Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тжірибелік нсау.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013 ж.

  2. Оразахынова Н.А.

Қазақ тілі ( Сөзжасам. Морфология) : учебное пособие / Н. А. Оразахынова, Ж. Т. Исаева, Г. С. Сүлеева. - Алматы : АРЫС, 2014. - 176 с. : ил

  1. Бектурова А.Ш.

Казахский язык для всех : учебное пособие / А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров. - Алматы : Атамұра, 2014. - 718 с.

  1. Бектұров Ш.

Қазақ тілі для начинающих : учебник / Ш. Бектұров, А. Бектұрова. - Алматы : Рауан, 2014. - 397 б.

  1. Доскеева Б.Ж.

Қазақ тілі: жоғары оқу орындарының 1 курсына арналған : учебник / Б. Ж. Доскеева. - Алматы : Ана тілі, 2010. - 191 с.

  1. Рысбаева Г.К.

Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш = Казахский язык. Грамматический справочник / Г. К. Рысбаева. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2010. - 192 б.

  1. Сыздық, Рәбиға.

Қазақ тілінің анықтағышы : определитель / Р. Сыздық. - Астана : Елорда, 2010. - 527 б.

  1. Хасанова С.

Контрольно-тренировочные упражнения по морфологии современного казахского языка : учебник / Хасанова С. - 1-е изд. - Алматы : Ана тілі, 2011. - 135 с. : ил

  1. Әуелбеков Ш.

Қазақша сөйлеу үлгілері:Казахский разговорный язык / Ш. Әуелбеков. - Алматы, 2009. - 238 с

7. Бақылау:

1.Мүшел жас дегеніміз не ?

2.Балалық шақ неше жастан басталады ?

3.Жастық шақ қалай аталады ?

4.Кемел шақ, есейген шақ, аталық шақ,қарттық шақ деген не ?

1. Тақырып №13, атауы: Уақыт алтыннан да қымбат. Студенттің бос уақыты.

2. Мақсаты: сөздік қорын молайту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- «Уақыт және адам» тақырыбына байланысты сөздерді білу керек

  • Студент істей білуі керек:

- Мәтінді оқып, әңгімелеп беру, сұрақтарға жауап беру, сөйлем құрастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Уақыт алтыннан да қымбат.

2. Студенттің бос уақыты.

3. Уақытты үнемдеу.

4. Әр нәрсе уақытымен қызықты.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: аударма, сұхбат, тіл дамыту.

1 - тапсырма. Аударма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

УАҚЫТ – АЛТЫННАН ДА ҚЫМБАТ

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Бүгінгі күні өркениетті елдерге барсаңыз, кез келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екендіктерін бірден аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрселерден қағылатындықтарын жақсы біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендіктерін байқап таң қаласыз. Сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Ал біздегі сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсінік оларда жоқ.Қазірде көбі бос уақыт пен денсаулықтың қадірін, өкінішке орай түсінбейді дер едік. Әсіресе, уақыт мәселесіне өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулар көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді.

Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамағандығын дәлелдеген.Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. «Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек.

Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жемек. Абай атамыз да өзінің қара сөздерінің бірінде: «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде 1 күндік өмірді бар жиған малына сатып алуға таба алмайды» - деген...

2 - тапсырма. Сұхбат.

Сұхбатты жалғастырыңыз

---- Сәлеметсізбе?

...............................

-----Кешіресіз есіміңіз кім болады?

...............................

----- ....... сізді бір минутқа бола ма?

................................

----Сізден бір деңе сұрайын деп едім!

................................

----Уақыт сіз үшін ең қымбат нәрсе ме?

..............................

...................

3 - тапсырма. Жазылым.

1. Өлеңді мәнерлеп оқып беріңіз. Қарамен жазылған сөздердің синонимдік қатарын жасаңыз.

Бақыт, сырласу, уақыт

Уақыт

Оңашада сырласып уақытпенен,

Күндерден көңіліме жақут терем.

Айдан аман, жылдардан есен өтсе,

Адам үшін сол болар бақыт деген!!!

Уақытым менің, бақытым менің әр күнгі,

Сақтап жүрсем сол, -қазақ елімді. (Б.Майлин)

2. Уақыт туралы мақа-мәтелдер жазыңыз.

3. Төмендегі сөздерден дұрыс бір сөйлем құраңыз.

Адам, баға, ең, бірі, баласына, құндылықтардың,-уақыт, берілген, жетпес.

4. Берілген мақал-мәтелдерді қолданып, өзіңіздің күн тәртібіңізді құрастырыңыз.

1. Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.

2. Өткен күнді қуып жетпессің.

3. Адамзат ісіне уақыт төрелік етеді.

4. Әр нәрсе уақытымен қызықты.

5. Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

6. Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені

5. Берілген сөздерге фразеологизмдерді тауып жазыңыз. Мысалы:Қорқақ - қоян жүрек.

Уақыт, жылдам, үлкен, жер, мықты, жақын, кішкентай, ұялу, жоғалу, қорқақ.

6. «Әр нәрсе уақытымен қызықты» деген тақырыпқа эссе жазыңыз.

4 - тапсырма. Тіл дамыту.

Абай атамыздың қара сөзін оқып, түсінгеніңізді айтып беріңіз.

«Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының қайда екенің білмей, бірін-біріаңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған 1 күндік өмірді бар жиған малына сатып алуға таба алмайды»