- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •Дефектология ғылымына жалпы түсінік, сипаттамасы, даму тарихы.
- •2. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •3. Дефектология салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
- •4. Дефектологияның зерттеу әдістері
- •5. Дефектологияның педагогикалық категориялары.
- •2. Адам психикасының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.
- •3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар».
- •4. Кемістіктердің себептері.
- •1. Олигофренопедагогика пәні мен міндеттері.
- •Олигофрения, жалпы мінездеме.
- •3. Олигофренияның топтастырылуы.
- •4. Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері.
- •1. Психикалық дамуы тежелген (пдт) балаларға жалпы мінездеме.
- •2. Психикалық дамудың тежелуінің (пдт) этиологиясы (пайда болу себептері).
- •3. Пдт топтастыру. Пдт-і бар балалардың білім алу іскерлігі.
- •Талдағыштар (анализаторлар) туралы жалпы түсінік.
- •Есту анализаторы және оның сезімталдығы.
- •Есту қызметі бүзылған балалар.
- •4. Көру талдағышы (анализаторы).
- •5. Көру қызметі бұзылған балалар.
- •1.Тілдің дамуы.
- •2. Р.Е.Левина бойынша тілдің жалпы дамымау деңгейлері
- •3. Тіл мүкістіктің клиникалық-педагогикалық жіктеуі.
- •4. Тіл мүкістіктің психологиялық-педагогикалық жіктеуі.
- •5.Логопедтік - коррекциялық (түзету) жұмыстарын жоспарлаудағы аналитикалық мәліметтердің рөлі.
- •1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының түрлері.
- •2. Балалардың церебральдық сал болуы (паралич, сал ауру, бцп), жалпы сипаттама.
- •1. Жас өспірімдерде жиі кездесетін тәртіп бұзылыстары.
- •2. Невротикалық типті психикалық декомпенсация
- •Психоұқсастық типті психикалық декомпенсация.
- •1. Генетика пәні, оның міндеттері.
- •2. Генетиканың даму тарихы.
- •3. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік.
- •4. Гибридологиялық әдістің маңызы.
- •5. Мендель заңдары.
- •6. Тұқым қуалау типтері.
- •1. Жасуша құрылысы.
- •2. Хромосомалардың құрылысы мен функциялары.
- •3. Жасуша бөлінуінің түрлері: митоз, мейоз.
- •4. Ағзалардың кобеюінің негізгі формалары.
- •5. Ядродан тыс тұқым қуалаушылық.
- •1. Нуклеин қышқылдары, олардың құрылысы, түрлері, функциялары. Ген құрылысы және функциялары.
- •2. Ген және орта.
- •3. Мутациялар, оның түрлері, мезанизмдері, биологиялық маңызы.
- •1. Адам генетикасы пәні, оның тараулары мен міндеттері
- •2. Адам генетикасын зерттеу әдістері.
- •3. Шежірелерді құрастыру мен талдау принциптері.
- •2. Адамның хромосомалық аурулары.
- •Даун синдромы
- •«Мысық дауысы (айқайы) (кошачьего крика)» синдромы (5 хромосоманың қысқа иығының делециясы)
- •Шерешевский-Тернер синдромы (х0-синдромы гонадалар дисгенезиясы)
- •Клайнфельтер синдромы (47, ххy)
- •3. Туа біткен ауытқұлар.
- •1. Гендік аурулары туралы түсінік беру.
- •2. Гендік аурулар ерекшеліктері.
- •3. Гендік аурулардың даму түрлері.
- •4. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу және алдын алу жолдары.
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •1. Схеманы жалғастырыңыздар:
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •5 Бөліміндегі әдебиеттерден басқа әдебиеттер тізімі:
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •Студенттердің білімін бағалау критерийі
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі:
- •Мазмұны
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)………………..............3
- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
2. Ген және орта.
Дараның даму процесінің барлығы – ұрықтанған жұмыртқа жасушадан ересек ағзаға дейін – генотиптің үзілмес реттеуші әсерімен жүзеге асырылады, сонымен қоса өсіп келе жатқан ағзаның орналасқан сыртқы ортаның түрлі факторларының тұрақты өзара байланысымен жүргізіледі.нда
Сонымен, дара белгілері мен қасиеттері 2-і негізгі факторларға тәуелді: тұқым қуалау конституциясына (генотипке) және генотипке әсер ететін ортаға. Орта әсерімен пайда болған сыртқы айырмашылықтар модификациялар деп аталады, және олар тұқым қуаламайды.
Орта жағдайлары ағзаның даму мүмкіншіліктерін анықтайды. Мысалы, өсімдіктер тұқымдары тек белгіленген бір температура мен ылғалдылықта ғана өсе бастайды.
Сыртқы орта жағдайлары ағзаның даму барысында анықтайды. Егерде, бидай дәні жақсы өнделген топыраққа түссе, онда өсімдік мол астық береді. Егерде топырақ нашар болса, тыңайтқыштармен өнделмеген болса, өсімдік әлсіз, аласа, дәндері аз болып өседі. Бірақ бидай дәнінен тек бидай ғана өседі, орта жағдайына қарамастан. Сондықтанда, дараның дамуының негізгі белгі-қасиеттері генотиппен белгіленеді де сыртқы орта жағдайларының әсерінен өзгермейді.
Ағзаның дамуын, генотип пен ортаны бір-бірінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Әрбір ағза, әрбір белгі дами түседі, және бұл даму ортаның белгілі бір жағдайларында әсер ететін гендермен реттеледі.
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ету жағдайлары оларға биологиялық ортаны құрайды. Адам үшін биологиялық ортадан басқа маңызды болып әлеуметтік орта саналады. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарты болып еңбек саналады.
Еңбек әрекеті адамның қоршаған ортасының маңызды факторы болып саналады және адам денесінің дамуына, құрылымына және функцияларына белгілі бір із қалдырады. Сонымен қоса адам ағзасына оның өмір сүру жағдайлары да әсерін тигізеді – тамақтану, тұратын жері, киімі және т.б. Еңбек пен тұрмыс жағдайлары әлеуметтік орта деген ұғымның мазмұнын құрайды. Әлеуметтік орта адамға жан-жақты әсер тигізеді.
Көбіне сыртқы орта жағынан қатты әсерге, даму кезеңінде болатын және нәзіктігімен ерекшелінетін, бала ағзасы ұшырайды (мысалы, инфекциялар, улану, тамақтанудың әсері, ата-аналарының алкоголизмы – дамуында ауытқуы бар балалар).
3. Мутациялар, оның түрлері, мезанизмдері, биологиялық маңызы.
Ағзаның белгілері мен қасиеттерінің өзгеруі геннің немесе жасушадағы генетикалық аппараттың басқа да элементтерінің өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. Мұндай өзгергіштікті мутация деп атайды. Кейбір жыныс жасушаларында пайда болатын мутация келесі ұрпақтарда да сақталады.
Генотиптік өзгергіштік кейде гендердің арасында болатын әр түрлі комбинацияларға да байланысты болады. Яғни гендер бір-бірімен орын алмастырғанда жаңа белгілер мен қасиеттер пайда болуы мүмкін. Мұндай өзгергіштікті комбинативтік өзгергіштік деп атайды. Мутациялық және комбинативтік өзгергіштік тек қана генотиптің өзгеруңне байланысты болады, және ұрпаққа беріледі. Сондықтан оларды генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік деп атайды.
Хромосомалардың құрылымы мен саны өзгерген жағдайда хромосомдық мутациялар туралы әңгіме жүреді.
Хромосомалық мутациялар ағза өмірінің әр кезеңінде болуы мүмкін және полиплоидия, гетероплоидия мен хромосомалық аберрациялар түрінде болуы мүмкін.
1. Полиплоидия – хромосом санының еселеніп өзгеруі. (Полиплоидия көбіне өсімдіктер дүниесінде кең таралған).
2. Гетероплоидия – кариотиптегі хромосома (1-2) сандарының көбеюі немесе азаюыувеличение или уменьшение числа хромосом (на 1-2) в кариотипе. Адамдағы гетероплоидия мысалдары, 21-і жұп хромосома бойынша трисомия (Дауна синдромы) және жыныстық хромосомалар бойыншаи моносомия (Шерешевский-Тернер синдромы) – примеры гетероплоидии у человека.
3. Хромосомалық аберрациялар – хромосомалар құрылымының бұзылуы - олар делеция, дупликация, инверсия, транслокация және фрагментация түрінде болуы мүмкін.
Жасушадағы хромосомалардың саны мен құрылымының бұзылуын ұлпаларды микроскоп арқылы зерттеу барысында анықтауға болады. Сонымен зерттеу барысында цитологиялық әдістердің көмегімен тек тұқым қуалашылық пен өзгергіштіктің жалпы сұрақтарын түсініп қана қоймай сонымен қоса кейбір тұқым қуалайтын аурулардың себептерін де анықтауға болады.
Гендік немесе нүктелік мутациялар ДНК-ның молекулалық құрылымының өзгеруімен туғызылады. ДНК молекуласының бір бөлігінде (учаскісінде) бұл өзгерістер ген құрамына кіретін нуклеотидтер арасында болады. Геннің нуклеотидтік құрамының өзгерістері 4 типті болуы мүмкін: нуклеотидтің үстеме келіп косылуы, нуклеотидтің түсіп қалуы, нуклеотидертің орын ауыстыруы, нуклеотидтердің басқамен алмасуы.
Геннің молекулярлық құрылымындағы бұндай өзгерістер одан тұқым қуалайтын ақпаратты көшіруінің бұзылуына (иРНК синтезі) әкеледі, ол ақұыз синтезінің бұзылуына әкеледі. Бұның барлығы белгінің өзгеруін туғызады:
ГЕН→ АҚУЫЗ→БЕЛГІ
Гендік мутациялар көптеген тұқым қуалайтын аурулардың негізінде жатады.
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 6- 8, 11.
Қосымша әдебиеттер: 14, 21.
Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 23-32.
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 36, 37, 40, 41.
Интернет көздері: 42-48.
Лекция тақырыбы: Адам генетикасы.
Лекция тезистері
