фермент)-биохимиялық реакциялар-белгілер түрі бойынша пайда болатын гендік аурулар, бір ферменттің болмауымен сипатталады, ол зат алмасуының: ақуыз, май, көміртек, микроэлементтер мөлшерінің және т.б. айналымының бұзылуына әкеледі. Ағзада артық метаболиттер немесе патологиялық зат алмасу өнімдері пайда болады.
Мысал ретінде зат алмасуының тұқым қуалайтын екі ең белгілі кемшіліктерін қарастырайық (фенилкетонурия мен галактоземияны).
Фенилкетонурия алғашқы 1934 жылы норвеждік дәрігер мен биохимик И.Феллингпен жазылып көрсетілген, ол екі ақыл есі төмен сибстардың зәрісінен фенилпировиноград қышқылын бөліп алған.
Сур.3.
Фенилкентонурия.
Фенилкетонурия аутосомды-рецессивті тұқым қуалайтын ауруларға жатады. Жаңа туған нәрестелер арасындағы жиілігі орташа алғанда 1:10 000 құрайды. Олигофрениясы бар аурулар арасында фенилкетонурия орташа алғанда 1,0% жағдайда байқалынады, зерттелінетін контингент неғұрлым күрделі, ауыр болса, соғұрлым ауру жиі байқалынады.
Фенилкетонуриямен ауыратындарда фенилаланинның тирозинға айналуы бұзылған, ол осы реакцияны бақылайтын гидроксилаза-4-фенилаланин ферментінің болмауымен байланысты. Осындай зат алмасудың дамуы нәтижесінде фенилаланин концентрациясы ағзаның барлық сұйық орталарында он есе рет көбейіп кетеді.
Фенилаланинның жартысы зәрімен шығады, ал оның қалғаны фенилпировиноградты, фенилсірке, фенилсүтті қышқылдарға және басқа фенилкетонды заттарға айналады, олар да зәрімен бірге шығады. Фенилаланинның алмасу блогімен байланысты ағзада екінші биохимиялық бұзылулар қатары дамиды.
Бұл ауытқулардың барлық жинағы бас миының жетілуінің бұзылуын туғызады, ең алдымен, миелинизациясының (жүйке талшықтарының дамуының).
Ауру баланың алғашқы 2-3 айларында дамуында ауытқулар көбіне көрінбейді. Ауру біртіндеп біліне бастайды және өмірінің алғашқы жылының екінші жартысында айқын көрінеді (сур.3).
Аурудың жалпы клиникалық суреттемесі өзіне келесіні кіргізеді: кемақылдылықты, тәртібінің бұзылуын, пигментация кемшілігін, аурулардың жартысында - құрысу синдромы мен дене терісінің өзгеруін. Ауруларда сонымен қоса бұлшық еттерінің гипотониясы (аяқ-қолдары бүгіліп, сіңір рефлекстері жоғарылайды), гиперкинездер (қол-аяқтардың қалыптан тыс әрекеттері), саусақтар треморы (дірілдеуі), атаксия, кейде орталық парездер (жартылай сал болуы) байқалынады (сур.4).
Сур.4. Қол-аяқ саусақтарының гиперкинездері.
Емделмеген аурулардың көбісінде (92-96% аралығында) кемақылдылықтың терең дәрежелері – милау (идиотия), миқұла (имбецильность) байқалынады. 3-4% ақыл-ойының жеңіл жетіспеушілігі білінеді және 0,2-0,3%- ақыл-ой қабілеттері қалыпты дерлік. 3-4 жасынан кейін ақыл-ойының жетіспеушілігінің деңгейі көбіне тұрақты болып қалады (Б.В.Лебедев, М.Г.Блюмина).
Интеллектуалдық кемшіліктен басқа, тәртібінің түрлі бұзылулары байқалынады, көбіне қозу мен қайталанып тұратын бір типті қимылдармен сипатталады, қоршағандармен қатынасының бұзылуы байқалынады, кейде ауытқулар психоз сипатында болады.
Фенилкетонурияның биохимиялық диагностикасы зәрінің фенилпировиноградты қышқылымен реакциясының оң сапасына және қан плазмасында фенилаланин концентрациясының жоғарлауының байқалуына негізделеді
Өз уақытындағы (дер кезіндегі) диагностика (жаңа туған нәрестелерде) мен дұрыс жүргізілген ем ауруларда кемақылдылықтың дамуының алдын алады.
Бүгінгі күні өзін ақтаған фенилкетонурияны емдеу әдісі болып фенилаланины шектелген диетаны қолдану саналады. Рационнан құрамында ақуыз саны көп барлық азық-түліктерді алып тастау қажет (ет, балық, ұннан жасалынған нан, жұмсақ бөлішкелер және кондитер тағамдары, жұмыртқа, сыр, ірімшік, өрік, фасоль, бұршақ және т.б.). Ақуыздың арнайы гидролизаттары тағайындалады, олардан фенилаланин толығынан немесе жартылай алынады. Диетамен емдеу 6-8 жасына дейін жүргізіледі.
Галактоземия алғашқы рет 90 жыл бұрын жазылып көрсетілген. Бұл зат алмасуының кемшілігін дер уақытында диагностика жасап анықтаса табысты емдеуге болады. Ауру жиілігі жаңа туған нәрестелерге шаққанда 1:70 000 құрайды. Ауру аутосомды-рецессивті жолмен тұқым қуалайды. Негізгі кемшілік галактозаның алмасуына қатысатын галактозо-1-фосфатуридилтрансфераза ферментінің жетіспеушілігімен сипатталады. Ауру басқа ферменттің - галактокиназаның жетіспеушілігімен де туындауы мүмкін.
Аурудың симптомдары кейде өмірінің алғашқы күндерінде байқалынады: құсу, кенеттен әлсіздену, гипотония, сары ауру. Сіңір тартылу, құрысу жиі пайда болады. Ауру бірте-бірте басталуы мүмкін, онда негізгі симптомдары кейіннен байқалынады. Ол- катаракта, кемақылдылық және хроникалық гепатит (бауыр ақауы).
Аурулардың зәрісінде және сары суында (сыворотка) галактоза санының көптігі байқалынады. Онымен қоса глюкоза деңгейі төмендей түседі, бұл гипогликемияның клиникалық құбылыстарымен қосарласады. Зәрімен қоса, бүйректердің уланып зақымдану салдарынан, ақуыз бен аминқышқылының шығуы байқалынады. Әдетте анемия (қанының аздығы) дамиды.
Галактозо-1-фосфатуридилтрансфераза ферментінің белсенділігінің кемшілігі эритроциттерді, лейкоциттерді, бауыр пунктаттарын және дене терісінің культурасын (тұқымын) зерттегенде анықталады.
Емдеу тағамдағы галактозаның шектелуімен, басқаша айтқанда рационнан сүт тағамдарын алумен сипатталады. Зақымдану жаға туған нәрестелерде анықталса және емдеуді дұрыс бақылап отырса, балалардың дамуы қалыпты немесе қалыптыға жақын жүреді.
Кейбір белгілі тұқым қуалайтын алмасу кемшіліктеріне аталмыш алғашқы биохимиялық кемшілік ашылған, басқаша айтқанда жетіспейтін фермент анықталған, басқаларына диагностика тек бұзылған метаболизмның екінші заттары (по вторичным продуктам метаболизма) бойынша жүргізіледі, ең алдымен ағзаның сұйық заттарында (қанда, зәріде). Тұқым қуалайтын алмасу кемшіліктері – сирек кездесетін аурулар.
Ген-ақуыз (фермент) гормон –белгі түрі бойынша түрлі эндокриндық аурулар дами түседі. Мысалы, туа біткен гипотиреоз тұқым қуалашылықпен қамтамасыз етілген қалқанша без гормондарының синтезінің (түзілуінің) бұзылуымен туғызылады, емделуі өз уақытында басталған гормоналдық терапиямен сиатталады.
Гендік мутация варианттарының саны хромосомдық аберрациялар санын едәуір аса түседі. Адамда 46 хромосома болғандықтан хромосомдық бұзылулар саны шектелген. Бірақ гендер саны 46 хромосомаларда он есемен саналады, мүмкін жүз мыңдарменде саналынатын шығар, сондықтанда гендік мутациялар сандары өте көп. Адамның тұқым қуалайтын патологиясының негізін гендік аурулар құрайды.
