Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.УМКдн. 2013г.Дефектология негіздері және ге...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5. Көру қызметі бұзылған балалар.

Көрудің бұзылу себептері: туа біткен және пайда болғандар.

Көрудің туа біткен бұзылуының этиологиясы:

- патогендік агенттердің эмбрионалды даму кезеңіндегі әсері (токсоплазмоз және басқа жұқпалы, қабыну процестері, зат алмасудың бұзылуы);

- тұқымқуалаушылықтың әсер етуі көздің аномалды дамуына әкеліп соғады – а) микрофтальм - көз құрылымының дөрекі өзгеруі, көрудің едәуір төмендеуі және бір немесе екі көз көлемінің кішіреюі; б) анофтальм - туа біткен көзсіздік; в) катаракта – шыны тәрізді көздің мөлдір денесінің бұлдырауы.

- көздің туа біткен аурулары – көздің тор қабығының пигментті дистрофиясы (дегенерация), көру аймығының кішірейіп оның толық жойылуы ерекшелігі және астигматизм - аномалды рефракция, яғни көздің икемделу қасиетінің бұзылуы.

- туа біткен зарарсыз ми ісіктері.

Жүре пайда болған аномалиялар (ауытқулар) туа біткендерге қарағанда аз таралған. Бұл халыққа көрсетілген емді-профилактикалық көмектің жақсарғанына және денсаулық сақтаудың жетістіктеріне байланысты. Жүре пайда болған аномалиялардың (ауытқулардың) этиологиясы:

- бала көзінің ауыр зақымдануы, өкпе ауруы, мерез, трахома, шешек көз ауруларының әсерінен;

- көзге және миға қан құйылу, туу кезіндегі бас жарақаттары, көз және мидың түрліше жарақаттарынсыз зақымдануы (бастың соғылуы немесе жарақаты);

- көздің жарақаттануы;

- глаукома – көз ұлпаларының өзгеруі және көз іші қысымының көтерілуімен байланысты ауыр дәрежелі ауру;

- көру нервісінің атрофиясы;

- орталық нерв жүйесінің ауруы (менингит, менингоэнцефалит);

- организмнің жалпы аурулардан кейін асқындауы, инфекция;

- алыстан және жақыннан көрмеушілік.

Көру анализаторларының қызметінің бұзылу дәрежесі көру өткірлігінің төмендеуімен анықталады. Көру өткірлігі 10-12 түрлі әріптер немесе белгілерден құралған кесте арқылы тексеріледі. Белгілердің әрбір келесі қатары, алдыңғымен салыстырғанда көру өткірлігінің 0,1 сәйкестігінің айырмашылығын білдіреді. Көру өткірлігі көруге мөлшерлі сәйкес келеді, осыған байланысты белгілер немесе әріптер кестенің 10-шы жолында 5 м қашықтықта және 1,0 тең болып айқындалады. Зерттелуші, осы қашықтықтағы 5 -1 жолда әріптер мен белгілерді айқындауда, бірінші жолда-0,1, ал көру өткірлігінде – 0,5-ке ие.

Егер көру өткірлігі 0,1-ден төмен болса, саусақ санау қолданылады. 5 м қашықтықтан қолының саусақтарын ашып санаған бала, 0,09-ға тең көз өткірлігіне ие. Осындай қол саусақтарын 2 м қашықтықтан санау шамамен 0,04 көз өткірлігіне сәйкес, 0,5 м - 0,01 көз өткірлігіне, ал 30 см - 0,005 көз өткірлікке тең. Көру өткірлігі, осы кезде бала саусақтарын ажырата алмаса, тек жарықты көрсе, жарықсезгіштікке тең. Егер бала жарықты қараңғыдан ажырата алмаса, онда оның көру өткірлігі 0-ге тең.

Көруінің тұрақты бұзылуы байқалған балаларды, соқыр және нашар көретіндер деп бөлу қалыптасқан.

Соқыр, мүлде көрмейтін балалар – көріп сезуі мүлдем жойылған балалар немесе жарықсезгіштігі сақталғандар немесе шамалы көретіндер (көзілдірік арқылы жақсы көретін көздің шамамен көру өткірлігі 0,04 қарапайым түзету амалдарын қолдану), сонымен қатар, көру аймағы 10 град-қа дейін тарылған балалар. Соқырлық - бұл екі жақты емделмейтін көрудің жойылуы.

Көрудің жойылу дәрежесінің түрлерін ажырату: абсолютті (тотальды) соқырлық, мұнда көріп сезу мүлдем болмайды (жарықсезгіштік және түсті ажырату); іс-жүзінде көрмеу (қалдық көру, мұндай көруі бар балаларды, жартылай көретіндер деп атайды), жарықсезгіштік жарықты қараңғыдан ажырату деңгейінде немесе қалдық көру, бет алдындағы қол саусақтарын санай алу, тура көз алдындағы заттардың түсі мен пішінін, контурын ажыратудың сақталуы. Көптеген соқыр балаларда қалдық көру болады.

Неғұрлым соқырлық ерте басталса, соғұрлым баланың психикалық және физикалық дамуының ауытқуы айқын көріне бастайды.

Көру анализаторлары қызметінің бұзылу уақытының басталуынан соқыр болып тұғандар мен көрмей қалғандарды бөліп қарайды, яғни туғаннан кейін көз жанарынан айрылғандарды.

Заттардың белгілері мен құбылысын көзбен шолып қабылдаудың жоқтығы, кеңістік белгілерінде бейімделу олардың сезгіштік тәжірибесін жоққа шығарады, сондықтан сенсорлық және интеллектуалды (дерексіз логикалық) қызметтердің бірлесіп әрекеттенуін бұзады, көркем ойлаудың дамуын бөгейді. Дыбыстарға өзгеше бейімделу соқыр балаларға тән. Оларда қозғалыс қызметінің тез шектелуі байқалады. Соқыр туғандардың мағлұматтанған процесінің жоғарғы түрінің дамуы (көңіл қою, ес, ойлау, сөз) іс жүзінде қалыпты өтіп жатыр. Осымен қатар ойлау қызметінің өзгешеліктері де бар. Оларда жинақталған ауызша мағына мен нақты елестетулердің өзара дұрыс қатынасуы қиын қалыптасады. Көрмей қалу түрліше жалынды-жігерлі сфера мен ерекшелікке әсерін тигізеді.

Көрмей қалған балалар. Оларға ерте қалыптасқан көріп елестетудің сақталуы тән. Неғұрлым кеш көрмей қалған бала және неғұрлым оның есінде бұрынғы көріп елестетудің іздері сақталса, соғұрлым заттың бейнесі жеңіл құралады немесе ауызша суреттің негізінде пайда болады. Осындай баланың қалыпты ойлау қызметі сақталған анализаторларға сүйенеді. Олардың көруі бастаушы анализатор болып қалады. Бірақ, олардың көріп қабылдауы тек жартылай сақталған, сондықтан толығымен құнды емес болады. Ол жоғары баяулығымен, шолудың тарлығымен, дәлдіктің төмендеуімен ерекшеленеді. Соңында олардың көру қорының әсері шектелген болып шығады, сандық көрсеткіші мөлшерден төмен, ал елестетулер түрліше сапаға ие: олар азырақ анық және ашық, қалыпты көретіндерге қарағанда, ал кейде бұрмаланған.

Орын толтыру, яғни компенсация процестері көбіне қалдық көрудің сақталуына байланысты. Компенсаторлық мүмкіндіктердің дамуында естудің үлкен мәні бар. Соқырға қажетті хабарларды дене сезімі де береді. Л.С. Выготский соқырларда заттарды арақашықтықтан сезуге жағдай туғызатын алтыншы сезімнің болатынын атап көрсеткен (жылылық). Сөз соқырлық компенсацияның маңызды ролін атқарады. Шартты белгілер жүйесін қолдану, Брайльдің бедерлі жүйесі бойынша соқырларды оқыту мен жазуға үйретуге мүмкіндік береді (Луи Брайль, соқыр фр. тифлопедагог, әріптер жүйесін зерттеуші). Бұл жүйе бедерлі-нүктелі әріпті енгізеді, мұндағы әр әріп дөңес нүктеден тұрады. Бұл нүктелердің түрліше амалдары белгілердің санын білуге мүмкіндік береді, алфавиттің барлық әріптерін, сандарын т.б.-ды жеткілікті белгілеу үшін.

Нашар көретін балалар соқыр балаларға қарағанда көп топ құрайды – бұл - 0,05-тен 0,4-ке дейінгі қарапайым түзету (көзілдірік) амалын қолдануда жақсы көретін көзде өткір көретін балалар. Егер нашар көретін баланың жарық сезгіштігі бұзылса, онда қабылданатын реңнің жарықтық ерекшелігі төмендейді. Алыстан немесе жақыннан көрудің бірден айқындалуынан, нашар көруші кейбір заттың сыртқы ерекшелігіне қажет белгілердің нашар бейнеленгенін көре алмайды. Оларда кеңістікке бейімделу жиі байқалады. Нашар көретін балалар мінезінің түрлі ерекшеліктерімен ашушаңдығымен, тұйықтығымен, мінезінің кейбір жағымсыз белгілерімен ерекшеленеді. Бұл кемшіліктер оқудағы, ойындағы, құрдастарымен араласу барысындағы қиындықтар мен сәтсіздіктерді түсіндіреді. Көру жұмысы кезінде мұндай балалар тез жолығады, оны дамыту мен қорғау шараларының болмауы көрудің онан әрі нашарлауына әкеп соғады. Көрудің жалығуы ақыл-ой және физикалық іскеліктің төмендеуіне әкеледі.

Соқыр балалардың сөйлеу қызметі. Коррекциялық шаралардың арасында көрудің қалдық көріністерін дамытуды стимуляциялау үлкен орын алады. Кемістік емес сақталған функцияларды сақтауға қажетті көмек көрсету қажет.

Ауызша және жазбаша сөйлеуді дамыту көріністерді өңдеу жолымен бірге дыбысты қабылдау, сезіну, вибрацияға тірелу, терілік, температуралық сезінумен қатар жүзеге асырылады.

Заттық сезіну-дыбыстық бейнелердің пайда болуы дыбысты заттың сигналды белгісі ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Баламан сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасау соқыр баланың заттық тәжірибені жылдам игеруіне ықпал етеді.

Сөйлеуді дамытудаығы сензитивті кезеңіндегі белсенді көмектесу (олигофренді емес, нашар көретін балада) заттық қимылдардың түзілуіне және кеңеюіне, қоршаған орта көріністерін меңгеруді, ойлауды дамытуына мүмкіндік береді. Компенсациялаудың бұл жолы олигофрениктерде мүмкін емес. Көру қабілеті бұзылған балаларда тәжірибелік дағды аз болады, сөйлеу қабілеті сақталмаған заттық моторикасы нашар дамыған, бұл соқыр баланың өзіндік ойынын құрады: бірінғай, қайталамалы, қарапайым қимылдар жасағанмен сөйлеу әрекетінің өту деңгейі өте жоғары болады. Арнайы оқытусыз да сөйлейу мен қимыл арасындағы айырмашылық қысқармайды.

Соқыр балалардың танып-білу сферасы жағынан сипаттама.

Сезінуі - баяу, аз, жеткіліксіз. Көру көріністері бұзылған – баяу сөздерді есте сақтау. Талдауда, синтездеуде, салыстыруда қиыншылықтар -теріс қорытындылар және тұжырымдық - заттық тәжірибелік дағдының жеткіліксіздігі.

Соқыр балалардың эмоционалдық-жігерлі сферасы жағынан сипаттама.

Көңіл-күйдің төмен болуы, астеник аутизация тенденциясын-қарым-қатынасқа қиыншылықтар, өз ішкі әлеміне гиперкомпенсаторлы (ену). Бұл жағдайлардың қалыптасуын (кейде өте ашулануы) бала тәрбиесіндегі бағытты күшейтеді, бұл қатты көңіл бөлу, жеке тұлғалық, әлеуметтік дағдылардың тежелуіне ықпал етеді.

Динамикасы: қанағаттанарлық-өз уақытында диагностикалау кезінде, тәрбиелеудің адекватты жағдайында. Функцияны сақтау үшін: сөз, ынта, такт, түйсіну, көмек қабылдау, шешімін өзгерту әдісі, тілегін түзету.

Сезіну және қабылдау ерекшеліктері

Соқырлардың барлық іс әрекеттерінде маңғызды орын алатын есту анализатор. Тактильді сезім (сипалау, қысым, температура, ауыршаңдық). Соқырлардың алақаны мен саусақтарының сезімталдығы, көзі көретіндерге қарағанда 2 есе артық келеді. Тері қабаттарының түр-түс және жарық тітіркенгіштерге сезімталдығы жоғары. Дыбыссыз тұрған заттарды (қабырға, ағаш) алыстан сезу қабілеті дамыған, яғни вибрациялық сезімталдығы. Түйсіну және дәм сезімталдығы жоғары дамыған, иістерді айыру-компенсациялау. Вестибулярлы аппараты дамыған - кеңістікте денесін сезіну.

В.Ф.Матвеев (1987) патомінездемелік дамудың депривациондық түрін бөлді. Туа біткен және ерте пайда болған соқырлық кезінде - астеникалық сипаттағы жүйке реакциялары (шыдамсыздық, қарым-қатынастың бұзылуы, ашуланшақ) байқалады. Үлкейгенде көру қабілетін жоғалтқанда 20-30 күнге дейін, аффективті - шоқты (естен тану) реакциялары болады, содан кейін созылмалы психоневроз тәрізді симптомдар мен бірге астенизация, депрессивті кезең басталады, бұл жағдай 3-3,5 жылға дейін созылуы мүмкін (егер 30-40 жаста).

Нашар көретіндер және соқырлар мектебінде соқырлық пен нашар көрудің клиникалық формаларына, этиологиясы мен патогенезіне, танып білу әрекетінің ерекшелігіне, баланың компенсаторлық мүмкіншілігіне көңіл бөліп есепке алу қажет.

Оқушыларға берілген тапсырмалардың қиындығы, олардың мүмкіншілігінен жоғары болмау қажет. Тапсырмалардың қиындығы мен көлемін жоғарлату, көру қабілетінің төмендеуіне және балалардың жалпы соматикалық жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Соқыр және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеу, заң бойынша жағдайға сай арнайы мектептер мен бала-бақша мекемелерінде жүзеге асырылады.

Нашар көретіндер және соқырлар мектебіне жаттығулар және меңгерген білімдерін қолдануы, заттық-тәжірибелік әрекеттер тағдырлары ең маңызды мәселе болып табылады. Бұл көбінесе көру бұзылулары бар балаларда сенсорлық сферасының, сөйлеу, ойлау және есте сақтаудың дамуы жолымен қол жеткізеді. Мұғалім балаларға көмек көрсетеді және сабақ өткізу үшін жағдай туғызады. Нашар көретіндер және соқырларға арналған мектепте сынып ұжымдарында 12 оқушыдан болады, ал мектебінде 97 бала болады. Нашар көретіндер және соқырлар мектебінде емдік физкультура, сөйлеуді коррекциялау, нашар көретіндерге көру сезімталдығын, соқырларда сезімдік қабылдауды дамыту бойынша жекелеген және аз топтарда сабақ жүргізу қарастырылған.

Нашар көретіндер үшін заттық-тәжірибелік әрекеттерге, сурет салуға, жазуға, оқуға арналған пластмассалық ортоскопиялық линзалар өңделген; түр-түсті және жарықты оңашалау, экрандарды және шам (светельник), тұйықталған теледидар қондырғылары құрылған. Оларды қолдануға және таңдауға арнайы әдістемелер бар.

Нашар көретіндер мен соқырларға арналған мектепте 12 жыл оқиды, көшу эмтихандары тапсырылмайды. X және XII сыныпты бітіргенде арнайы мемлекеттік эмтихан тапсырады. Үлкен әріптермен жазылған оқулықтар және арнайы дәптерлер қолданылады. Көру объектісін көзден қажетті қашықтықта орналастыруға мүмкіндік беретін, дұрыс отыруды қамтамасыз ететін, бір орындық арнайы парталармен жабдықталған.

Нашар көретіндер көру қабілетін қорғау үшін көз жұмысы кезінде әрбір 10-15 минут сайын үзілдіс жасап отыруы қажет

Нашар көретін баланың қалдың көруі оның дамуының іскерлік және әлеуметтік бастауына үлкен мағына береді. Сондықтан ол қорғануы керек. Осы мақсатта, балалар емханасының көз аурулары (офтальмологтан) бөлімінен оптикалық түзету амалдарын дұрыс таңдау, көруі бұзылған бала тұратын және оқитын бөлменің дұрыс жарықтануы жайында оқтын-оқтын кеңес алып отыру керек.

Көру кемшілігін қалыптандыру мақсатында тифлотехникалық және аудиовизуалды оқыту амалдарын кеңінен қолдануды ұтымды деп есептейді. Тифлотехника техникалық құралдарды құрастыратын және көруді қалпына лайықтайтын дефектологияның саласы болып табылады.

Маман-дәрігерлердің қарауынсыз нашар көрушінің жалпы мектепте оқуын жалғастыра беруі, қалыптасқан үлгермеушілік, педагогикалық салақтыққа және көрудің әріқарай бұзылуына әкеп соғады. Мұндай жағдайдағы бала арнайы режимді қажет етеді, жалғастырылған ақыл-ой және физикалық салмақтарды, жылдам қозғалу және секіру, басты еңкейту және т.б.-ды қоспағанда. Арнайы маңызды балалар тобын көруі бұзылған балалар құрайды, оларға жеке көмек көрсетілген жағдайда жалпы мектепте оқи алады. Бұл әрине көруі жеңіл бұзылған аномалды рефракциясы бар балалар.

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 9, 10, 12.

Қосымша әдебиеттер: 15-17, 19, 20.

Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 23-32.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 33-38, 40, 41.

Интернет көздері: 42-48.

Лекция тақырыбы: Тіл мүкістігі бар балалар.

Лекция тезистері