Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.УМКдн. 2013г.Дефектология негіздері және ге...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1. Жас өспірімдерде жиі кездесетін тәртіп бұзылыстары.

Жас өспірім кезеңінде балалардың организмі әсіресе жыныстық жетілу кезінде биологиялық жағынан болсын, әлеуметтік жағынан болсын өте әлсіз болып келеді. Бұл кезеңге түрлі сырткы әсерлерге жауап беру өзіндік ерекшеліктері мен тәртіп бұзылулары тән. Мұндай реакцияны орын алған психикалық аурудың көрінісі деп білуге болады, сонымен қатар аталмыш жауаптар психикалық аурулармен ауырмайтын балаларда да кездеседі. Жиі мұндай жас өспірімдерге тән бұзылуларды мінез акцентуациясы немесе екпін белгісі деп біледі. Ол патологияға жатпайтын мінездің басым болған кейбір жекеленген ерекшеліктері. Жалпы мінездің екпін белгілері психопатияларға тән (қозғыштық, истериялық, психастениялық, астениялық т.б.), бірақ олар кенет білінбейді жәнеде акцентуация қалпында психопатиядағыдай әлеуметтік дезадаптация (бейімдеусіздік) байқалмайды.

Жас өспірімдерде кездесетін тәртіппен мінез-құлықтарының бұзылуларына келесі реакцияларды жатқызуға болады:

Бас тарту реакциясы

Егерде ата-аналар өз балаларына үйренген, бірақ сонымен қатар жағымсыз әсер ететін құрбы-жолдастарымен қарым-қатынасқа қарсы болса, онда оларда тілдестен, ойыннан, тамақтанудан, ұй міндеттерімен оқу тапсырмаларын атқарудан бас тарттыру байқалады. Мұндай тәртіп көрінісі бала өз ұйінен, сүйіп-мәпелеп өсірген жағдайлардан айрықша және қатыгез ортаға түскенде өте айқын байқалады. Егер аталмыш жағдайлар келешектеде орын алатын болса және бала тәртібі өзгермесе, онда психика ауруы немесе кемақыл деген күмән пайда болады.

Наразылық немесе оппозиция реакциясы

Бұл таңдаулығымен беталысымен сипатталатын тұрақсыз және ауыспалы реакция. Жас өспірімдерде мұндай наразылық сияқты тәртіп бұзылуы өкпе-ренішке, тиген намысына, сол сияқты жақындар талаптарымен қатынасын жақтырмауына жауап ретінде белгіленеді. Оның себебі ата-ана арасындағы ұрыс-тегістер немесе олардың балаға деген селқос көз қарастары, сонымен қатар бала үшін маңызды бір-нәрсеге тиым салу немесе оларды жазалау болып табылады.

Наразылық реакциясының белсеңді немесе активті және енжар немесе пассивті түрлерін ажыратады. Активті наразылық тыңдамау, дөрекілік, әдепсіздік, ашушаң, басқыншылық тәртіп жауап ретінде теріс тәрбие әдістеріне, жазалауға, сөгіске, қорлыққа пайда болады. Ал пассивті наразылық – ол аталмыш реакцияны тұғызған ересек адамдарға деген жасырылған қастық, өкпе, азсынушылық.

Еліктеу немесе имитация реакциясы

Имитация деген біреуге барлық жағынан еліктеу. Егер жас өспірім кумир ретінде «жағымды» немесе «оң» кейіпкерді талғап алса жәнеде өз еліктеушілігімен артыққа бармаса, онда еш бір патология жоқ деп білуге болады және ол жас келгенсоң өз бетімен кетеді.

Ал егер еліктеу объектісі болып «теріс», «жағымсыз» кейіпкер алынса, онда ата-аналар түрлі жарасымсыз жағдайларға дайын болуы қажет. Еліктеу барысында жас өспірімдер өз жасына тән максимализммен «теріс» кейіпкерлеріне барлық жағынан ұқсас болғылары келеді, кейбірде олардан асып түскілеріде келеді. Егер жас-өспірімдер еліктеу объектісі ретінде арақ ішетін немесе ерте кезде сотталған құрбысын немесе ересек адамды талдап алса, онда ата-аналар өте қиын жағдайға түседі.

Құрбыларымен топтасу реакциясы

Аталмыш реакция өз көріністерімен жоғарыда көрсетілген реакцияға ұқсас, бірақта мұнда ересек жағымсыз кейіпкер жоқ.

Осындай жетекші болып топ арасынан жасы үлкендеу, біраз күші бар, арақ сияқты ішімдік ішу тәжірибесі бар бір бала тағайындалады.

Егер басшы немесе лидерда криминал тәжәрибесі мол болса, онда жас өспірімдер тобы банда, қарақшы тобына айналып басқада өздері сияқты топтармен қарсы төбелес-күреске шығу мүмкін.

Тағайындалған басшы нақты беделді лидер, авторитет, әр келген мезетте басқамен өз тобы үшін төбелеске баратын болады.

Бір бірімен бас қосқанда аталмыш жас өспірімдер түрлі криминалды әрекетке баруы мүмкін, мысалы зорлық, урлық, тонау, төбелес т.б. Сонымен қатар топтасу реакциясы жас өспірімдерді басқада ықылас-ынталармен біріктіреді, мысалы спортпен шұғылдану сияқты.

Делинквентті тәртіп

«Делинквентті» тәртіп деген терминмен түрлі айып кінәләрді, жүйелі сабақ босатуды, қауымдық тәртіп нормалардың бұзылуларын, ұсақ бұзақылықпен ұрлықты белгілейді.

Криминалды әрекеттерден делинквентті тәртіп хұқық бұзылулардың шағындығымен ажыратылады және оған қалмысты жаза бермейді.

Көбінесе оның себебі тәрбиенің жетіспеушілігі деп біледі. Ата-аналардың караусыздығы, бақылаусыздығы және олардың балаға деген назарларының аздығы жас өспірім жасындағы делинквентті тәртіптің негізі болып табылады.

Эмансипация реакциясы

Эмансипация реакциясы - ол жас өспірімнің өз дербестігіне, тәуелсіздігіне талас, күрес. Қалай болсада ол ересек адамдардың бақылауынан шығуды қажет етеді.

Аталмыш реакцияның асқынған түрлерін ата-аналар балаларға дұрыс тәрбие бермегенде: тым артық немесе кем тәрбиелегенде.

Компенсация және гиперкомпенсация реакциясы

Компенсация және гиперкомпенсация реакциясы – ол жас өспірімнің кейбір өзіндік тәртіптік көріністерімен өзінің нашар, әлсіз мінездерін немесе қасиеттерін жасыру. Жас өспірімдерге аталмыш реакция ата-анасының аз көңілімен назарының аздығынан психологиялық қорғаныс ретінде тән. Мұндай реакция толық емес жан-ұяда өсетін немесе физикалық, психикалық, сөйлеу кемістігі бар, сол сияқты басқада кемтар немесе невроздармен сырқаттанған балаларда жиі кездеседі.

Дромомания

Дромомания – ол кезбелікке бейімделік. Психиатрлар бұл реакцияны импульсивті ниеттерді бақылау бұзылуларының бір түрі деп есептейді. Қалыпты жағдайда аталмыш реакцияны алыс саяхаттарға деген өте қатты құштарлық деп санауға болады.

Нәпсіқұмарлыққа сертті реакциясы

Осындай реакцияларға жас өспірімдер онанизмнің (мастурбацияның) түрлі көріністерін, сонымен қатар топты және бірге мастурбацияны, ретсіз тәртіпсіз жыныстық байланыстарды жатқызады, мысалы жас өспірімдер тобында.