Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.УМКдн. 2013г.Дефектология негіздері және ге...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)

Лекция тақырыбы: Кіріспе. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, салалары, даму тарихы, басқа ғылымдармен байланысы.

Лекция тезистері

  1. Дефектология ғылымына жалпы түсінік, сипаттамасы, даму тарихы.

Дефектология (defectus деген латын тілінен кемістік деген мағынаны кµрсетеді, ал logos грек тілінен - сөз, ілім) - балалардың педагогикалық ғылымына жатады, ол кемістігі бар балалардың психологиялық жєне физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттейді, сонымен қатар оларды оқыту жєне тєрбиелеу заңдылықтарын белгілейді.

Ғылыми таным саласы ретінде дефектологияның зерттеу негізіне кемтар балаларды оқыту, тєрбиелеу мєселелері алынады.

Орта ғасырдың соңғы кезеңіне қарай, феодалдық қоғам қойнауында капиталистік мануфактура дамыған кезде қала халқының ішіне түрлі кемістіктерді, психикалық ауруларды бөліп алу қажеттігі туды. Өйткені, даму барысындағы физикалық, психикалық кемістіктер, психикалық аурулар қоғам назарын өзіне аударды. Бірақ бұл кезде қоғамдық идеологияда шіркеу үстем болды. Осыған сәйкес аталмыш кемістіктер, психикалық аурулар жын-шайтан айналдырған адамдар ретінде қарастырылды. Ауруларды монастырьлерге жіберетін Батыс Еуропа елдерінде, Киев және Москва Русьтерінде де солай еді.

Шіркеу «күпірлермен» қатал күрес жүргізген Батыс Еуропа елдерінде психикалық аурулар, дамудағы кемістіктер, ақылы кем адамдар көбіне инквизиция оттарында жағылды.

ХУ-ХУП ғасырларда Еуропа елдерінде кемістіктері бар адамдарға, психикалық ауруларға арналып баспаналар ұйымдастырылды.

Медицина профессоры Феликс Платтер (1537-1614) алғашқы рет ақыл-ой бұзылыстарын, көңіл-күйді, аурулардың физикалық жағдайын ескере отырып психикалық ауруларды жіктеуге тырысады. Педагог, философ, славян ғалымы Ян Амос Коменский (1592-1670) елден бұрын педагогикалық тұрғыда баланың ақыл-ойының оның мінез-құлқына, тәртібіне тәуелділігін көрсете білді.

Алғашқы рет француз дәрігері-психитары Филипп Пинель(1745-1826) анық болмаса да кемақылдылықтың екі клиникалық түрін ажыратқан: туа біткен және жүре пайда болған.

Идиотияны ерекше жағдай ретінде қарастыру мәселесімен Ф.Пинель шәкірті Жан-Этьен-Доминик Эскироль (1772-1840) айналысқан.

Неміс психиатры Эмиль Крепелин (1856-1926) кемақылдылықтың барлық түрлерін «психикалық дамуының тежелуі» атты бір үлкен топқа біріктірді, «олигофрения» терминін енгізді.

Атақты швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) артта қалушылықтың жеңіл түрлері бар балалардың арнайы оқу мекемелерінде оқытылуының алғашқы әрекеттерін жасаған.

Атақты француз психиатры Жан Итар (1775-1838) сезімталдылығын дамытуға негізделген әдістер көмегімен (физиологиялық оқыту) тағыланған баладан (авейрон жабайы) қалыпты сау адамды тәрбиелемекші болатын.

ХХ ғасырдың бірінші төрттігінде француз педагогы Жан Филипп және дәрігер Поль Гонкур психикалық ауытқуы бар оқушыларды зерттей отырып, олардың қалыпсыздығының критерийі болып қалыпты жағдайда оқуға қабілетсіздігі тұжырымына келді. Олар ақылды өлшеу және кемақылдылықты диагностикалаудың жаңа тест жүйелерін іздестірудің бастамасына негіз салды.

Ресей дефектология ғылымының даму тарихы Екатерина Константиновна Грачеваның (1866-1934) есімімен тығыз байланысты. Ол күрделі кемақылды балалармен жұмыс істеудің алғашқы жетекшілігінің авторы болып саналады, олар өз мәнін бүгінгі күні де жоғалтқан жоқ. Е.К.Грачева кемақылды балаларға арналған Ресейдегі алғашқы мекемелерді құруда еңбегін сіңірген.

Всеволод Петрович Кащенко (1870-1943), атақты педагог, кеміс балаларға арналған мектеп-санаторийді құрған, ол арнайы түзету мекемелерінің негізі болды және педагогика ғылымының Академиясының дефектология ғылыми-зерттеу институтына ауысты, ал қазіргі уақытта – Ресейдегі Білім Академиясының коррекциялық педагогика институтына.

Г.Я.Трошин (1974-1938), атақты психиатр, кемақылдылыққа деген өз көзқарастарында қалыпты дені сау және қалыпсыз балалардың даму заңдылықтарының ұқсастығын, табиғаты бірдей екендігін ескерген. (

Г.Е.Сухарева (1892-1981) жүйке жүйесінің зақымдану уақытын және себептерін ескере отырып олигофренияның жүйелілігін әзірледі. Онымен олигофренияны психикалық дамудың тежелуінен, тіл патологиясынан және шығу тегі олигофрениялық емес бұзылыстарға тән басқа жағдайлардан ажырату жүргізілді.

М.С.Певзнер (1901-1991) олигофренияның клиникалық белгілерін зерттеуге өз үлесін қосты, танырлық іс-әрекетінің жетілмеуінің көрсеткіштері бойынша, тежелу мен қозу үдерістерінің қозғалысы және біркелкілігінің дәрежесі бойынша олигофренияның жіктелуін әзірлеген. Ол алғашқы, генетикалық тұрғыдан пайда болған олигофренияның, тәртіп бұзылыстарымен күрделенбегендігін көрсеткен

Атақты психолог-экспериментші Лев Семенович Выготский (1896-1934) баланың психикалық дамуының негізгі заңдылықтарын анықтап құрастырды: жоғары психикалық функциялардың даму заңы; бала дамуының біркелкілігі еместігі заңы; бала дамуындағы метаморфоза заңы және т.б. Онымен кеміс баланы әлеуметтік оңалту негіздері әзірленіп ғылыми негізделген. Л.С.Выготский кемістіктің алғашқылығы мен екіншілігі туралы ілімді әзірлеп, ақыл-ой мен аффектінің бірлігі идеясын дәлелдеген; «баланың жақын арадағы және өзекті даму аймағы» ұғымын тұжырымдады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аталмыш мәселеге өз үлесін қосып жүрген ғалымдар: Ж.И.Намазбаева, Р.А.Сулейменова, Өмірбекова Қ.Қ. және т.б.