- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •3.5 Оқыту нәтижелері
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •Дефектология ғылымына жалпы түсінік, сипаттамасы, даму тарихы.
- •2. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.
- •3. Дефектология салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
- •4. Дефектологияның зерттеу әдістері
- •5. Дефектологияның педагогикалық категориялары.
- •2. Адам психикасының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.
- •3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар».
- •4. Кемістіктердің себептері.
- •1. Олигофренопедагогика пәні мен міндеттері.
- •Олигофрения, жалпы мінездеме.
- •3. Олигофренияның топтастырылуы.
- •4. Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері.
- •1. Психикалық дамуы тежелген (пдт) балаларға жалпы мінездеме.
- •2. Психикалық дамудың тежелуінің (пдт) этиологиясы (пайда болу себептері).
- •3. Пдт топтастыру. Пдт-і бар балалардың білім алу іскерлігі.
- •Талдағыштар (анализаторлар) туралы жалпы түсінік.
- •Есту анализаторы және оның сезімталдығы.
- •Есту қызметі бүзылған балалар.
- •4. Көру талдағышы (анализаторы).
- •5. Көру қызметі бұзылған балалар.
- •1.Тілдің дамуы.
- •2. Р.Е.Левина бойынша тілдің жалпы дамымау деңгейлері
- •3. Тіл мүкістіктің клиникалық-педагогикалық жіктеуі.
- •4. Тіл мүкістіктің психологиялық-педагогикалық жіктеуі.
- •5.Логопедтік - коррекциялық (түзету) жұмыстарын жоспарлаудағы аналитикалық мәліметтердің рөлі.
- •1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының түрлері.
- •2. Балалардың церебральдық сал болуы (паралич, сал ауру, бцп), жалпы сипаттама.
- •1. Жас өспірімдерде жиі кездесетін тәртіп бұзылыстары.
- •2. Невротикалық типті психикалық декомпенсация
- •Психоұқсастық типті психикалық декомпенсация.
- •1. Генетика пәні, оның міндеттері.
- •2. Генетиканың даму тарихы.
- •3. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік.
- •4. Гибридологиялық әдістің маңызы.
- •5. Мендель заңдары.
- •6. Тұқым қуалау типтері.
- •1. Жасуша құрылысы.
- •2. Хромосомалардың құрылысы мен функциялары.
- •3. Жасуша бөлінуінің түрлері: митоз, мейоз.
- •4. Ағзалардың кобеюінің негізгі формалары.
- •5. Ядродан тыс тұқым қуалаушылық.
- •1. Нуклеин қышқылдары, олардың құрылысы, түрлері, функциялары. Ген құрылысы және функциялары.
- •2. Ген және орта.
- •3. Мутациялар, оның түрлері, мезанизмдері, биологиялық маңызы.
- •1. Адам генетикасы пәні, оның тараулары мен міндеттері
- •2. Адам генетикасын зерттеу әдістері.
- •3. Шежірелерді құрастыру мен талдау принциптері.
- •2. Адамның хромосомалық аурулары.
- •Даун синдромы
- •«Мысық дауысы (айқайы) (кошачьего крика)» синдромы (5 хромосоманың қысқа иығының делециясы)
- •Шерешевский-Тернер синдромы (х0-синдромы гонадалар дисгенезиясы)
- •Клайнфельтер синдромы (47, ххy)
- •3. Туа біткен ауытқұлар.
- •1. Гендік аурулары туралы түсінік беру.
- •2. Гендік аурулар ерекшеліктері.
- •3. Гендік аурулардың даму түрлері.
- •4. Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу және алдын алу жолдары.
- •7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары
- •1. Схеманы жалғастырыңыздар:
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •5 Бөліміндегі әдебиеттерден басқа әдебиеттер тізімі:
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптың кілті
- •Студенттердің білімін бағалау критерийі
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі:
- •Мазмұны
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)………………..............3
- •5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін
3. Жасуша бөлінуінің түрлері: митоз, мейоз.
Жалпы ағзада жасушалардың екі түрі кездеседі. Олар-дене (сомалық) жасушалар және жыныс жасушалары (гаметалар). Дене жасушалары митоз жолымен, ал жыныс жасушалары мейоз жолымен бөлінеді.
Митоз немесе жасушаның бұрыс жолмен бөлінуі. Бұл процесс негізінде тұқым қуалайтын материал-хромосомалар алдымен екі еселеніп алып, содан соң жаңа түзілген екі жасушаға тең мөлшерде бөлінеді.
Митоздың генетикалық мәнінің өзі бір ағзаға тән тұқым қуалайтын ақпараттың жаңа түзілген екі жасушаға бірдей, ұқсас болатығында.
Жасуша өзінің бөлінуі барысында бірнеше кезеңнен өтеді, оларды біріктіріп жасушалық немесе митоздық цикл деп атайды. Әр түрлі ағзалардың жасушалық циклдерінің ұзақтығы бірдей болмайды. Жасушалық циклдің өзі бірнеше фазалардан тұрады. Олар: интерфаза, профаза, прометафаза, метафаза, анафаза және телофаза.
Интерфаза – екі митоздық бөлінудің арасында жүзеге асатын аралық кезең. Интерфаза 10 сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Бұл кезде жасуша келесі бөлінуге әзірленеді, яғни хромосоманың негізгі компоненті болып есептелетін ДНК редупликацияланады (екі еселенеді), ядролық РНК мен белок синтезделеді және келесі митозға қажетті энергия жинақталады. Сонымен интерфаза аяқталып митоз басталады.
Профаза немесе митоздың алғашқы фазасында хромосома спиралданып жуандай бастайды. Оны микроскоп арқылы көруге болады. Бұдан біз интерфаза кезінде хромосоманың екі еселеніп немесе репродукцияланып бір аналық хромосомадан екі жаңа хромосоманың түзелетінін көреміз. Бірақ профаза кезінде хроматиндер дет аталатын бұл екі жартылай жіпшелер бір-бірінен ажырап кетпей центромера арқылы бекіп тұрады. Профазаның соңында ядро қабықшасы мен ядрошық жойылып хромосома цитоплазманың жалпы массасымен аралысып кетеді.
Прометафазада хромосомалар жасушаның экваторлық бөліміне қарай жылжи бастайды.
Метафаза кезінде хромосома жіпшелері экватор жазықтығына жинақталып метафазалық пластинка құрайды. Ұзын хромосомалар V тәрізді болып иіледі де, олардың центромерлеріне ахроматин жіпшелері ілігіп, солар арқылы хромосомалар полюстарға жылжиды. Метафазалық пластинка ағзаның өзіндік паспорты іспетті. Себебі онда хромосомалардың саны мен пішіні анық көрінеді.
Анафазада хроматидтер екі полюске тартылып тітеді. Сөйтіп, хромосомалардың сан жағынан бірдей жаңа екі тобы пайда болады.
Телофаза – бұл митоздың ең соңғы сатысы. Бұл кезде хромосомалардың жаңадан түзілген екі тобының сырттарынан қабықша каптап нәтижесінде екі жаңа ядро пайда болады. Осымен ядроның бөлінуіғ яғни кариокинез аяқталады. Одан соң цитоплазмада жасушаны екіге бөлетін буылтық пайда болады. Оны цитогенез деп атайды.
Бүкіл митоздық циклдың ұзақтығы ағзаның түріне, оның физиологиялық жағдайына және сыртқы орта факторларына байланысты 30 минуттан 3 сағатқа дейін созылады.
Жасушаның митоздық бөлінуі жоғарыда көрсетілгендей белгілі бір ретпен және өте жоғары дәлдікте жүреді. Оның механизмі миллиондаған жылдар бойы ағзалардың эволюциялық дамуы барысында қалыптасқан.
Мейоз немесе жасушаның тік жолмен бөлінуі. Мейоз бірінен соң бірі кезектесіп келетін екі бөлінуден тұрады. Нәтижесінде диплоидты (2n) хромосом жиынтығы бар сомалық жасушадан гаплоидты (n) жыныс жасушасы-гамета түзеді.
Мейоздық екі бөлінуді шартты түрде I, II-мейоз немесе редукциялық және эквациялық деп атайды. Әр мейоздық бөлінудің өзі митоздағыдай профаза, метафаза, анафаза және телофазалардан тұрады. Оларды ажырату үшін рим санымен I, II деп белгілейді. Хромосомалардың редупликациясы (екі еселенуі) мейоз I-нің алдында өтетін интерфазаның кезеңінде жүзеге асады.
I-Профаза – бұл ең күрделі кезең болып саналады. Оның өзі кезеңдерден тұрады: лептонема, пахинема, диплонема және диакинез.
Лептонема (жіңішке жіпшелер стадиясы) митоздық алғашқы профазасына ұқсас келеді. Бұл кезде хромосома жіпшелері екі еселеніп жұптасады және олардың спиральдануы әлі әлсіз болады.
Зигонема кезінде гомологты хромосомалардың ұқсас бөлімдері бір-біріне жақындасып конъюгацияланады, соныі негізінде биваленттер түзіледі.
Пахинема (жуан жіпшелер стадиясы) кезінде хромосомалардың конъюгациялануы аяқталып, ал олардың спиральдануы әрі қарай жалғасады, нәтижесінде хромосомалар жуандап тұрқы қысқарады.
Диплонемада биваленттер мен оларды құрайтын төрт хроматидтің құрылымы анық көрінеді. Бұл стадияда гомологты хромосомалар бірін-бірі итермелей бастайды, нәтижесінде хиазмдер деп аталатын «Х» тәрізді фигуралар пайда болады. Ол биваленттегі гомологты хромосомалардың бір-бірімен бөлім алмастыратындығын көрсетеді.
Диакинезде спиральдану күшейіп, хиазмдердің саны азаяды да биваленттер ядроның шетіне қарай орналасады. Бұл стадияда ядро қабығы жойылып, сонымен профаза I аяқталады.
I-Метафаза. Мұнда ядролық мембрана мен ядрошық жойылады. Биваленттер жасушалардың экватор жазықтығына жиналып, метафазалық пластинка құрайды. Хромосомалар бұл кезде толық спиральданып бітеді де, тұрқы қысқарып жуандайды.
I-Анафазада хромосомалар қарама-қарсы полюстарға ажырайды. Мейоздың I-анафазасының митоздық анафазадан айырмашылығы полюстерге бір центромерге бекіген, екі хроматидтен тұратын хромосомалар ажырайды.
I-Телофазада ядроның мембранасымен оның құрылымы қайтадан қалпына келеді. Қысқа мерзімді интеркинезден соң екінші мейоздық бөліну басталады. Кәдімгі интерфазадан интеркинездің айырмашылығы – хромосомалар екі еселенбейді.
II-Профазада хромосомалар анық көрінеді. Бұл кезде олар көбінесе кресті фигуралар түрінде болады.
II-Метафаза митоз тәріздес жүреді. Бұл стадиядағы хромосомалардың митоздағыдан айырмашылығы оның спиральдану дәрежесі жоғары сондықтан анығырақ көрінеді.
II-Анафазада екі еселенген центромерлердің бір-бірінен алшақтанбайтындығы байөалады, соның нәтижесінде жас хроматидтер әр полюстерге ажырайды.
II-Телофазада төрт гаплоидты ядро түзіледі.
Жасушаның бөліну жолдары митоз бен мейозды қарастырғанда жасущаның ядросы мен хромосомаларға көңіл бөлінді. Олар тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі болып есептеледі.
