- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •Дефектология ғылымына жалпы түсінік, сипаттамасы, даму тарихы.
- •2. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •3. Дефектология салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
- •4. Дефектологияның зерттеу әдістері
- •5. Дефектологияның педагогикалық категориялары.
- •2. Адам психикасының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.
- •3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар».
- •4. Кемістіктердің себептері.
- •1. Олигофренопедагогика пәні мен міндеттері.
- •Олигофрения, жалпы мінездеме.
- •3. Олигофренияның топтастырылуы.
- •4. Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері.
- •1. Психикалық дамуы тежелген (пдт) балаларға жалпы мінездеме.
- •2. Психикалық дамудың тежелуінің (пдт) этиологиясы (пайда болу себептері).
- •3. Пдт топтастыру. Пдт-і бар балалардың білім алу іскерлігі.
- •Талдағыштар (анализаторлар) туралы жалпы түсінік.
- •Есту анализаторы және оның сезімталдығы.
- •Есту қызметі бүзылған балалар.
- •4. Көру талдағышы (анализаторы).
- •5. Көру қызметі бұзылған балалар.
- •1.Тілдің дамуы.
- •2. Р.Е.Левина бойынша тілдің жалпы дамымау деңгейлері
- •3. Тіл мүкістіктің клиникалық-педагогикалық жіктеуі.
- •4. Тіл мүкістіктің психологиялық-педагогикалық жіктеуі.
- •5.Логопедтік - коррекциялық (түзету) жұмыстарын жоспарлаудағы аналитикалық мәліметтердің рөлі.
- •1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының түрлері.
- •2. Балалардың церебральдық сал болуы (паралич, сал ауру, бцп), жалпы сипаттама.
- •1. Жас өспірімдерде жиі кездесетін тәртіп бұзылыстары.
- •2. Невротикалық типті психикалық декомпенсация
- •Психоұқсастық типті психикалық декомпенсация.
- •1. Генетика пәні, оның міндеттері.
- •2. Генетиканың даму тарихы.
- •3. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік.
- •4. Гибридологиялық әдістің маңызы.
- •5. Мендель заңдары.
- •6. Тұқым қуалау типтері.
- •1. Жасуша құрылысы.
- •2. Хромосомалардың құрылысы мен функциялары.
- •3. Жасуша бөлінуінің түрлері: митоз, мейоз.
- •4. Ағзалардың кобеюінің негізгі формалары.
- •5. Ядродан тыс тұқым қуалаушылық.
- •1. Нуклеин қышқылдары, олардың құрылысы, түрлері, функциялары. Ген құрылысы және функциялары.
- •2. Ген және орта.
- •3. Мутациялар, оның түрлері, мезанизмдері, биологиялық маңызы.
- •1. Адам генетикасы пәні, оның тараулары мен міндеттері
- •2. Адам генетикасын зерттеу әдістері.
- •3. Шежірелерді құрастыру мен талдау принциптері.
- •2. Адамның хромосомалық аурулары.
- •Даун синдромы
- •«Мысық дауысы (айқайы) (кошачьего крика)» синдромы (5 хромосоманың қысқа иығының делециясы)
- •Шерешевский-Тернер синдромы (х0-синдромы гонадалар дисгенезиясы)
- •Клайнфельтер синдромы (47, ххy)
- •3. Туа біткен ауытқұлар.
- •1. Гендік аурулары туралы түсінік беру.
- •2. Гендік аурулар ерекшеліктері.
- •3. Гендік аурулардың даму түрлері.
- •4. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу және алдын алу жолдары.
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •1. Схеманы жалғастырыңыздар:
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •5 Бөліміндегі әдебиеттерден басқа әдебиеттер тізімі:
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •Студенттердің білімін бағалау критерийі
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі:
- •Мазмұны
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)………………..............3
- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
2. Р.Е.Левина бойынша тілдің жалпы дамымау деңгейлері
Ең ауыр тіл мүкістіктері фонетикалық-фонематикалық, сонымен қатар лексикалық-грамматикалық процесстердің бұзылуларымен байланысты.
Жалпы, ауыр тіл мүкістігі бар балалар тобына дамуында кемістігі бар, сонымен қатар естуі сақталаған, алғашқы кезде интеллектісі зақымданбаған, бірақ тіл мүкістіктен психика дамуы бұзылған ерекше категориялы балалар жатады.
Ресей маманы Р.Е.Левина тілдің жалпы дамымауының үш деңгейін белгіледі (қазіргі кезде ЖТД - «жалпы тіл дамымау» деген ұғым қолданылады).
ЖТД-ның 1-ші деңгейінде толық немесе жартылай қарым-қатынас сөйлеу құралдарының болмауы, әсересе 5-6 жасында, көбінесе бұл уақытта сау балаларда тілі дұрыс қалыптасады. Сөз қоры дыбыстық және дыбысқа ұқсас комплекстерден турады, бірақ олар қоршаған адамдарға түсініксіз болғандықтан түрлі қол қимылдарымен сүйемелденіп отырады. Мұндай балаларды «тілсіз балалар» деп атайды.
ЖТД-ның 2-ші деңгейінде тіл мүмкіндіктерінің өскені байқалады. Қарым-қатынас қол қимылдарымен қатар былдырлы, фонетикалық және грамматикалық жағынан бұрмаланған, сол сияқты жиі қолданылатын сөздер арқылы болады. Дегенмен де, балалардың сөйлеу мүмкіндіктері жасқа тән нормаларынан әлде-қайда төмен.
ЖТД-ның үшінші деңгейінде кең түрдегі фразалық тілмен, бірақ сонымен қатар кейбір тілдің лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық дамымауымен сипатталады. Әліде болса балалардың жеңіл қарым-қатынасы күрделеніп мүмкін емес. Олардың қарым-қатынасы ересек адамдардың көмегін қажет етеді.
3. Тіл мүкістіктің клиникалық-педагогикалық жіктеуі.
Қазіргі таңда логопедия саласында тіл мүкістіктерінің екі жіктеуін ажыратады – олар клиникалық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жіктеулер. Аталмыш жіктеулердің арасында ешқандай қарамақайшылық жоқ, олар бір біріне қосымша болып табылып тіл мүкістігін түзетуде өз маңызына ие болады.
Клиникалық-педагогикалық жіктеу
Бұл жіктеу бойынша барлық тіл мүкістіктері екі үлкен топқа бөлінеді: ауызша тілдің және жазбаша тілдің бұзылулары.
Ауызша тілдің бұзылулары:
Тілдің фонациялық (сыртқы) дыбыстаушы жағынан бұзылуы.
Тілдің құрылымдық-семантикалық (ішкі) жүйелік немесе полиморфтық бұзылулары.
Фонациялық (грек тілінен phone- дыбыс, дауыс; фонация- дыбыс шығару) бұзылулардың жіктеуі тіл құрылымының зақымдалған бөлімдеріне байланысты, мысалы, а) дауыс түзеу, б) сөйлеудің ырғағы немесе темпінің бұзылуы, в) интонация-әуендік жағынан бұзылуы, г) дауыстап сөйлеу жағынан. Аталмыш бұзылулар жекелеген немесе бір бірімен байланысып келеді. Осыған орай тіл мүкістіктерінің келесі түрлерін белгілейді:
Дисфония (афония) (грек тілінен dis – “бұзылу” деген мәні бар тіреуіш, phone- дыбыс, a- “жоқ” деген мәні бар бөлшек) – дыбыс аппаратының патологиялық өзгерістеріне байланысты фонацияның бұзылуы немесе мүлде жоюлуы. Мұндай тіл мүкістігі дауыстың болмауымен (афония) немесе дауыс күшінің, биіктігінің немесе тембрінің бұзылуымен (дисфония) сипатталады, сонымен қатар бала дамуындағы әр сатысында пайда болатын дауыс түзеуші механизмінің орталық және шеткі бөлімдерінің органикалық немесе функционалдық бұзылуларымен байланысты. Аталмыш кемістік жекелеп кездеседі немесе басқа тіл мүкістіктердің құрамы болым табылады.
Брадилалия (грек тілінен вradis – баяу, бәсең және lalia- тіл) – патологиялық өзгерістерге байланысты сөйлеу ырғағының, темпінің бәсеңдеуі (синонимі - брадифразия). Аталмыш органикалық немесе функционалдық табиғаты бар тіл мүкісі ми қыртысындағы сөйлеу орталықтарының зақымдануына байланысты артикуляцияның баяулауымен сипатталады.
Тахилалия (грек тілінен тachys- тез, шапшаң, жылдам, lalia -тіл) - патологиялық өзгерістерге байланысты сөйлеу ырғағының, темпінің жылдамдауы (синонимі - тахифразия). Баяу темпі кезінде тіл созылмалы, солбыр, бәсеңді, бір үнді, ал жылдам темпі кезінде керісінше асығыс, шапшаң, албырт, екпінді болып келеді. Сонымен қатар, тілдің жылдамдауы аграмматизмдермен қиылысып отыру мүмкін. Бұндай құбылыс жекелеп кездесіп баттаризм немесе парафразия деп аталады (франц. тілінен вattre – соғу, ұру, тоқпақтау). Мұндай тіл мүкісі патологиялық жылдам сөйлеу кезінде себепсіз шалынумен, тоқтап қалумен, үзілістермен сипатталады. Брадилалия мен тахилалияны жалпы сөйлеу темпінің бұзылуы деп атауға болады.
Кекештік, тұтығу (синонимі - логоневроз) - сөйлеу темпіндегі кемістік, тіл аппаратының бұлшық еттерінің тартылуы сөйлеу кезінде тұтығуға әкеледі. Сөйлеу кезіндегі толқынның бұзылуы - сөйлеуге қатысты бұлшық еттің тартылуына әкеліп соғады, (логоневроз). Осындай сөйлеу кезіндегі патологиялық ерекшеліктер, құлақ естімегенде, сана-сезімі жетілмегенде, шизофрения, эпилепсия кезінде байқалады.
¤з бетінше, жеке кекештену тілдің мағынасын бұзбайды, басқа тіл немесе интеллект кемістіктерімен байланысты болады.
Дислалия (грек тілілнен dis- “бұзылу” деген мәні бар тіреуіш, lalia -тіл) – қалыпты есту және сөйлеу аппаратының қалыпты нервтену кезіндегі тіл мүкісі. Дыбыстардың бұрмалауымен, дыбыстарды ауыстырып араластыруымен сипатталады. Артикуляциялық аппаратының анатомиялық кемістіктеріне байланысты дислалияның механикалық, сонымен қатар фонематикалық естудің және тіл дамуындағы жағымсыз жағдайларына байланысты функционалдық түрлерін ажыратады.
Ринолалия (грек тілінен rhinos – мұрын, lalia - тіл ) – сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық кемістіктеріне байланысты дауыс тембрінің және дыбыс түзеуінің бұзылуы (синонимі - палатолалия). Сөйлеген кезде мұрын қуысының (мұрын резонаторының) сөйлеу процессіне қатыспауына байланысты дауыстың міңгірлеп шығуымен сипатталады. Ринолалияның ашық және жабық түрлерін ажыратады. Егер сөйлеген кезде атмосфералық ауа ағыны қатты және жұмсақ таңдай жарығы арқылы шықса ашық ринолалия деп белгілейді. Мұнда барлық түзелген дыбыстар мұрынды болып сөйлеген сөздер анықсыз, міңгірлі, бір үнді болып келеді. Ал егер мұрын құысы механикалық түрде түрлі аденоидті бездер, ісіктермен бітеліп қалса немесе мұрын аралық қалқасы қисайып, мұрын қабыну процесстері байқалса - жабық ринолалия дейді. Мұндай жағдайда сөйлеу процессіне мұрын резонаторы қатыспағандықтан дауыс бұрмаланып, төмен, мұрынды болып шығады.
Дизартрия (грек тілінен dis- “бұзылу” деген мәні бар тіреуіш, arthron - буын) – органикалық кемістіктен сөйлеу аппаратының нервтенуіне байланысты сөйлеу қызметінің бұзылуы. Дизартрия кезінде дыбыстүзеу механизмінің барлық құрылымдарының қалыптаспауы байқалады, сол себептен түрлі дауыс және артикуляциялық-фонетикалық кемістіктер белгілінеді. Ауыр дәрежелі дизартрия (немесе анартрия) кезінде дыбыс мүлде түзелмейді. Жеңіл дәрежеде өшірілген дизартрия белгілінеді. Дизартрия БЦП кезінде ОНЖ зақымданыуның немесе нейроинфекциялардың, сонымен қатар басқада ми ауруларының салдары болып табылады.
Тілдің құрылымдық-семантикалық (ішкі) жүйелік немесе полиморфтық бұзылуларының келесі екі түрін дифференциялайды:
Алалия (грек тілінен a- “жоқ” деген мәні бар бөлшек, lalia -тіл) - пренатальды немесе баланың ерте даму кезеңдерінде ми қыртысындағы тіл аймақтарының органикалық зақымдануына байланысты сөйлеу қызметінің дамымауы немесе мүлде болмауы (синонимі - дисфазия). Тіл жүйесінің құралдары қалыптаспағанымен қатар сөйлеу қимылдарын реттеу процесстері бұзылады, соның салдарынан дыбыстардан сөйлем құрастыру тежеліп күрделенеді. Ми үлкен жарты шарларының тіл орталықтары (Брок және Вернике орталықтары) залалданғанда алалия пайда болады. Моторлы (қозғалтқыш) және сенсорлы (сезгіштік) алалияны ажыратады. Моторлы алалиясы бар балалар оларға арналған сөзді түсінгенімен өз беттерінше дыбыс түзеп сөйлей алмайды. Ал сенсорлы алалиясы бар балалар сөйлем мағынасын түсіне алмайды.
Афазия (грек тілінен a- “жоқ” деген мәні бар бөлшек, phasis- тіл) - бас миының локальді зақымдануымен (ми тамырларының бұзылулары, қабыну процесстері, бас ми жарақаттары) байланысты қалыптасқан тілдің толығымен немесе жартылай жоюлуы. Афазия деп 3 жастан кейін пайда болған тіл мүкісін айтады. Афазияның моторлы және сенсорлы түрлерін анықтайды. Моторлы афазияда Брок атты қозғалтқыш тіл орталығы зақымданып сөйлеудің экпрессивті жағы бүлінеді, соның салдарынан балада сөйлеу қабілеті жартылай немесе толығымен жойылады. Сенсорлы афазияда Вернике атты сезімтал тіл орталығы зақымданып сөйлеудің импрессивті жағы бұзылады. Мұндай жағдайда дыбыс, сөйлем қабылдауы бұзылмайды.
Жазбаша тілдің бұзылулары:
Продуктивті немесе өнімді, жемісті (жазу актісінің бұзылуы)
Рецептивті (жазылғанды оқу актісінің бұзылуы).
¤німді бұзылуларға жататындар:
Дислексия (грек тілінен dis- “бұзылу” деген мәні бар тіреуіш, lego -оқу ) – ми қыртыстарының кейбір аймақтарының дамымауымен немесе зақымдануымен байланысты жазылғанды оқып алу процесстерінің бұзылуы. Аталмыш тіл мүкістігі қарапайым сөздерді, тексті танып алуда әріптердің, сөз буындарының шатасып, бір біріне қосылып, теріс түсінуімен сипатталады.
Алексия – продуктивті тіл бұзылуының ауыр дәрежесі болып табылады – бұл оқу дағдыларын игерудегі толық қабілетсіздік.
Рецептивті бұзылуларға жататындар:
Дисграфия (грек тілінен dis- “бұзылу” деген мәні бар тіреуіш, grapho - жазу) - жазу процессінің жартылай өзіндік бұзылуы. Сөз немесе сөйлем құрылымының бұрмалауымен сипатталады. Дисграфия негізінде ауызша тілдің дамымауы болып табылады.
Аграфия - рецептивті тіл бұзылуының ауыр дәрежесі болып табылады – бұл жазу дағдыларын игерудегі толық қабілетсіздік.
